Пәні: қазақ тілі
Күні: 09.03.17ж
Сынып: 6 «е»
Мектеп: «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ
Мұғалім: Ережепова А.Т
Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
Ақынның өмірі жайлы мәлімет беру. «Қылау» әңгімесінің идеясын түсіну
Оқу нәтижелері
Барлық оқушылар ақынның өмірі туралы біледі.
Оқушылардың басым бөлігі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді таба алады.
Кейбір оқушылар «Қылау» әңгімесін басқа әңгімелерден ажырата алады.
Жетістік критерийлері
Ақынның өмірін жақсы біледі.
«Қылау» әңгімесімен танысады.
«Қылау» әңгімесін талдай алады.
Тілдік мақсаттар
Құндылықтарды дамыту
Тіл туралы ой бөлісу
Пән аралық байланыс
Әдебиет, география
АКТ ны қолдану дағдылары
Белсенді тақта мен ұялы телефон
Бастапқы білім
Ғарыштағы қымыз
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Уақыт
45
Басталуы
І. Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
5 минут
- Оқушылармен амандасу.
- Шаттық шеңберін құрып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
С. «Сұрақ бізден, жауап сізден» тапсырмасы.
Ғарыштағы қымыздың авторы?\
Қымыздың ерекшелігі қандай?
Ортасы
35 минут
Эпиграф: «Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа»
Жазушы өмірінен мәлімет.
Сайын Мұратбеков 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, [2004 жыл]]ы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Сөздікпен жұмыс:
Қылау – қыста сілбіреп жауатын ұлп, майда қар.
Шәугім – су қайнататын темір ыдыс.
Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.
Зират – дүниеден өткен адамдардың жатқан жері.
Мәтінді әңгімелеу жоспарын құру:
- Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, шанаға жұмсауы.
- Сатайдың жолға шығуы, зират жанынан өтіп бара жатқандағы қорқынышы.
- Жол бойынан Рәбиға атты кезіктіруі.
- Рәбиға екеуінің әңгімелесуі.
- Рәбиғаның жол жиегінен түсіп қалуы.
- Сатайдың Рәбиға үшін алаңдауы, іздеуі.
- Рәбиғаның Сатайға оқулық сыйға тартуы.
Әңгімеге композициялық талдау жасау:
Әңгіменің басталуы: Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, көрші ауылға шанаға жұмсауы.
Әңгіменің дамуы: Сатайдың Рәбиғаны кезіктіріп, өз шанасы отырғызып алуынан дамиды.
Әңгіменің шиеленісуі: Рәбиғаның ауыл бұрылысынан түсіп қалуы.
Әңгіменің шарықтау шегі: Сатай Рәбиғаны уайымдап, ауылына дейін жеткізіп салу үшін артына қайтып, Рәбиғаны іздеуі.
Әңгіменің аяқталуы: Рәбиға Сатайға ризашылық ретінде оқулық беруі.
Сергіу сәті:
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
1.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі... . (ниетінде)
2.Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің... . (көрерсің)
3.Жақсылық етсең,.... . (жарты ерпе)
4.Әдептілік белгісі -.... . (иіліп сәлем бергені)
5.Таршылықты көрмесең,..... . (кеңшілікті білмейсің)
IV.Бекіту бөлімі:
1-қатар
Тақырыбы
Идеясы
Кейіпкерлері
Кейіпкерге мінездеме
Кейіпкерлердің іс-әрекеті
2-қатар
Сатайдың іс-әрекеті
Оқушының талдауы мен пікірі
3-қатар
Әңгімедегі оқиғалар
Кейіпкердің көңіл-күйі
Себебі
V.Қорытынды бөлім:
Венн диаграммасы
Сайын Мұратбековтың Ұқсастығы Бердібек Соқпақбаевтың
«Қылау» әңгімесіндегі «Менің атым Қожа» повесіндесі
Сатай бейнесі Қожа бейнесі
Аяқталуы
5 минут
Сұрақтар мен жауаптар:
1.Сайын Мұратбеков кім, қандай шығармаларын білесіңдер?
2. «Қылау» сөзінің мағынасы қандай?
3. Әңгіме неге «Қылау» деп аталған?
4.Басты кейіпкер Сатайдың мінез-құлқы шығармада қалай танылған?
5.Сатай Рәбиғаға деген алғашқы сезімін қалай білдірді? Оның үлгілі жағы неде?
VI.Үйге тапсырма:
Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесін оқу, әңгімелеу.
VII.Бағалау:
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Қосымша ақпарат: ғаламтор және әдістемелік кітап
Саралау – оқушшыларға қалай көбірек қосымша көмек көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай көмек беруді жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалдарды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.