Ту?ан жер топыра?ын бас?ан кездегі ?арт тол?анысы туралы ??гімеле
«Ту?ан жер – алтын бесік» ойтол?ау
Жа?а саба?:
Ал, балалар интерактивті та?тадан Т. Айбергеновті? ?мірі мен «Ана» ?ле?і туралы бейнеролик к?рейік. Т. Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда ?ара?алпа? еліні? ?о?ырат деген жерінде д?ниеге келіп, жар? еткен найза?айдай 30-а? жас ??мыр кешті.Оны? ?ле?дері ?мірге деген от-жалын ??штарлы?ымен, жасампаз ойларымен к?зге т?сті.Осы ?ыс?а ?мірінде «Арман сапары», «Жас д?урен», «?мірге саяхат», «??мда?ы м?наралар», «Мен са?ан ?ашы? едім», «Ба?та?ы саяхат» атты жина?тарын шы?арып, халы? ы?ыласына б?ленді. Енді о?улы?ты ашып,Т. Айбергеновті? ?мірі мен
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Туған жер топырағын басқан кездегі қарт толғанысы туралы әңгімеле
«Туған жер – алтын бесік» ойтолғау
Жаңа сабақ:
Ал, балалар интерактивті тақтадан Т. Айбергеновтің өмірі мен «Ана» өлеңі туралы бейнеролик көрейік. Т. Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келіп, жарқ еткен найзағайдай 30-ақ жас ғұмыр кешті.Оның өлеңдері өмірге деген от-жалын құштарлығымен, жасампаз ойларымен көзге түсті.Осы қысқа өмірінде «Арман сапары», «Жас дәурен», «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім», «Бақтағы саяхат» атты жинақтарын шығарып, халық ықыласына бөленді. Енді оқулықты ашып,Т. Айбергеновтің өмірі мен «Ана» өлеңін оқыңдар, өлеңдегі негізгі ойды анықтаңдар. (Өлеңді топқа бөліп оқытамын).
Ақын аналарын сыйламайтындарға не балаларын тірі жетім етуге қарсы үн көтерді.
Конверт сұрақтары:
Өлеңнің жалпы мазмұны неде?
Т. Айбергенов өлеңінде анасына не айтпақ болған?
Өлеңнің қай шумақтарынан анасына деген махаббаты ерекше көрінеді?
Т. Айбергеновтің тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
Тапсырмалар:
1.Өлеңді құрылысына қарай талдау, үш топ бір-бір шумақтан талдайды.
Арманыңды // ақтармын ба //жүрегімде тербесем, 15 а
Айға сіңлі,// қарындассың //қасиетті Жерге сен. 15 а
Мен өзіңді //теңдесі жоқ //құдірет деп сезінем, 15 б
Сендік қуат //мың есе артық //Жердің тарту күшінен. 15 б
Егіз ұйқасына жатады а, а, б, б. Бұл шумақ 4 тармақ, 3 бунақтан, 15 буыннан тұрады
2.Өлеңді көркемдік ерекшелігіне қарай талдау.
Метафора
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анасыздар – аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда
Эпитет
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен
Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?
Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен.
Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.
3. Өлеңде қолданылған қаратпа сөздерді ата.
О, аналар, кей пасықты жаратасың сен неге?
Ана керек о, адамдар, ана керек адамға
«Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен» ойтолғау
Қорытынды:
Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасындағы көрінбейтін тылсым жіп жалғап тұрады. Баласының көңіліндегі мұң ана жүрегіне жетеді, олай болса анасын сыйламағандар қайтіп өмір сүреді?!
Бағалау:
Үйге тапсырма
Т. Айбергеновтің «Ана» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ана туралы өлең шығару, мақал-мәтел жазып келу
Ғ. Абдыкулова қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі