kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?кен Сейфуллин. Наурыз.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: С?кен Сейфуллин. Наурыз.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Жазушы  С?кен Сейфуллин шы?армашылы?ымен таныстыра отырып, ?ле?ні? негізгі идеясын ашу?а ?йрету.О?ушылар?а Наурыз-жыл басы,  ?лт мейрамы екендігін, ата-бабамыздан ?рпа?тан-?рпа??а беріліп келе жат?ан ?лтты? т?рбие туралы т?сінік беру.

Дамытушылы?: ?ле?, ма?ал-м?телдер ар?ылы тілдік ?орларын дамыту. ?з ?лтына деген с?йіспеншілігін арттыру.

Т?рбиелік: ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рін, тілін, дінін, ?дет-??рпын са?тау?а, ?астерлеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі:С?кен Сейфуллинні? суреті,интерактивті та?та,наурыз мерекесіне арнал?ан суреттер,ба?алау пара?шалар.

Саба? т?рі:жа?а саба?

Саба? ?дісі:С?ра?-жауап,де?гейлеп саралап о?ыту,іздендіру,топты? ж?мыс.

І.?йымдастыру кезе?і

ІІ.Психологиялы? дайынды?

С?йлетер с?зді шеберлеп,

?зі?ні? ана тілі?мін.

Байыппен жа?сы о?ыса?,

Негізі менде білімні?. 

ІІІ.?й тапсырмасын с?рау

Міржа?ып Дулатовты? ?ле?і «Наурыз»  ?ле?ін жат?а айту.

–  ?ле?ні? авторы кім? (Міржа?ып Дулатов)

–  ?ле? не туралы?

–  ?ле? жылды? ?ай жыл мезгіліне арнал?ан?

(о?ушылар ?ле?ді жат?а айтады)

ІV.Жа?а саба?

1.     – Балалар алда ?андай мейрам келе жатыр?(Наурыз мейрамы)

-Наурыз мейрамы  ?ай жылдан бастап аталып келе жатыр?(1988ж)

?ай к?ні тойлаймыз?  (22- наурыз к?ні)

?ыс?аша наурыз мейрамы туралы т?сінік беру. ( слаид)

2.С?кен Сейфуллин. «Наурыз» ?ле?імен танысамыз.С.Сейфуллин (1894- 1938) ?ара?анды облысы Жа?а ар?а ауданында ту?ан.  С?кен- ?аза? ?дебиетіні? ?сіп, дамуына ?лкен ?лес ?ос?ан а?ын ?рі жазушы. К?не ?дебиет ?лгілерін жинап, кітап етіп шы?ар?ан зерттеуші. ?аза? жастарыны? о?ып, білім алуына зор к??іл б?ліп, мектеп о?улы?тарын жасау?а да ?атыс?ан. С?кен Сейфуллин жал?ан жаланы? ??рбаны болды.(слайд)

3.О?улы?пен ж?мыс.(238-бет)

V.С?здік ж?мыс. (слайд)

*Есіп  т?р-  жел со?ып т?р

*Ескекті? лебі-  со??ан жел

* Д?ние бал?ып иіп т?р- Таби?атты? ?згеру, к?нні? жылуы

  (тізбектеп о?ыту)

 Сергіту с?ті

VI.Жа?а саба?ты ме?гергенін аны?тау.

Видео ролик  «Наурыз мейрамы»

1-ші топ: ?ле?ге с?йеніп,Наурыз айында болатын таби?атта?ы ?згерістер туралы айтып бері?дер.

2-ші топ:  ?ле?де адам кейпінде бейнеленген таби?ат ??былыстарын мына ?лгі бойынша айтып к?рейікші.

?айтеді?

Жаз————- ??ша?тады, беттен с?йеді.

Су————–  ж?гірді, былдырлап к?лді.

??стар———— шаттанды, жырлады.

Мал———–жадырады, м?з болды, жа?а жылды ?арсы алды.

3-ші топ:  ?р шума?ты жеке-жеке о?ып екі ?ле?ні? ??састы?ын табы?дар
   С.Сейфуллин «Наурыз»                              М.Дулат?лы. «Наурыз»
Адам да,мал да жадырап ж?р                     Мал мен жануар ?уанып ж?р

Жаз болды міне                                            Жаз шы?ып,кеткен ?ысы                            Жазбен келген ??стар ж?р                          Келіпті жылды? ??сы       

VII.Жа?а білімді ?ортындылау:

І топ- «Наурыз» мейрамына байланысты шы?арма жазу

ІІ топ-  «Наурыз» мейрамында ?андай ?лтты? та?амдарды білесі?дер?

ІІІ топ- «Наурыз» мейрамына сурет салу

Ойын: "Г?лдер теру"

1.К?ктем айларына ?андай айлар жатады?

2. Наурыз мейрамы ?ай к?ні тойланады?

3. "Еріншек" ?ле?іні? авторы кім?

4. Мінездеу дегеніміз не?

5."Ана тілі" ?ле?іні? авторы кім?

6."Жаз келер" ?ле?іні? авторы кім?

7."?анат туралы хикая" ?ле?іні? авторы кім?

VIII.?йге тапсырма      

 С?кен Сейфуллинні? "Наурыз" ?ле?ін жаттау

"Наурыз" та?ырыбына ша?ын шы?арма жазып келу.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?кен Сейфуллин. Наурыз. »

Сәкен Сейфуллин

Қызметі:

ақын, қоғам, мемлекет қайраткері, жазушы

Туған күні:

15 қазан 1894

Туған жері:

Шет ауданы, Қарағанды облысы

Азаматтығы:

 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Ұлты:

қазақ

Қайтыс болған күні:

28 ақпан 1939 (44 жас)

Қайтыс болған жері:

Алматы, ҚазКСР







Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Наурыз» (6 сынып Қазақ әдебиеті)
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ әдебиетінің алыбы С. Сейфуллиннің өмірі мен өлеңдерін қорытындылай отырып, оқушылардың ақынға деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Сәкен өлеңдерін талдай отырып, оқушы білімін жинақтау, қорытындылау.
3. Ақынның шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық кезең. «Қайырлы таң, халайық!»
2. Балалар, бүгінгі сабақта кім туралы сөз қозғаймыз? Жұмбақ сөзді (кроссворд) шешу үшін, мына сұрақтарға бір ғана сөзбен жауап беріп, сол сөздің бірінші әрпін жазып отырамыз.
1) Ертегі «Алтын...»
2) «Рассказ» сөзінің аудармасы қандай?
3) Көшпенді қазақтар қандай үйде тұрған?
4) «Сказка» қазақша қалай аударылады?
5) Мақалды жалғастыр: «Ас атасы -....»
- Сонымен, балалар, қандай сөз шықты? Дұрыс, бүгінгі сабақ Сәкен ақын туралы болады.
Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем.
Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған,
«Тар жолда, тайғақ кешіп» болдың көсем. Сәбит Мұқанов.
ХХ ғасырда қазақтың жаңа әдебиетінің негізін салушы, қазақтың үш бәйтерегінің бірі – Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында артына өлмейтін мол мәдени мұра қалдырған жан.
3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты қайталайық. Өткен тақырыпты сұрақ - жауап әдісімен қайталаймыз.
1. С. Сейфуллин қай жылы дүниеге келген?
2. Сәкеннің шын аты.
3. 1908 - 1913 жылдары қай мектепте оқыған?
4. Тұңғыш шыққан өлеңдер жинағы қалай аталады?
5. Омбы мұғалімдер семинариясында қай жылдары оқыған?
5. Сәкен қай жерде ауыл мұғалімі болып жұмыс істеді?
6. Жас ақын Анненковтың “азап вагонында” неше ай болды?
7. “Азап вагоны” сөз тіркесінің аудармасы қандай?
8. 1925 - 1937 жылдары қайда, қандай қызмет атқарды?
9. Қандай газет пен журналдың редакторы болды?
10. С. Сейфуллинге қандай айып тағылды?
11. 1938 жылы ақын неге ұшырайды?
12. С. Сейфуллиннің қандай шығармаларын білесіңдер?
Ақынның “Дала” өлеңін жатқа оқу. «Менің далам» атты шағын әңгіме дайындау.
5. Жаңа тақырып.
1) Сөздікпен жұмыс. 123 - бет.
2) С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.
3) Оқушылар өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті. (Мәнерлеп оқып, аударыңдар.)
Сәкен – үлкен лирик ақын.
Сәкен өлең жазуды ерте бастады.
Сәкеннің сыр сандығы – сұлулық символы.
Сәкен – адамгершілігі мол, адал жанды, нағыз халық ұлы болатын.
6. Сөйлесу. Оқушылар бір - біріне сұрақ қойып, жауап береді.
7. С. Сейфуллин туралы қосымша мәліметтер.
Ақынның әке - шешесі, бауырлары туралы:
Әкесі Сейфолла – домбырашы, аңшы.
Шешесі Жамал – адал, әдемі, ақылды, әңгімеші.
Бауырлары – Малиқаджар, Абумуслим, Ғабдулмажит, Рахима, Камила, Салима.
Жұбайы – Гүлбаһрам, балалары – Лаура, Аян.
Сәкен мен Гүлбаһрам 1926 жылы Қызылорда қаласында үйленді. Қыздары Лаура 1929 жылы туып, 1932 жылы қайтыс болды. Сәкен Лаураны еркелетіп «Дәрі Дана» (Дәрдана) дейтін. 1936 жылы ұлы Аян дүниеге келді. Оның атын Мұхтар Әуезов қойған. Аян бір жасқа толған күні НКВД адамдары Сәкенді тұтқынға алады.
С. Сейфуллин атында көптеген ауыл, театр, мектеп, кітапхана, көшелер бар. 1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) С. Сейфуллин мұражайы жұмыс істейді. Мұражай жанында ақынның ескерткіші орналасқан.
Сабақтың соңында актер, драматург Қанат Жүнісовтың Сәкен ақынға арнаған «Сәкен – сұңқар» атты клип - өлеңін көрсету. Сәкеннің рөлінде Қанат Жүнісов.
8. Қорытынды. Бағалау.
9. Үй тапсырмасы. «Наурыз» өлеңін жаттау.
(Сабақ басынан бастап аяғына дейін презентация арқылы өтеді.)

Тақырыбы: Наурыз. Сәкен Сейфуллин
Наурыз-жыл басы,яғни дін мейрамы емес,ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өлең,мақал-мәтел арқылы тілдік қорларын дамыту,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрән,тілін,дінін,әдет-ғұрпын сақтауға,қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер,Сәкен Сейфуллин портреті,бағалау парақшалары т.б
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау-жинақтау,СТО стр.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып,бір-біріне тілек айту.
Мұғалім: бүгінгі сабағымыздың мақсаты: 
Наурыз-жыл басы,яғни дін мейрамы емес,ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан 3 топқа бөлініп отырамыз
І топ Наурыз
ІІ топ Сәуір
ІІ топ Мамыр 
Топ басшыларын сайлап аламыз.
Ітоп ұраны:
Наурыз – шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
ІІ топ ұраны
Сәуір болмай-тәуір болмас
ІІІ топ ұраны
Көктем шуақты болсын!
Күні қуатты болсын!
Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы өз топтарын бағалап отырады.
Сабағымызды: Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ұстаныммен бастамақпын.Себебі сендер бүгін топпен жұмыс жасамақсыңдар.
Бүгінгі сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
І.Қайталау-сөз анасы
ІІ.Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар.
ІІІ Білгенге маржан-білмеске арзан
ІV.Ойға түстім ойландым.
V.Сәулең болса кеудеңде.
Олай болса сабағымызды бастайық.
І бөліміміз бойынша Қайталау-сөз анасы. (Үй тапсыпрмасын сұраймын).
Қосымша тапсырмаларын сұраймын 
Ітоп Наурыз туралы мақал-мәтел жаттау.
ІІ топ Наурыз көже туралы реферат жазу 
ІІ топ Наурыз туралы өлең шумақтарын жаттау.
2.Білімдерін жан-жақты тексеру.
Көктем айларына қандай айлар жатады екен? 
Табиғатта қандай өзгерістер болады?
3.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
ІІ Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар.
Мына суреттен не көріп отырсыңдар? Естеріңе не түсті соны алдарыңдағы дәптерге түсіріңдер?
Балалар біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз. 3Тірек-сызба арқылы Сәкен Сейфуллин туралы мәлімет беру азушы,қоғам 
қайраткері 
Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург. 
Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты. 
1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады. 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. 
Оқулықпен жұмыс
-оқушылардың тізбектей оқуы
Өлең не туралы?
Көктемде қандай өзгешеліктер,табиғат құбылстары болады екен?
3.Жаңа білімді меңгерту.
ІІ Білгенге маржан,білмеске арзан деп аталады.Бұл бөлімде топпен жұмыс түрлерін жүргіземіз.
І топқа өлеңге сүйеніп,Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып беріңдер.
ІІ топ өлеңде адам кейпіндегі бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша жазып шық.
Жаз –құшақтайды,беттен сүйеді.
Су-----сумаңдайды,былдырлайды.
Құстар------сұңқылдайды
Мал------------жадырайды.
ІІІ топ Әр шумақты жеке-жеке оқып екі өлеңнің ұқсастығын табыңдар
С.Сейфуллин «Наурыз» М.Дулатұлы. «Наурыз»
Адам да,мал да жадырап жүр
Келіпті жылдың құсы
Жаз шығып,кеткен қысы Мал мен жануар қуанып жүр
Жазбен келген құстар жүр
Жаз болды міне
4.Ойға түстім ойландым 
Балалар мына сөйлемді оқып жіберейікші.
Наурыз-жыл басы
(осы тақырып бойынша біз ойымызды жазамыз).Балалар мына тақырып бойынша әр оқушы үш сөйлемнен жазамыз..Бос орынға жұбы жазып,болғасын өзі алып қабырғаға қарап оқиды.Болғасын редакциялап а «втордың орындығына» келіп оқиды.
5.Жаңа білімді қорытындылау.
Зерделі сөзге зер сал.(Кубизм)
І топ Суреттеңіз
ІІ топ Қолданыңыз
ІІ топ Салыстырыңыз
5.Бағалау.Сәулең болса кеудеңде
№ Оқушының аты-жөні
Қайталау-сөз анасы Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар Білгенге маржан-білмеске арзан Ойға түстім ойландым Сәулең болса кеудеңде
6.Үйге тапсырма
Наурыз өлеңін жаттау
І топ Эссе жазу
ІІ топ Наурыз мейрамына буклет жасау
ІІ топ Наурыз сөзіне Бес жолды өлең құрастыру

4-сынып Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Наурыз.

Мақсаты:Білімділік: Жазушы С.Сейфуллин шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.Оқушыларға Наурыз-жыл басы,  ұлт мейрамы екендігін , ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, деңгейлеп  саралап оқыту, іздендіру, жобалау,топтық жеке жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,  слаид, буклет, компьютер т.б.

Сабақтың барысы.

  1. Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

– Кәнеки, бәріміз шаттық шеңбері аясына жиналайық. Шаттық шеңбері – жылулық, қуаныш сыйлайтын шеңбер. Шаттық шеңберінде бір – бірімізге іштей  жақсы тілек тілейікші.

Міне, бәрің әдемі, сұлу, күшті, бақытты, өнерлі, мейірімдісіңдер. Сендердің әрқайсыларың ерекше жаратылған бір – бірлеріңе ұқсамайтын жандарсыңдар.  Ендеше бүгінгі сабағымызда күндегіден ерекше болмақ.

  1. Өткен сабаққа шолу.

Олай болса өткен сабаққа шолу жасайық.

Міржақып Дулатовтың өлеңі «Наурыз»  өлеңін жатқа айту.

–        Өлеңнің авторы кім? (М. Дулатов)

–        Өлең не туралы?

–        Өлең жылдың қай жыл мезгіліне арналған?

(оқушылар өлеңді жатқа айтады)

IV.Жаңа сабақ

  1. – Балалар алда қандай мейрам келе жатыр?(Наурыз мейрамы)

-Наурыз мейрамы  қай жылдан бастап аталып келе жатыр?(1988ж)

Қай күні тойлаймыз?  (22- наурыз күні)

Қысқаша наурыз мейрамы туралы түсінік беру. ( слаид)

2.Сәкен Сейфуллин. «Наурыз» өлеңімен танысамыз.С.Сейфуллин (1894- 1938) Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.  Сәкен- қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысқан. Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.

3.Оқулықпен жұмыс.(238-бет)

4.Сөздік жұмыс. (слаид)

*Есіп  тұр-  жел соғып тұр

*Ескектің лебі-  соққан жел

* Дүние балқып иіп тұр- Табиғаттың өзгеру, күннің жылуы

5.Оқулықпен жұмыс (тізбектеп оқыту)

6.Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша айтып көрейікші.

Қайтеді?

Жаз————- құшақтады, беттен сүйеді.

Су————–  жүгірді, былдырлап күлді.

Құстар———— шаттанды, жырлады.

Мал———–жадырады, мәз болды, жаңа жылды қарсы алды.

V.Сергіту сәті

VI .Жаңа сабақты меңгергенін анықтау.

1).Видео ролик  «Наурыз мейрамы»

М/м-нің сұрағы?   соған жауап алу

2).Жоба қорғау:

1- ші «Бәйшешек» тобы : «Наурыз  көже»

2- ші  «Қызғалдақ» тобы : «Ұлттық ойындар»

3-ші «Жауқазын» тобы: «Ақ   бата»

VII. Жаңа сабақты бекіту:

1-ші топ: «Наурыз» мейрамына сурет салу.

2-ші топ: «Наурыз» мейрамы бойынша жаднама құрастыру.

3-ші топ: «Наурыз  бата» кітапшаларын шығару.

Әр топ өз ойларын айтады.

VIII. Үй тапсырмасы: 239-бет өлеңді мәнерлеп оқу.

Қорытынды:

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз



22 наурыз. Наурыз мейрамының тарихы

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді.

Бұл мереке Ислам дәуіріне дейін тойланып, халық арасында ерекше қолдауға ие болып келеді.

Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Көбі ел аузындағы аңызға жүгінеді. Аңыздың өзі сан алуан. Дегенмен, аңыздың түбінен ақиқаттың бір ұшы қылт ететіні рас... Кейбір ғалымдар бұны зороастризм кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр. 

Парсы патшасы Джамшид өз елінің аумағын аралап жүріп, Азербайджан атты мекенге тап болыпты. Осы жерде уәзірлеріне күнгей бетке қаратып үлкен тақ орнатуды бұйырған екен. Күн сәулесі тақпен шағылысып, айналаға ерекше нұр шашыпты деседі. Содан кейін жұрт осы күнді жаңа жыл есебінде тойлауды әдетке айналдырған екен. 

Қалай болғанда да, бұл мереке 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген. 

Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Шығыс жыл санағы бойынша, мереке ирандықтардың жаңа жылы Наврузбен жанасады. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не "Гүлнавруз", татарлар "Нардуган", бирмалықтар "Су мейрамы", хорезмдіктер "Наусарджи", буряттар "Сагаан сара", армяндар "Навасарди", чуваштар "Норис ояхе" деп атаған.

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. 

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.  

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
С?кен Сейфуллин. Наурыз.

Автор: Ахметова Татьяна Серикбаевна

Дата: 18.04.2015

Номер свидетельства: 202828

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "С?кен Сейфуллин. «Наурыз» "
    ["seo_title"] => string(26) "s-kien-sieifullin-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "190356"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427136770"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "С?кен Сейфуллин    "Наурыз""
    ["seo_title"] => string(21) "skiensieifullinnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "304839"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457798642"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Наурыз" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(20) "nauryz-ashyk-sabak-1"
    ["file_id"] => string(6) "314631"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459745907"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "С.Сейфуллин. А?са? киік."
    ["seo_title"] => string(26) "s-sieifullin-ak-sak-kiik-2"
    ["file_id"] => string(6) "254561"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447777238"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""?ыс пен к?ктем" сайыс саба?ы"
    ["seo_title"] => string(31) "k-ys-pien-koktiem-saiys-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "306705"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458188819"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства