Просмотр содержимого документа
«Махамбет Өтемісұлы «Менің атым Махамбет» өлеңі.»
Бекітемін:
ОІЖ орынбасары: Нурмуканова Л.М
Күні:
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Тобы:
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Тайманның ұлы Исатай» өлеңдері
Мақсаты: Халықтың мұңын жоқтаған ойшыл, ұлттың азаттығын аңсаған батыр ақын Махамбеттің тағдырынан хабардар ету. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеяларын ашу.
Білімділік: Ақынның достыққа беріктігі, адал дос екендігін іс жүзініде көрсетуі кеңінен түсіндіріледі.
Дамытушылық: Білім алушылардың сөздік қорларын және тіл мәдениеттерін дамыту.
Өлең талдау дағдыларына, өлең оқу техникасына үйрету, өз пікірлерін қорғай білу дағдыларына төселдіру
Тәрбиелік: Ата бабаларының ерлік рухтарын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру
Оқу нәтижесі: Жауынгер ақынның өлеңдерін тыңдау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын және ауызекі сөйлеу тідерін дамыту. Ақын поэзиясында қозғалған ең маңызды проблема – басқа түскен қиындыққа қарсы төтеп беру, еріктілік, теңдік, бостандық сезімдерін білім алушылардың саналарына ұялату.
Негізгі идея: Өз заманындағы халықтың басынан кешкен қиындығына шыдамаған өр рухты батырдың өлеңдерінде өрілген дүние азаттық сарын, ар - намыс пен ұлттық рухтан тұрады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақын портреті, тақырып бойынша презентация, кесте.
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, диалог, СТО («Ассоциация» әдісі, топқа бөлу Поэзиялық бөлініс, «Кубизм» әдісі, семантикалық карта, «Диаманта» әдісі, «Төрт сөйлем» әдісі).
Жұмыс түрлері: Топтық және жеке жұмыс
Тапсырмалар: Өлеңдермен жұмыс, ойталқы.
Махамбет – Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры,
Махамбет есімі өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі - «қазақ» сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары тап - таза қорғасыннан құйылған ап - ауыр асыл сөз, басқа жер бетіндегі елдің өлең - жырында жоқ»
Зейнолла Қабдолов
Топқа бөлу. «Поэзиялық бөлініс». Білім алушыларға «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Тайманның ұлы Исатай» өлеңдерінің жолдары қимақағаздар арқылы үлестіріледі. Білім алушылар өлеңнің шумақтарын құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.
Кубизм әдісі. Кубик қырлары бойынша жұмыс жасау. Тақырыпты жан-жақты қамтуға және білім алушылардың өз пікірлерімен қасындағы жолдастарымен бөлісуге, топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызады.
Сиппатаңыз: Саяси дербестік пен тәуелсіздіктің жыршысы Махамбет Өтемісұлын қай қырынан тануға болады?
Салыстырыңыз: Дауылпаз ақын Махамбет пен Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерінің тақырыбы, негізгі идеясы
Зерттеңіз: Исатай – Махамбет көтерілісіне не себеп болды? Осы кездегі Ішкі Бөкей ордасындағы саяси - әлеуметтік ахуал қандай еді?
Талдау жасаңыз: Ақынның «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Тайманның ұлы Исатай» өлеңдеріндегі Исатай батыр бейнесіне талдау жасаңыз.
Қолданыңыз: Ақын өлеңдерінің ішінде өзіңізге ұнайтынын жатқа айтыңыз.
Дәлелдеңіз: Махамбет – азаттық жолындағы күрескер ақын екенін өлеңдері арқылы дәлелдеңіз.
«Семантикалық карта» әдісі. Бұл әдіс арқылы білім алушылардың барлық есте қалған білімдерін еске түсіріліп, жинақталып қорытылады.
Өлең жолдары
Аллитерация
Ассонанс
Эпифора
Анафора
Теңеу
Параллелизм
Ел қорғаны мен едім. Мен де айрылдым елімнен; Көл қорғаны сен едің, Сен де айрылдың көліңнен.
Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім.
Мұнар да мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн, Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн,
Он сан байтақ бүлген күн! Орта белін сырлаған Оқ жаңбырдай жауған күн; Оң қанатын теріс жайып,
Бұлттан шыққан шұбар күн, Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн, Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы бақыт тайған күн,
Алай ма, сұлтан алай ма! Астыма мінген арғымақ Аяңдап түсіп марай ма? Арғымақ дейтін жығылар,
Сені көлден айырған - Лашын құстың тепкіні. Мені елден айырған - Хан Жәңгірдің екпіні.
Ерулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай,
Білімді бекіту:
«Диаманта» әдісі. Жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Білім алушылардың сөздік қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
1, 7 – жолдары (Антонимдес зат есімдер);
Бірінші зат есімге екі сын есім;
Бірінші зат есімге үш етістік;
Зат есімді екі сөз тіркесі;
Екінші зат есімге үш еістік
Екінші зат есімге екі сын есім.
Мысалы
Батыр
Атақты, қаһарлы
Күреседі, қорғайды, жеңеді
Қас батыр, есті қорқақ
Қашады, үрейленеді, қорқады
Әлсіз, намыссыз
Қорқақ
«Төрт сөйлем» әдісі. Бұл әдіс арқылы білім алушылар өткен тақырып туралы өз пікірлерін білдіреді.
Пікір. Өткен тақырып бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жеткізіңіз.
Қорытынды. Өлеңдердің мазмұны бойынша қорытынды жасаңыз.
Бағалау:
«Жетістік баспалдағы» әдісі. Білім алушылардың білім баспалдағының қай сатысында тұрғандарын анықтайды. Интербелсенді тақтаға «баспалдақ» шығады, білім алушылар стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.
Үйге тапсырма:
«Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Тайманның ұлы Исатай» өлеңдерінің шығу тарихын оқу және жаттау.
Қорытынды: Еліміздің заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдыретін: «… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы», - деп жоғары бағалаған. Махамбет Өтемісұлының жырлары – сан ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмытылған бабалар рухының нақты көрінісі, қайтпас қайсарлығы, ары мен намысы, ерлік пен өрліктің символы.