Просмотр содержимого документа
«Сайын М?ратбеков «?ылау» »
Пәні: әдебиет (6 «А»)
Сабақ тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Қылау»
Мақсаты: Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесінің мазмұнын оқушыларға меңгерту.
Міндеттері:
1) «Қылау» әңгімесіндегі жазушы суреттеген ауыл тішілігі мен балалық шақтың әсем көріністерін оқушыларға ұғындыра отырып, жазушының көңіл-күйіне назар аударту, сөздік жұмысын ұйымдастыру;
2) оқушылардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби-теориялық ұғымдар туралы білімдерін, көркем шығарманы композициясына қарай талдау жасау дағдыларын дамыту;
3) оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа материалды оқып-үйрену сабағы
Сабақ әдісі: сөздік әдісі
Құрал-жабдықтар: оқулық, тірек сызба
Пәнаралық байланыс: география, астрономия
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. . Сайын Мұратбековтың қандай шығармалары бар?
2 Сайын Мұратбеков қандай мемлектеттік наградалармен марапатталды?
3. «Қылау» әңгімесінің тәрбиелік мәні неде?
4. Шығарма неліктен қылау деп аталған?
5. Сендер ересектердің ақылын қалай қабылдайсыңдар?
6. Сатай Рабиғаға алғашқы балаң сезімін қалай білдіреді?
7. Екі кейіпкерге қандай мінездеме берер едіңдер?
8. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды, оны ненің белгісі деуге болады?
9. . Екі кейіпкердің мектеп, мұғалімдер туралы айтқан пікірлерінің шындыққа қатысы бар ма?
Шығарманың композициясы
Оқиғаның басталуы Ұйқыдан ояна алмай жатқан Сатай
Дамуы Әкесінің Сатайға берген тапсырмасы
Байланысуы Сатайдың әке тапсырмасымен
Тастөбеге аттануы
Шиеленісуі Жолаушы қыз – Рабиға, олардың
әңгімесі
Шарықтау шегі Рабиғамен достасу, сыйлыққа алған кітап
Шешімі Үлкен қуанышпен ауылға оралған бала
Сөздік жұмысы
Монолог– сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл.
Пейзажфр.paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі.
Кейіпкер персонаж – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.
Пікір күнделігі
Шығармадан үзінді
Менің пікірім
Мақал--мәтел
Топтастыру
сезімтал әдемі
аңғал қайырымды білімді
нәзік
ашық
жайдары
қиялы
ұшқыр ақылды
мақтануды сүймейді ұнамды
қайырымды мейірімді
Дебат
1.Даттаушы топ.Сатай – жағымсыз бала.
2.Жақтаушы топ.Сатай – мейірімді бала.
1.Әке ақылы Сатайды ызаландырды,біз жастар ересектердің ақылын солай қабылдаймыз ба?
2.Жоқ.Бұл – баланың ұйқылы – ояу кезіндегі сөйлеген сәті.Ұйқыдан көзін аша алмай,әкесінің айтқан тапсырмасын құлықсыз тыңдаса да,тірлікті білетіндігін көрсетті. Әкесіне реніші іштей ғана.Естіртіп айта алмайды.Балаға лайықты сыйлайды,қорқады.
1.Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауы дұрыс па?
Күнделікті тірлікті ойлауға болады ғой.
2.Өлім мен өмір туралы ой Сатайға ауыл сыртындағы зираттың тұсынан өткенде келді.Жас баланың ойынның,қиялының ұшқыр екендігін көрсетеді.Сатай – күнделікті күйкі тірліктің баласы емес,болашағы зор,алға ұмтылған сезімтал жас.Оның әрбір көзге көрінген затқа баға беруі – осының айғағы.
1.Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айғайға басуы оның қорқақ екендігін көрсетті.