Почташы қоржынынан конвертер алып, әр топқа таратылады. Конверттің ішінде ресурстық тапсырма береді.
Электронды оқулық арқылы өмірінен мәлімет береді.
Оқушылар ресурсты оқып, танысып, топтар бір-біріне баяндайды.
І топ. Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны
ІІ топ. Ақынның шығармашылығы
ІІІ топ. Мағжан –елін сүйген патриот ақын.(ақынның жетістіктерін баяндайды)
Ақын өмірінен қосымша мәлімет алады.
Түсіну
5 мин.
Мәнерлеп оқу. Мағынасын ашу.
3 топқа өлеңдегі төрт тақырып беремін.
«Ақылды асық» ойыны. Оқушылардың алдына асықты иіреді, оқушылар асықтағы сұраққа жауап береді. Асықта «Неге?», «Не үшін?» деген сұрақтар жазылған.
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
І топ. «Ана», «Жар»
ІІ топ. «Ел, халық»
ІІІ топ. «Сарыарқа» топта әр оқушы аталған ұғымды Мағжан қалай сипаттағандығы туралы ойларын ортаға салады.
Оқушылар сын тұрғысынан ойлана отырып, ашық сұрақтар қояды.
Мысалы: Неге?
-Ақын неге Туған жерінен, анасынан, жарынан алыста жүр?
-Өлең неге «Сүйемін» деп аталады?
-Өлі сахар Сарыарқаны неге сүйеді?
- Ұнамсыз, құлаққа жағымсыз сөздермен сипаттай отырып, неге «сүйемін» дейді?
Не үшін?
-Не үшін Сарыарқаны өлік сахара деп суреттейді?
- Не үшін Алаш елін ерекше сүйеді?
- Не үшін жарын «Жабай ға жарым бар» деп суреттейді?
Қолдану
5 мин.
Сөздікпен жұмыс
Ақынның өлеңіндегі өзіңе таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Түсініксіз сөздердің сөздігін жасап, мағынасын ашып, дәптерге жазады.
Тасбиық-діни адамдардың сыйыну үшін қолданылатын моншақ тізбектері.
Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» деуден бұрынғы елдің атауы.
Кебін- өмірден өткен адамдарды орайтын ақ матадан тігілген киім.
Талдау
10 мин.
Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау.
Әдеби теориямен жұмыс.
Авторы: М.Жұмабаев
Тақырыбы: автордың туған жеріне, еліне, анасына, жарына деген ыстық ықыласы, махаббатынан туған өлең.
Жанр түрі- поэзия(өлең). Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
Идеясы- автор тақырып арқылы туған жерге, еліне, анасы мен жарына деген сүйіспеншілігін суреттейді.
Шумақ-аяқталған біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең 4 шумақтан тұрады.
Тармақ-өлеңнің әр жолы. Өлең 36 тармақтан тұрады.
Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.2 бунақты.
Буын –сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың саны. 7-8 буынды.
Ерікті ұйқас.
Тәрбиелік мәні. Бұл өлең арқылы әр адам өзінің туған жерге, еліне, анасына, жарына деген сүйіспеншілігін білдіріп, олардың ыстық, қымбат екенін біліп, оны аялап, қадіріне жетеуге тырысу. Кемшіліктері болса да, сүйе білуге тәрбиелейді.
І топ. Өлеңнен теңеулерді табады. Теңеу-заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.
Күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ
ІІ топ. Өлеңнен метафораларды табады.
Метафора-сөз мәнін өндендіре өзгертіп айту.
Қыс-ақ кебін, жаз-сары
ІІІ топ. Өлеңнен эпитетті табады.
Эпитет-бұл ұқсастығы бойынша бір заттың екінші затқа қолдану.
Күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы
Жинақтау
5 мин.
Шығармашылықпен жұмыс.
І топ. «Мағжан атаға» хат жазу
ІІ топ. «Мағжан және мен сүйетін туған жер» ойтолғау
ІІІ топ. Өздерің тұратын ауылдың ерекшелігі туралы эссе жазу.
Бағалау
6 мин.
тақырыбында постер қорғау.
Оқушылар тақырып бойынша постер қорғады.
Мағжан біз
Бағалау. 2 мин.
Үй тапсырмасы: М. Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін жаттап келу. 1 мин.