kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шәкәрім - аудармашы

Нажмите, чтобы узнать подробности

11-сыныпқа  арналаған  "Шәкәрім -аудармашы"  атты  ашық  сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шәкәрім - аудармашы»

Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім-аудармашы 10-сынып


Жалпы мақсаты:

  1. Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру, шығарманы талдай отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.

  2. Оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, ізденушілік, белсенділік қабілеттерін арттыра отырып өз пікірлерін қорғауға ықпал ету.

  3. Оқушы ой-қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

  4. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады.

Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Міндеттер:

1. Бүгінгі тақырыпты түсінулерін анықтау;

2. Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау;

3.Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау;

Сабақтың түрі,

әдіс-тәсілдері:

Жаңа сабақ

Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, ой қозғау, талдау, суреттеу, қорғау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар,бағалау парағы

Қолданылатын

ресурстар :

Оқулық, интерактивті тақта,слайд, ватман, түрлі-түсті қарындаштар.

Күтілетін нәтиже:

Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.

Алған білімдерін өмірде қалай қолдану керектігін, оны пайдаланудың мүмкіндіктерін тудырады, сабаққа деген қызығушылықтары артады.



Сабақтың

кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

(2 минут)

Сәлемдесу

Түрлі-түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу

Оқушылар түрлі-түсті қағаздар арқылы топтарға бөлінеді


Түрлі-түсті қағаздар

Бағалау критерийлерін құру

Оқушылармен бірлесе отырып,критерийлер құру,топ басшыларына беру.

Мұғаліммен бірлесе отырып, критерийлер құру.



Үй тапсырмасын тексеру

(5 минут)

Ш. Құдайберді ұлы қай жылы қай жерде дүниеге келген?

1858жылы  24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағыШыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. 1931 жылы 2 қазанда ГПУ жендеттері қолынан қаза табады.

Аса көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, композитор,тарихшы және философ
 


Формативті

бағалау

Оқулық,

Интербел

сенді тақта



Жаңа сабақ


Білу

Ой қозғау

(2 минут)

«Шәкәрім кім?
«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін..


Әр топ өз болжамын айтады.

Формативті бағалау

Интербел

сенді тақта

Түсіну


Мағынаны ашу «Ойлан,тап».Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең.Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани –адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды

Оқушылар оқиды.әр топ өз пікірін білдіреді.Оқушылар алған мәліметтерін дәптерлеріне жазады.Сұрақтарға жауап береді



Сергіту сәті

Оқушыларға Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін айтқызу

Оқушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін айтады


Интербел

сенді тақта

Қолдану

Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды .

Шығарма құрылысына талдау жасату


Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу.

Топпен жұмыс жасау

Оқушылар дәптермен жұмыс істейді



Жинақтау

РАФТ стратегиясы

Оқушыларға тапсырма беру

Шәкәрім атаға хат жазады



Ой толғаныс кезеңі

Ой толғау

Шәкәрім аудармаларын талдату

Оқушылар өз ойларын жазып,талдайды


Парақшалар Интербелсенді тақта

Сабақты бекіту

Әңгіме желісі бойынша сұрақтар құрастырылып, интербелсенді тақтадан көрсетіледі

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау


Бағалау


Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тақтаға жазу.

Түсіндіру

Шәкәрім аудармаларын басқа ақындар шығармаларымен салыстыру

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне

түртіп алады


Интербелсенді тақта

Оқушы күнделігі

Кері байланыс

Оқушыларға рефлексия парақшалары

таратылады

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.


Парақшалар









Сабақ тақырыбы

№ 46 27. 02. 15 ж   10-сынып  Ш. Құдайбердіұлы  шығармашылығы

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
 

Сабақтың түрі

Іздену, зерттеу сабағы

Сілтеме

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. Оқыту әдістемесі

  3. «Қазақ әдебиеті» 10-сынып  «Мектеп» баспасы

Көрнекілігі

Маркер, постер

Сабақтың әдіс-тәсілі


Интерактивті (сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау,зерттеу), СТО (Венн диаграммасы, топтастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих  және   өмірмен байланыс

Кезеңдер

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру


Сәлемдесу. Сабақ мақсатымен таныстыру. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топтарға бөлу Ітоп:Ақындар ІІ топ:Зерттеушілер ІІІ топ:Білімділер
Тәлім сәті:
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің?

. Топтарға бөлу Ітоп:Ақындар ІІ топ:Зерттеушілер ІІІ топ:Білімділер
Тәлім сәті:
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

Білу

Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып білгендерімізді ортаға салып, жинақтап,қорытындылауға тырысамыз. 
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.
Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ.өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.Үй тапсырмасын сұрау. 
 Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау

«Ой қозғау». «Шәкәрім кім?
«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін..

Үй тапсырмасын сұрау. 
Ш. Құдайберді ұлы қай жылы қай жерде дүниеге келген?
21)1858жылы  24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағыШыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. 1931 жылы 2 қазанда ГПУ жендеттері қолынан қаза табады.

Аса көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, композитор,тарихшы және философ
 

Түсіну

Шығармалары бойынша «Ассоциациялық аймақ» кестесі

Мағынаны ашу «Ойлан,тап».Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең.Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани –адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды.Тақтаға назар аударыңдар.Санда жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер

Шәкәрім шығармаларын топтарға бөледі (Өлеңдері, әндері, әңгімелері, зерттеулері)

І топ.  Өзгеге жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы Шәкәрім поэзиясында қалайша орын алған?
ІІ топ. Адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не?
ІІІ топ. Шәкәрімнің уағыз,ақыл-кеңес,насихат түрінде жазған қандай өлеңдері бар?  Ынсап,рахым,ар-ұят.сабыр,сақтық туралы ақын не дейді?Мәнерлеп, жатқа аласың ба?
ІV. Шәкәрім лирикасының көркемдік тіл ерекшелігі. Ақын өлеңдерін қуаттандырып,нұрландырып тұрған қандай көркемдегіш құралдардың түрлері кездеседі?

Сергіту сәтін орындату

«Қызыл өрік» әніне сергіту сәтін жасайды.

Қолдану


  Ақынның өлеңдерінен үзінді оқиды.


 І топ
Кел/,жа/стар/,біз/ бір/ түр/л жо та/б/а/ық,
Арам айла,зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық.
( «Жастарға»)

ІІ топ
Біреу жүр алдап алып қайта малын,
Жалындай тысқа жаққан күнде шалқып.
Көпке пайда тигізіп біреу жүрсе
Ғылым іздеп жап-жатық майдай балқып.
( «Насихат»)
ІІІ топ

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын

Өкініші қалмайды кетсе ағатың.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңда адам атың!

(«Үш-ақ түрлі өмір бар»)

ІV топ

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,

Арға ие адамның соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен  безіңдер.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,

Өтірік өсекті бір жола қойыңдар.

Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.

(«Бостандық таңы атты» )

Талдау

Әр топтан оқушы шығып,өлеңді құрылысына,тіліне қарай талдайды. 

Талдау жасайды (Постермен жұмыс)

Жинақтау

«Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту.
А) Шәкәрім-лирик. (өлеңдерінің тақырыбы)
Ә) Шәкәрім-аудармашы (кімнің қандай шығармаларын аударған?)
Б) Шәкәрім-эпик (поэмалары)
В) Шәкәрім –сазгер (әндері)
Г) Шәкәрім –жазушы (әңгімелері.романы)
Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл (зерттеулері,философиялық 
Жазбалары).

 

А. Адамгершілік, достық, өнер, білім

Ә.Шығыс парсы  ақыны Хафиздің «Көңіл жібі қолымнан», «Кешегі басшы піріміз», Неміс ақыны Гете, А. С. Пушкиннің «Дубровский», Л. Н. Толстойдың «Үш сауал»Американ жазушысы Гарриет - Бичер Стоудың (1811-96) "Том ағайдың балағаны" романын, Л.Н. Толстойдың "Асрхадон патша", "Үш сауал" т.б. әңгімелерін А.С. Пушкиннің "Боран", "Дубровский" повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің "Ләйлі-Мәжнүн" дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907).

Б. Дастандары «Нартайлақ пен Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі»

В. Әндері

Г. Әңгімелері «Бәйшешек бақшасы», «Шын бақтың айнасы»

Зерттеулері:

Бағалау

  «Еркін жауап» стратегиясы. 

 

 «Дана сөздің дарасы» ой толғау.
Оқушыларды бағалау.

тақырыбында эссе жазу.

Кері байланыс

Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?

 Стикермен өз ойын береді

Келесі  тапсырма:

Шәкәрім шығармалары

Шәкәрім шығармалары

Оқушылар постермен жұмыс  үстінде

 РЕФЛЕКСИЯ:

 Бұл сабақты өткізер алдында мынадай міндеттер қойдым: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыныш отырып тыңдап немесе көшіріп қана қоймай, олар  белсенді әрекеттер атқаруы тиіс. Ол белсенді әрекеттерді орындауда ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесулерді қолданады.

Сабақ кезеңдерінде сыни тұрғыдан ойлауға стратегияларды қолданып,  сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,  пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты.  Топтық әдісті қолданғанда,  оқушылар бір- бірімен ақылдасады,   болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын сыни ойлау арқылы көрсете біледі.  10 «а»-сыныбына біршама әріптестестерім сабаққа қатысып өзінің бұл әдісті қолдануға қызығушылықтары туындады.  Д атты әріптесім осы сыныпта сабаққа немқұрайлы қарайтын А –ның бүгінгі белсенділігін көріп таң қалды. Сабақта оқушылар өздерін еркін ұстап, ұялы телефон арқылы тың мәліметтер жинады. «БББ» стратегиясында АКТ-ны тиімді қолданды.

Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында «Түрткі сұрақтар», «Жетек сұрақтар» арқылы оқушының белсенді әрекет жасауына көшбасшы ықпал жасап, «Көпіршелер» тұрғызу арқылы барлық оқушыда белсенділік пайда болады. Қалыптастырушы бағалауды үйренеді, өздерін немесе жұпта, топта бірін-бірі нақты бағалайды.   Оқушылар топты және өздерін бағалап отырды.

Мен нені жақсы жасай алдым? Оқушылардың белсенді қатысуы, пікірін нақты ойласып бір тұжырымға келіп сыни ойлауы, бірін-бірі нақты бағалауы өз тәжірибемде жақсы нәтиже бердім деп қорытынды жасаймын. Өйткені, оқушылар өздерінің берген кері байланысында   сабақтың ұнағанын, нені біліп, нені білгісі келетінін жеткізді. Өз топтарында барлық оқушының қатысқанын және ғаламтор желісін пайдалануда оқулықпен шектелмей ізденіс жасағанын айтады. Оқушылардың белсенді пікір айтуға сыныпта жақсы ахуал орнату жақсы әсер беретінін, еркін отыру өз ойын айтуға нық қадам екенін жеткізді.

4.  Мен нені дұрыс жасай алмадым немесе тыңдаушылар тарапынан қандай қиындықтар болды. Неге  осылай болды?

  -  Сабақ барысында ғаламтордың жедел түрде қосылмауы уақыттың тапшылығын әкелді. 

-Оқушы тарапынан аса қиындық -сынып оқушылар санының көп болуы,  ( сыныпта  24 оқушы) топтастыру кезінде сынып бөлмесінің  тарлығы кедергі болды.  (21 мұғалім қатысты) 

     Алайда оқушылардың белсенділігі  басымдық танытты. Сынып бөлмесінде оқушының пайдалы даусы  бір-бірінің білім деңгейін саралауға, білімінін тереңдетуге негіз  болды. Аталған  кедергілерден шығу мақсатында  топтастырудың тез, шапшаң жақтарын ойластыруым қажет. Сонымен қатар сабақтың кезеңдерінде қолданатын жаңа әдістерге тиімді стратегияларды  саралауым  қажет деп  таптым.

Рефлексия беруші  І деңгей мұғалімі С. Мирманова



Абайдың тікелей қатысумен бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған қазақ-орыс әдеби байланысының одан әрмен дамуына зор үлес қосқан алаш арыстарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болатын. Ол Пушкин, Лер­мон­тов, Некрасов, Толстой сынды алыптар­дың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімдарлықпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, аттары аталған ойшылдардың ту етіп көтерген эстетикалық-философиялық концепциялары жекелеген ұлттың дара жетістігі емес, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таныды. Туған халқының осындай озық кәусардан барынша мол сусындауын игілікті іс деп білген Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады. Соның ең елеулілерінің бірі - А.С.Пушкиннің "Дубровский" романы.

Шәкәрімнің аталмыш шығарманы аудар­ғанда қандай принциптер ұстанғанын әңгі­ме­лемес бұрын мына жайларға қысқаша тоқ­талайық. "Руслан мен Людмила", "Евгений Онегин" сынды қайталанбас рухани қазы­на­лар­ды дүниеге әкелген ұлы классиктің кей сәт прозаға барғаны, бұл саладағы творчес­тво­лық ізденістердің де ойдағыдай болғаны баршамызға мәлім. Зерттеушілердің сөзіне бақсақ, ол өзінің кейбір замандастарына орыс прозасына көңілі онша толмайтынын, оның поэзияға қарағанда қарабайырлау, шабан дамып келе жатқанын талай рет айтса керек. Бұл Пушкиннің 1975 жылғы 10 том­дық шығармалар жинағының 5-томындағы С.Петров жазған соңғы сөзде байқалады. "Дубровский", "Капитан қызы" шығарма­лары мен тағы басқа әңгіме, повестері әйгілі суреткердің сол олқылықтың орнын толтыру мақсатындағы талпынысы екен. Ақынның ара-тұра прозаға баруының себебі осылай делік. Ал Шәкәрімнің өзінің де қара сөзге кел­генде құр аттай желетінін іс жүзінде дәлел­дей тұра, "Дубровский" мен "Боранды" қаза­қы қара өлең - поэзия тілімен сөйлеткені қалай? Бұл орайда әртүрлі болжам болуы мүм­кін. Біздің де аздаған өз топшылауымыз бар.

Тәржімемен және оның саналуан проб­ле­масымен айналысқандар поэзияны ауда­ру­шының түпнұсқаның авторымен қайткенмен де бәсекелесіп отыратынын, ал прозаны ауда­рушының түпнұсқаның авторының айт­қа­нына көніп, айдағанына жүріп дегендей, оның ықпалына түсетінін, құлақкесті қыз­мет­шісіне айналатыны, құдды дирижердің қолын­дағы таяқшаның әрбір қимылынан көз жазбауға тырысатын музыкант сияқты ерекше күй кешетінін айтады. Бұл арада әңгіме аударманың өнерлік деңгейде жеткен түрі жөнінде болып отыр. Пушкиннің жоғарыда аталған шығармаларын қазақшалағанда Шә­кә­рімнің қандай жан азабын бастан кешкенін көзге дәл елестету қиын. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жет­кізу орасан зор еңбекті қажет еткені талассыз. Бір ашық нәрсе - қашанда, қайсымыз да Пуш­кинді ең алдымен ақын деп қабыл­дай­тынымыз. Шәкәрім үшін де оның көркем поэзияның дүлдүлі болғаны даусыз. Сон­дық­тан қазақ әдебиетінің классигі оның про­за­сын, қазіргіше айтқанда, автордың маркасын сақтай отырып сөйлетуді жөн көрген. Оған қоса тағы бір жорамал, аударма саласында да молынан танылып үлгерген ол орыс әде­биеті­нің мынадай кесек үлгілерін сахара тұрғын­дарына ана тілінде таныстыру арқылы өз мүмкіндігінің қаншалықты екенін сын сарабынан тағы бір өткізгісі келген ойы да болған шығар. Тіпті мұны оның ұлы ақынмен бір сәт өнер сайысына түскені десек те шын­дықтан шығандап кетпейміз. Осы болжам­дар­ға қоса тағы бір айтпағымыз, Шәкәрім қажы мына жағдаятты - өз кезіндегі жазу-сызу өнерінің жарытымсыз болуына бай­ла­нысты поэзиядан гөрі проза беделінің төмендеу, сұранымының аздау екенін ес­кер­ген бе дейміз. Жан дүниесін қозғайтын өлең­ді жұрт іздеп жүріп тауып, жаттап алады. Ал қара сөзде қаншама ой, сырлы сурет тұнып тұрғанымен төкпей-шашпай жадыңа ұстай алмайсың. Қысқасы, "Дубровский " мен "Боранның" Шәкәрім қажы жасаған нұс­қасы хақында айтылар салиқалы әңгіме­нің өз кезегін күтіп тұрғанында еш күмән жоқ.

Түпнұсқа мен Шәкәрімнің "Дубров­скийін" әліміз жеткенше өзара салыстырып қарағанымызда, қазақ ақынының аталмыш полотноның бүкіл бітім-болмысын мейлінше толық шығаруға күш салғанын байқаймыз. Пушкин қағазға түсірген хикаяның сыртқы нобайы ғана емес, ішкі иірімдері де, айсбергтің су астындағы бөлігінің сұлбасы да нақышын жоғалтпаған. Кейіпкерлердің мінез-құлқын, олардың әрқайсысының дара­лық сипаттарын өрнектеудегі түпнұсқа ав­торының қолтаңбасы білімдарлықпен қоса бесаспап суреткерлікпен жүзеге асқан. Дегенмен Шәкәрімнің Пушкин соқпағынан табан аудармауды жалаң мақсатқа айналдыр­мағанын азды-көпті кейбір еркіндіктерге бару арқылы шығарманың жұртшылыққа түсінік­тірек болуы жағын негізгі нысана еткенін атап айтуымыз керек. Мұны алдымен ескерт­кен Шәкәрімнің өзі. Аударманың кіріспе­сіндегі:

Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін,

Қазақтың шағылдырар надан көзін.

Ғылымнан көзілдірік кимеген ел,

Туралап көре алмас күннің көзін.

 

Сөйтсе де кете қойман шетке басып,

Айтармын алыстамай шын жанасып.

Әншейін ертек айтып отыр демей,

Жүрекке тыңдағайсың ақылдасып, - деген жолдар соның дәлелі.

Бәрімізге мәлім, замана сырын жан-жақ­ты әрі тереңнен қамтуда прозаның мүмкіндігі әдебиеттің басқа салаларына қарағанда әлдеқайда мол. Ал поэзияның жолы өз ал­ды­на бөлек. Ол прозадай емес, өткен-кет­кен­нің тек елеулілерін теріп алады да кездей­соқ­тарды, ұсақ-түйектерді жіпке тізе бермейді. Егер М.Әуезов Абайдың өмір жолын, ол өмір сүрген дәуірдің кескін-келбетін өлеңмен жырласа, бізге эпопеядан таныс талай-талай эпизодтар, штрихтар сахнаның сыртында қалып қойған болар еді. Кейіпкерлердің де бірсыпырасымен ұшырасу, тілдесу мүмкін­дігі­нен айрылған болар едік. Бұл айтыл­ған­ның "Дубровскийдің" Шәкәрім қажы жасаған нұсқасына да тікелей қатысы бар.

Пушкинде романның сюжеті бірден: "Нес­коль­ко лет тому назад в одном из своих по­местий жил старинный русский барин, Кирила Петрович Троекуров" (с.128) деп басталса, Шәкәрімнің "Дубровскийі" 124 жолдан тұра­тын прологтан кейін барып желі тартады. Пуш­кин­нің ой-өрісін, қалам ұстау өзгешелігін, аза­маттық позициясын толық та терең зерделей біл­ген дала ақыны әр дәуірдегі адамның, қоғам­ның болмысын шола келіп, жеке мен же­кенің, жеке мен көптің арасындағы үйлестіктің не қайшылықтың әрқилы себептерге байла­ныс­ты бір қалыпта тұрмайтынын тілге тиек етеді. Бүгінгі бардың ертең жоқ болуының, бүгінгі достың ертең жауласып шыға келуінің әлеуметтік, психологиялық астарына үңілуге талпынады. Түптеп келгенде бұл - романда айтылатын ойдың негізгі қазығын, идеялық нысанасын меңзейді:

Жазған жоқ Пушкин мұны ермек үшін,

Мақсұты: бізге ғибрат бермек үшін.

Қиянатшыл, зорлықшыл, парақордың,

Мінезінің суретін көрмек үшін.

Осындай толғаныстан кейін барып біз жоғарыдағы Пушкиннің өзінен алынған жолдардың қазақшасын оқимыз:

Жер айналмай тұрмайды дүние жай,

Келер, кетер адамзат із қалдырмай.

Сол өткен көп заманның бір кезінде,

Болыпты Троекуров деген бір бай.

Келтірілген шумақтың бастапқы екі тармағы жоғарыда Пушкиннен алынған үзіндіде жоқ, аудармашының өз тара­пы­нан берілген прологтағы айтылатын ойдың қайталамасы. Ал оның есесіне түпнұсқа­дағы "старинный русский барин" деген айқындама қалдырылып кеткен. Бірақ оқырман романмен әрмен қарай танысу барысында Троекуровтың ата-бабасынан бері атақты алпауыттар тұқымынан еке­ні­не көз жеткізеді. Демек бұл - қалды­ры­лып кеткен ол тіркестің орны жоқталмайды деген сөз.

Пушкиндегі Тимошканың жарамсақ сөзіне қатал тойтарыс берудің орнына, дарақылана мәз болған Троекуровқа Дубровскийдің қатты ренжігені, сөйтіп, аңға шығудан осы жолы көпе-көрнеу бас тартқаны, оның бұл "тәртіпсіздігіне" өлердей долырған әпербақан алпауыттың думанды сайранға өзге үзеңгілестерін ертіп кете барғаны, бірақ қырсық шалған­дай ұзақты күн тек бір қоянды ғана олжа­лап, кешке имениесіне көңілсіз оралғаны баяндалатын елеулі эпизодты Шәкәрімнің сол бастапқы өңін жоғалтпай жеткізуге ерекше күш салғанын айқын көреміз. Бірақ келтірілген эпизодтың соңғы тұсы қазақшасында аздап өзгертілген. Яғни, Кирила Петрович "на возвратном пути, со всею своею охотою нарочно поехал по­лями Дубровского" (с.132) деген жолдар:

Андрейдің егінін таптап-таптап,

Кешке келді үйіне қайта салып, - деп тәржімаланған. Бұл ауытқуда үлкен мән бар. Айталық, ол кездегі өлшеніп, пішіл­ген және онысы мұқият хатталған мекен-жайда тіршілік еткен орыс жұртындай емес, кең сахараға бытырай қоныстанған көшпелілер үшін ауылдың не жайлаудың үстінен салт аттылардың өтіп кететіні жан сыздататын әрекеттің қатарына қосыла қоймайды. Ал егінді таптау деген қашанда үлкен қастандықпен, бүліншілікпен пара-пар қимыл. Шығармада өрнектелетін тартыстың қандай себептерден бастау алып, бара-бара қалай асқынғанын молырақ аңғарту орайында аудармашы әлгіндей еркіндікке әдейі барған.

Пушкиндегі Троекуров пен Дубровскийдің ара қатынасы бара-бара қатты шиеленісіп, ақыры соңғысының ауыр сырқатқа ұшырағаны, төсек тартып жатып қалған оның маңына қызметшілерінің батып жақындай алмағаны, қожайынды тек Егоровнаның күтіп-баққаны, соның қолынан ғана аздап дәм татқаны баяндалатын жолдарды Шәкәрім мейлінше тартымды, әрі жатық сөйлете білген. Тек түпнұсқадағы: "Она (Егоровна - З.Ж.) смотрела за ним (Дубровским - З.Ж.), как за ребенком, напоминала ему о времени пищи и сна, кормила его, укладывала спать" (с.139) - деген жолдар қазақшасында:

Уақытымен жатқызар төсек салып,

Стақанмен шәй берер қолына алып.

"Тамақ ішер мезгілің болды ғой", деп

Нан салады аузына майға малып, - болып өзгеріп шыққан. Бұл - аудармашының жағ­даят­ты дала оқырмандарына толығырақ, толым­дырақ жеткізу ниетінен туған еркіндік. Түп­нұс­қаға тигізер қиянаты, залалы жоқ толықтырма.

Пушкиннің қолынан шыққан нұсқадан Троекуров пен Дубровскийдің тартысқа түскен тұсында соңғысының жалғыз ұлы Владимирдің Кадет корпусын бітіргеннен кейін Петербург­тегі жаяу әскер полкінде қызмет атқарып жүргенін оқысақ, аудармада аттары аталған орыс Капулеттиі мен Мантеккиінің өзара сойылдасу кезінде Владимирдің астанадағы "университет деген медреседе" дәріс алушылардың бірі екені айтылады. Бұл ауытқудың себебі не? Біздің ойымызша, романдағы негізгі орталық тұлға­ның бірі - бала Дубровский. Оның озық түр-тұрпатын толығырақ жеткізу мақсатында Шәкә­рім қажы осы тұста да аздап еркіндік қажет деп білген. Демек, қатардағы көп ұланның қайсы­сынан да үлкен білім ордасында тәрбиеленіп жүрген талапкер жастың еңсесі биік, аруақты, айбынды деп топшылаған. Университет деп дара атасам, мүмкін кейбіреулер түсінбей қала ма деп, оған үлкен-кішінің бәріне мәлім медресе атауын тіркеуді орынды көрген.

Пушкиннің "Дубровскийінде" Егоровна­ның хатынан бірсыпыра жайдан хабардар болып, асығыс үйіне оралып келе жатқан Владимирді Антон жәмшіктің "Песочное" стансасында (аудармада "Құмдыбекет") күтіп алғаны, жолда бала Дубровскийдің әкесінің жай-күйін сұрағаны, қызметшінің нендей жауаптар қайтарғаны жөнінде бір алуан мәлімет бар. Бұл эпизод Шәкәрімде жоқ. Мұның мәнісі, біздіңше, мынау. Оқырмандар Троекуровтың қолдан жасаған қиянат-қысымынан кәрі Дубровскийдің дертке ұшырап, қатты науқастанып қалғаны туралы бұрыннан толық таныс болатын. Екі байдың не себептен араздасқаны шығарманың бұдан кейінгі беттерінде там-тұмдап әртүрлі жағдаяттарға орай қайталанып отырылады. Сондықтан Шәкәрім алдында айтылып өткен оқиғаны жұрттың есіне тағы да бір сала кетуді артық деп санаған. Прозада әуел бастағы белгілі эпизодтарды белгілі бір мақсатпен қайыра жаңғыртулар жасауға бола береді. Ал поэзияның табиғатына мұндай жомарттық жараса қоймайды. Аудармашы мұнда міне, осы ұстанымда қалған сияқты.

Пушкинде жас Дубровскийдің жәмшік Антоннан біраз жәйттің сырын аңғарғаннан кейін көңіл-күйі құлазып, көпке дейін өзімен-өзі болғаны қысқаша баяндалса, қазақ ақыны оның сол сәтіндегі мұң мен шерге толы ішкі әлемін молырақ қамтуды дұрыс деп санаған. Мұны дастанның бойындағы ең бір тартымды жолдар деп білеміз.

Шал Антон бишік бұлғап божы қақты,

Сар желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты.

Өткенін қанша уақыт пайым етпей,

Владимир тым терең ой ойлапты.

 

Ат пыр-пыр, арба күр-күр,

қоңырау шылдыр,

Тау, ағаш кейін қалып, қақты бұлдыр.

Бұлардан Владимир түк сезбейді,

Әкетпес әлдеқайда көңіл құрғыр.

 

Түпсіз ой, түпсіз қиял неше мыңдап,

Бірі бүйт, бірі сүйт деп

тұрады ымдап.

Тұңғиық тұманданған

алдыңғы өмір,

Тұрғанын біліп болмас не

дайындап.

 

Қайрайды, кейде ыза боп,

жауға тісін,

Ойлайды кейде реттеп, қылмақ ісін.

Ашық көзі жұмулы есепті боп,

Көрсе де көрмегендей түктің түсін.

 

Осындай ұйқылы-ояу бір ой басты,

Қайғы, үміт, қайрат, ыза араласты.

"Әнекей, "Покровский" қышылақ" деген,

Антонның дауысымен көзін ашты.

Осы келтірілген үзінді аудармашының сөзбен келісті өрнек сала білетін үздік талант иесі, майталман психолог екенін, демек Пушкиннің суреткерлік қолтаңбасын жетік түсінгенін айнытпай айғақтайды. Нағыз өнер сайысы осындай болмақ. Арбаға жегілген аттардың қайсысының қалай жортқаны да тәржімешінің өзінің болжамасымен дүниеге келген жолдар. Төл еңбегі.

Пушкинде кәрі Дубровскийдің ауыр сыр­қат­тан дүние салған сәті: "Он лежал в креслах, на которые перенес его Владимир, первая рука его висела на полу, половина опущена была на грудь - не было уже и признака жизни всем теле, еще не охладело, но уже обезображенном кончиною" (с.145) деген жолдармен берілсе, Шәкәрімде сол көрініс:

Өлмей, өшпей тұра ма адам фәні,

Мұзға айналып қалыпты ыстық тәні.

Басы иіліп кетіпті кеудесіне,

Ашулы оң қолының алақаны.

Басын имек - тағдырға көндім демек,

"Фәрмәнына мойнымды бердім", - демек.

Алақаны ашылған ишараты -

"Несін алдым, мен ақтан өлдім" - демек, - деген өлең тармақтарымен бейнеленген. Шәкәрім қажы түпнұсқадан арнайы ауытқи отырып жер басып жүргендердің бәріне қатысты ой түйеді. Кім болсаң ол бол, тірші­ліктегі көрген жақсылық пен жамандықтың бәрі көз жұмылған соң түгел тәмам. Жиған-тергеннің қадыр қасиетін, береке-бұйыруын бас аман, ден сауда бағалай біл. О дүниеге қора-қора мал айдап, бума-бума ақша алып кеткен ешкім жоқ. Ең ақырғы алар еншің - қол созым қараңғы қуыс пен 3-4 аршын шүберек қана. Осының жайынан кәрі-жастың бәрі хабардар. Бірақ жұрттың бәрі жер үстінде жүргенінде тәңірге бағып, бұйырғанға шүкіршілік ете қоя ма. Бастың құнына татитындай нәрсе болса бір сәрі, кейде қотыр ешкінің терісіне тұрмайтын бірдеңе үшін жанжалдасып, сойылдасып жатқаны.

Өмірде талай-талай қақтығыс-тартыстың куәсі болған ғұлама ақынның орыстың сонау кезден өзара сырласып, сыйласып келген екі алпауытының аяқ астынан нілдей бұзылып, бір-біріне көр қазуға дейін барғанын зерделеу үстінде ой тұңғиығына тағы бір терең бойлағаны күмәнсіз. Адам табиғатының оңы мен солын шындықта болған немесе болуы мүмкін оқиғаны қисынын келтіре әңгімелеу арқылы таразыға тартып, замандастарын өзара сыйластыққа, мейірімділікке, бірлікке үндеген, шынайы сезімнің қарапайым пендешілікпен қоңсы қона алмайтын шуақты нұрын шырқата әуелеткен Пушкиннің жай аударушысы ғана емес, ол оның бірегей пікірлесі, әріптесі екенін дәлелдейді.

Шәкәрім жасаған нұсқада Владимирдің Дефорж деген жалған есіммен Троекуровтың имениесіне алғаш мұғалімдік қызметке келген бетінде кейінгісінің келіссөз соңында оған мынадай қатаң шарт қойғаны айтылады:

Білмейді французша байдың өзі,

Наданның тіпті топас келер сөзі.

Марияны тілмаш қылып жігітке айтты:

"Жүрмесін қызымда боп екі көзі".

Аталмыш деталь Пушкинде бұдан біраз өзге. Онда Троекуровтың "французға" басты міндеті Сашаны жақсылап оқытып, тәрбиелеу екенін, қызметші қыз-келіншектерге көз салмауын, егер осы орайда кінәсі сезіле қалса, иттің күшігі құсатып қуып жіберетінін ескертеді. Бұл арадағы әңгімеге Мария Кириловнаның қатысы жоқ. Ал Шәкәрім осының бәрін біле, ұға тұра жаңағыдай ауытқуға неге барған? Оның мәні, біздіңше, оқырмандардың бүкіл назарын Мария Кириловнадан өзгеге бұрмау мақсатынан туған. Түпнұсқаның бастапқы беттерінің бір жерінде "Покровское" қыстағының қызметші қыз-келіншекке толы екені, оның кейбіреулері Троекуровтың рұқсатымен тұрмысқа шыға қалса, орны жас бикештермен толықтырылып отырылатыны, аталмыш мекен-жайда қожайынның өзінен айнымайтын, бірақ ресми әкесі белгісіз сәбилердің көрген күні, хал-жағдайы туралы қысқаша мәліметтер бар-тын. Мұны аудармашы қажетсіз деп есептеп, қалдырып кеткен. Өйткені күнделікті өмірдегі ұсақ-түйекті прозаның қамтуға мүмкіндігі көтергенімен, поэзияның табиғатына жинақылық, аз сөзділік қана жарасады. Алдында керегі жоқ деп танылған детальды біраздан соң шегініс жасау арқылы сюжетке енгізген жағдайда, басқа түк те емес, бір бүйір қысыр кеңеске орын берілген болар еді. Сондықтан қазақ ақыны жұртшылықтың ықыласын әуел бастан жақсы таныс Мария Кириловнадан басқа жаққа аудармауды дұрыс санаған да, азды-көпті әлгіндей иіп-бүгуге барған. Біздің ойымызша, бұдан ұтпаса ұтылмаған. Бұл - бір. Екіншіден, мол байлықтың арқасында кердеңдей басып, кесірлене сөйлеуді әдетке айналдырған дарақы байды өзінің туған жалғыз қызының көзінше солай бейпіл сөйлету арқылы жұртшылықты жақсылық пен жамандықтың не екені туралы тағы бір рет шындап пікір түюге шақырады. Троекуров тәрізді жандармен қандай қарым-қатынас ұстаған дұрыс? Осы сауалдың лайықты да тиімді жауабын ойластыруға жетелейді.

Владимир Дубровский бастаған кекшілдердің үлкен жолмен әрлі-берлі өткен жүргіншілерді тонап, зәбірлеуі күшейген тұстың бірінде Антон Пафнутьич есімді чиновниктің Троекуровтың үйіне келгені, оның қауіпсіз деген жобамен түнде Дефорждың бөлмесінде тыныстағаны, бірақ бишара жанның көйлегінің ішіне жасырып жүрген мол қазынасынан қалай айырылып қалғаны Пушкинде: "Он (Пафнутьич. - З.Ж.) чувствовал сквозь сон, что кто-то тихонько дергал его за ворот рубашки. Антон Пафнутьич открыл глаза и при лунном свете у осеннего утра увидел перед собою Дефоржа; француз в одной руке держал карманный пистолет, другою отстегивал заветную сумму" (с.167) деген жолдармен берілсе, Шәкәрімде ол көрініс:

Көзін ашса шошынып бір мезгілде -

Француз кеудесіне мінген мүлде.

Бір қолында алтыатар ақшаны алған,

Қорыққаннан бай айтты: "Тақсыр бұл не?" - деген өлең тармақтарымен кестеленген. Осы келтірілген үзінділерді өзара салыстырып қарасақ, олардың ара-қатынасында бірсыпыра алшақтықтың бар екені байқалары сөзсіз. Түпнұсқада күзгі таңның тәтті ұйқысына қаннен қаперсіз балбырай берілген Павнутьичтің ақшаға толы дорбасынан қалай айырылғаны қарапайым баяндалса, қазақ классигі оның мұқият жасырған қазынасын айқыш-ұйқыш қызу айқастың нәтижесінде амалсыздан алдырғанын айтады. Аудармашының пайымдауынша, дала оқырмандары үшін соңғы көріністің бояу нақышы әсерлілеу. Біз де осы тұжырымға қол қоямыз. Айта кету керек, бұл да жоғарыда келтірілген мысалдар сияқты ұлы данышпанға жасалған орынсыз базыналық, немесе баса-көктеу емес, өмірі, салт-дәстүрі өзгелеу халықтың психологиясын мұқият ескеруден, шығарманың мейлінше жылы, шынайы қабылдануын ойластырғандықтан туған творчестволық еркіндік.

Тағы бір салыстырма. Зер сала қарасақ, Мария Кириловна мен Дубровскийдің ең соңғы жолығуы суреттелген эпизод екі авторда түп-түгел бірдей шықпаған. Жат адамның тұтқынынан құтқарғалы келіп тұрғанын білдірген Владимирге қыз ол күтпеген, мүлде тосын жағдайды хабарлайды. Яғни, кейінгі күндердің оқиғаларына орай бұрынғы берген уәдеден тайғанын, шариғат заңын бұза алмайтынын, некелескен адамымен тұрмыс құруға бел буғанын, қояр ақырғы өтініші - қасындағы жол серіктерін қиянат-залалсыз жөндеріне босатып жіберуі екенін айтады. Пушкинде Владимирдің мұны естігендегі көңіл-күйі былайша суреттелген: "Он (Дубровский. - З.Ж.) упал у колеса, разбойники окружили его. Он успел сказать им несколько слов, они посадили его верхом, двое из них его поддерживали, третий взял лошадь под уздцы, и все поехали в сторону, оставил карету посреди дороги, людей связанных, лошадей отпряженных, но не разграбя ничего и не пролив ни единной капли крови в отомщение за кровь своего атамана" (с.192). Ал орталық тұлғалардың мәңгілікке қоштасар сәті Шәкәрімде:

Тұрды да Владимир аң-таң қалып,

Естімей сөз аяғын кетті талып.

Қансырап жарасынан талды ғой деп

Әкетті жолдастары сүйреп алып.

 

"Қош" - деді біраз ғана есін жиып,

Ауыздан айырыларда бір-ақ сүйіп.

Қарасы үзілгенше қарап тұрып,

Аһ, деді Мария талды жанып, күйіп, - деген шумақтармен берген. Бұл келтірілген үзінділер арасындағы айырмашылықтың мәні неде? Аудармашы екі жастың бір-бірін қатесіз танып, құлай ұнатқанын, олардың қашан да, қайда жүрсе де сол ардақты, аруақты сезімге қылау жолатпайтынын, негізінен табиғаты қатал, кесек әрекеттің иесі Владимирдің мүмкіндіктері бола тұра ата жауы Троекуровқа, сондай-ақ дүниедегі қимасын жүрегінен суырып алып бара жатқан Верейскийге ешбір қиянат жасамауына махаббаттың құдіреті себепкер деген ұғымды оқырмандардың зердесіне тереңірек сіңіру мақсатында тағы бір ептеген еркіндікке барған ба дейміз. Романның қазақша нұсқасының:

Залым кім, парақор кім, жазықсыз кім,

Қайсысы ақ жүректі, қайсысы сұм?

Кекті кім, кекті жеңіп кешірген кім?

Білдің бе күшті екенін махаббаттың? - деген риторикалық сұрақтармен аяқталуы сол айтылған ойға жетелейді.

Біз бұл мақалада Шәкәрімнің "Дубров­скийді" ана тілімізде сөйлету ісін қолға алғанда нендей мақсат-міндет қойғаны және оның жүзеге қалай асқаны туралы өз ойымызды білдірген болдық. Түйген-түйсінгендерімізді нақты мысалдармен дәлелдеуге тырыстық.

 

Татьянаның тағдыры

 

Серік ПІРНАЗАР.

"Евгений Онегин" шығармасы­ның негізгі бөлігі үшін ұлы ақын жеті жылын сарп етіп, қосымша ша­ғын тарауымен қосқанда сегіз жылды сарқылтып барып, толығымен жазып бітіргенін зерттеушілер жақсы біледі. Романның әдепкі нұсқасын 1823 жылдың мамыр айында Кишиневте жүрген кезінде қағазға түсірген ақын туындының соңғы сиясына 1830 жылы Болдиноның атышулы сары алтын күзінде кезек берді. Бұл А.С.Пушкин үшін онша аз кезең бола қойған жоқ. Осы мерзім ара­лығында ол бозбала шақтан өтіп, жан-жақты қалыптасқан ересек адамға айналып үлгерді. Бұл шақта еркін­дікке қол бұлғайтын отты өлеңдері мен декабристерге біртабан үйірсек­тігіне орай Александр Бірінші пат­ша­ның пәрменімен оңтүстікте өткізген алты жылдық жер айдауы артта қалды. Осы кітапты тәмамдап шық­қасын ол болашақ жарымен тағдырын қосты. Ал, бұған дейін тағы екі жылы Михайловское мекенінде қуғында өткен Александр Сергеевич 1830 жылы әуелі Мәскеуге бір­қа­тар уа­қыт­қа аял­дап, содан кейін Петербургке оралады. Сөйтіп, туындыны Петер­бург түбіндегі селода аяқтайды. Жалпы, ақынның өзі романның жазылу мерзімін кітап соңына "1823-1831 жылдар" деп көрсеткен екен. Шамасы, соңғы оныншы тарауының жазылып біту мерзімін еске алып, ол осындай таңба қалдырған секілді.

А.С.Пушкин романына басты қаһармандар ретінде алынған қыз бен жігіттің өмірде болған кісілер екенін, сірә, бүгінде екінің бірі біле бермесе керек. Шынында шығармадағы Татьяна Ларина мен Евгений Онегиннің тірлікте нақты прототиптері болған. Ақын сонау Днестр бойында қол­жаз­баны алғаш бастағанында, қыздың атын оның өмірдегі шынайы есімімен бірдей етіп алып, қағаздың бетіне "Наташа" деп түсірген көрінеді. Бірақ, кейін келе ол бұл аттан ада-күде айнып, оны Татьяна деп өзгер­теді. Біздіңше, мұның бірнеше себебі болған сияқты. Біріншіден, ол айдау­дан оралған бойы өзінің қалыңдығы, дворян қызы, мәскеулік сылқым Наталья Гончарованың атын роман кейіпкерімен шатастырғысы келмесе керек. Екіншіден, шығармаға про­тотип етіп алынған басқа бойжеткен Натальяны ұятқа қалдыруға жазу­шының әдептілігі жібермеген сияқты. Бұл Наташа да  - дворян қызы. Тарихи мәліметтер романдағы Татьянаның өмірдегі Наталья Апухтина екенін дәл байқатады.

Шығарманың оқиғасы өрбіген тұстарда Кострома губерниясындағы Отрада имениесінің иесі Дмитрий Апухтин деген дворянның болғаны анық екен. Оның қызы Наташаның басынан өткен жағдай романның желісіне қатты ұқсайтын сыңайлы. Желкілдеп өсіп келе жатқан әдемі қыз Петербургтен келіп, Костромада қызмет атқарған бір жас жігітке өлердей ғашық болады.

Абайдың тәржімесіне жүгінсек, "Тәңірі қосқан жар едің сен, жар ете алмай кетіп ең, ол кезімде бала едім мен, аямасқа бекіп ем" деп бастала­тын шумақ Наташаның сол тұстағы кеудесінің дүрсілі мен жүрекжарды сырын дөп басатынын байқауға болады. Осы өлеңнің төртінші тағанында Татьянаның: "Сен жаралы жолбарыс ең, мен киіктің лағы ем, тірі қалдым өлмей әрең, қатты батты тырнағың" деген жыр жолдары да, бұдан арғы жағдайға қанықтыратын: "Сен шошындың ғашығыңнан, өзге жұрттан қамшы жеп, мен де сорлы нәсібімнен, жатқа тидім алшы деп" деген қатарлар да Апухтина үшін бөтен емес еді. Өмірде расында да петербургтік жігіт Наташаның нәзік сезімін қабылдай қоймапты.

Арада біршама уақыт өткесін өмірдегі Наталья шешесінің көндіруі­мен өзінен біраз жас үлкен генерал М.Фонвизинге тұрмысқа шығады. Кітаптағы Татьяна Ларина тәрізді ол да бұл кез әлі өзінің бақытсыздығын бастан өткеріп көрген жоқ еді. Бірақ, бұдан қашып құтыла алмайды. Өзіне-өзі: "Мен басқаға берілгенмін, соған енді болам адал" деп үкім шығарған сәттен-ақ оның тағдыры шешіліп қойылған еді.

Ал біздің генерал М.Фонвизин деп отырғанымыз - орыстың XVІІІ ғасырдағы белгілі жазушысы, бай дворян Денис Фонвизиннің (1745-1792) інісінің баласы. Оның Апухтиндердің Кострома түбіндегі Отрада имениесіне ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының басында барып қайтқаны да тарихи дәлелденген.

Шынында генерал өзінің әйелі­нен тура 17 жастай үлкен бол­ған. Атап айтқанда, Михаил Алексан­дро­вич 1788 жылы туған болса, Наталья Апухтина 1805 жылы дүниеге келген. "Үлкен совет энциклопедиясы" М.А.Фонвизин жайлы бұдан әрі мы­нандай мағлұмат береді: "...декабрист, ген.-майор... 1816 ж. күзде декабрис­тік бірінші "Құтқару одағы" ұйымы­на кірген. 1818-ден "Береке одағы­ның" мәскеулік басқармасының жетек­шілерінің бірі болды, декабрис­тердің Солтүстік қоғамының бағдар­ла­масы мен жарғысын талқылауға белсене қатысты". (БСЭ., Третье изд.  том 27. Москва, 1977, стр.522). Бұл жерде бізді оның декабрист болғаны қызықтырады. Бірақ, ол 1822 жылдан бастап, құпия ұйымның жұмысына белсене атсалысудан бас тарта бастайды. Соған қарамастан, 1825 жылғы 14 желтоқсанда Сенат алаңында өткен декабристер көтерілісіне араласады. Сол кезде таққа жаңа отырған Николай Бірінші артынша декабристерді аяусыз басып-жаншып, жазалаған еді. Сол жазаланушылардың қатарына Михаил Александрович те ілігеді.

Біздің роман кейіпкерлерінің бірі осы Михаил Фонвизин екен­дігіне ендігі дәлеліміз  - Алек­сандр Пушкиннің сол кезеңдегі өмірінің декабристермен тығыз байланыста болғандығы, сол үшін оның бірнеше жылды елдің түс­ті­гінде айдауда өткізіп қайтуы. Сон­дықтан декабристер қозғалысының бастапқы шағында қағаз жүзінде қолға алынған шығармада осынау тарихи оқиғалар қамтылмай қалмады.

"Евгений Онегиннің" бірінші тарауында: "Волшебный край! там в старые годы, сатиры смелый властелин, блистал Фонвизин, друг свободы" (А.С.Пушкин., Сочинения в трех томах. Том второй, Москва, 1986, стр.192) деп басталатын шумақ бар. Осы "еркіндіктің досы" - декабрист Фонвизиннің өзі емес пе екен? Қалай дегенде де оны жазушы Д.Фонвизинмен ешбір шатас­тыру­ға болмайды. Өйткені, біріншіден, бұл кезде ол әлдеқашан бақилық болып кеткен, екіншіден, бай дворян отбасынан шыққан оның ойына "еркіндіктің досы" болу тіпті келмеген. Олай болса, романда бір рет аты аталып өтетін кейіпкер  Фонвизиннің өмірдегі генерал Фонвизин екені енді еш күмән тудырмайды.

Романдағы Ларина мен оның күйеуі князь N.N.-нің өмірдегі Апу­хтина мен Фонвизинге ұқсай­ты­нына тағы бір дәлел, соңғы екеуі, тура кітаптағыдай, үлкен кі­сі­­лердің араласуымен қосыл­ғасын, қол ұстасып, Петербургке келеді. Мұн­дағы Наталья Дми­триев­на да өзінің инабаттылы­ғымен, білімді­лігі­мен (естеріңізде ме, Татьянаны ақын алғаш сурет­тегенде оны "Она по-руски плохо знала, журналов наших не читала, и выражалася с тру­дом на языке своем родном, итак писала по-французски" (Указ. кн. стр.234) деп таныс­ты­ра­ды ғой), мол пара­сатымен һәм қо­нақжайлығымен зиялы қауымның зор сый-құрметіне бөленеді. "Уездік би­кеш" осылайша астана­ның жоғары қауымы ортасында өзінің лайықты орнын табады. Бірақ, бұл рахат тірліктің ғұмыры келте болып шықты. 1826 жылы шілденің 25-інде қаһарынан қан тамған Нико­лай Бірінші патша декабристер көтерілісінің ең негізгі ұйытқысы саналған 25 офицерді дарға асу арқылы өлім жазасына кесу туралы үкім шығарып, тағы қаншама озық ойлы азаматтарды түрлі мерзімге айдауға жөнелтеді. Осының кейінгі легі қатарынан та­былған М.Фон­ви­зин Забайкальеге 8 жылға айдауға жіберіліп, содан қалған соңғы ғұ­мырын Сібірде өткізуге жаза­ла­нады. (Замалеев А.Ф., "М.А.Фон­ви­зин"., 1976, Москва, стр.110). Сол тұстағы декабристер әйелдерінің үлгісін қайталаған Наталья Фон­визина да Байкал көлінің арғы жағына жер аударылған күйеуінің соңынан кетіп, оның айдаудағы тіршілігін ұзақ жылдар бірге бөліседі.

Ұлы ақын романының кейіп­керлері болған бұл екеудің бірге тұрған бүкіл өмірлері осы айдауда өтті десе болғандай. Бұрынғы генерал-майор М.Фонвизин патша үкіметінің рұқсатымен 1853 жылы туған жерге әйелімен бірге оралады. Осында, Мәскеу түбіндегі өзі туған Марьино селосына орна­ла­сып, естелік, саясат тарихы мен философия жайында трактаттар жазады. Айдауда жүргенде ауру тауып қайтқан ол көп ұзамай, яғни 1854 жылы 66 жасында дүниеден өтеді. Ал, оған қосылғанда бар-жоғы 19 жаста болған, 21 жасында онымен каторгаға ілесіп барған Наталья Дмитриевна арада 15 жыл өткен соң, жасы 64-ке қараған шағында бақилық сапарға аттанып кетеді. Былайша қарағанда, өмір­ден еш қызық көрмеген, ерен рахат кешер уақыттарын жапан түзде өткерген бұл екеудің соңында ескерткіштің белгісі ретінде сол атақты роман қалыпты.

Рас, Александр Сергеевичтің әйгілі шығармасындағы белгілі кейіпкерлердің прототипіне тала­сушы бойжеткендер сол замандары тіпті де аз болмаған. Бұған басты себеп, ақынның жұрт арасында сол уақыттары жиі кездесетін оқиғаны тақырып етіп алғандығында шы­ғар. Дегенмен, фабуласының өрбу ерекшелігі мен қаһарман­дарының өзара үйлесуі жағынан біз әңгіме­ле­ген дворян қызы Наталья Дми­триев­на Апухтина сенімдірек көрі­неді. Мұндай тұжырымды пуш­кин­танушы көптеген зерттеу­ші-ға­лымдар да айтып отыр. Біз тек сол ой­ларды жалғастырып қана байқадық.

Қызылорда.

«Егемен Қазақстан», 2006-06-28



















Қазақ тілі 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.



ә) дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.



б) тәрбиелігі: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.



Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: сызба тірек

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, үй тапсырмасын тексеру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Публицистикалық стильдің сипаты.

2. Публицистикалық стильдің тақырыбы қандай болып келеді ?

3. Публицистикалық стильдің басты қалыптасқан сипатын атаңдар ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Публицистикалық стильде жазылған шығарма:

  • Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады.



  • Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан

хабардар етеді.



  • Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.



  • Логикалық жағынан қисынды да дәлелді, көңілге

қонымды болып, бұқараға ықпал етеді.



  • Шешендік сөздер, даналықтар көп қолданылады.



  • Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады.



  • Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді.

    • Оқушыларға ережені дауыстап оқыту;

    • Ережені іштерінен оқып шығуға уақыт беру;

    • Өз түсінгендерін ортаға салғызу;

    • Ережені талдату және жаттығу жұмысы арқылы бекіту



75-жаттығу

1. мәтінді мәнерлеп оқып шығу

2. мақала не туралы жазылған ? «мазмұнына тоқталып кету»

3. мақала қандай стильде жазылған ? Оның стильдік ерекшелігі неден көрініп тұр ?

4. Мақала авторы туралы ойларыңды жазу.

Тапсырма

  1. Өзіңіз жайлы шағын мәлімет.

  1. “Арман – адам қанаты” дейді, арманыңыз жайлы не айтар едіңіз?



  1. Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырысыз?



  1. Жақсы адамға берер мінездемеңіз (Бес сын есім)

Өзіңізден осы қасиеттер табыла ма?



5. Өзіңіздің алдағы жеңістеріңіз туралы не айтар едіңіз?



6. Құпия сырыңыз бар ма? Оны кіммен бөлісер едіңіз?



7. Сізден оқырмандарға әдемі тілек.



Үйге тапсырма:

77 – жаттығу.

“Аталы сөзді айта біл!” немесе “Мақал – сөздің мәйегі”

тақырыбына өз таңдауларыңмен шығарма жазыңдар.

Бағалау











Қазақ тілі 9-сынып

Күні: 22.12.11

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ән»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігін тексеру, ережелерді естерінде бекіту.

ә) дамытушылығы: Ережелерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру.



б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем , таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру.



Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың типі: жазбаша жұмыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу. Көңіл-күйлеріне назар аудару.

ІІ. Ережелерді еске түсіру.



ІІІ. Диктант жұмысы.

Күнді, айды жаздыру. Диктант тақырыбын жаздырту. Диктант мәтінін оқып беру. Қиын сөздермен таныстыру. Тақтаға жазып көрсету.

Мәтінді қайталап оқып беру.

Асықпай жаздырту. Мәтінді қайталап оқу. Оқушыларға тексерту.

Тыныс белгілерінің қойылуына назар аударту.

Ән.

Сәлмен ат үстінде теңселе түсіп, ыңылдап келеді. Қазақтың осы бір ұшы- қиыры жоқ шұбырып таусылмайтын ұзын сонар баяу әуендерінің бірі сияқты.

Ән- көңілдің күйі ғой. Сәлмен әнімен серігінің ұққаны да, осындай көңіл күйдің зары, көңіл құсының талпынысы еді. Бұл білмейтін бір жасырын сыр бар сияқты. Сәлмен әнді жалғыз салғанымен, тағы біреу қасында қосылып, сырласып келе жатқандай. Серігі оны көрмесе де, аяулы жан екенін сезеді. Мінезі жайдары, көңілі кең, жүрегі таза, ісі де, сөзі де орнықты, жүріс- тұрысы да қылықты, өзі де сүйкімді жан болу керек. Сөз жоқ, сондай адам. Әйтпесе, мына ән, мына ырғақ, адамның жүрек қылын жайлап шерткен биязы әуен шымырлап бойға тарап, басқа ұра ма?! Сәлмен барлық сырын сол адамның алдына жайып салып, мұңын шаққандай, ақылдасқандай болады. Ол адамның да Сәлменге айтары аз емес сияқты. Сондықтан болар, ән де бітпей келеді, айтылар сыр да айтылып таусылар емес, әлі де жалғаса бермек, созыла бермек...

    • Ау, Сәлмен, ән не туралы? – деді серігі қатарласа беріп.

    • Ән ауыл туралы, сары дала, кең жазық туралы, сол жазықта бұлаңдап өскен ерке қыз туралы...

(Б.Тілегенов, 171 сөз)





Диктантты қайталап оқып, тексерту. Өздеріне оқып, тексеруге уақыт беру. Тыныс белгілерін тексерту.

























































Қазақ тілі 9-сынып

Күні: 12.01.12ж

Сабақтың тақырыбы: Ғылыми стиль.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Ғылыми стиль туралы түсініктерін дамыту.



ә) дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.



б) тәрбиелігі: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.



Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: сызба тірек

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, үй тапсырмасын тексеру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Публицистикалық стильдің сипаты.

2. Публицистикалық стильдің тақырыбы қандай болып келеді ?

3. Публицистикалық стильдің басты қалыптасқан сипатын атаңдар ?

Публицистикалық стильде жазылған шығарма:

  • Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады.



  • Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан

хабардар етеді.



  • Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.



  • Логикалық жағынан қисынды да дәлелді, көңілге

қонымды болып, бұқараға ықпал етеді.



  • Шешендік сөздер, даналықтар көп қолданылады.



  • Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады.



  • Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді.

III. Жаңа сабақ

    • Оқушыларға ережені дауыстап оқыту;

    • Ережені іштерінен оқып шығуға уақыт беру;

    • Өз түсінгендерін ортаға салғызу;

    • Ережені талдату және жаттығу жұмысы арқылы бекіту



83-жаттығу (ауызша)

1. мәтінді мәнерлеп оқып шығу

2. мәтіндегі тыныс белгілерін атап, ережелерін айту.

3. алғашқы мәтінді кейінгі мәтінмен салыстыру.



86-жаттығу

1. мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын баяндау.

2. Сал-серіге тін қасиеттерді теріп жазу.

3. Дүлдүл, кемеңгер, ардақ тұту, шебер сөздерінің синонимін жазу.



93—жаттығу

1. Мәтінді оқу.

2. мәтінді жатқа жазу.

Ұзын Қарғалы өзенінің бойындағы ескі суэлектр станциясы қайтадан іске қосылды.Қазір ол 400 киловатт электр энергиясын беріп тұр. Сонымен 700-800 үй арзан электр қуатын алатын болады. Әр киловатт энергия елу- ақ тиын тұрады.



Үйге тапсырма:

89- жаттығу.

91 – жаттығу.

Бағалау

Бекіту.

  1. Ғылыми стиль дегеніміз не ?

  2. Ғылыми стильдің функциональдық міндеті қандай ?

  3. Ғылыми стильдің тілдік көріністері.





Қазақ тілі. 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, сұрау белгісі.

Күні: 9.02.12ж

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерімен таныстыру. Төменгі сыныптарда өткен материалдарды еске түсіру.

Міндеттері:

1.Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады.

2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу.

Көрнекіліктер: Плакат, тірек сызба

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылықты ояту

Қазақ тілі пәнінен төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіру.

Психологиялық жаттығу жұмысы. Релаксация

(Психологиялық жаттығу)

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

«Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы

126 – жаттығу

1. К.Оразалиннің «Кітапхана» атты мәтінін оқу

2. Осы үзіндіде аталған ақын, жазушы, ғалымдар туралы не білесіңдер?

3. Мәтін мазмұнына тірек болып тұрған азатжолды көшіріп жазу.

Жеке, көршісімен ой бөліседі.

4. асты сызылған тіркестердің синонимдерін, варианттарын атаңдар.

ІІІ.Ой толғаныс.

137 -жаттығу

«Бейнелеу өнері мұражайында» атты тақырыпта эссе жазу

Қорытынды:

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

129 – жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу









Қазақ тілі. 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Әкенің еркелігі»

Күні: 16.02.12ж

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері туралы білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1.сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыу.

2. Теориялық білімді практикада қолдана білуін арттыру. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгілерін дұрыс пайдалана білу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсінік беру, қиын сөздермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Жазбаша жұмыс.

Оқушыларға бүгінгі күнді, мазмұндама тақырыбын жаздырту.

Мәтінді оқып шығу. Түсініксіз сөздерге тоқталып кету.

Мазмұндама «Әкенің еркелігі»

Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», - дейді екен. Бұл оның әке парызы туралы түсінігі болса керек.

Уақыт деген ұшқан құс, құйғытып шапқан тұлпар емес пе ? Жыл артынан жыл өтеді. Бала жігіт болады. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім- сөз, емшіге арқалап апарамын», - дейді. Әке өз қадірін түсінгенперзентіне тәнті болады. Әуе айналып жерге түскендей шілденің ыстық бір күнінде екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында- әкесі. Бірнеше күн өтеді. Айнала сағым, мұнар. Топырақ та, ауа да от. Аңфзақ. Шөл. Жігіт шаршайды.

Ұлының арқасында отырған әкесі бір күні көз ұшында қарайған әлденені көреді. Баласынан: - Балам, анау не, көзім жетпей тұр ?- дейді.

Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт дереу алға көзін тігеді. Ол қарайған түйе екен.

-Түйе ғой, әке, түйе!- дейді ол ашу-ызасыз. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда... Мазаны алмай тыныш отырмай ма ?»- деп күбірлейді.

Бұлар емшінің ауылына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.

  • Анау не, балам ?

  • Жанағы түйе ғой, әке . Түйе, түйе!

Дауысы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу- сүйек, жеп- жеңіл болып көрінген әкесі, енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі-артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбырақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды.

Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.

  • Анау не, балам !

Жігіт қарайды да:

-Түйе ғой, түйе ! – деп ақырып жібереді.- Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп...

  • Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейдіөкпелеп.

  • Неге ? Отыра бер !

-Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып, аспандағы жалғыз айды: «О не ?» - деп жүз сұрасаң, ерінбей- жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де, бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние- ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! – деді әкесі.

Бәрі көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін...

Сөздік: тәнті болу, көз ұшында, діңкелеу.

Мазмұндама жоспары:

  1. Баланың серті.

  2. Әкенің ауруға ұшырауы.

  3. Әке парызын орындау.

  4. Әкесін арқалаған жігіт.

  5. Әкенің сұрағы.

  6. Екінші, үшінші сұрақ

  7. Әкенің сөзі.

Мәтінді тағы бір рет қайталап оқып шығу. Жоспар бойынша талқылау. Тыныс белгілеріне тоқталып кету.

Үйге тапсырма:

129 – жаттығу. Ережелерді қайталап келу.



















 

ынып: 8 -сынып

Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем

Мақсаттары: Білімділік. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, құрамындағы жай сөйлемдердің қарым-қатынасын меңгерту.

Дамытушылық. Өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік. Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, отансүйгіштікке

тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже : Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды.Өзара сұхбаттаса алады. Сыни ойлай біледі.Сабақ барысында алған мағлұматты, өмірде пайдалануға дайын болады. Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс тәсілдер:Миға шабуыл, Жигсо, Пилот-штурман,Кубизм әдісі



Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Білу



Қызығушылық

тарын ояту

2 мин

«Миға шабуыл»сұрақ жауап

Үй тапсырмасын сұрау Талқылау үшін сұрақтар беріледі






АКТ

Түсіну

7 мин

«Жигсо» әдісі бойынша әр топқа тапсырмалар тарату

Сіздің тобыңызда 4 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

ЖИГСО әдісі арқылы жүзеге асады. Жұппен жұмыс.Топпен талдау.


ЖТ

ЖЕ

Қолдану

10 мин

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады


Топқа арналып жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар береді

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру


СТО

Сергіту сәті

1 мин


Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы логикалық сұрақтарға жауап береді.

Аппақ қарға бола ма?

Шошқа үре ме?

Тауық түс коре ме?

Қарғыстың ең жаманы не?

Отқа күйесің бе?

Кімнен кім жаман?

АКТ

Талдау

15 мин

Кубизм әдісі

Әр топқа кубикте жазылған сұрақты беру

Кубиктегі сұрақтарға жауап беру


Жинақтау

5мин


Әр топқа шығармашылық жұмыс тапсырылады

Өлеңде өз ойларын қорытындылайды, тақырыпты жинақтайды


Бағалау

2 мин

Кері байланыс(не үйрендім, не қиын болды, сұрақ

Бағалау парақшаларын тарату

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпен бағалайды


Рефлексия

2 мин

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру








Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Сабақтын мақсаты: Негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыпппен байланыстыра отырып білімділігін арттыру
Дамытушылық: Оқушылардың еліктеу сөздерді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру, Абай сөзінің құдіретін жете түсіндіру
Тәрбиелік:
Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке, алған білімдерін есте сақтай білуге дағдыландыру

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, логика дамыту.

Көрнекілігі: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

Сабақ барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

Сыныпта кім кезекші?

Бүгін сыныпта кім жоқ?

Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

Психологиялық дайындық:

ІІ. Үй жұмысын тексеру: Ережелерді түсініп оқу,жаттау, қайталау. 305-306-жаттығулар.

Сұрақ жауап:

-Еліктеу сөз дегеніміз не?

- Мағынасына қарай еліктеу сөзқандай топтарға бөлінеді?

- Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

- Еліктеу сөздің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды болып екіге бөлінеді


Еліктеу сөздер

Негізгі түбір

Туынды түбір


Бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөздер.

Мысалы: тарс, тырс, күрс, жылт, жалт, топ, шіңк, морт...

-аң, -ең, ың, -ің, -ң жұрнақ-тары жалғану арқылы жасалған еліктеу сөздер.

Мысалы:арс-аң, ырж-ың, қиса-ң









Еліктеуден жасалған туынды еліктеу сөз:

1) -аң борт-аң, болп-аң, арс-аң

2) -ең елп-ең, желп-ең, селт-ең

3) -ың сымп-ың, жылт-ың, быж-ың

4) -ің кілт-ің, кірж-ің, шілп-ің

Етістіктен жасалған туынды еліктеу сөздер:

1)-аң ағар-аң, қызар-аң

2) -ең иір-ең, едір-ең

3) домала-ң, жайқа-ң








-аң,-ең, -ың,-ң жұрнағы арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің түбірі қазіргі кезде жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардың түбірінен түбірлес басқасөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мыс:бағж-аң (бақши), ежір-ең (ежірей), жарб-аң (жарби), тарп-аң (тарпи), адыр-аң (адырай, адырақ), шапш-аң (шапши).

Мысалы: Қорқып кетіп көзі бағжаң ете қалды. Қараңғыда алдынан жарбаң етіп жапалақ ұшты. Мұның алдын орауға тырысып, арттағылар шапшаң қимылдады.

Балалар, сендер білесіңдер кез келген сөз табы сияқты еліктеу сөздер құрамына қарай екі топқа бөлінеді, яғни дара және күрделі еліктеу сөз.

-Кане, балалар, кім айтады?

-Дара сөз дегеніміз қандай сөздер еді?

-Күрделі сөздер дегеніміз қандай сөздер еді?

Күрделі сөздер қандай жолмен жасалушы еді? (бірігу, косарлану, екі сөздің тіркесуі,қысқару арқылы жасалады).

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да жасалады. Негізінен зат есім мен етістік жасалады.

Еліктеу сөздерден өзге сөз табын тудыратын жұрнақтар





Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар

Туынды етістік жасайтын жұрнақтар

Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар





-ыл,-іл,-л

-ғыр,-гір

-ыра,-іре

-да,-де

-ыр,-ақ,-ек

-іш,-ық




тарс-ыл, ыр-ыл, сыр-ыл, ыңқ-ыл, күж-іл, гүр-іл, күрс-іл, данғ-ыр, шіңг-ір


желб-іре, салб-ыра, былб-ыра, үлб-іре, қалб-ыра, күрк-іре, бұраң-да, ербең-де

жылт-ыр, жалб-ыр,еңк-іш, бырт-ық, бұлт-ақ, еңк-ек, желб-ір






Ал, балалар бұны математикалық амал ретінде қысқаша қылып жазайық:

  1. Еліктеу сөз + (-ыл,-іл,-л,-ғыр,-гір) туынды зат есім

  2. Еліктеу сөз + (-ыра, -іре, -да, -де ) туынды етістік

  3. Еліктеу сөз + (-ыр,-ақ,-ек,-іш,-ық) туынды сын есім

Алған білімді тиянақтау.

Сонымен, балалар, біз енді алған білімімізді тиянақтап көрейік. Біз сыныпты 3 топқа бөліп алдық. Енді, барлығымыз кітаптағы 307 жаттығуға қарайық.

307 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып келесі үлгіде талдаймыз Қай топ бірінші аяқтаса сол топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 3 ұпай қойылады.

Мысал

Дара

Күрделі

Негізгі

Туынды

Еліктеуіш

Бейнелеуіш

елпең

+



+


+























Енді, келесі тапсырма 308 жаттығу.

1 топ 308 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып оның құрамын анықтайды және осы жаттығудың 1,2-ші сөйлемдеріне морфологиялық талдау жасайды.

2 топ 308 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып, оның мағыналық түрін анықтайды, және осы жаттығудың 3,4-ші сөйлемдеріне морфологиялық талдау жасайды.

3 топ 308 жаттығудан еліктеу сөздерді тауып, оның тұлғалық түрін анықтайды, және осы жаттығудың 5,6-шы сөйлемдеріне морфологиялық талдау жасайды.

309 жаттығумен жұмыс жасайық. Бұл жаттығуда Абай атамыздың өлең жолдары берілген. Осы өлең жолдарынан туынды еліктеу сөздерді тауып қай сөз табының қызметін анықтап тұрғанын анықтаймыз. Қай топ бірінші аяқтаса сол топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 3 ұпай қойылады.

311 жаттығумен жұмыс. Бұл жаттығуда негізгі еліктеуіш сөзді бір бағанаға, туынды еліктеуіш сөзді бір бағанаға жазамыз. . Қай топ бірінші аяқтаса сол топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 3 ұпай қойылады.

Үй тапсырмасы: Пысықтауға арналған тапсырмаларға дайындалу, 310-312 жаттығу.

Бағалау.

Қорытынды.


Алған білімдерін бекіту мақсатында тест жұмысы алынады.

  1. Еліктеу сөзді табыңдар:

а) ағарады ә) гүр-гүр б) бүлдіреді в) илекте

2. Бейнелеуіш сөзді табыңдар:

а) тарс ә) жалт-жұлт б)сыңғыр в) арс-арс

3. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар:

а)шұбартөс ә) қыңқ б)елпең в) күркіре

4. Туынды еліктеу сөзді табыңдар

а)күркіре ә) тарс б)ойна в)қыңқ

5. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңдар:

а)-ша, ше, -қы, -кі, -к ә)-аң, -ең, -ың, -ің, -ң

б)-ыс, -іс, -ым, -м в)-а, -е, -й, -ар, -ер, -р

6. Қажетті еліктеу сөзді тауып қойыңдар: Қарға …… етті

а)бұрқ ә)сарқ б)сарт в)қарқ


7. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар:

а)селк ә) қисаң б)томпаң в) үлбіре

8. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңдер

а)сылқ-сылқ күлді ә)емін-еркін отыр б)мыңға жуық в)әттең, естімедім-ау

9. Туынды еліктеу сөзді табыңдар:

а)тарс-тұрс ә)қисаң-қисаң б)былқ в)селк

10. Еліктеу сөзді табыңдар: Сол кезде алдынан бұрқ еткен шаң шықты.

а)сол кезде ә)бұрқ еткен б)алдынан в) шаң шықты


Балалар, біз бүгінгі сабақта алған білімімізді қазақ тілі сабағынды кез келген уақытта қолдана білуіміз керек. Алған білімді есте сақтап әрқашанда тиянақтап отыруымыз керек. Сол себептен сабағымызды аяқтамас бұрын осы ойыма сәйкес сендерге есте сақтаудың 4 түрлі себебі туралы айтылған Абайдың келесі қара сөзін тыңдатпақпын.

Аудио Абайдың 31 қара сөзі













№ 10 ЖББОМ













Тақырыбы:



6 «а» сынып







Өткізген: Қазақ тілі және қазақ

әдебиеті пәні мұғалімі:

Сыздықова Гүлден Ортауқызы





Қ А Р А Ғ





Сабақтың тақырыбы: Әбділхамит Марқабаев  «Ғарыштағы қымыз»
Мақсаты:
1) Білімділік Әбділхамит Марқабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесін оқып түсіндіру.
2) Дамытушылық Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.
3) Тәрбиелік Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі: Жаңаматериалдыигеру.
Сабақтың көрнекілігі: Анимациялық слайдтар, суреттер, бейнежазбалар, қымыз,
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау,
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ
Пайдаланылған әдебиеттер:
1/ методикалық құрал
2/ Ә.Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»
3/ Интернет ресурстары
4/ Түсіндірмелі сөздік
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, физика, астрономия, биология
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.  Сәлемдесу.
Түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.
І топҒарышкерлер
ІІ топДәрігерлер
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар
Әр топты өз атауларымен таныстырып, неге олай атағаным туралы өздерінен сұрау арқылы ой шақыру.
 Кіріспе сөз. Балалар, біз бүгін жұлдыздар әлеміне саяхат жасаймыз. Сондықтан бүгінгі сабағымызда белсенді жұмыс істесек жұлдызша алып, ол жұлдызшаларларды кім көп жинаса сабақ соңында ең үлкен жарқырағын жұлдызға  ие болады.3-мин.
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. «Ойлы болсаң озып көр»
– Фантастика дегеніміз не?
– Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?
– Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?
– Роботтардың қызметі, оларды не үшыін ойлап таптық?
– Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?
– Ол планеталарда  адамдар тұрады ма? 5-мин.
ІІІ. Жаңа сабақ барысы.
Бейнебаян көрсету. Планеталар туралы. 3-мин. Қымыз туралы 3-мин.
Суреттер топтамасы арқылы оқушыларды сөйлету. Шығарма мазмұнымен қысқаша таныстыру, әр топқа шығарманы бөліп беру. Үзінді оқыту. 10-мин.
Сонымен, бұндай шығармаларды әлем әдебиетінде Фантастика деп атайды.
Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.
– Фантастиканы  жазатын адамдарды фантаст жазушы деп атаймыз.
Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.
– Фантастика жазушыларды білеміз бе?
Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Әбділхамит  Марқабаев.
Ия, солардың бірі Әбділхамит  Марқабаев ттуралы слайд арқылы таныстырам.
Арал теңізінің батыс жағалауына жақын орналасқан, аралшаның солтүстік кенересіндегі «Ауан» деп аталатын алақандай елді мекенде қарапайым наубайшы Файзулла шаңырағында 1938 жылы Абдул-Хамид Мархабаев дүниеге келеді.
Соғыстың орта шенінде наубайшы әкесін, өз қатарластарымен қоса, Арал қаласына әскерге алып кеткені Хамағаның еміс-еміс көз алдыда. Наубайшы боп әкесінің орнына шешесі қалады. Ананың мақсаты – үйдегі балаларының қарнын ашырмау. Хамағаның үлкен ағасы сол кезде оба індеті шыққанда осы ауыл-дан кішігірім кеңсе ашқан болатын. Сол кеңсеге екінші ағасы он үшке толмаған жасында аяқ киімсіз, жалаңаяқ барып келіп жүргені оның есінде.
(18.4.1938 жылы туған, Арал ауданы Ауан ауылы) – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (1997). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1964). 1964 – 67 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 – 76 жылдары ҚазМУ-дың журналистика факультетінің доценті, 1976 – 85 жылдары «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981 – 82 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы, 1985 – 87 жылдары Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Көп жылдан бері ҚазМУ-да ұстаздық қызметте. Тұңғыш жинағы 1972 жылы «Ғарыштағы қымыз» деген атпен жарық көрді. Мархабаевтың «Арал әуендері», «Балалардың аман қалғанын айт!» «Жарылқаушы…», «Тосын ғарышхат», т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті» (1998) атты монографиясы, «Ислам – Ғылым – Журналистика» оқулығы жарық көрген.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1/ Суретшілер сайысы.
Әр топқа плакаттар, қарындаш беріп. Басқа планетаны, бөгдеғаламшарлықтарды қалай елестететінін бейнелеу.
 2/ Жазушылар сайысы. (эссе жазу)
І топҒарышкерлер «Кәріге құрмет – балаға міндет»
ІІ топДәрігерлер «Қымыз туралы сыр шертсем»
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар «Роботтар өндірісі»
 Ү. Сабақты бекіту.
Әр топқа дөңгелек планеталарды тарату, соның ішінде сабаққа байланысты ойларды күннің жан жағына оқып,  жабыстыру.
ҮІ. Қорытынды.
Бөгде ғаламшарлық ақсақалды емдеген қымыздан балаларға дәм таттыру.
ҮІ. Үйге тапсырма. Барлығына: Шығарманы оқып,  жоспар құру.
І топҒарышкерлер  Әбділхамит Марқабаев туралы қосымша деректер
ІІ топДәрігерлер  Күн жүйесіндегі планеталардың ерекшелігі
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар  Қымызды дайындау әдісі.
 ҮІІ. Бағалау. Жұлдызшаларды санап, ең көп жұлдызша жасаған оқушыға жарқыраған жұлдыз беру. Жұлдыз санына қарай бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шәкәрім - аудармашы

Автор: Дошанова Рабига Султанкуловна

Дата: 09.10.2017

Номер свидетельства: 431545

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Полиглот "?здік аудармашы!" "
    ["seo_title"] => string(26) "polighlot-uzdik-audarmashy"
    ["file_id"] => string(6) "140973"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1418045726"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Шегіртке мен ??мырс?а И. А Крылов ?аза?ша?а аудар?ан А. ??нанбаев "
    ["seo_title"] => string(79) "shieghirtkie-mien-k-u-myrsk-a-i-a-krylov-k-azak-shag-a-audarg-an-a-k-u-nanbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "156261"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421401449"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ Наурыз мерекесі"
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk_sabak_nauryz_mieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "386843"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486027262"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(6) "?МЖ "
    ["seo_title"] => string(5) "k-mzh"
    ["file_id"] => string(6) "131056"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416067907"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Ана тілі п?ні. Та?ырыбы: А. Байт?рсын?лы. А??у, Шортан ??м Шаян. "
    ["seo_title"] => string(66) "ana-tili-p-ni-tak-yryby-a-baitu-rsynu-ly-ak-k-u-shortan-h-m-shaian"
    ["file_id"] => string(6) "133854"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416590396"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства