Қазақ әдебиеті пәнінен "Менің атым-Қожа" тақырыбына 6 сыныпта ашық сабақ өткізілді. Сабақ дәстүрлі емес сот сабағы түрінде өтті. Сабақта Қожаның мінез -құлқы талданып, көрсетілді. Сабақты оқушылар рольдік ойындар арқылы ойнай отырып, өте жақсы меңгерді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сот:Айыптаушы,қорғаушы талапкерге сұрақтарың бар ма?
Қорғаушы : Айтыңызшы,Қожаның сабағы қалай?
Талапкер: Менің Қожаның сабағына қояр кінам жоқ.
Қорғаушы: Осы оқиға алдында Қожамен араңызда келіспеушіліктер болды ма?
Талапкер: Иә,Қожаның тарапынан тәртіпсіздіктер болып тұратын, бірақ ұстазы ретінде онымен тіл табысуға тырысатынмын.
Қоғаушы: Құрметті сот мүшелері Қожаның сабақ үлгерімі туралы күнделігін құжат ретінде ескеруіңізді сұраймын.
Сот: Қожаның мұғалімі шақырылсын.
Сот: Толық аты-жөніңіз.
Мұғалімі:Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловна
Сот: Қадыров Қожа сіздің сабағыңызда тәртіпсіздік жасай ма?
Мұғалім: Қожа менің сабағымда тәртіпсіз емес,сабағыда жақсы.
Сот: Сұрақтарыңыз бар ма?
Сот : Айыпталушы Қадыровтың анасы шақырылсын.Толық аты-жөніңіз?
Анасы:Қадырова Милат.
Сот: Балаңыздың тәртібі қандай?
Анасы: Не айтайын.Балаң жақсы болса,жердің беті жақсы
Балаң жаман болса,жердің асты жақсы дегендейкәзір маған жердің бетінен,жердің асты жақсы болып тұр.Әкесінен қалған жалғыз тұяғым еді.Балам үшін анамнан кешірім сұраймын.
Сот: Айыпталушы Қадыров Қожа сөз алады.
Қожа: Мен Сабира апайдың сөмкесіне бақа салғанымды өкіне отырып мойындаймын.Өкіне отырып,Сабира апайдан кешірім сұраймын.Кешіріңіздер,енді тәртіпсіздік жасамаймын деп сөз беремін.
Айыптаушы: Құрметті сот мүшелері! Сіздерден мен айыптаушы ретінде Қожаның тәртіпсіздігі үшін тиісті жазасын беруіңізді сұраймын.
Қорғаушы:Құрметті сот мүшелері! Айыпталушы өз іс-әрекетін мойындағанын және кәмелеттік жасқа толмағанын ескеріп,жеңілдік беруіңізді сұраймын.
Сот.: Сот кеңесуге кетеді.
Хатшы: Тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Сот: Құрметті сотқа қатысушылар! Сот мүшелері кеңесе келе Қадыров Қожаның мектеп жарлығын бұзғаны үшін айыпты деп санады.Алайда,сот мүшелері Қадыров Қожаның сабақты жақсы оқығанын және жасаған ісін мойындап кешірім сұрағанын ескеріп Қадыров Қожаға ескеру берілсін деген үкім шығарды.
Сот: Сот мәжілісі аяқталды.
Қорытынды:
-Балалар, халықымыздың «Жақсы бала –күиік,жаман бала-сүйік» деген керемет ой салар мақалы бар.Ендеше сіздерге ата-аналарыңыздың күйігі емес,сүйіктісі болуларыңызңа тілектеспін.
Сабақ аяқталды.
Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Қызылағаш жалпы білім беретін негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Караменова Светлана Батырбекқызы.