kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ыбырай Алтынсарин ж?не д?уір" ?ылыми зерттеу ж?мысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

        ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН Ж?НЕ Д?УІР.

Н?р?ожина Г?лзира ?бікен?ызы

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі

?улиек?л ауданы ?кімдігіні?

№2  Аман?ара?ай орта мектебі

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, а?артушы, дарынды жазушы, тамаша а?ын, к?рнекті ?о?ам ?айраткері Ыбырай Алтынсарин ?аза? ?о?амыны? м?дениет пен экономика жа?ынан мешеу кезінде ?мір с?ріп,  хал?ымызды? демократиялы? м?дениеті мен ?неріні? бір сыпыра саласында жа?адан ?сіп ?ркендеуіне ай?ын жол ашып, баянды негіз жасады.

         Жан-жа?ты талант иесі Ыбырайды? есімі ?ашанда уа?ыт сынынан м?дірмей ?тіп, ?з хал?ымен бірге жасасып келеді. Оны? ?мірі ?з Отанын шексіз с?йіп, о?ан б?кіл жан т?німен ?ызмет етуді? тамаша ?лгілеріні? бірі болып табылады.

         А?артушыны? ?негелі ?мірі мен ?рісі биік таланты бір кезде ?андай жар?ын да жанды ?асиеттерімен к?рініп, ?аза? м?дениетіні? тарихында ай?ын іздерін ?алдырса, ?азірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін ?з бойында толы? аны?тауда. М?ны? ?зі за?ды да еді. ?йткені ?рбір ?лы адамзатпен бірге жасайтын м??гі ?шпес, ескірмес иделарды к?тереді. Сонды?тан олар арада бірнеше ?рпа?ты? ?ткеніне ?арамастан, ?рбір жа?а ?рпа?, жас ?ауым?а алыстан ?ол созып, «жол болсын» айтып т?р?андай болады, уа?ыт ?ткен сайын биіктей, м?н-ма?ызы ?адір-?асиеті арта т?седі. М?дениетімізді? тарихында Ы.Алтынсарин д?л осындай, ?ркердей са?ла?тарды? бірі бол?ан еді. Ол ?зіні? б?кіл шы?армашылы? ?мірін бір ?лы ма?сат?а арнады. Ол ма?сат ?аза? хал?ын ?асырлар бойы езіп келген наданды? пен ?ара??ылы?ты? шырмауынан босатып, ?нер-білімді, м?дениетті елдерді? ?атарына ?осу еді.

         Заманымызды? за??ар жазушысы М??тар Омархан?лы ?уезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орысты? м?дениет мектебін танымаса, Ушинский баста?ан педагогикалы? жа?алы?тарды білмесе, орысты? адамгершіл, прогрессшіл классикалы? ?дебиетіні? н?рінен ?орек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір ба?ытта болумен ?атар, ?мірі, е?бек еткен ортасы, ?леуметтік-?о?амды? ?айраты, ?рекеті ж?нінде Шо?ан?а да, Абай?а да ??самайды. Ыбырай жа?а?ы екеуіні? де ісін ?з ?мірінде  е?бегіне т?йістіріп, ?оса білді. С?йтіп, ол екеуі де істеген ты? тарихты? ?за? ?рісі бар, зор келешегі бар істерді? ?лгісін ?з ?олымен орнатты. ?рі ол жа?а ?лгідегі а?ын, ?рі сол кездегі Ресейде батыл жа?алы? жасап, «б?ратана» елдер ?шін ты? ?лгідегі мектеп ашушы. ?аза?ты? е? ал?аш?ы м?дениетті мектебін жасаумен ?атар, жазушылы? пен о?ытушылы?ты ол аса шебер ?нерлі т?рде ?абыстырушы».1

         Кезінде ?аза? ха л?ыны? болаша? да?дырын орыс м?дениетімен бірлікте алып ?ара?ан Шо?ан, Абай ж?не  Ыбырай секілді ?лы а?артушы-демократтар тарихымызда ?шпестей із ?алдырды.

         Осы орайда Ыбырай Алтынсаринні? ?ос?ан ?лесі мен е?бегі орасан зор. ?аза? хал?ыны? талантты ?лдарыны? бірі Ыбырай Алтынсарин – аса к?рнекті а?артушы-педагог, этнограф ?алым, а?ын ?рі жазушы, жа?ашыл педагог бол?ан адам.

         Ы.Алтынсаринні? сан салалы ?ызметі мен ?мірі жайлы са?тал?ан деректер мен материалдар ?те к?п, оларды? дені а?артушыны? ?з ?олынан шы??ан.
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ??мырын ту?ан хал?ын ?нер-білімді, жа?а заманны?  ?ркениетті, м?дениетті елдеріні? ?атарына ?осу жолына арна?ан  к?рнекті т?л?а. Ол ?зіні? а?артушылы?,   педагогтік, а?ын - жазушылы? тарихи ?ызметі  мен зор талантын, жан-жа?ты  тере? білімі мен ?айрат-жігерін елді? «желкілдеп ?скен к?к ш?птей» жас ?рпа?ын о?ытып, т?рбиелеуге, ?аза? жерінде жа?а ?лгідегі мектептер ашып,  о?ушыларды ?з кезіні? озы? ?ылымымен ?аруландыру?а, к?сіп т?рлеріне ?йретуге арна?ан.

Ыбырай б?л жолда сан алуан кедергілер мен ?иынды?тарды же?е отырып, ?лкен жетістіктерге ?ол жеткізді, с?йтіп, ту?ан хал?ыны? ма?тан т?татын арда?тысына айналды.

А?артушыны? ?о?амды?-саяси ?ызметі 1868 жылы Ы. Алтынсарин Тор?ай уездік бас?армасына іс ж?ргізуші ретінде ?ызметке орналасты. Содан со? уезд басты?ыны? а?а к?мекшісі ж?не уа?ытша уездік судья міндеттерін ?атар ат?арды. ?ызмет бабымен ?аза? ауылдарында жиі болып т?рды. ?з хал?ыны? аса ?ажетті м?дделері неде екенін жа?сы білді. Болыс бас?арушылары мен ауыл старшындарыны? сайлауына ?атысып ж?рді. Ол сайлау кезінде дауысты сатып алуды?, пара?орлы? пен ?иянат жасаушылы?ты? орын алуына жол бермеуге тырысты. Б??ан риза болма?ан байлар оны? ?стінен облысты? бас?арма?а, ?скери губернатор?а ж?не одан ?рі Ішкі істер министрлігіне ша?ым жасады. Оны 1868 жыл?ы «Уа?ытша ережеде» белгіленген сайлау т?ртібін б?зды деп айыптады. Ы. Алтынсарин ?арапайым халы?ты? ?амын ойлады. Ол ?зіні? парасатты мінез-??л?ы ж?не барынша адалды?ы, халы? алдында?ы ата?ы мен беделіні? аркасында а?талып шы?ты. Ол ?зіні? халы? алдында с?йлеген с?здерінде патша ?кіметіні? отаршыл аграрлы? саясатын ашы? сынады. Патша ?кіметі шенеуніктеріні? озбырлы? іс-?рекеттерін, оларды? жергілікті ?олшо?парларын айыптады. М?селен, ол 1864 жыл?ы хатында былай деп жазды: «?ызмет бабы бойынша мен байлармен жиі ?а?ты?ысып ?аламын. Ма?ан жаманды? ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар ?ор?ансыз кедейлерді арсызды?пен талап-тонауда...» Ы. Алтынсарин патша ?кіметіні? жергілікті халы??а ?ысым жасайтын ж?генсіз саясатын айыптап отырды. О?ан 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жариялан?ан ма?алалары ай?ын д?лел. Ол ?з ??мырыны? со??ы кезінде былай деп жазды: «Мен т?бегейлі тере? сеніммен ту?ан хал?ыма шамамны? келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен еш?ашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсаринні? ?шан- те?із е?бегі ?аза? хал?ыны? экономикалы? дамуына, білім к?кжиегіні? ке?еюіне, рухани ж?не м?дени г?лденуіне игі ы?пал етті. Оны? есімі халы?ты? есінде м??гі са?талады. Б?гінде Алматы ?аласында?ы ?аза? мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсаринні? есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар ?ауымыны? е? та?даулы ?кілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты т?сбелгімен марапатталады. А?артушы ?алымны? ??рметіне жыл сайын ?ылыми конференциялар ?ткізіліп т?рады. М??алімдерді? Ы. Алтынсарин туралы жаз?ан хаттарынан : «Мар??мны? мен ?аза? даласында бол?ан кезімдегі б?кіл ?мірі ?зіні? с?йікті хал?ына білім беру жолында?ы а?артушылы? ?ызметіне арналды. Ол халы? ?міріні? ?алай бет б?рып бара жат?анын м??ият ба?ылап отырды ж?не оны тере? т?сіне білді... М??алімдерге ?ата? талаптар ?ойды, ?рбір іске барынша ??ыпты ?арауды талап етті, ол ?з міндетіне ж?рдім- бардым ?арап, ж?мысты шала-шарпы орындайтындарды ?ата? жазалап отырды. О?у ісін ?зі ?андай жанын сала жа?сы к?рсе, ?з инспекциясына ?арасты м??алімдерден де тап соны талап етті. Ол ?зіні? шын ж?ректен шы??ан тартымды ??гімелері ар?ылы м??алімдерді о?у ісіне шын ниеттерімен ??лшынып, адал е?бек етуге ж?мылдыра білетін. Ж?ртты? к?з алдында бізді соншалы?ты жо?ары ба?алайтын, ?згелерді м??алімдерге е? адал ниетті азаматтар ретінде зор ??рметпен ?рі ма?танышпен ?арау?а м?жб?р етті. Ол ?рдайым ?асынан м??алімдерді ?алдырмай, ?зімен бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапар?а сирек шы?атын. Ол ?сіресе жас ?аза? м??алімдеріне ерекше ?ам?орлы?пен с?йсіне ?арайтын... Оны м??алімдер де жанындай жа?сы к?ретін... Ол ?зіні? жеке ?мірінде де ?те с?йкімді, жомарт ж?ректі а? к??іл адам болды. Онымен ?ашан болса да, ?андай м?селемен болса да емін-еркін ашы? с?йлесуге, а?ыл-ке?ес с?рау?а м?мкін еді. ?ашан болса да а? к??іл адал ниетімен а?ылын айту?а, тіпті на?ты ісімен к?мектесуге ?р?ашан ?зір т?раты?. ?аза? хал?ы да оны ?атты ??рметтейтін. Олай ететін толы? ж?ні де бар еді: оны? есігі келем деушілерді? ?ай-?айсысына болса да ?р?ашан ашы? т?ратын. Ол ?зіні? а?ыл- ке?есін берумен ?ана шектелмей, ?иын-?ыстау кезде ?иналып келген адам?а ?з ?алтасынан а?ша да беріп жіберетін, кейін оны к?бінесе ?айтарып ала да бермейтін. Орыс т?р?ындары да о?ан ?айырымды да ?ділетті адам ретінде сый-??рметпен ?арайтын. ?останайды? зиялы ?ауымы оны са?ына к?тетін. ?йткені ол к?пшілікпен орта? тіл табысып с?йлесетін, отырысты? с?нін кіргізетін, к??ілді де с?йкімді ??гімелер айтатын... (М??алім Ф.Д. Соколовты? естелігінен)

С?йтіп, а?ын, бір жа?ынан, жастарды о?у?а, білім алу?а ?ндесе, екінші жа?ынан, о?у, ?нер, ?ылым-білімге, оны? жалпы халы? ?шін керектігіне еш м?н бермейтін ескі к?з?арас?а со??ы береді. ?мірдегі сар?ылмайтын мол байлы? – білім екендігін айта келіп, білімге адамны? ?олы жету ?шін, ерінбей о?у, ?ажымай е?бек ету керектігін т?сіндіреді.

Ыбырай «?нер-білім бар ж?рттар» атты ?ле?інде о?у, білім алуды? ма?сатын ке?інен с?з етеді. ?ле?ні? негізгі идеясы – ?аза? ?ауымына озы? м?дениетті елдерді ?лгі етіп к?рсету.

Ыбырай жастарды? о?ы?ан адам бол?анда?ы ма?саты ?з хал?ыны? бір керегіне жарау, оны «тастан сарай салдырып, айшылы? алыс жерлерден к?зі?ді ашып-ж?м?анша, жылдам хабар ал?ызатын» елдерді? ?атарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай ?мір к?ркі, болаша?ты? иесі – жастар деп ??ты.

Б?л ?ле?дердегі: жа?сы мен жаманды, білімділік пен наданды?ты салыстыра суреттеу ?дісі де жас балалар?а оларды ай?ыныра? таныту ма?сатын к?здейді. Сонды?тан Ыбырай ?з д?уірі о?ырмандарыны? ??ымына же?іл етіп, салыстырулар жасайды. Б?л ?ле?дерді? к?п тіркестері б?гінде ма?ал-м?телге айналып кетті.

Пайдалан?ан ?дебиеттер тізімі:

1. «?аза? тілі мен ?дебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004. 109 – 112 б.

2. Оспан?лы С. Алтынсаринні? айналасында?ы адамдар. ?останай: «Шапа?», 2006 ж. 8-15 бет.

3. Сарбаева А.М. «?аза? м?дениетіні? ?лы ?айраткерлері. IX-XIX ?асырлар. ??лама та?ылымы»: О?у – ?дістемелік ??рал. К?кшетау: «Келешек 2030», 2011ж. 144-161бет.

4. Ы.Алтынсарин. ?аза? ?дебиеті: Алматы: ?ылым, 1979.-110-129 бет.

5. Ы.Алтынсарин. Елт?т?а.-Астана: К?лтегін, 2001.-226-228-б.

6. Ы.Алтынсарин. ?аза? энциклопедиясы.-Т.1-121 –б7

7.  www. кazahadebieti.kz 

8.  www. egemen.kz 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ыбырай Алтынсарин ж?не д?уір" ?ылыми зерттеу ж?мысы »


ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ ДӘУІР.

Нұрғожина Гүлзира Әбікенқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Әулиекөл ауданы әкімдігінің

2 Аманқарағай орта мектебі

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы».1

Кезінде қазақ ха лқының болашақ дағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды.

Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы-педагог, этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл педагог болған адам.

Ы.Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.


Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның  өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған  көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық,   педагогтік, ақын - жазушылық тарихи қызметі  мен зор талантын, жан-жақты  терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып,  оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.

Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.

Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.

Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды… қазақтың өз тілінде… басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. «Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім». «Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

«Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырай дың өмірлік ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. 1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті. Дүние жүзі әдебиетінің классиктері В. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейін қойып оқыды. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің еңбектерімен таныс болуы игілікті әсерін тигізді. Ы. Алтынсарин орыстың көрнекті демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс болды. Мектепті бітіріп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол өз халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.
Ағартушының педагогикалық қызметі Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқу- шыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды. 1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны — бұл балалар әлдеқандай уш айдыц ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды». 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады.
Ыбырай Алтынсариннің экономикалық көзқарасы Ы. Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Білімді адам ретінде ол прогреске, білімге ұмтылудың қазақ халқы үшін қаншалықты зор маңызы бар екенін айқын көре білді. Ол қазақтардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, темір жолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің, телеграфтың және әр түрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды. Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға да көп күш-жігер жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен кездесу кезінде қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық жөнінде жазылған оқу құралдарын табуға көмектесулерін өтінді. Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру, көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір жону, слесарьлық кәсіпке баулуды да армандады. Ол жастарға жаңа машиналарды қалай пайдалану, ауру малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге қарсы қалай күресудің тәсілдерін үйретуге тікелей өзі де қатысып жүрді. Өзінің очерктер мен ауызекі әңгімелерінде қазақтарды диқаншылықпен айналысуға шақырды. Ы. Алтынсарин жастарды еңбек сүйгіштікке баулыды, уақытты босқа өткізуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға шақырды.
Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет-ғұрып зандары туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы материалдар жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газеттерде жарияланды. «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптіштей суреттеді. Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың мысалдарын, Л.Һ. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға болады. Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да еді. Оның «Азған елдің билері», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ана» атты өлеңдерінің адамгершілік-ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерінен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі-өнеге алып, тәрбие көрді. «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінің: «Бір Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ыкыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар...» — жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор. Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде мысалға келтірді.
Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі 1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының аса қажетті мүдделері неде екенін жақсы білді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрді. Ол сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Бұған риза болмаған байлар оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі істер министрлігіне шағым жасады. Оны 1868 жылғы «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау тәртібін бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің аркасында ақталып шықты. Ол өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде патша үкіметінің отаршыл аграрлық саясатын ашық сынады. Патша үкіметі шенеуніктерінің озбырлық іс-әрекеттерін, олардың жергілікті қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864 жылғы хатында былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиі қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда...» Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннің үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады. Мұғалімдердің Ы. Алтынсарин туралы жазған хаттарынан : «Марқұмның мен қазақ даласында болған кезімдегі бүкіл өмірі өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол халық өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең түсіне білді... Мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім- бардым қарап, жұмысты шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу ісін өзі қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін. Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен қарауға мәжбүр етті. Ол әрдайым қасынан мұғалімдерді қалдырмай, өзімен бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсіресе жас қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын... Оны мұғалімдер де жанындай жақсы көретін... Ол өзінің жеке өмірінде де өте сүйкімді, жомарт жүректі ақ көңіл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емін-еркін ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес сұрауға мүмкін еді. Қашан болса да ақ көңіл адал ниетімен ақылын айтуға, тіпті нақты ісімен көмектесуге әрқашан әзір тұратың. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтін. Олай ететін толық жөні де бар еді: оның есігі келем деушілердің қай-қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзінің ақыл- кеңесін берумен ғана шектелмей, қиын-қыстау кезде қиналып келген адамға өз қалтасынан ақша да беріп жіберетін, кейін оны көбінесе қайтарып ала да бермейтін. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әділетті адам ретінде сый-құрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетін. Өйткені ол көпшілікпен ортақ тіл табысып сөйлесетін, отырыстың сәнін кіргізетін, көңілді де сүйкімді әңгімелер айтатын... (Мұғалім Ф.Д. Соколовтың естелігінен)

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.

Ыбырай «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.

Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004. 109 – 112 б.

2. Оспанұлы С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар. Қостанай: «Шапақ», 2006 ж. 8-15 бет.

3. Сарбаева А.М. «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. IX-XIX ғасырлар. Ғұлама тағылымы»: Оқу – әдістемелік құрал. Көкшетау: «Келешек 2030», 2011ж. 144-161бет.

4. Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым, 1979.-110-129 бет.

5. Ы.Алтынсарин. Елтұтқа.-Астана: Күлтегін, 2001.-226-228-б.

6. Ы.Алтынсарин. Қазақ энциклопедиясы.-Т.1-121 –б7

7.  www. кazahadebieti.kz 

8.  www. egemen.kz 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ыбырай Алтынсарин ж?не д?уір" ?ылыми зерттеу ж?мысы

Автор: Нургожина Гульзира Абикеновна

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154970


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства