Көрнекілігі: Абай суреті,слайдтар,буклет,Абай туралы кітаптар
Сабақтың түрі: Ізденушілік сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық
(сыныпты 2 топқа бөлу)
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» – деп Абай айтқандай, Ескендір туралы не біліп келгендерін ортаға салады.
3.Жаңа сабақ
1. «Ескендір» поэмасы - Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі,ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны. Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған,Еуропа Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар дүние жүзі халықтарының аңыздарында, ертегі дастандарында ерекше орын алған адам. Шығыс елдерінде, әуелі Иранның аристократиялық аңыздарында «Ескендір» образы көп әңгімеленген.Оны Филипптің баласы емес, Иранның шахы – Дарий үшінші Кадоманның баласы дейді.Рим әңгімесі де Ескендірдің туысын тарихтан өзгертіп ,аңызды әңгімеше баяндайды.Шығыс ақындарынан Әжірбайжанның атақты классигі Низами ғана өзінің «Ескендір-намасында» тарихи шындық бойынша Филипптің өз баласы етіп жырлайды.Абай пайдаланған сюжет Низами жазған «Ескендір-намадан» алған.Абай өзінше өзгертіп,өсіріп алған және «назира» үлгісінде жазған.
Назира үлгісі-Шығыс поэзиясында ортағасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Ол араб тілінен аударғанда «ұқсату» деген мағынаны білдіреді. Ақынның бұрыннан мәлім шығарманы аудару кезінде жаңаша жол іздеуге, өзі өнеге тұтып отырған шығармаға сүйене отырып, соған жетеғабыл түсетін, өзіндік бояуы бар жаңа шығарма жазуы.
Шығыстың Ескендір Зұлқарнайы:
Ескендір бейнесі жағымды болып суреттелді.
Он сегіз мың ғаламды билеуші
Жер бетінде теңдесі жоқ әрі батыр,әрі қолбасшы ретінде дәріптелді.
Ақылшысы –Қызыр пайғамбар болды.
Қай қаладан екені , айтылмайды
Абай Құнанбаевтың поэмасында:
Ескендір бейнесі қатал тойымсыз,
қанішер қолбасшы болып суреттеледі.
Ақылшысы - Аристотель
Македония шаһарынан екендігі айтылып, әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады
Ой шақыру
Бұл не ? (Таразының суретін көрсету). Ол туралы не білеміз ? Таразы туралы сөз,сөз тіркесі,сөйлем,мақал айту.
Абай атамыз: «Бойдағы мінді санасам, тау тасынан аз емес»,- деген екен. Ендеше, адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттерді таразылай отырайық.
Жақсы қасиеттері
Жаман қасиеттері
СКТ технологиясыбойынша «Ескендір» дастанына талдау -1 топ
Авторы -
Тақырыбы -
Жанр түрі -
Негізгі идеясы -
Шумақ саны -
Тармақ саны -
Буын саны -
Бунақ саны -
Ұйқас түрі –
Шығарманыңкомпозициялық құрылымын талдау - 2 топ
Басталуы
Сюжеттік байланыс
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Шешім
Әдеби теориялық ұғымдар
Тәрбиелік мәні
Екі топ семанитикалық карта толтырады.
Шығарманыңаты
Авторы
Кейіпкерлер
Іс-әрекеті
Адами қасиеті
«Екі түрлі түсіндірме күнделік» стратегиясын толтыру
Мәтінненүзінді
Ой-тұжырым мазмұнғасәйкес
мақал-мәтел
Долдықпен хан Ескендірашуланды,
Ашуланыпқақпағажетіп барды.
Қаншаалтындыкүміспенсалсадағы,
Біркішкентайсүйектіаудармады
Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді ,
Өзбағаңдыөзіңненкімсұрайды?
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Толмаскөзіңтолардепқайғыжеме
Ендеше, осы Абай шығармасын Низамидің шығармасымен салыстырғандағы кестемен таныс бола отырып, айырмашылықтарға тоқталайық
Низами шығармасында
Абай шығармасында
Әкесі-Филип
Әкесі-Филип
Ұстазы-Қызар
Ұстазы-Аристотель
Әбулхаят суын іздеді
Су іздейді
Періште
күзетші
Тас береді
Көздің сүйегін береді.
Жауабын Ескендір шешеді
Жауабын Аристотель шешеді
Сабақты бекіту
Сабақ маған ұнады, себебі,
Сабақ маған ұнамады, өйткені,
1. Меніңтүйгенім... (Ауызша айту)
2.Кітап бойынша сахналық көрініс қою.
Абай «Ескендір» поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,біз оның поэмасымен танысып,талдау барысында қандай асыл қасиеттерді бойымызға жинадық.
Пендешіліктен арылу
Иманды болу
Арлы болу
Қанағат етуге
Ашкөздіктен сақтауға
Ойлап іс жасауға
Күлкіге қалмауға
Үй тапсырмасы: «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық» тақырыбына эссе жазып келу.