Қатаң п,қ,к дыбысына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанғанда ,қатаң дыбыстар ұяңданып айтылады және сол айтылуы бойынша жазылады:
Кітап+ы-кітабы. Күрек+і- күрегі, таяқ+ы-таяғы.
Қазақ тіліндегі п дыбысына аяқталған сөздерге –ып,-іп қосымшалары жалғанғанда п дыбысы үнді у дыбысына айналып естіледі және сол естілуінше жазылады:
Жап+ып,- жауып,тап+ып- тауып, кеп+іп-кеуіп, теп+іп- теуіп.
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін а,ә,е,у,ұ,и дыбыстары келетін түбір сөздердің басында ы,і әріптері жазылмайды:
Қазақстанда көп кездестен ағаш түрлерінің аттарын жазыңдар.
«Табиғат көркі-ағаш» деген тақырып бойынша шағын мәтін құраңдар.
Ұяң дыбыстан басталған сөздер:
Биік,бір,діңін,жасапты,жүк,басқа бір, би, жасауға жарапты, жұп, бишінің, жетіпті, жиырма,биді, жайғасып, бразиля, жерінде, ғажайып,жергілікті, деп, бұл, жіберіп, бастайды, дәмі.
Қазақстанда көп кездесетін ағаштар:
Шырша,көктерек, қайың, алып қарағаш. сәмбі тал
VI. Сабақты бекіту:
Тест
«Бағдаршам» әдісі арқылы жұп-жұп болып, бір-біріне бүгінгі өтілген тақырыпты түсіндіреді.
VII. Рефлексия. «Тазалық» ойыны • Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 1. Чемодан(суреті) 2. қоқыс жәшігі (суреті) 3. еттартқыш (Суреті) - Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
VІIІ. Үйге тапсырма беру.
1.Дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы түсінік
2.272-жаттығу. Құрамында үнді дауыссыздар кездесетін сөздерді теріп жазыңдар.