kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? спорт ойындары. С?з тіркесі ж?не к?рделі с?здер мен т?ра?ты с?з тіркестері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это урок казахского языка в 9 классе. На уроке дается сведения, что у казахского народа есть очень много различных национальных игр, носящих чаще всего состязательный характер. Есть испытания и на силу, и на выносливость, и на смекалку, и на умение держаться в седле, и на меткость, и на быстроту реакции.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? спорт ойындары. С?з тіркесі ж?не к?рделі с?здер мен т?ра?ты с?з тіркестері. »

Балтабаева Венера Қабылғажықызы

7 ЖОББ мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

ШҚО Семей қаласы

Үй телефоны: 8/7222/310568

Ұялы тел.: 87778511903



Сабақтың лексикалық тақырыбы: Ұлттық спорт ойындары
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: өзіндік ізденіс, интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, ойын, жарыс
Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Қатемен жұмыс жүргізу.
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
«Ой-қозғау». Белсенді тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
ІV. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Халықтық ойындар мен сауықтыру шаралары адамзат мәдениетінің қазынасы деп есептеледі. Оның түрлері көп. Әр халық өзінің тарихи даму сатыларында міндетті түрде қолма-қол күрес, қарусыздандыру, жекпе-жек айла тәсілдерін жетілдіріп отырған. Өйткені бұл айла-тәсілдерді қандай да шайқас-ұрыстарда қолдануға тура келген.

Қазақ халқының арғы тегіне саналатын сақтар дәуірінің өзінде, одан да көне уақыттарда дене тәрбиесі белсенділігі тым жоғары болған. Көшпенділік өмір-салты соған мәжбүр еткен. Ат құлағында ойнау, ұзақ мерзімде жүрдек те жүйрік жануарлардың үстінде шыдас беру, аңдарды қуып, садақпен атып алу, бәйге, қазақша күрес, аударыспақ, көкпар сияқты ұлттық спорт ойындары аса зор дайындықты, шеберлікті, күшті, ақыл-айланы қажет етеді.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мың жылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады.

V. Өздік жұмыс.
Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша ұлттық ойындар туралы өз жобаларын қорғайды. Тұсаукесерлерін көрсетіп, түсіндіреді.

VІ. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Сөз тіркесі және тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер








Сөз тіркесі

Тұрақты тіркестер

Күрделі сөздер

  1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады.

  2. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары болады.

  3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.

  1. Сөз тіркесіне ұқсас болғанымен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.

  2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөздерден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді.

  3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.

  1. Сөз тіркесіне ұқсас болғанмен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.

  2. Екі немесе одан да көп сөзден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.

  3. Күрделі сөздер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.

қандай? не?

кең бөлме


кімнің? несі?

сужүректің амалы

қандай? кім?

қара торы бала

VІІ. Жазба жұмысы.

1-тапсырма. «Бәйге» жарысы.

Екі топ өз білімдерімен жарысады. Қай топ бірінші тапсырманы орындап болады, сол жеңімпаз атанады. Мәтіннен әр қатар 6 зат есімнен теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар. Бірінші сөйлемді жазып, сөйлем мүшелердің астын сызыңдар.


2-тапсырма. «Жасырынбақ» ойыны.
Көп нүктенің орнына жасырынып қалған, тиісті әріпті қойып жазыңдар. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
А...с...йек, ас...қ, алт...ба...ан, то...ызқ...малақ, к...кп...р, жас...рынба..., қ...з қу..., те...ге алу.

3-тапсырма. Жекпе-жек «Аударыспақ» ойыны. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Ал біз тапсырма орындау арқылы бір бірімізді жығамыз. Кім тапсырманы бірінші орындаса сол жеңіске жетеді.

Басыңқы сөздер мен бағыныңқы сөздерден сөз тіркесін құрастырыңдар.

киіну үш

бала әдемі

астық шахматпен

қозғалмау Қайраттың

жету елу пұт

шұғылдану қаз-қатар

сөзі орнынан

таныс мақсатына

тізілу бұрыннан

тыңдау тым-тырыс

4-тапсырма. «Арқан тартыс» ойыны.

Мына сөздерді септеңдер: көкпар, күрес, бәйге
VІІІ. Бекіту.

«Көкпар» сайысы. Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

Кезек-кезекпен сайыскерлер тақырыбы мен ұпай санын таңдап, сұрақтарға жауап береді.

Әр сұраққа тақта бетіндегі ұяшықтардағы сандармен ұпай саны есептеледі.

ІХ. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап.

1. Адамдар спортпен неліктен шұғылданады?
2. Сендерге ұлттық спорттың қандай түрі ұнайды?
3. Біздің елдегі ерекше танымал ұлттық спорт түрлері қандай?
4. Халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болған отандық спортшыларды білесіңдер ме?
Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма. 1-тапсырма. Мәтінді мазмұндау, 6-тапсырма. Жақшаның ішіндегі керекті сөзді қойып, сөйлем құрастырыңдар. Ереже жаттау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?лтты? спорт ойындары. С?з тіркесі ж?не к?рделі с?здер мен т?ра?ты с?з тіркестері.

Автор: Балтабаева Венера Кабылгажииновна

Дата: 14.12.2014

Номер свидетельства: 143698


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства