kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары: Екі дос

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екі дос

1. О?ы, ты?да, есі?е са?та.

Н?рланны? досы -  друг Нурлана

Досымны? отбасы – семья друга

Баланы? кітабы – книга мальчика

Мектепті? кітапханасы – библиотека школы (школьная библиотека)

Айг?лді? ?жесі – бабушка Айгуль

2. О?ы, аудар.

    Жандос пен ?лімжан жа?сы достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта о?иды. Достар бірге кітапхана?а, спорт ?йірмесіне барады. Жандос шахмат ?йірмесіне, ?лімжан баскетбол?а ?атысады. Екеуі бірге саба??а дайындалады.

3. С?здерге тиісті жал?ауларды жал?ап жаз.

- ны?, - ні?                        -ды?, - ді?                 -ты?, - ті?

Бала.                                 ?й.                         мектеп.

Досым.                               д?птер.                   ?лт.

Адам.                                 ?а?аз.                      спорт.

?йірме.                              ?ыз.                         ?сет.

4. Толы?тыр. ??гімеле.     

Мені? досым бар. Оны? аты - .   , тегі -.  . Ол .   жаста. Оны? ?лты -.     Біз бірге саба? о?имыз, футбол ойнаймыз, .   .

5. Толы?тыр.

Свободный – бос,                           

Друг -           .   .                        

Корабль – кеме,                                

Кружок - .     .                            

Екі дос

1. О?ы, ты?да, есі?е са?та.

Н?рланны? досы -  друг Нурлана

Досымны? отбасы – семья друга

Баланы? кітабы – книга мальчика

Мектепті? кітапханасы – библиотека школы (школьная библиотека)

Айг?лді? ?жесі – бабушка Айгуль

2. О?ы, аудар.

    Жандос пен ?лімжан жа?сы достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта о?иды. Достар бірге кітапхана?а, спорт ?йірмесіне барады. Жандос шахмат ?йірмесіне, ?лімжан баскетбол?а ?атысады. Екеуі бірге саба??а дайындалады.

3. С?здерге тиісті жал?ауларды жал?ап жаз.

- ны?, - ні?                        -ды?, - ді?                 -ты?, - ті?

Бала.                                 ?й.                         мектеп.

Досым.                               д?птер.                   ?лт.

Адам.                                 ?а?аз.                      спорт.

?йірме.                              ?ыз.                         ?сет.

4. Толы?тыр. ??гімеле.     

Мені? досым бар. Оны? аты - .   , тегі -.  . Ол .   жаста. Оны? ?лты -.     Біз бірге саба? о?имыз, футбол ойнаймыз, .   .

5. Толы?тыр.

Свободный – бос,                           

Друг -           .   .                        

Корабль – кеме,                                

Кружок - .     .                            

Екі дос

1. О?ы, ты?да, есі?е са?та.

Н?рланны? досы -  друг Нурлана

Досымны? отбасы – семья друга

Баланы? кітабы – книга мальчика

Мектепті? кітапханасы – библиотека школы (школьная библиотека)

Айг?лді? ?жесі – бабушка Айгуль

2. О?ы, аудар.

    Жандос пен ?лімжан жа?сы достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта о?иды. Достар бірге кітапхана?а, спорт ?йірмесіне барады. Жандос шахмат ?йірмесіне, ?лімжан баскетбол?а ?атысады. Екеуі бірге саба??а дайындалады.

3. С?здерге тиісті жал?ауларды жал?ап жаз.

- ны?, - ні?                        -ды?, - ді?                 -ты?, - ті?

Бала.                                 ?й.                         мектеп.

Досым.                               д?птер.                   ?лт.

Адам.                                 ?а?аз.                      спорт.

?йірме.                              ?ыз.                         ?сет.

4. Толы?тыр. ??гімеле.     

Мені? досым бар. Оны? аты - .   , тегі -.  . Ол .   жаста. Оны? ?лты -.     Біз бірге саба? о?имыз, футбол ойнаймыз, .   .

5. Толы?тыр.

Свободный – бос,                           

Друг -           .   .                        

Корабль – кеме,                                

Кружок - .     .                            Екі дос

1. О?ы, ты?да, есі?е са?та.

Н?рланны? досы -  друг Нурлана

Досымны? отбасы – семья друга

Баланы? кітабы – книга мальчика

Мектепті? кітапханасы – библиотека школы (школьная библиотека)

Айг?лді? ?жесі – бабушка Айгуль

2. О?ы, аудар.

    Жандос пен ?лімжан жа?сы достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта о?иды. Достар бірге кітапхана?а, спорт ?йірмесіне барады. Жандос шахмат ?йірмесіне, ?лімжан баскетбол?а ?атысады. Екеуі бірге саба??а дайындалады.

3. С?здерге тиісті жал?ауларды жал?ап жаз.

- ны?, - ні?                        -ды?, - ді?                 -ты?, - ті?

Бала.                                 ?й.                         мектеп.

Досым.                               д?птер.                   ?лт.

Адам.                                 ?а?аз.                      спорт.

?йірме.                              ?ыз.                         ?сет.

4. Толы?тыр. ??гімеле.     

Мені? досым бар. Оны? аты - .   , тегі -.  . Ол .   жаста. Оны? ?лты -.     Біз бірге саба? о?имыз, футбол ойнаймыз, .   .

5. Толы?тыр.

Свободный – бос,                           

Друг -           .   .                        

Корабль – кеме,                                

Кружок - .     .                            

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары: Екі дос »

Қазақ тілі 2- сынып


Жалпы білім беретін мектептің орыс тілінде оқытылатын сыныптарына арналған.



Құрастырғандар: №21 ЖОМ Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері:

Дүйсенбекова С.Т., Ахметова А.Б.






































Түсінік хат


Бұл көмекші құрал оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 2-сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды.

Көмекші оқу құралына екінші сынып бағдарламасында берілген тақырыптарды меңгертуге, негізгі оқу құралында кездеспейтін мәтіндер және соған орай тапсырмалар легі берілді.

Көмекші оқу құралының негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінен бірінші сыныпта алған білімдерін нығайту, тереңдете түсу, оқушылардың коммуникативтік біліктілігін арттыру. Сол арқылы күнделікті тілдесім әрекеттерін дамыту.

Сондықтан бұл құралда белгілі бір тақырыптағы мәтіндерге, оны талдап-түсінуге қатысты ауызша сұрақ-тапсырмалар мен жазбаша жаттығу-тапсырмаларға көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында рөлдік ойындар, санамақтар, жұмбақтар мен сөзжұмбақтарға да орын берілген.





























Тақырыптар


Сабақтың тақырыбы

Тілдік бөлім

І. Әлеуметтік- тұрмыстық ая/ Менің қазақ достарым/ 10сағ.

1.

Менің досым.

Тәуелдік жалғауы

2.

Екі дос.

Ілік септігі

3.

Досыңа қандай сыйлықтар тарту етесің?

Табыс септігі

4.

Достық.

Жатыс септігі

5.

Туған күн. Құттықтау.

Реттік сан есім

6.

Кітап – ең басты сыйлық.


7.

Нәтиже сабақ.



Менің сүйікті ісім/ 10сағат

1.

Менің және достарымның әуес істері.



2.

Би үйірмесі.


3.

Диктант.


4.

Шахмат ойнау.


5.

Дене шынықтыру-денсаулық көзі.


6.

Ұлттық ойындар.


7.

Ән үйірмесі.


8.

Нәтиже сабақ.



Менің сүйікті ойыншығым/ 10сағат

1.

Менің сүйікті ойыншығым.

Сұрау есімдігі

2.

Менің қуыршағым.


3.

Менің добым.

Табыс септігі

4.

Ойыншық дүкенінде.


5.

Қанша тұрады?


6.

Диктант.


7.

Досыма ойыншық сыйлаймын.


8.

Қайталау.


9.

Нәтиже сабақ.


10.

Не сатып аласың?


II. Ә л е у м е т т і к - м ә д е н и а я / 24 сағат.

Менің демалыс күнім.Жүр, Думанға барамыз./ 8 сағ


1.

Менің демалыс күнім.

Барыс септігі.

2.

Театрда.

Барыс септігі

3.

Диктант.

Табыс септігі

4.

Мұражайда

Табыс септігі

5.

«Думан»ойын сауық орталығында.

Тәуелдік жалғауы.

6.

Сурет көрмесінде.

Тәуелдік жалғауы.

7.

Циркте.


8.

Нәтиже сабақ.



Менің көшем


1.

Менің көшем.


2.

Көшеде.

Көптік жалғау.





Тазалықты сақтайық. / 8сағ.

1.

Салауатты өмір сүру.

Ілік септігі.

2.

Денсаулық-зор байлық.

Ілік септігі.

3.

Тазалық-денсаулық кепілі.

Жатыс септігі

4.

Қол күтімі.

Жатыс септігі .

5.

Шаш күтімі.

Көптік жалғау

6.

Тіс күтімі.

Барыс септігі

7.

Мен спортпен шұғылданамын.

Барыс септігі.

8.

Нәтиже сабақ.




І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая Менің қазақ достарым (10 сағат)

1- сабақ Менің досым


Сөздік:

Менің – мой, моя, моё оның – его, ее әдепті – воспитанный, вежливый ұлт – нация, национальность

Тату-тәтті – дружно дос – друг


1. Мәтінді оқы.


Менің досым бар. Оның аты – Ғалымжан. Ол ауылда тұрады. Жазда мен Ғалымжанға қонаққа барамын. Оның отбасы үлкен. Оның атасы, әжесі, әкесі, анасы, қарындасы, інісі бар. Олар тату-тәтті тұрады.


2. Сұхбатты жолдасыңмен оқы.

  • Сенің досың бар ма?

  • Иә, менің досым бар.

  • Оның аты кім?

  • Оның аты – Нұрлан.

  • Оның ұлты қандай?

  • Нұрлан – қазақ.


3. Аудар, жаз.

Мой друг – Вежливый ребенок –

Хорший друг –

Два друга –

Его национальность –

Твой друг –


4. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастыр.

  1. Бүгін, барасың, сен, досыңа.

  2. Әлішер, көмектесті, досына.

  3. Атасы, оның, зейнеткер.

  4. Достарым, өте, көп, менің.

  5. Қарындасым, менің, оқиды, мектепте.



2- сабақ Екі дос

Сөздік:

Достар – друзья

Кімнің? – чей, чья, чье

Ненің? – чего?

Бірге – вместе

спорт үйірмесі – спортивный кружок


1. Оқы, тыңда, есіңе сақта.

Нұрланның досы - друг Нурлана

Досымның отбасы – семья друга

Баланың кітабы – книга мальчика

Мектептің кітапханасы – библиотека школы (школьная библиотека)

Айгүлдің әжесі – бабушка Айгуль


2. Оқы, аудар.

Жандос пен Әлімжан жақсы достар. Олар бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Достар бірге кітапханаға, спорт үйірмесіне барады. Жандос шахмат үйірмесіне, Әлімжан баскетболға қатысады. Екеуі бірге сабаққа дайындалады.


3. Сөздерге тиісті жалғауларды жалғап жаз.

- ның, - нің -дың, - дің -тың, - тің

Бала .... үй ... мектеп...

Досым... дәптер... ұлт...

Адам... қағаз... спорт...

Үйірме... қыз... Әсет...


4. Толықтыр. Әңгімеле.

Менің досым бар. Оның аты - .... , тегі - ... . Ол ... жаста. Оның ұлты - ... Біз бірге сабақ оқимыз, футбол ойнаймыз, ... .

5. Толықтыр.

Свободный – бос, Облако – бұлт,

Друг - ... . Нация - .... .

Корабль – кеме, Отдельно – жеке,

Кружок - .... . Вместе - ... .



3- сабақ Досыңа қандай сыйлықтар тарту етесің


Сөздік:

Сыйлық – подарок

Ұнайды – нравится

ескі – старый кімді? – кого?

нені? – что?

сыйлау – подарить, дарить


1. Оқы.

Дос – досым – досымның - досымды.

Отбасы – отбасым – отбасымның – отбасымды.

Үй – үйім – үйімнің – үйдің – үйді

Сыйлық – сыйлығым – (сыйлығымның) – сыйлықтың – сыйлықты

Кітап – кітабым – кітабымның – кітаптың – кітапты.


2. Мәтінді түсініп оқы.

Менің досым бар. Оның аты – Әсел. Ол екінші сыныпта оқиды. Ертең менің досымның туған күні. Досым қызықты кітаптарды ұнатады. Мен досыма құстар туралы энциклопедия сыйлаймын.


3. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Сенің досың бар ма?

  2. Оның аты кім?

  3. Ол нешінші сыныпта оқиды?

  4. Ертең кімнің туған күні?

  5. Досың не ұнатады?

  6. Сен досыңа не сыйлайсың?


4. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

1. Мен (нені?) (подарок) – ты алдым. 2. Сен (нені?) (ручка)-ды алдың. 3. Айбек (кімді?) (учитель)-ді көрді. 4. Марат (кімді?) (бабушка)-ні шақырды. 5. Қайрат (нені?) (книга) –ты ашты.


5. Мақалды жатта.

1. Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

  1. Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.



4- сабақ Достық


Сөздік:

Достық – дружба Кімде? – у кого? Неде – У чего?

Ұқыпты – аккуратный Қайда? – где?

Сенімді – верный


1. Өлеңді түсініп оқы.

Досың көпте қасыңда,

Дәулеттісің онда сен.

Достық деген асылға,

Дақ түсірер болма сен.

(А. Сопыбеков)


Дәулет – достояние, богатство

Дақ – пятно асыл – драгоценный


2. Мәтінді түсініп оқы.

Дос

Бүгін менің досым мектепке келмеді. Сабақтан соң мен досыма бардым. Ол ауырып қалыпты. Досым маған қатты қуанды. Мен оған үй тапсырмасын айттым.

3. Оқы, аудар, жаз.

-да, -де -та, -те

Қала... үй... сынып.... мектеп....

Дана... әжем.... ағаш.... күнделік...

досым... үйірме... сабақ.... Меруерт...


4. Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Әйгерім (-да, -де) қуыршақ бар. 2. Күз (-да, -де) жаңбар жауады. 3. Сабақ (-та, -те) Қанат жоқ. 4. Отбасым (-да, -де) бес адам бар. 5. Қыркүйек (-та, -те) күн салқындайды.


5. Сөздерді буынға бөліп оқы.

Достық, дос, шын, адал, екеуі, бірге, дайындалады, барады, саябақ, демалу, серуен, дайындық, сыйлық, достар.



5- сабақ Туған күн. Құттықтау


Туған күн – день рождения құттықтаймын - поздравляю

Туған күніңмен құттықтаймын! – Поздравляю с днем рождения!


1. Сөйлесуді жолдасыңмен оқы.

  • Сен қашан тудың?

  • Мен маусымда тудым.

  • Сенің туған күніңе кімдер келді?

  • Менің туған күніме достарым келді.

  • Саған қандай сыйлықтар ұнайды?

  • Маған кітаптар, ойыншықтар ұнайды.

  • Сен досыңа не сыйладың?

  • Мен досыма энциклопедия сыйладым.

  • Досыңа сыйлық ұнады ма?

  • Иә, өте ұнады.


2. Аудар.

Туған күнге дайындалады –

Кішкентай сыйлық –

Досыма сыйладым –

Жақсы дос –

Маған ұнайды –


3. Сөйлемдерді ретімен жаз.

Біз жақсы доспыз. Оның аты – Қанат. Менің досым бар. Оның бойы ұзын. Ол - әдепті бала.


4. Сандарды үлгі бойынша жаз.

1, 2, 3, 4, 6, 10, 15, 18.

Үлгі: бір + інші


5. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Дүйсенбі аптаның ..... күні. 2. Қараша күздің ..... айы. 3. Бүгін .... сабақ болады. 4. Жылдың .... мезгілі бар. 5. Қазақ әліпбиінде «Ә» .... әріп.


Керекті сөздер: екінші, бес, үшінші, төрт, бірінші.



6, 7 – сабақ Кітап – ең басты сыйлық


1. Жұмбақтағы әріпті тап.

Кітапта бар, сыныпта жоқ.

Киікте бар, қайықта жоқ.

(Шешуі: ... әрпі)


2. Мақалды түсініп, жаттап ал.

  1. Күш білімде, білім кітапта.

  2. Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.

3. Мәтінді түсініп оқы.

Кітап

Кітап – адамның досы. Кітаптан көп білім алуға болады. Көп оқыған адам білімді болады. Кітапты жыртпай, таза ұста.


4. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қой.

Менің досым

Абылай – менің ең жақын досым. Ол үздік оқушы. Абылай ұқыпты, әдепті бала. Мен оны сол үшін сыйлаймын. Абылай кітап оқуды жақсы көреді. Біз екінші сыныпта оқимыз. Біз кітапханаға жиі барамыз.


5. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

1. ... кітапханаға бардым. 2. .... үйдің жанында орналасқан. 3.Кітапханаға .... мектеп оқушылары көп барады. 4. .... кітап, газет, журналдарды алады. 5. ... кітап оқуды жақсы көреміз.


Керекті сөздер: біз, мен, ол, олар, біздің.


6. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыр.

Әдепті бала, үздік оқушы, қызықты кітап, ұқыпты қыз, білімді мұғалім, ақылды адам, бес кітап, екінші сөре.


7. Мәтінді түсініп оқы.

Кітапхана

Мен кітапханаға бардым. Онда кітап көп. Кітапханашы – мейірімді адам. Ол мені кітаптармен таныстырды. Мен екі кітап таңдадым. Оларды үйге әкеліп оқыдым. Кітаптар қызық екен. Мен енді кітапханаға жиі барамын.


8. Досыңмен сөйлес, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлесімді толықтыр.

  • Сәлем, ... !

  • .....

  • Халің қалай?

  • .....

  • Сабақтан соң не істейсің?

  • .... . Сен ше?

  • Мен кітапханаға барамын.

  • .... .

8- сабақ Нәтиже сабақ

1. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, көп нүктенің орнына жаз.

Мен (в школе) ... оқимын. Менің көп достарым (есть) ... . (Они) ... жақсы оқиды. Асқар суретті (хорошо) салады. Марат пен Болат (рыбу) ... аулауды жақсы көреді. Сандуғаш (поёт) ... . Жексенбіде (мы) ... бірге кинотеатрға барамыз.


2. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жалғап жаз.

Досым... (-ны, -ды, -ты), дос (-ке, -қа, -ға), дос ... (-тың, - ның, -тің), досым ... (да, -та, -де), досым ... (-нен, -нан, -тан), досым... (-а, -е, -ға, -ге, -қа, -ке).


3. Төмендегі сөйлемдерді аудар.

У меня много друзей. Они учатся со мной в одной школе. Мы вместе готовим уроки. В выходные дни мы ходим в кино.


4. Тест тапсырмасын орында.

1. Менің досым ... .

А) әдепті

ә) жаман

б) дәмді

2. Менің досымның ұлты ... .

А) ұқыпты

ә) қазақ

б) сенімді

3. Туған күніне ... сыйладым.

А) күз

ә) сыйлық

б) мақал

4. Менің ... бар.

А) дос

ә) досымды

б) досым

5. Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын.

А) кітабың

ә) досың

б) добың


Менің сүйікті ісім (10 сағат)

1- сабақ Менің және достарымның әуес істері


Сөздік:

Сүйікті іс – любимое дело Сайыс - конкурс

Айналысу – заниматься әлде - или

Бос уақытымда – в свободное время


1. Рөлдерге бөлініп оқыңдар.

  • Сенің сүйікті ісің бар ма?

  • Иә, бар. Ол сурет салу.

  • Ал, сен немен айналысқанды жақсы көресің?

  • Мен шахмат ойнағанды ұнатамын.

  • Сен сүйікті ісіңмен қай кезде айналысасың?

  • Бос уақытымда.

  • Сенің бос уақытың бар ма, әлде жоқ па?

  • Иә, бар.

2. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Биыл біздің мектебімізде «Эмералд » клубы ашылды. Клубта түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Клубқа әр түрлі сынып оқушылары қатысады. Мен «суретшілер» үйірмесіне жазылдым, өйткені сурет салуды жақсы көремін. Менің досым Арман «техниктер» үйірмесіне жазылды. Ол компьютерде жұмыс істеуді жақсы көреді.


3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.


1. Мектепте қандай клуб ашылды?

2. Клубта қандай үйірмелер жұмыс істейді?

3. Досың Арман қандай үйірмеге жазылды?


4. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жаз.

Дәурен сурет үйірмесіне барады. Ол сурет салуды ұнатады. Мен шахмат үйірмесіне барамын. Сайыстарға қатысамын.



2- сабақ Би үйірмесі

  1. Тыңда, қайтала. Үйірме – үйірмелер – үйірмеде, үйірмесі

Би - би үйірмесі - би сабағы - би билеу

Үйрен – үйренеді – үйренесің – үйренесіңдер

Сөздік:

Түрлі – разное

Сабақтан кейін – после урока

Би үйірмесі – танцевальный кружок

Билейді – танцует


2. Мәтінді түсініп оқып, аудар.

Мектепте түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Балалар сабақтан кейін үйірмелерге барады. Данагүл би үйірмесіне барады. Ол әр түрлі билерді үйреніп жатыр. Данагүл жақсы билейді.


3. Өлеңді оқы, жатта.

Мен өскенде

Мен өскеде биші болам,

Мың бұралып билейтін.

Бар ойымды айтатұғын,
Жеткіземін бименен.

3- сабақ Шахмат ойнау



1. Мәтінді түсініп оқы, аудар.



та, дойбы да – логиканы дамытатын спорттық ойын. Ойынға екі адам қатысады. Қай жеңгені жеңімпаз болады.

Шахмат достыққа, қайсарлыққа баулиды.



Сөздік:

Қайсар - решительный

Баулу - приучать

Жеңімпаз - победитель

Дамытады - развивает



2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.



Мен кеше .....шахмат ойнадым.

Сен бүгін .... компьютерде ойнадың.

Ол қазір ....лото ойнап отыр.

Керекті сөздер: досыңмен, досыммен, досымен.



3. Өлеңді түсініп оқы, жатта.



Шахмат

Екі кірпі күн ұзақ,

Шахмат ойнап бақшада.

Бір-біріне көп дұзақ,

Құрады кеп тақтада.

4 – сабақ Дене шынықтыру – денсаулық көзі

1. Өлеңді түсініп оқы.

Бірде ол ішім дейді,

Бірде ол тісім дейді.

Шынығу керектігін,

Сонда да түсінбейді.

2. Сұрақтарға жауап бер:

1. Өлеңде кім жайлы айтылған, оның іші, тісі неліктен ауырады екен?

  1. Біздің денеміз сау болу үшін біз не істеуіміз керек?

  2. Таза ауада қандай ойындар ойнауға болады?



3. Мәтінді оқы. Жіңішке сөздерді теріп жаз.


Дене шынықтыру

Біздің сыныпта жиырма жеті оқушы бар. Біз дене тәрбиесі сабағына барамыз. Онда доппен футбол, баскетбол, волейбол ойнаймыз. Біз жүгіреміз, секіреміз.

4. Өлеңді оқып, жатта.

Футбол

Футбол деген ойынға,

Барлық бала құмар-ақ.

Бірақ жолдың бойында,

Доп теппеңдер қуалап.

(Ә. Асылбеков).


5. Сөйлемдерді көшіріп жаз, есімдіктердің астын сыз.


Біз далаға шықтық. Сендер доппен ойнадыңдар. Сіздер серуендедіңіздер. Олар таза ауамен демалды. Ол асық ойнады.



5 – сабақ Ұлттық ойындар


1. Мәтінді түсініп оқы.

Ұлттық ойындар

Қазақ халқы – ұлттық ойынға бай. Ұлттық ойын – салт-дәстүрлердің бірі. Қазақтың ұлттық ойындары шапшаңдықты, тапқырлықты қажет етеді. Қазақ ойындары малмен байланысты. Олар ойынға мал сүйегін пайдаланады.


Сөздік:

Ұлттық ойындар – национальные игры шапшаңдық - быстрота

қажет етеді – требует тапқырлық – находчивость

сүйек – кость дәстүр – традиция


2. Оқы, әңгімеле.

Хан талапай

Хан талапай – балалар ойыны. Ойынға бірнеше бала қатысады. Олар ойын жүргізушінің айналасына шеңбер құрып отырады. Ойын жүргізуші асықты «Хан талапай» - деп, ортаға шашады. Отырғандар асықты тез-тез жинап алуы керек. Кім аз жиып алса, сол жеңіледі.


3. Суретке қара. Сөйлемдер құрастыр.


.

  1. сабақ Ұлттық ойындар

Асық ойыны

Қазақ халқында ертеден келе жатқан ойындардың бірі – «Асық ойындары». Асық ойындарының бірнеше түрі бар. Асық ойнаушылардың саны 4-8-ге дейін барады. Бұл ойынның мақсаты – асық ұтып алу. Ойын ережесі: Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң бір бала ойыншылардың кім-кімнен кейін ойнау керек кезектерін анықтайды.


Сөздік:

Ұтып алу – выйграть Мерген - меткий

Шарты – условия кезек – очередь



Диалог. Асық ойнау

  • Асық ойнау үшін не жинау керек?

  • Асық жинау керек.

  • Бұл ойын неге үйретеді?

  • Мергендікке үйретеді.

  • Ойынның шарты қандай?

  • 3-4 метр жерден асықты атып құлату керек.


3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.


Бізде аптасына үш рет дене т...рбиесі сабағы болады. Онда б...з жатты...у жасаймыз, түрлі ұлтт...қ ойындар ойн...ймыз. Тағы б...зге қаз...қтың ұлттық ойындары ұнайд... . Ұлдар асық ойынын ойнайды. Біз дене тәрби...сі саб...ғында шынығамыз.


4. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастыр.


Ұлттық ойын, тапқыр ойыншы, балалар ойыны, асық шашады, ойын жүргізуші.


7 – сабақ Ән үйірмесі

1. Мәтінді оқы, аудар.

Ән-күй үйірмесі

Біздің мектепте ән-күй үйірмесі бар. Бұл үйірмеге әнші балалар, биші қыздар қатысады. Үйірменің жетекшісі – Әсия апай. Концертте үйірме мүшелері өнер көрсетеді.



Сөздік:

Ән-күй – музыка

Үйірме – кружок

Жетекші – руководитель

Қатысу – участие



2. Үлгі бойынша сөйле, жаз.

1. Үйірме.

2. Ән үйірмесі.

3. Ән үйірмесіне қатысамын.

4. Мен ән үйірмесіне қатысамын.



3. Сөйлесуді жолдасыңмен оқы.

  • Сәлем, Карина!

  • Амансың ба, Айнұр!

  • Қалайсың?

  • Рахмет, жаман емес.

  • Қайда барасың?

  • Үйірмеге барамын.

  • Қандай үйірмеге?

  • Ән үйірмесіне.





Менің сүйікті ойыншығым (10 сағат)

1- сабақ Менің сүйікті ойыншығым

Сөздік:

Ойыншық – игрушка секіртпе – скакалка

Текше – кубик Ойна – играй

Зырылдауық – юла ойнама – не играй

ойнап отыр - играет ойнаймын – буду играть


1. Диалогті жолдасыңмен оқы:

Айдана: - Әлима, сенің ойыншықтарың бар ма?

Әлима: - Иә, бар.

Айдана: - Қандай ойыншықтарың бар?

Әлима: - Менің қуыршағым, добым, секіртпем бар.

Айдана: - Сен қандай ойыншығыңды жақсы көресің?

Әлима: - Мен қонжығымды жақсы көремін.

Айдана: - Қонжығың қандай?

Әлима: - Қонжығым әдемі.

2. Жақшаны ашып, қазақ тіліне аударып жаз.

(красный) шелегім

(белый) қонжығым

Менің (жёлтый) добым бар.

(синий) шарым

(чёрный) машинам


3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Ой...ншық, д...п, қуыр...ақ, т...кше, ...ос, сек...ртпе, ұш...қ.


4. Өлеңді мәнерлеп оқы.


Күшік, мысық, балапан,

Қуыршағым – балақан.

Кәне, бәрің тұрыңдар,

Ойын-сауық құрыңдар

(Е.Өтетілеуұлы).



2 – сабақ Менің қуыршағым

1. Мәтінмен таныс.

Көйлек жуу


Менің қуыршағым бар. Оның аты – Айсұлу. Айсұлудың көйлектері көп. Көйлектері әдемі. Бірақ тез кірлейді. Оны жиі жуу керек. Мен кір жууды анамнан үйрендім. Айсұлудың ұлттық киімі де бар. Қуыршағымның шашы ұзын. Мен шашын тараймын, жуамын.

Сөздік:

Тез – быстро кір – грязный

Жуу – мыть, стирать ұлттық киім – национальная одежда


2. Ойыншықтардың атауларын атап, сөйлем құрап жаз.

3.Сұрақтарға жауап бер.

- Бұл не?

- Бұл -

- Бұл – кімнің қонжығы?

-Бұл – ... қонжығым.

- Мынау нелер?

- Мынау -

- Сен ойыншықтармен не істейсің?

- Мен ойыншықтармен ... .

4. Өлеңді түсініп оқы, жатта.

Қуыршақ


Жуын, жуын, жуынсақ,

Қандай жақсы қуыршақ!

Әйтпегенде, бөпешім,

Кірлеп кеткен екенсің.

Қазір аппақ боласың,

Қуанады анашың

(М. Жаманбалинов).



3 – сабақ Менің добым

  1. Мәтінді түсініп оқы

Айдана мен Олжас достар. Олардың ойыншықтары көп. Айданада секіртпе, қуыршақ, қонжық бар. Олжаста доп, машина, конструктор, ұшақ бар. Айдана ойыншықтарын жақсы көреді. Олжас ойыншықтарын ұқыпты ұстайды. Олар бірге ойнайды.


2. Сергітуді мәнерлеп оқы, жаттап ал.

Қақпаға туралап,

Теп допты, оң аяқ

Қақпаға туралап,

Теп допты сол аяқ,

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

3. Сұрақтарға жауап бер.

- Мынау не? - Бұл – доп.

- Кімнің добы? - Менің добым.

- Сенің добың қандай? - Менің добым жасыл.

- Сен доп ойнағанды ұнатасың ба? - Иә, мен доп ойнағанды

ұнатамын.

4. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Доп

Домала, доп, домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қолымды.

Секіріп өт ордан да,

Секіріп өт жолдан да.

Қуса күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.



4 – сабақ

Ойыншық дүкенінде

Сөздік:

Үрледі - надул ( -а)

Жасады - делал (-а)

Туған күн - день рождения Қуанды –радовался ( -ась)

Сыйлық - подарок



  1. Мәтінді оқы, аудар.

Бұл ойыншық дүкені. Ол Абай көшесінде. Бүгін Саянның туған күні. Ол анасымен дүкенге келді. Анасы ойыншық машина сатып алып берді. Саян қуанды.



  1. Сұраққа жауап бер.

1. Бұл қандай дүкен?

2. Дүкен қай көшеде?

3. Бүгін кімнің туған күні?

4. Анасы қандай сыйлық жасады?



  1. Суреттің орнына сөздері қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қанат , , жасады.

Айгүл , , , сатып алды.

Азат -ды үрледі.

Рүстем мен ойнады.



5 – сабақ Қанша тұрады?

Сөздік:

Сатушы – продавец

Сатып алушы – покупатель

Төледі – заплатил


1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.



Керекті сөздер: ойыншықтар, машина, доп, сатушы, сатып алушы, төледі.

2. Санамақтың шешуін тап.

Бір қарындаш менде,

Екі қарындаш сенде.

Үш қарындаш жатыр

Жұмыс үстелінде.


Төрт қарындаш Арайда,

Бес қарындаш Алтайда.

Қарындаштар саны

Айтшы, сонда қанша?

(Г. Тәжібаева)

3. Сөйлесеміз.

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлем, балақай!

- Шар қанша тұрады?

- Он теңге тұрады.

- Маған төрт шар беріңізші. Қанша төлеу керек?

- Ала ғой. Барлығы – қырық теңге.

- Рақмет, сау болыңыз!

- Саған да рақмет, сау бол!


6 – сабақ Досыма ойыншық сыйлаймын


1. Мәтінді түсініп оқы.

Менің досымның аты – Қайрат. Ол екінші сыныпта оқиды. Бүгін менің досымның туған күні. Мен досымның туған күніне ойыншық сыйлаймын. Досыма ойыншықтар ұнайды.

Сөздік

Бүгін - сегодня

Туған күн - день рождения

Ұнайды – нравится


2. Үлгі бойынша сөйле, жаз.

1. Ойыншық.

2. Ойыншық сыйладым.

3. Мен ойыншық сыйладым.

4. Мен досыма ойыншық сыйладым.


3. Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сыз.


Бүгін күн шуақты болды. Біз достарымызбен серуенге шықтық. Ауа таза. Айнала ағаштар, гүлдер, шөптер өсіп тұр. Біз көлдің жағасына бардық.


ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая

Менің демалыс күнім. Жүр, Думанға барамыз (8 сағат)


  1. сабақ Менің демалыс күнім

Сөздік:

Саяжай – дача демалыс – выходной

Табиғат – природа саябақ – парк

Демалыс орындары – место отдыха

Мәдени орталық - культурный центр

1. Тыңда, қайтала, есіңе сақта.

Саябаққа Медеуге

Табиғатқа өзенге

Саяжайға көлге

Тауға көрмеге

Жағажайға серуенге


2. Мәтінді түсініп оқы.

Саяжай

Қала шетінде саяжай бар. Біз демалыс күндері сонда барамыз. Отбасымызбен еңбек етеміз. Ағаштарды суарамыз. Арам шөптерді жұламыз. Гүлдер, көкөністер егеміз. Жеміс, жидек, көкөністерді піскен кезде жинаймыз.



3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, кімдер? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Саябақ

Саябақ – мәдени демалыс орталығы. Мұнда түрлі ағаштар, әдемі гүлдер өседі. Саябақта орындықтар қойылады. Электр шамы көп болады. Мұнда адамдар демалады.


4. Сөйлесіңіздер.

  • Қайырлы күн, ... !

  • Сәлем, .... !

  • Халің қалай?

  • Рахмет, жаман емес. Өзің қалайсың?

  • Тамаша. Сен демалыс күні қайда барасың?

  • Мен демалыс күні кинотеатрға барамын. Ал сен ше?

  • Мен саябаққа барамын.

  • Жақсы демал!

  • Рахмет! Сен де.


5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

Өткен же...сенбі күні автобуспен сер...енге шықтық. Біз тау жан...нда орналастық.

Қ...здар там...қ даярлады. Ер балалар шырш...ның қураған б...тақтарын терді де от жақты. Сосын біз ойн...дық, ...н айттық. Серуен кө...ілді болды.



  1. сабақ Театрда


Сөздік:

Сахна – сцена әртіс – артист

Көрермен – зритель қойылым – спектакль

өнер – искусство ғимарат – здание


1. Мәтінді түсініп оқы.

Театрда

Айнұр анасымен театрға барды. Театр Абай көшесінде орналасқан. Бұл үлкен, биік ғимарат. Театрдың іші кең, жарық. Адамдар көп.

Міне қойылым да басталды. Айнұр қойылымды ықыласпен тыңдады. Оған қойылым өте ұнады.


2. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


1. Мен театрға ... (барамын, ойнаймын). 2. Кинотеатрда ... (қойылым, мультфильм) көрсетеді. 3. Қойылымда ... (әртістер, көрермендер) ойнайды. 4. Біз кассадан ... (ақша, билет) алдық. 5. Шәкен Айманов белгілі - ... (суретші, режиссер).


3. Сөйлесу.

  • Кешіріңіз, М. Әуезов атындағы театр қай жерде орналасқан?

  • Ол Абай даңғылында орналасқан.

  • Оған қалай баруға болады?

  • Сіз қазір №6 троллейбусқа отырыңыз. Бес аялдамадан соң шығыңыз.

  • Көп рахмет. Сау болыңыз.

  • Сау болыңыз.

- Павлодарда қазақ драма театры бар ма?

- Ол қалай аталады?

- Қай жерде орналасқан?

- Оған немен баруға болады?


  1. Сөздерді буынға бөліп оқы.


Мұражай, өнер, мәдениет, театр, сахна, көрермен, әртіс, әнші, биші, көңілді, өнерпаз, қойылым, домбыра, ғимарат.


3 – сабақ Мұражайда

Сөздік: Ұлттық – национальный (-ое, -ая)

Киіз үй - юрта

Белгілі суретші – известный художник


1. Мәтінді түсініп оқы.

Ұлттық мұражай

Оқушылар ұлттық мұражайға барды. Мұражай екі қабатты. Бірінші қабатта белгілі суретшілердің еңбектері қойылған. Екінші қабатта қазақтың ұлттық киімдері, киіз үй қойылған.

2. Оқы, аудар, жаз.

Мұражайлар

Біздің қалада мұражайлар көп. Сенбі күні біз мұражайға бардық. Бұл - өнер мұражайы. Мұнда түрлі экспонаттар бар. Біз оларды қызықтадық.



3. Тиісті әріптерді қойып жаз.


М...ражай, с...ретші, ұлтт...қ, қаб...т, жар...қ, әд...мі, ...лкен, ки...м, даң...ыл.


4. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

1. Біздің мектепте мұражай бар. 2. Мұражайдың іші әдемі. 3. Жұма күні біз мұражайға барамыз. 4. Мұражайда экспонаттар көп. 5. Мен суреттерді қарадым. 6. Мұражай бірінші қабатта.


5. Толықтыр.

Месяц - ай, Кто? - кім? Худой – арық, Храбрый – ер,

Музей - .... . одежда – ... . Светлый – ... . Искусство - ... .


4 – сабақ «Думан» ойын-сауық орталығы

Сөздік:

Орталық – центр құм - песок

Мұхит – океан тас - камень

Ерекше – особенно, особый Мұхитарал - океанариум


1. Мәтінді оқы, аудар.

Астанадағы көрікті жерлердің бірі – Думан. Мұнда үлкен Мұхитарал орналасқан. Мұхитарал – ол ерекше формалы үлкен аквариум. Мұхитарал нағыз мұхитқа ұқсайды – онда тас та, құм да бар, өсімдіктер де өседі, балықтар да жүзеді, мұнда теңіз бен мұхит тұрғыны акула да бар.


2. Сөйлесейік.

  • Сәлем, ... !

  • Қайырлы күн, ... !

  • Сен қайда барасың?

  • Мен Думанға барамын.

  • Думанда не бар?

  • Думанда «Мұхитарал», «Балалар қаласы», кинотеатр бар.

  • Думанда балалар аттракциондары бар ма?

  • Иә, бар.

  • Онда мен де барамын.


3. Оқыңдар.

Ғимарат – биік ғимарат, ұзын ғимарат, әдемі ғимарат.

Көрікті – көрікті жер, көрікті қала, көрікті ғимарат.

Ұқсайды – шарға ұқсайды, мұхитқа ұқсайды, гүлге ұқсайды.

Ерекше – ерекше жер, ерекше ғимарат, ерекше формалы.

Сөз тіркестерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.


4. Сурет бойынша әңгімеле.



5 – сабақ Сурет көрмесінде

Сөздік:

Көрме - выставка сурет - картина

Сурет көрмесі – выставка изобразительного искусства

Орналасқан – расположен

Арман – мечта


1. Мәтінді түсініп оқы.


Біздің қалада көркем сурет мұражайы бар. Мұражай С. Торайғыров көшесінде орналасқан. Мұражайда сурет көрмесі ашылды. Мұғалім бізді экскурсияға апарды. Мұражайда Қазақстан суретшілерінің жұмыстары қойылған. Экскурсавод балаларға пейзаж, натюрморт, портрет туралы айтты. Көрме бізге ұнады.


2. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Қалада қандай мұражай бар?

  2. Мұражай қай көшеде орналасқан?

  3. Мұражайда не ашылды?

  4. Мұғалім қайда апарды?

  5. Мұражайда кімдердің суреттері қойылған?

  6. Экскурсавод не туралы айтты?


3. Аударып жаз.


Большая выставка, красивый пейзаж, два музея, вежливые ученики, известный художник, первый этаж, художественный музей.


4. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз.

  1. Барамын, мен, театрға, достарыммен.

  2. Әкең, сенің, суретші.

  3. Бүгін, көрмеден, келдім, мен.

  4. Барамыз, қазір, кітапханаға, біз.

  5. Ұнады, маған, көрмесі, сурет.


5. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қой.

Арман

Менің арманым – суретші болу. Мен сурет салуды ұнатамын. Ата-анаммен сурет көрмесіне, мұражайларға көп барамын. Болашақта Мәскеудегі мұражайларға баруды армандаймын. Мен Әбілхан Қастеев сияқты жақсы суретші болуға тырысамын.


6 – сабақ Циркте



Сөздік:

Көрсетті – показал (-а, -и) қызық – интересный (-ая, -ое)

Ұнады – понравился күлдіру - смешить


1. Мәтінді түсініп оқы.

Цирк

Алматыда цирк бар. Ол үлкен кесе сияқты. Мұнда қызық ойындар көруге болады. Аңдар адамдармен бірге өнер көрсетеді. Олар доппен ойнайды, мотоцикл тебеді. Клоундар балаларды күлдіреді.


2. Сөздерді сәйкес сөздермен тіркестіріп оқы.

Театр билет

Сурет көрмесі кітаптар

Цирк экспонат

Мұражай кино

Касса қойылым

Кітапхана суретші

Кинотеатр арена


3. Сөйлемдерді оқы, ұқсас сөйлемдер құрастыр.

  1. Цирк.

  2. Циркке бардым.

  3. Мен циркке бардым.

  4. Мен әкеммен циркке бардым.

  5. Мен демалыс күні әкеммен циркке бардым.


4. Аудар.

  • Здравствуй, Асхат!

  • Доброе утро, Аян!

  • Как твои дела?

  • Спасибо, хорошо.

  • Ты куда идёшь?

  • В цирк.

  • А ты?

  • В библиотеку.


7 – сабақ Нәтиже сабақ


1. Қатесін тап. Дәптеріңе қатесіз көшіріп жаз.

Сурет, қөрме, муражай, кытапхана, қойылм, көрірмен, ұнаді, кызық, ұлтыққ, дмалыс.


2. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


1. Мен (досыммен, қаламмен) ... театрға бардым. 2. Мұражайда (экспонаттар, жемістер) ... көп. 3. Партаның үстінде (доп, күнделік) ... жатыр. 4. Балалар (саябақта, театрда) ... серуендеді. 5. Мынау (қызық) ... кітап. 6. Цирк (киіз үйге, мектепке) ... ұқсайды.


3. Тест тапсырмаларын орында.

1. Клоун қайда жұмыс істейді?

а) дүкенде

ә) театрда

б) циркте

2. Қойылымда ... ойнайды.

а) әртістер

ә) суретшілер

б) аспаздар

3. Әбілхан Қастеев кім?

а) әртіс

ә) суретші

б) әнші

4. Алматыда мұражайлар ... .

а) қысқа

ә) сары

б) көп

5. Кинотеатрда .... болады.

а) кино

ә) қойылым

б) көрме


4. Сөйлемдерді ретімен жаз.

Олар тауға шығады. Театрға, мұражайға барады. Демалыс күні адамдар демалады.


Тазалықты сақтайық (8 сағат)

1 – сабақ Салауатты өмір сүру


Сөздік:

Дене мүшелері – части тела ауыз - рот

Бас – голова құлақ - ухо

Көз – глаз қол - рука

Мұрын – нос аяқ – нога,


1. Мәтінді оқы.

Адамның дене мүшелері – бас, көз, мұрын, құлақ, ауыз, қол, аяқ. Адамда бір бас, екі көз, бір мұрын, екі құлақ, бір ауыз, екі қол, екі аяқ болады. Адам көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, қолмен ұстайды, аяқпен жүреді.

Барлық дене мүшелері адамға қызмет етеді. Денеңді таза ұста.


2. Жалғауларды жалғап жаз.

-ның, -нің.

1. ... көзі қара.

2. … киімі әдемі.


-дың, -дің

3. ... қолы жақсы.

4. ... тамағы дәмді.

-тың, -тің

5. ... терезесін аш.

6. ... іші таза.


3. Оқы, аудар, жатта.


Ая мен Ай

Айдың беті аппақ,

Аяның беті сатпақ.

Неге олай?


Ол былай –

Ай

Аунамайды жерге,

Шомылады көлге.

(М. Әлімбаев).



2 – сабақ Денсаулық – зор байлық

Сөздік:

Күн тәртібі – режим дня жаттығу – упражнение

Күніне – в день сонан соң – потом

Тамақтанады – ест түстен кейін – после обеда


1. Мәтінді оқы.

Менің күн тәртібім

Мен таңертең оянамын. Жаттығу жасаймын. Бет-қолымды жуамын. Тісімді тазалаймын. Төсек жинаймын. Күніне үш рет тамақтанамын. Таңертеңгі астан соң сабаққа дайындаламын, сонан соң спорт үйірмесіне барамын. Түстен кейін мектепке барамын. Мен жақсы оқимын.


2. Мақалдарды жатта.

  1. Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.

  2. Тыста ұзақ жүргенің -

Ұзақ өмір сүргенің.


3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.


Адам ... естиді, ... көреді, ... ұстайды, ... тамақ шайнайды, ... иісті сезеді.


Керекті сөздер: мұрынмен, құлақпен, тіспен, қолмен, көзбен, аяқпен.

4. Аудар, жаз.


1. Әсел (-дың, -дің) шашы ұзын. 2. Әжем (-ның, -нің) денсаулығы жақсы. 3. Спорт (-тың, -тің) түрі көп. 4. Асқар (-дың, -дің) қолы таза. 5. Отан (-ның, -нің) ауасы таза.



Сөзжұмбақты шеш.







































1. зуб

2. рот

3. глаз

4. волосы

5. рука

6. нос

7. ухо


    1. - сабақ Тазалық – денсаулық кепілі

Сөздік:

Шаң, тозаң – пыль таза ұстау – держать в чистоте

Кір – грязь дереу – быстро, в тот час


1. Мәтінді түсініп оқы.

Тәтті алма

Баян бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қызыл, өзі үлкен. Баян қуанып кетті. Қызығып қолына алды. Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:

  • Баян, сен алдымен мені жу, - деді қолынан сусып түсіп.

  • Неге? – деді Баян таңырқап.

  • Жумай жесең, ішің ауырады, - деді алма сілкініп қалып. – Міне, көрмейсің бе, үсті-басым шаң, тозаң.

Баян ұялып қалды. Апасы да ылғи: «Қолыңды жу», - дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Баян ақылды алманың айтқанын істеді.

(М. Әбдірашева).


2. Жұмбақтағы әріпті тап. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Тарақта бар, шашта жоқ,

Тамақта бар, аста жоқ.

(Шешуі: ... әрпі)


Есіңе сақта!

Тазалық – тек денені таза ұстау ғана емес, жеміс-жидекті жуып жеу, киімді жуып кию, киімді таза ұстау, айналаңды таза ұстау, кірді кетіру, шаңды сүрту.

Аудар.

Красивые волосы –

Чистые руки –

Грязная вода –

Аккуратный ребенок –

Здоровый человек –


4 – сабақ Қол күтімі

Сөздік:

Саусақ – палец қыруар – множество

өнерлі – умелый күту - ухаживать


1. Жұмбақтарды шеш. Көшіріп жаз.


  1. Қимылдаса қос шебер

Қыруар-қыруар іс өнер.

(... )

  1. Бірі үлкен, бірі кіші,

Туысқан бірге бес кісі.

( ... )


2. Мәнерлеп оқы.

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

(М. Әлімбаев).


3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.

1. ... он саусақ бар. 2. ... екі көз бар. 3. ... ванна, душ бар. 4. .... көп дәрумендер бар. 5. ... тұз аз. 6. ... екі қол бар.

Керекті сөздер: тамақта, үйде, қолымда, жеміс-жидектерде, менде, адамда.



5 – сабақ Шаш күтімі

Сөздік:

Шаш – волосы тіс –зуб

Бет – лицо сүлгі – полотенце

Сабын - мыло тарақ – расчёска


1. Тыңда, қайтала.

Шаш – шашыңды тара – расчеши волосы

Тіс – тісіңді тазала – почисти зубы

Бет – бетіңді сүрт – вытри лицо

Қол – қолыңды жу – вымой руки

Сабын – сабынмен жу – вымой с мылом.


2. Түсініп оқы.

Шашты аптасына екі рет жуу керек. Шаш біраз өскен кезде ұштарын кесіп тұру керек. Шашты тарағанда массажка немесе ағаштан жасалған тарақ болғаны дұрыс. Әдемі, жылтыр шаш адамның көркі, денсаулық көрсеткіші.


3. Сөздерді көпше түрде жаз.

Мүше, шаш, адам, саусақ, жеміс, дәрумен, тамақ, тіс, көз, қол, жаттығу.

4. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Сен шашыңды аптасына неше рет жуасың?

  2. Шаштаразға жиі барасың ба?

  3. Шашыңды қандай тарақпен тарайсың?

  4. Сенің шашың қандай?


6 - сабақ

Тіс күтімі


Сөздік:

Таңертең - утром ұйықтар алдында – перед сном

Шайнау – жевать тіс дәрігері – зубной врач

Тазалау – чистить жылына – в год

1. Мәтінді түсініп оқы.

Тістер

Тіс адамға өте қажет. Адам тамақты тіспен шайнап жейді. Тістерді таңертең және ұйықтар алдында тазалау керек. Әр адам жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралуы керек.

2. Оқы, аудар, жаз.

Шашыңды тарақпен тара. Тісіңді щеткамен тазала. Қолыңды сабынмен жу. Бетіңді сүлгімен сүрт.


3. Жақша ішіндегі сұраққа жауап беріп, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Қанат қолын (немен?) ... жуды.

  2. Диас тісін (немен?) ... тазалады.

  3. Айдос (қайда?) ... отыр.

  4. (Қайда?) ... тіс щеткасы тұр.

  5. (Қайда?) ... көп жүр.

Керекті сөздер: таза ауада, щеткамен, ваннада, саябақта, сабынмен.


Толықтыр.

Мы – біз, Палка – таяқ, Бровь – қас, Ребенок – бала,

Зуб - ... . Нога - ... . Голова – ... . Почисти - ... .



7 – сабақ Мен спортпен шұғылданамын

Сөздік:

Айналысу, шұғылдану – заниматься жүгіру – бегать

Жақсы көру – любить пайдалы – полезный (-ая, -ое)


1. Мағынасы бойынша қос.

Спортты айналысу

Таңертең тебу

Тенниспен жүгіру

Шаңғы ойнау

Спортпен шұғылдану

Жаттығу жасау

Футбол жақсы көру

2. Мәтінді түсініп, ұқсас мәтін құрастыр.

  1. Менің атым – Қайрат. Мен спортты өте жақсы көремін. Күнде таңертең жүгіремін. Мен футбол ойнағанды ұнатамын. Бұл денсаулыққа пайдалы.

  2. Менің атым – Әсем. Мен спортты сүйемін. Мен тенниспен айналысамын. Күнде таңертең жаттығу жасаймын. Спорт денсаулыққа өте пайдалы.


3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.

-ға, -ге

жаттығу... өзен...

футбол... жүгіру...

-қа, -ке

денсаулық... теннис...

жарыс... мектеп...

Чемпион Сейіт

Сейіт қой –

Орынсыз күлмейтін!

Сейіт қой –

Жөніңді біл дейтін!

Мектепте –

Бокстан чемпион!

Бала жоқ

Сейітті білмейтін!

(Қ. Жұмағалиев).



8 – сабақ Нәтиже сабақ

1. Аударып жаз.

части тела человека - голова –

ухо - нос –

глаза - нога –

рот - шея –

рука - зуб –

палец - язык –


2. Сөйлемдерді толықтыр.


1. Адам ... естиді. 2. Мен ... дем аламын. 3. Сен ... жүресің. 4. Ол ... ұстайды. 5. Біз ... ойлаймыз. 6. Олар ... тамақ шайнайды. 7. Сендер ... сөйлейсіңдер.


3. Сөздерге сұрақтар қой.

Футболға саусақтар

Дәрігердің жемістерде

Бас адамда


4. Тест сұрақтарына жауап бер.

1. Адам немен дем алады?

а) мұрынмен

ә) баспен

б) ауызбен

2. Шашты немен тарайды?

а) қаламмен

ә) сүгімен

б) тарақпен

3. Адамның дене мүшесі

а) киім

ә) ерін

б) ас

4. Адамда неше саусақ?

а) бес

ә) он бес

б) он

5. Тістің түсі қандай?

а) ақ

ә) сары

б) көк



Менің көшем (8 сағат)

1 – сабақ Менің көшем



1. Тыңда, қайтала.

Көше – көшесінде тұрамын – тұрасың – тұрады

Келемін – келесің – келеді

Автобуспен келемін – жаяу келемін.


2. Оқы.

Менің атым – Арай. Мен Астана қаласында тұрамын. Астананың көшелері әдемі, таза. Біздің үй Шоқан Уәлиханов көшесінде орналасқан. Мен мектепке жаяу келемін. Менің үйім мектепке жақын.


Сөздік:

Көше – улица жаяу – пешком

Жақын - близко даңғыл – проспект

жүргінші - пешеход


3. Сөздерді көпше түрде жаз.

Қала..., көше..., даңғыл..., көлік..., ағаш..., бағдаршам..., жол..., трамвай..., автобус..., троллейбус..., адам..., жүргінші... .


4. Сөйлесеміз.

- Сенің атың кім?

- Менің атым - ... .

- Сен қай көшеде тұрасың?

- Мен ... көшесінде тұрамын.

- Көшелерің қандай?

- Біздің көшеміз ..., ... .

- Мектепке қалай барасың?

- Мектепке ... барамын.


5. Жұмбақты оқы, шеш.

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам.

( ... ).



2 – сабақ Көшеде


1. Оқы.

Біздің қаланың көшелері кең, түзу. Көшелердің бұрышында бағдаршамдар бар. Көшелермен автобустар, троллейбустар, машиналар, таксилер жүреді. Мен мектепке автобуспен барамын.


2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.

Мен көш...ге шықтым. Онда көл...к көп. А...тобустар , тро...лейбустар, трамвайлар жүріп жатыр. Мен автобусқа от...рдым. Мен мектепке барам...н.


3. Жаңылтпашты оқып, үйрен.

Көлікті адам

Жаяулаушы ма еді?

Көліксіз адам

Жаяулаушы ма еді?


4. Екі бағанға кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін 10 сөз жаз.


Кімдер? Нелер?

... ...


5. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Автобус

Автобус іші көңілді,

Көлік қой ол сенімді.

Вокзал, театр, мектепке

Жолаушылар мінгізіп,

Асығар тез жетпекке.


Автобус алға зулайды,

Бағытынан еш аумайды,

Зыр айналар дөңгелек,

Көлік ол бізге ең керек.

(Е. Елубай).





















Пайдаланылған әдебиеттер


1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. ЖШС «Арман –ПВ», 2004.

2. Әуелбаева С. Сенің өмірің – сиқырлы әлем. Шымкент. «Шыкула» 2002.

3. Дениз Райан. Адам (бастауыш сыэнып жасындағы балаларға). Мәскеу «Махаон» баспасы, 2011.

4. Досмұхамедұлы Х. Денсаулығыңды сақтай біл. Алматы. «Балауса» баспасы, 1993.

5. Ермекова Т.Н., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. «Алматыкітап» баспасы, 2009.

6. Ермекова Т.Н., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б. Қазақ тілінен диктанттар жинағы. «Алматыкітап» баспасы, 2009.

7. Жұмағалиев Қ. Кім ойлап тапқан?! «Педагогика Пресс баспа үйі», 2010.

8. Құдайбергенова А.М., Уалиева Ж.К. Қазақ тілі. Алматы. «Раритет» баспасы, 2006.

9. Мадиева А.Т., Орынбаева Н.Н. Әдебиеттік оқу. Хрестоматия. «Алматыкітап» баспасы, 2009.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Саба? жоспары: Екі дос

Автор: Ахатова Тендік Са?идолла?ызы

Дата: 19.10.2015

Номер свидетельства: 241380

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Сабақ жоспары «Екі бала дос болса»"
    ["seo_title"] => string(34) "sabak_zhospary_ieki_bala_dos_bolsa"
    ["file_id"] => string(6) "407053"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491450178"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Конспект урока ана тілі Екі дос "
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekt-uroka-ana-tili-ieki-dos"
    ["file_id"] => string(6) "187621"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426531910"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(14) "Екі дос."
    ["seo_title"] => string(10) "ieki-dos-2"
    ["file_id"] => string(6) "284347"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453972411"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Краткосрочный план по казахскому языку на тему "Екі дос""
    ["seo_title"] => string(51) "kratkosrochnyiplanpokazakhskomuiazykunatiemuiekidos"
    ["file_id"] => string(6) "263762"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449591747"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Саба? жоспары "Іздегенде табылатын ?асы?нан""
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-zhospary-izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan"
    ["file_id"] => string(6) "266516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450179588"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства