3-топ:Таби?ат к?рінісін бейнелеу ?ай жанр?а жатады?
4-топ: Таби?ат к?рінісін бейнелеу за?дылы?тарын ата.
YІ. Жеке ж?мыс. (15 мин)
Жа?а ?ана «Желсіз т?нде жары? — ай» ?нін ?уенмен айтып ?йренді?дер. Енді ?нні? мазм?нын асы?пай ?а?аз бетіне т?сірейік. Б?л ?ле?де таби?ат ?семдігін, к??іл к?йді? тол?уын бай?аймыз. Таби?ат с?лулы?ы шума?тардан бай?алады.
Айды? шы?уынан т?н мезгілі екенін, ?алы? а?аш жапыра?ынан жаз мезгілі екенін біліп отырмыз.
Ауылды? жаны тере? сай
Тасы?ан ?зен к?рілдеп, — деген шума?тардан ауыл к?рінісін к?ріп отырмыз.
Берілген шума?тардан ауыл к?рінісін елестету ар?ылы сурет салу?а кірісейік.
Енді ?н ты?дай отырып суретті жал?астырамыз.
Палитра?а айры?ша к??іл б?лу керек. Жалпы фонды, негізгі астарда?ы т?стерді жа?ып шы?амыз. Б?ны жалпа?тау ?ыл?аламмен орындау?а болады.
О?ушыларды? ?лгілі ж?мыстарын жинап алып оларды талдап, сын – ескертпелер айтып, кемшіліктерін т?зеу жолдарын ?йрету ар?ылы саба?ты ?орытындылау.
YІІ. Бояу дегдігенше ой сергітелік. «Сергіту с?ті» плакат ар?ылы т?с ерекшеліктерін аны?тау.
(5 мин)
Сергіту с?ті ассоциация ?дісімен суы? т?стер іздеу ма?сатында орындалады. Палитрада суы? бояу т?стерін іздеу.
1.?ызыл менен жасыл т?с, ерекше т?с береді. ?андай?
2.?ызыл мен к?к ?осылып, ?зге т?ске енеді. ?андай?
3.?о?ыр менен к?кшіл т?с, орта? т?ске келеді. ?андай?
4.?о?ыр, ?ызыл, сары, б?л ?андай т?с та?ы? YІІI Ба?алау. (3мин)
«Идеал тапсырма» ?дісі: Абайды? шы?армаларыны? ішінен ?зі?е ?на?ан біреуін алып, иллюстрация салу.
Х. «ББ?» ?дісі бойынша кесте толтыру. (2 мин)
Сынып о?ушыларына (білемін-білгім келеді — ?йрендім) кестесі таратылады. Кестені? бірінші б?лігіне осы та?ырып?а байланысты не білетіндері, екінші б?лігіне балаларды? ?ылыми-танымды? м?тінмен танысу барысында «не білгісі келетіні» жазылады. ?шінші б?лігі (не білдім) м?тінмен танысып,талдап бол?ан со? толтырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«: Абайды? «Желсіз т?нде жары? ай» атты ?ле?іне иллюстрация салу.»
Бекітілді: _______________Оқу ісінің меңгерушісі.
Күні: 13.02.2015ж Сынып:6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңіне иллюстрация салу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, иллюстрацияны кескіндеме (живопись) түрінде бейнелеуді үйрету. Әдебиетке деген түсінігін қалыптастыру, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ақын шығармаларын сүйіп оқуға қызықтыру, сурет салу шығармашылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға сурет салуды үйрете отырып,өнерге деген қызығушылығын арттыру. Адамгершілікке, сұлулыққа ( табиғат сұлулығын түсінуге, бейнелей білуге) тәрбиелеу;
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка, қазақ әдебиеті.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі. Плакаттар, бүктеме, суреттер, т.б.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қылқалам, қара тушь, майшам, қарындаш.
Күтілетін нәтиже:
Абайдың табиғат туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелей алатын болады;
Иллюстрацияны кескіндеме (живопись) түрінде бейнелеуді үйренеді;
Бірлесе жұмыс жасауды білетін болады.
Негізгі идеялар: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде табиғат көрінісі суреттелген. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнына иллюстрацияны- кескін түрінде орындайды. Түнгі табиғат көрінісін әдемі де, мағыналы етіп көрсетеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларын түгендеу.
б) Топқа бөлу. Сынып оқушылары(Желсіз түнде жарық ай, Жазғытұрым, Қыс, Жаз ) өлеңдері арқылы төрт топқа бөлінеді.
в)Бақылаушы тағайындау.
II.Үй тапсырмасын тексеру. (2 мин)
ІІІ. Ой қозғау.(5 мин) Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні оқушыларға үнтаспа арқылы тыңдатылып, оқушылар бірге орындайды.
«Желсіз түнде жарық-ай»,
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбдырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып ән қосып,
Үрген итпен айтаққа
Келмеппедің жол тосып,
Жолығуға аумаққа.
ІY. Жаңа сабақ (5 мин)
Жаңа тақырыпқа оқушылардың зейінін аударуға арналған сұрақтар:
-Балалар, бұл кімнің әні?
-Әннің аты қандай?
-Абай Құнанбаев кім?
Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны. Оның өлеңдерімен бірге әндері де халық арасына кеңінен тараған. Абай әндері-басқа әнші-композиторлардың әндеріне ұқсамайтын өзгеше әндер. Абайдың қара сөздері бар. -«Айттым саған қаламқас», «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», т.б. Соның ішінде «Желсіз түнде жарық-ай» әні бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болмақ.
Y.Миға шабуыл. (3 мин)
1-топ: Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдерін білесіздер?
2-топ: Абайдың басқа қандай әндерін білісіңіздер?
3-топ:Табиғат көрінісін бейнелеу қай жанрға жатады?
4-топ: Табиғат көрінісін бейнелеу заңдылықтарын ата.
YІ. Жеке жұмыс. (15 мин)
Жаңа ғана «Желсіз түнде жарық — ай» әнін әуенмен айтып үйрендіңдер. Енді әннің мазмұнын асықпай қағаз бетіне түсірейік. Бұл өлеңде табиғат әсемдігін, көңіл күйдің толқуын байқаймыз. Табиғат сұлулығы шумақтардан байқалады.
Айдың шығуынан түн мезгілі екенін, қалың ағаш жапырағынан жаз мезгілі екенін біліп отырмыз.
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп, — деген шумақтардан ауыл көрінісін көріп отырмыз.
Берілген шумақтардан ауыл көрінісін елестету арқылы сурет салуға кірісейік.
Енді ән тыңдай отырып суретті жалғастырамыз. Палитраға айрықша көңіл бөлу керек. Жалпы фонды, негізгі астардағы түстерді жағып шығамыз. Бұны жалпақтау қылқаламмен орындауға болады.
Оқушылардың үлгілі жұмыстарын жинап алып оларды талдап, сын – ескертпелер айтып, кемшіліктерін түзеу жолдарын үйрету арқылы сабақты қорытындылау.
YІІ. Бояу дегдігенше ой сергітелік. «Сергіту сәті» плакат арқылы түс ерекшеліктерін анықтау.
(5 мин) Сергіту сәті ассоциация әдісімен суық түстер іздеу мақсатында орындалады. Палитрада суық бояу түстерін іздеу. 1.Қызыл менен жасыл түс, ерекше түс береді. Қандай? 2.Қызыл мен көк қосылып, өзге түске енеді. Қандай? 3.Қоңыр менен көкшіл түс, ортақ түске келеді. Қандай? 4.Қоңыр, қызыл, сары, бұл қандай түс тағы? YІІI Бағалау. (3мин)
«Релелік бағалау» әдісі: Мұғалім оқушылардың бүгінгі жасаған жұмыстарын бұрынғы орындаған жұмыстары (салған суреттері) бойынша тексереді. Бұл бақылаудың жүгін жеңілдетеді және үй тапсырмасына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
ІХ. Үйге тапсырма. (2 мин)
«Идеал тапсырма» әдісі: Абайдың шығармаларының ішінен өзіңе ұнаған біреуін алып, иллюстрация салу.
Х. «ББҮ» әдісі бойынша кесте толтыру. (2 мин)
Сынып оқушыларына (білемін-білгім келеді — үйрендім) кестесі таратылады. Кестенің бірінші бөлігіне осы тақырыпқа байланысты не білетіндері, екінші бөлігіне балалардың ғылыми-танымдық мәтінмен танысу барысында «не білгісі келетіні» жазылады. Үшінші бөлігі (не білдім) мәтінмен танысып,талдап болған соң толтырады.