Қысқа мерзімді жоспар
Күні-
Қазақ тілі 6 "а" сыныбы
Cабақтың тақырыбы:
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
Жалпы мақсаты:
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Оқыту нәтижесі:
Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылар тапқырлық,жылдамдыққа үйренеді.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
Аралас сабақ
сұрақ-жауап,іздену
Сабақтың көрнекілігі:
плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика элементтерін қолдану: Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
Пәнаралық байланыс:
математика,әдебиет
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Мұғалім немен айналысады.
Оқушылар немен айналысады
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. сергіту сәтін ұйымдастырамын.
Сергіту сәтін орындайды. 1 мин
(қимыл-әрекет арқылы бір-бірлерін қалай жақсы көретінін жеткізеді)
Сабаққа көңілді, жағымды әсермен кіріседі.
Топқа бөлу.
1-топ. "Қыраңдар"
2-топ. "Сұңқарлар ".
Оқушыларды ортаға шақырып, шеңбер құрып екі түсті шеңберді таратып екі топқа бөлу.Бөлінген топтарында әр топ өз көшбасшысын тағайындайды. 1 мин. (оқытуды басқару және көшбасшылық). Балаларды көшбасшы бағалайды.
Ереже құрастыру
Кеспе-қағаз таратып, біздің топ қандай деген берілген ережелерді түртіп алу мақсатында керек ережелерін түртіп алады.
Сол ережені топ болып флипчартқа түсіреді.
Сабаққа мақсат қою
Мақсат оқушылардан сұрақ-жауап арқылы қойылады, тиянақталады. 2 мин.
Үй тапсырмасын сұрау:
Кубизм әдісі бойынша топтар бір-бірлеріне кубикті лақтырып, бір-бірлеріне сұрақ қояды. Сан есім тақырыбы бойынша
1-тапсырма. Миға шабуыл-бұл стратегия арқылы оқушылар бұрыңғы білімдерін еске түсіреді, тез әрекет етеді. 2 мин
Сұрақтар:
1.Сан есім дегеніміз не?
2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4.Дара сан есім дегеніміз не? 5.Күрделі сан есім дегеніміз не? 6.Есептік сан есім дегеніміз не? 7.Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?
8.Жинақтық сан есім дегеніміз не?
9. Болжалдық сан есім қангдай жолдармен жасалады?
Сергіту сәті: Математика пәні бойынша ой қозғау:
1-ұяшық: Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (түйеқұс ұшпайды)
2-ұяшық: Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (бір адамның)
Жаңа сабақ
Жаңа сабақ түсіндіру барысында мен мысалдар арқылы оқушыларға өздеріне ереже шығаруға бағыт-бағдар беремін.
Мысалы: екіден,жүзден,қырық-елуден,он-оннан,бес-алтыдан,үшеу-үшеуден т.б.
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес,топтап көрсетеді де,нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Топтау сан есімдер дара түрде де(бестен,оннан т.б.) күрделі түрде де(жиырма бестен т.б.) қосарланған түрде де(екі-екіден,он-он бестен т.б.) қолданылады. Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірі, онның екісі немесе оннан екі т.б.
жарты,жарым,ширек.
Мысалы:екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді.Бөлшектік сан есімдер,жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады,кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге сөздері тіркесіп келіп те жасалады. Мысалы: екі жарым,үш ширек.Ондық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық,жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады.Мысалы:екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш ( 12,3 ) бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін жүзден төрт (15,04)
Кітаппен жұмыс: 7 мин
Топпен жұмыс:Сөзбен берілген есептік, реттік,жинақтық, болжалдық және топтау сан есімдерін жазылған кеспе қағаздарды таратып, қалташаларға мағынасына қарай салу тиіс. 3 мин
Екеуара жұмыс: 3 мин
топтар Дәптерлеріне құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер жазғызады. флипчарт
172-жаттығу. Берілген ессептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап,оларды сөзбен жазады. 3,5,8,10,6,2,40,70,80,100,1000.
176-жаттығу, Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазады. 76,02, т.б.
Бір, үш, төрт, жиырма бес, он сегіз, сегіз, бес-бестен, ондаған, оннан бүтін бір,бірінші, отызыншы, бесінші, жиырма алтыншы,алтау, жетеу, сегіз, төртеу, жүздеген, қырықтаған, тоқсандай, елулеп,екіден, жүз-елуден, бес-алтыдан, екі-екіден, екі жарым, үш ширек, ондық, жүздік.
Мысалы: Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
«Кім шапшаң?» ойыны.
Сан есімді тез табу.
Құрамына, мағынасына қарай ауызша талдау.
1.Жеті атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға қырық үйден тию.
3. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5. Білгенің бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.
6. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
Сәйкестендіру тесті
Арманда
алтыншы сыныпта оқимын
Мен
бес кітап бар
Биыл
сабақты беске оқиды
Ол
Тәуелсіздікке 22 жыл
Қазақстанда
екі мың он үшінші жыл
Қорытындылау:
Әзілді – логикалық сұрақтар.
1) Бір сан ойлаңыз!
Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
Оған 18-ді қосыңыз!
Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
Нәтижеден 7-ні алыңыз!
3-ке көбейтіңіз!
6-ға бөліңіз!
Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады.
2. 100 шөже, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже, 10 күнде қанша кг бидай жейді?
Жауабы: 1 кг
3. Қай айда 28 күн бар?
Жауабы: Барлық айда
4. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?Жауабы: “а” әрібі
Үйге тапсырма:
174-жаттығу.Сөйлемдерді жазып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне,жасалу жолына қарай ажыратып жазып келуге беремін
175-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Бағалау:
Көшбасшы топтағы оқушыларды бағалайды, топ басшыларын мұғалім бағалайды.
Кері байланыс:
Бағдаршам бағалау әдісі бойынша пікір алмасу.
«Мақал» бекетіне 2 минут тоқтайды. Мақалдан сан есімді табу.
1.Анаңның қарызын, Меккеге үш арқалап апарсаң да құтылмайсың.
2.Бес саусақ, бірдей емес.
3.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4.Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
Бір
үш
ондаған
Сегіз
бес-бестен
Оннан
бүтін бір
бірінші
Жетеу
төртеу
қырықтаған,
бесінші
жиырма бес
төрт
он сегіз
отызыншы
жиырма алтыншы
алтау, тоқсандай,
сегіз,
жүздеген,
жүздік.
Топ ережесі
1.Тәртіпті сақтау
2.Уақытты үнемдеу
3.Жауапкершілік
4.Сынды қабылдай білу
5.Ойымызды толық, анық жеткізу
6.Сыйластық
7.Шыдамдылық
8.Белсенділік
9.Ұйымшылдық
10Бір-бірімізді тыңдау
11Әділ бағалау
12Көмектесу