1.Топтар тест жұмысын орындап, бір – бірін тексереді. 1.Бос орынға қай сөз сәйкес келеді? Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша ------- болады? а/буын в/екпін с/ әріп д/тасымал 2.Қай сөздің 4-ші буыны тұйық буын? а/ Тарихи жерлерді аралау керемет. в/ Мен әдебиетті жақсы көремін. с/ Таудан төменге құлдилады. д/ Ақырын басып үйге келді. 3.Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз. а/ құ-мырс-қа в/ ке-мең-гер с/ қоң-ыр-қай д/ би-ік-тік 4.Қай нұсқада жуан буынды сөз бар? а/ Асылбек кітабын сөмкеге салды. в/ Қыстыгүні үйге көмір әкелдік. с/ Әскерлер күні – түні жүгірді. д/ Біз міндетімізді түсінген емеспіз. 5.Төмендегі буын ретіне сәйкес келетін сөзді тап. Тұйық – ашық – ашық а/ мойындық в/ ысқырық с/ асқазан д/ әулие 6.«Шаруашылық» сөзінде неше буын бар? а/ 2 в/ 3 с/ 4 д/ 5 7.Қай нұсқада буынның 3 түрі де кездесетін сөз бар? а/ Сабыр түбі – сары алтын. в/ Ел аралаған сыншы болар. с/ Іздеген жетер мұратқа д/ Отан үшін отқа түс. 8.Аралас буынды сөзді табыңыз. а/ тағы в/ әрқашан с/ балдырған д/ терезе 2.Ортаға шығып, «Фонетика» тарауы бойынша не білетіндерін ортаға салады. |