2 сабақ
Тақырыбы: М. Шаханов «Отырар»
Мақсаты:
- М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Отырар» туындысымен таныстыру. Шығарманың тарихпен байланысын түсіндіру.
- Оқушылардың өз ойларын, пікірлерін, көзқарастарын еркін тілмен жеткізе білу дағдыларын, дүниетанымдарын кеңейту. Өз пікірлерін дәлелдеп, қорғай білуге үйрету.
- Туған жер, ел, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Бауырмашылыққа, қайырымдылыққа, батырлыққа баулу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ түрі: Әдеби – композициялық, іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: Өткенге шолу, түсіндіру, көрініс, талдау,пікір алмасу, тапсырмалармен жұмыс.
Пән аралық байланыс: Тарих пәні, бейнелеу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Проектр, слайдтар, көрініске қажетті нәрселер, ақын портреті.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа деген қызығушылығын ояту, көңілдерін бұру.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Бүгінгі сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқығым келіп тұр.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны
Жан байлығы, салт – дәстүрі тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі және туған тарихы
Еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер
Бұл өлеңнің авторы кім?
Әрине, М. Шаханов, осындай жалынды жырлар жазып, оқырманның жүрегіне жол тапқан ақынның шығармашылығына, өміріне тоқталамыз, «Отырар» атты тарихи шығармасының сюжетімен танысып, талдау жасаймыз.
Сабақ бейне көрсетіліммен басталады. Көрсетілімде М.Шахановтың өмір жолы, шығармашылық ізденісі, туындылары, өлеңдері жайлы айтылады.
Проектрмен көрсетілген слайдтарда оның өлеңдерінің тақырыбы ассоцациямен көрсетіледі. Әні бар өлеңдері кестемен көрсетіледі.
Негізгі тақырып «Отырар» шығармасына тоқталмас бұрын тағы бір бейне үзіндіден тарих пәнінің мұғалімінің осы тарихи қаланың ғасырлар бойы ішіне бүгіп жатқан сырын, жырын айтады. Слайдтардан қаланың суреттері көрсетіледі. Әуен ойнатылып, «Отырар» дастанына құрылған оқушылардың көрінісі көрсетіледі. Көрініс көрсетіліп жатқанда «Шыңғысхан» кинофильмінен «Отырар» қаласына жасаған шабуылынан эпизодтар көрсетіледі.
Оқушыларға сұрақ қойылады:
- Туынды ұнады ма? Несімен, қай жері?
- Кейіпкерлердің ішінде қай кейіпкерді несімен ұнаттың ?
- Сатқындық деген не? Мұндағы сатқын кім? Қарашоқы неге сатылып кетті ?
- Шыңғысхан сенің ойыңша қандай қолбасшы ?
- Қайырханның қайсарлығы туралы не айтасыңдар? (Тауып оқыту)
- Қарашоқының әкесі қандай адам ?
- Әкесі бола тұра перзентінің сатқын болып шығуы қалай әсер етті ? Өзіңді сатқынның орнында қалай сезіндің ?
Ситуациялық сұрақтар: Сенің ойыңша.
- Қарашоқы есікті ашып бермегенде қала не болар еді ?
- Шыңғысхан Шағатайға өз құпиясын ашып, айласын үйретпегенде қандай болар еді ?
3. Есіктен шығарып жіберген баланың одан арғы өмірін өз ойларыңмен жалғастырыңдар ?
4. Қайырханның орнында сен болсаң не істер едің ?
Оқушылар көрсетілген слайдтарға қарап отырып кейіпкерлерге берілген бейнелі сөздерді тауып оқиды. Мысалы: «Ойы- дауыл, сезімі-аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» - Шыңғысхан, «Жүрек шамын ізгіліксіз жалғайтын»- Қайырхан, «Қара түнде қаққан қара қанатын» - Қарашоқы, «Нар текті, зиялы, сыйлы» - Қарашоқының әкесі.
Үйге тапсырма: Өздеріңе ұнаған үзінді жолдарын жаттап келу, ақын туралы зерттеу, оны қорғау.