kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ тақырыбы: Абайдың "Он сегізінші" қарасөзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка поможет усвоить тему по курсу "Абайтану" для учащихся 9 класса. Она поможет узнать о жизни и творчестве великого казахского поэта Абая Кунанбаева.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы: Абайдың "Он сегізінші" қарасөзі»

Курс атауы: «Абайтану»

Сынып: 9
Тақырыбы: «Он сегізінші» қара сөзі
Мақсаты:

Білімділік: қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы философиялық тұжырымға толы «Он сегізінші» қарасөзінің мазмұнын ұғындыру

Дамытушылық: дүниетанымын, ой-өрістерін кеңейте отыра, оларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, адамгершілік, ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, талдау

Оқыту құралдары: интерактивті тақта, слайд-презентация
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу; Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Қайталау

(«Абай Құнанбайұлы өмірбаяны » бейнефильм)
Абай Құнанбайұлы «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызы туралы жазды.

(«Абай Құнанбайұлы «Оныншы» қарасөзі» бейнефильм)

Сөйллемдерді толықтыр

  1. Біреулер құдайдан .......... тілейді. Ол баланы не қылады?

  2. Балам орнымды бассын демек не сөз? Баланың жақсысы - ........., жаманы - ............, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма?Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да ........... көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

  3. Артымнан балам .......... оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды.

  4. Әуелі балаңды ....... алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң ........ болса, кімнен көресің?

  5. Ғылымсыз ......... те жоқ, .............. де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір .......... орнына бармайды.

(бала, қызық, күйік, қорлық, құран, өзің, алдамшы, ахирет, дүние, ғибадат )

Жаңа сабақ. («Абайдың қара сөздері» презентация)
1 слайд Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. 
2 слайд Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз тілдеріне аударылды.
3 слайд Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.

4 слайд Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтеді. 
5 слайд Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атайды.

  Бірінші қара сөзін» тыңдау)
6 слайд 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
 Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу:
 Өмірбаяндық: 1 - сөз.
 Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
 Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
 Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
 Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
 Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
 Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
 Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
 Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
 Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
 Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.
 Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз.
7 слайд «Он сегізінші» қарасөзі

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы философиялық тұжырымы «Он сегізінші» қарасөзінде жазылған.

(«Абай Құнанбайұлы «Он сегізінші» қарасөзі» бейнефильм)

Оқылым

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін,сақал- мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардын ішін күйдіріп, өзінен кейінгіге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.

Дәптермен жұмыс

1. Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс.

2.Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын.

3.Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.

4. Бұл қара сөзінде ақын халықты жағымсыз қылықтардан аулақ болуға шақырады.

Жаңа сабақты бекіту
Ой – қозғау сәті. Сұрақтар бойынша берілген қара сөздің мағынасын ашу.
-«Он сегізінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?

- Ақын халықтың бойындағы жағымсыз қылықтардан аулақ болуға шақырады, халық бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетеді.

- Бұл қара сөздің идеясы қандай?

- ақынның киіну мәдениетіне көзқарасы;

- ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы;

- адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы; - Осы қара сөзінде ақын адамдар бойындағы қандай қылықтарды меңзейді?

- Ақын халыққа еліктеушілік. Өзгені қызғандыруды қойып адал еңбек ет, маңдай теріңмен мал тап дейді.

- Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?

- Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.

- Абай бар асыл ойын кімге арнады?

- Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі.

Қорытынды: 
 Абай қара сөздерінен қандай үлгі-өнеге алдық, тәлімдік ой түйдік?
1.Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
2.Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. 
    Сол себептен оқудан бас тартпайық, білуге құмар болайық, ізденуден жалықпайық. 
Үйге тапсырма: Абайдың «Он сегізінші» қара сөзін оқу



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Сабақ тақырыбы: Абайдың "Он сегізінші" қарасөзі

Автор: Жантлесова Мадина Хамзаевна

Дата: 18.10.2017

Номер свидетельства: 433146

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Та?ырыбы: Абайды? «Отыз бірінші ?ара с?зі»"
    ["seo_title"] => string(35) "takyrybyabaidynotyzbirinshikarasozi"
    ["file_id"] => string(6) "268354"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450619918"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Абайды? ?арас?здеріндегі философиялы? т?йіндер "
    ["seo_title"] => string(52) "abaidyn-k-arasozdierindieghi-filosofiialyk-tuiindier"
    ["file_id"] => string(6) "196613"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428076600"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Абайды о?ы-та?ыр?а "
    ["seo_title"] => string(23) "abaidy-ok-y-tan-yrk-a-1"
    ["file_id"] => string(6) "217169"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433259796"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) ":  Абайды? «Желсіз т?нде жары? ай»  атты ?ле?іне иллюстрация салу."
    ["seo_title"] => string(69) "abaidyn-zhielsiz-tundie-zharyk-ai-atty-olien-inie-illiustratsiia-salu"
    ["file_id"] => string(6) "316758"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1460173492"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Открытый урок на тему "Абай аудармалары" "
    ["seo_title"] => string(39) "otkrytyi-urok-na-tiemu-abai-audarmalary"
    ["file_id"] => string(6) "192425"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427457987"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства