Ереже: С?зде ?анша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалы: Ат,а-?а, ша-на.
Буынны? т?рлерін атап, ережесін еске т?сіру (кесте ар?ылы)
Буын т?рлері:
↓ ↓ ↓
Ашы? буын Т?йы? буын Бітеу буын
Ашы? Буын — бір дауысты дыбысты? ?зінен ?ана т?ратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыс?а ая?талып т?ратын буынды айтамыз.(а-ра, ?-лы, ке-ше, ?а-ла, не, а-сы?)
2) Т?йы? Буын— дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыс?а бітетін буын (ат, ?т, ас);
3) бітеу Буын — дауысты дыбыс екі жа?ынан дауыссыз дыбыспен ?оршалып т?ратын буын (тіс, ?ыз, ?ар, м?з, ??з). Бітеу Буынны? бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс ?атар т?ра беруі м?мкін. Мысалы, тарт, ш?кірт.
Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары "О?ымысты бала"»
Тақырыбы: Буын. Оқымысты бала
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Буын туралы түсінігін пысықтау. Буынға бөліп оқу, жазуға машықтандыру й, ң, у – дыбыстарының буынға бөлінуі жайлы түсіндіру, орындау.
2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқымысты бала мәтінін оқу арқылы баланың бойына жақсы мінез - құлық қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтықтан бойын аулақ салу, білімді, әдепті, инабатты әрі еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: жаппай түсіндіру, сұрақ - жауап арқылы жаттығу, буындармен жұмыс.
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.(топ көшбасшысын сайлау, алтын ережені еске түсіру)
Сабақтың тақырыбын,сабақтың мақсатын хабарлау.
Жаңа тақырыппен жұмыс.
1. Ой қозғау.
- Ал, балалар, қазір әріпті жұмбақты тыңдайық, оның шешуін табайық. (Слайд)
Табада бар
Танада жоқ,
Сабада бар
Санада жоқ. (Б)
Дабылда жоқ
Дауылда бар,
Далада жоқ
Ауылда бар. (У)
Қылда бар
Жүнде жоқ,
Жылда бар
Күнде жоқ. (Ы)
Нарда бар
Қарда жоқ,
Нанда бар
Майда жоқ. (Н)
аудару
1-Қазақ тілінде қанша әріп бар?
2- Дыбыстар нешеге бөлінеді?Қандай болып?
3-Әріптерді не істейміз?Дыбыстарды ше?
4-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?Қандай болып?
5-Жуан,жіңішке дауыстыларды ата:
6-Жұп дауыстыларды ата:
Буын ұғымына мағлұмат беру
Буын
Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалы: Ат,а-ға, ша-на.
Буынның түрлерін атап, ережесін еске түсіру (кесте арқылы)
Буын түрлері:
↓ ↓ ↓
Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
Ашық Буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буынды айтамыз.(а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық)
2) Тұйық Буын— дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, өт, ас);
3) бітеу Буын — дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт.
й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады. Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық.
3.Жұмбақ шешу:
И дыбысының қай әрібі дауысты дыбыстың жанында кездеседі? Й
«Сең» дегенде,
«Кең» дегенде
«Тең» дегенде,
«Ең» дегенде
Тұратын соңғы әріп –
Қай әріп? (ң)
Әрі дауысты, әрі дауыссыз.
Кездеседі барлық сөзде.
Бұл қай әріп? (у).
– Осы й, ң, у дыбыстар сөздің ортасында кездескенде қалай буынға бөлуге болатынын үйренеміз.
Й, у, ң дыбыстары екі дауысты дыбыстың ортасында кезедсіп тұрса, онда екінші буынның басында айтылады.
Тақтаға сөздер жазылады, оларды буынға бөлу қажет.
О-йын-шық жа-ңа-лық а-уа
Қа-йың қо-ңы-рау а-уыл
Мо-йын жа-ңылт-паш да-уыс
Же-ңіс
Те-ңіз қа-уын
Же-ңіл ба-уыр
Топтарға тапсырма беру. Уақыты 5 мин.
I- топ буындардан сөз құрастырады О-йын-шық,жа-ңа-лық,а-уа,қа-йың ,қо-ңы-рау а-уыл,же-ңіс,мо-йын
II-топ қалып қойған әріптерді кой й,у, ң жа-ңылт-паш ,да-уыс,те-ңіз,қа-уын,же-ңіл,ба-уыр
III-топ бір буынды сөздер жаз
IY –топ суреттегі сөздерді буынға бөл
Бағдаршам арқылы бағалау
5. Сергіту сәті
6.Мәтінмен жұмыс
1)Автортану. М.Дулатов (топтастыру)
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы Торғай уезінің,Сарықола облысының 1 ауылында дүниеге келген.Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, саясаткер,жалынды көсемсөз шебері.Әкесі Дулат ер тұрман жасап,етік,мәсі тіккен,ал анасы әнші болған.Тойларды ән салған.Әкесі оны жастайынан оқуға бершген.Ол ауылында орыс мұғалімдерден сабақ алған.Оның көптеген шығармалары бар.Соның ішінде сіздер бүгін «Оқымысты бала» мәтінімен танысасыңдар. -Қандай адамды оқымысты дейді?
2)Мәтінді оқу
а)мұғалімнің оқуы,түсіндіруі
б)оқушыларға оқыту тізбектей.
3)Сөздік жұмыс:
Тырма – шөпті жинау үшін қолданылатын еңбек құралы Сөздік жұмысы:
4)Сұрақ-жауап
-Бала ауылына қашан келді?
-Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
-Баласы не деп жауап берді?
-Сол кезде баламен қандай оқиға болды?
-Бала неліктен осындай жауап қайырды?
-Бала қандай құралдың атын ұмыттым деді?
-Осы құрал оның есіне түсті ме? Қалай?
Қалай ойлайсың, бала шынымен тырнауышты ұмытуы мүмкін бе?
Дәлелде: 1. Жұмыс істегісі келмегендіктен, өтірік ұмытты 2. Қалада көп жүріп, өз тілін ұмытты 3. Тырнауыш оның ұмытқанын есіне түсірді
- «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіңдер? (жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық)
7. Жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық және оқу , еңбек туралы мақал-мәтелдер айту
ІІІ.Сабақты бекіту
-Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Буынның түрлерін ата
ІV.Бағалау
V.Үй тапсырмасы
«Оқымысты бала» әңгімесін оқу, мойын, жеңіл сөздеріне дыбыстық талдау жасау