Жуматаева Асия Изтаевна
К.Қазыбаев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сарқан ауданы Бақалы ауылы
Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсариннің өмірі жайлы қысқаша мәлімет беру, ағартушылық қызметі туралы білімдерін тереңдету.
ә) оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, өлеңдерін мәнерлеп, түсініп оқу арқылы өлеңнің мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.
б) Оқушылардың әдебиетке, ақынның шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу,сыни тұрғысынан ойлау,топтастыру, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:, сурет, проектор, кесте, оқулық т.б.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал туғызу.Сандарды санату арқылы топтарға бөлу. Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :
«Жылдар мен сөздер сөйлейді» әдісі бойынша үйге берілген тапсырма тексеріледі. /слайдтан көрсетіледі/
1822ж Керейіт
1883ж «Кенесары-Наурызбай»
1847ж Бес күн
1837ж Ержан
1838ж Отыз
1843ж Айтыс
Басты кейіпкер
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
2.Проектордан слайд көрсету арқылы оқушылардың естеріне Ыбырай Алтынсарин туралы білетіндерін сұрап, естеріне түсіру, топтастыру.
Топтастыру:
ақын ағартушы
аудармашы ұстаз
оқулық авторы жазушы
шағын әңгіме шебері
3.Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндктерін айтқызып, білімдерін толықтыру.
4.Ақынның өмір жолына хронологиялық кесте арқылы шолу жасау. /слайд/
Оқулықпен жұмыс.
- Білімге шақырған өлеңдері: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерін мәнерлеп оқытқызып, жатқа айтқызу.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Топпен жұмыс.
1-топ. Әдебиетшілер
2-топ. Ағартушылар
3-топ. Жыршылар
4-топ. Ақындар
Әр топқа ақынның өлеңдері жазылған кесте таратылып беріледі. Берілген өлеңді оқып шығып, өз түсініктерін жазып, кестені толтыру ұсынылады.
Ыбырай сөзі
Түсінік
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Араз бен кедей болсаң ұрлықпенен,
Телмірме еш адамға мұңдықпенен.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып, сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Өнер-білм бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Ү. Сабақты қорытындылау.
Ы.Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі туралы «Эстафета» ойын тапсырмаларын орындату арқылы тексеру.
Ойын шарты: Оқушылар естернде қалған мәлімет, түсінік, оқиғаны, мерзімді, параққа жазып, бір-біріне жылжытып беріп отырады. Қай топ неғұрлым көп мәлімет берсе, сол топ жеңімпаз болады.
ҮІ.Білімдерін бағалау.
Топтар бірін-бірі бағалайды. Топтардың бағалауымен, оқушылардың берген жауаптары, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдерін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Ы.Алтынсарин өмірі туралы оқып келу. Бір өлеңін жатқа айту.
ҮІІІ.Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жаздырту.