Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Абайды? ?арас?здеріндегі философиялы? т?йіндер »
ШҚО Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сағыбаева Айтолқын
Пәні:Қазақ әдебиеті Сыныбы:9
Тақырыбы: «Абайдың қарасөздеріндегі философиялық түйіндер»
Түрі: Аралас
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ақынның қарасөздерін оқыта отырып айтпақ ойын,терең философиясын таныстыру, талдау,түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушыларды өз беттерімен топта шығармашылық жұмыс жасауға, өз ойларын толық нақты жеткізе білуге және топпен бірлесе отырып жұмыс жасауға дағдыландыру.Есі мен жадын,тілін дамыту, жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзара бірін-бірі бағалауды, адамгершілік-имандылық тәлім –тәрбиесін қалыптастыру, еңбекқорлыққа, адалдыққа, өнерлі болуға отанын сүюге ұйымшылдыққа баулу
Үй тапсырмасы өлеңдерін жаттау бойынша семантикалық карта толтыру (жеке-жеке), өлең талдау техникалық карта толтыру топпен
2)Кіріспе сөз: Мұғалімнің түсіндіруі
Абай ХІХ ғасырдың 90-жылдары өзінің ой-толғаныстарын қарасөздермен жазған. Қарасөздер ақынның соңғы туындылар қатарына жатады.Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес-ғақлиялық даналық сөздер.Онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алған.Абай қарасөздерін жазуға зор дайындықпен келген.Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерін де, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель,Платон шығармаларын да,Шығыстың ойшылдары Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр,Иасауи т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кірісті.
Қарасөздерінің жалпы саны-қырық бес.Оларды тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.