| Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі. |
Мақсаты | Оқушылар тақырыпты түсініп оқу арқылы біліктілігін , сөздік қорын жетілдіреді, жан-жақты ойлауға үйренеді |
Жалпы мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
Күтілетін нәтиже | Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Кім шапшаң, Сөзімді аяқта, Почто, Автор орындығы |
Көрнекіліктер | портреттер, стикерлер |
Ұйымдастыру кезеңі | «Сандарды бейнеле» ойыны арқылы психологиялық ахуалды жақсарту | Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Қызығушылық тарын ояту | «Кім шапшаң» ойынын пайдалану арқылы сұрақ жауап сәтін өткізу | Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушы білімін ояту Жамбыл кім? Кімнен бата алған? Жамбыл ақын кімге бата берген? | Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, оқушылар өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді. |
Түсіну | «Сөзімді аяқта» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау жаңа тақырыпты өздері ашады Момын апа, Талқайрат апа, Қанымжан апалардан ұл, қыз | «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым». Қосымша дерек: Жамбыл атаның 3 әйелі болған: Момын апа қайтыс болған соң, Талқайрат апаға, одан кейін Қанымжан апаға үйленіп, үшеуінен 8 ұл, 2 қыз балалары бар.Ақын өлеңдерінде поэзияның қандай түрлері кездеседі? Лирика дегеніміз не? Түрлері. | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды орындайды, білімдерін тексереді. Табиғат, махаббат, көңіл күй, саяси -әлеуметтік лирика түрлеріне анықтама айтады |
Қолдану «Мағынаны тану» «Жылдар сөйлейді» | 1893 жылы дүниеге келген 1897жылы сауат ашады. 1910 жылы медреседе оқиды. 1913-1917 жылдары семинарияда оқиды. 1929 жылы Мәскеуде түрмеде отырады. 1936 жылы Қызылжарда сабақ береді. 1937 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруы мен Алматыға келеді. 1938 жылы репрессия құрбаны. | Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушылар ға қысқаша түсіндіру мақсатында жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Жылдар бойынша Мағжанның өмірінен деректер айтады |
Сергіту сәті | | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | «Автор » орындығы Тақырып туралы ойларын жеткізу М.Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңінің тақырыбын талдау арқылы ойларын ортаға шығып түсіндіреді | Жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі. «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең не жайлы? Ақын кімді, нені сүйеді? 2.«Ойлан,талқыла». Өлеңді сатылай талдау 1 шумақ, 9 тармақ, аралас ұйқас Тақырыбы: отан,туған жер Идеясы; Шумақ;Тармақ; Буын; Ұйқас; Көркемдік өрнектер | Берілген жаңа тақырыпты талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қағазға шығып тамаша жазған оқушы ортаға орындыққа отырып оқиды. Қосымша сұрақтарға жауап береді. Берілген сұрақтар арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі. |
Жинақтау | Шығармашылық тапсырма « «Сүйемін»(тақырыпты жинақтау, бағалау) | Мағжан сөзі / менің ойым | Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын жазба жұмыс арқылы жеткізу, |
Үйге тапсырма | | «Мағжан және мен сүйетін туған жер» тақырыбында эссе жазу | Өз туған жеріне деген ыстық сезімін ақын өлеңімен салыстыра отырып жазу |
Бағалау | Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин) | Мұғалім әр балаға бағалау критерийлерін таратады,бағалау парақшаларын береді | Оқушылар бағалау критерийлерін пайдаланып, бағалайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |