kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?хтар Шаханов "Отырар" дастаны 5-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Шаханов "Отырар" дастаны та?ырыбында ашы?  саба? ?зірлемесі. Саба?ты? ма?саты:?ле?ді о?ып, кейіпкерлеріне талдау жасау;салыстыру, ой ?оз?ау, проблемалы? с?ра?тар ар?ылы ?з пікірін ашы? айта білуге  да?дыландыру ;о?ушыларды адамгершілікке, досты??а,?айырымды, кішіпейіл болу?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:талдау саба?ы.

П?наралы? байланыс:?аза? тілі, тарих

Саба?ты? ?дісі:СТО стратегиясы,проблемалы? с?ра?тар, тест.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?хтар Шаханов "Отырар" дастаны 5-сынып »

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Отырар»

Сабақтың мақсаты: білімділік-өлеңді оқып, кейіпкерлеріне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу; дамытушылық- салыстыру, ой қозғау , проблемалық сұрақтар арқылы қз пікірін ашық айта білуге дағдыландыру, кқркем сөйлеуге үйрету; тәрбиелік –Қайыр ханның өжеттігі, ерлігі, батырлығы арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа қайырымды, кішіпейіл болуға , елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Әдісі: «Кубизм» әдісі, «Өзім үшін жазу» стратегиясы, Венн диаграммасы, проблемалық сұрақтар, тест.

Көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті, оқулық , өлең жолдары жазылған плакаттар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

Армысыңдар ұл-қыздар,

Әзірміз бе сабаққа?

Әдебиет –сөз өнері,

Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Оқымасаң уайым қып,

Тығылмаңыз қуысқа.

Ойымызды айтайық.

Білімімізді байқайық,

Тексеруші ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.

Үй тапсырмасын тексеру:

Мұхтар Шаханов туралы айту.

«Отырар» өлеңін баяндау, мазмұнын ай

«Отырар» өлеңі үйге оқып келуге берілгендіктен,бірден сабақты талдауға кірісеміз.

Оқушылар Қарашоқының әкесі Шеткі елші қақпадан бір баланы шығарып жіберді. Соны біздер құтқаруымыз керек. Алдымен топты екіге бөлемін: «Құлагер» және «Қозыкүрең» тобы. Екеуінің аты бізге өте таныс. Екеуі де жүйрік. Сұрақтарға дұрыс, нақты жауап беріп, жүйріктік танытқан оқушылардың тұлпарлары 5 түрлі кедергілерден өтіп, межеге бұрын жетіп жеңіске жетеді.

1-кедергі. Қозғалыс.Кейіпкерлерді талдау.(Ой қозғау)

Топшама арқылы жұмыс

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық


Сөздікпен жұмыс


Шыңғыс хан – ақылды, айлакер, қатыгез, қанішер. Отырардың бүкіл халқын қыруға бұйрық берді. Баласына осал тұсты іздеуіне бағыт берді.

Шағатай- Шыңғыстың баласы. Тәжірибесі аз сондықтан Отырарды ала алмады.

Қайыр хан- Отырардың ханы. Білімді. Әбу Насыр әл-Фараби мен Ахмет Иассауидің жырларын жатқа біледі. Ел басқару мәнері өзгеше. Қайсар, өжет, өлімге де бас имеген.Ақылды. Қарашоқының тағдырын шешуді өзінің әкесіне береді.

Қарашоқы- қара мұртты,сатқын. Отырардың есігін ашып жіберді. Қорқақ. Ханға бас ұрып, аяғына жығылды.

Қарашоқының әкесі- батыр , ұяты бар.Баласының сатқындығы үшін өзінің де өмірін қияды.Болашақты ойлайтын адам.

2-кедергі .Асу.

«Өзім үшін жазу » стратегиясы

Өлеңнің басты

тақырыбы

Мазмұны, айтар ойы

Сені толқытқан өлең шумағын жазу

Басты кейіпкерлері

Ерлік, батырлық, елі үшін жанын қиған қазақ ханы туралы

Жауға қарсы күрескен Қайыр ханның ерлігін мадақтау, сол арқылы Отанына опасыздық еткен адам қашан да өз сыбағасын алатынын көрсету.


Шыңғыс хан

Қайыр хан

Қарашоқы


3-кедергі. Белес.

1.Қолданыңыз. Бір шумақ өлеңді буынға бөл де, буын түрлерін анықта.

Жы-лан ту-са жы-лан-нан,

Құ-лан ту-са құ-лан-нан

Таң-да-на-тын тк те жоқ,

Бі-рақ жы-лан қа-лай ту-ды қы-ран-нан?

2.Талдаңыз. Өлең құрылысына талдау.

Ұ-лы ха-ным, // ә-діл-дік пе // мұ-ны-ңыз,//

Ө-ле өл-ген-ше // боп ө-те-йін // құлыңыз.//

О-ты-рар-ды // мен қол ұ-шын // бер-ме-сем,//

О-ңай жау-лап // а-лар ме-ді // ұ-лы-ңыз//

1шумақты , 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы.

3.Атаңыз. Ерлік , батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.

Ерлік- білекте емес, жүректе.Ерді –намыс, қоянды қамыс өлтіреді. Көз-қорқақ, қол-батыр.Ер елімен жақсы. Нартәуекел- ер ісі.

4.Ой қосыңыз. Қайыр хандай ерлік көрсетіп, елін жаудан қорғаған қандай хан, батырларды білесің?

Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Қабанбай,Бөгенбай, Баян батыр, Исатай, Махамбет, Сырым, Қарасай, Райымбек, Кенесары, Наурызбай т.б.

5.Сараптаңыз. Өлеңдегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді атаңыз.

6.Анықтаңыз. Мұхтар Шахановтың тағы қандай шығармаларын білесіңдер? Баллада дегеніміз не?

4-кедергі. Қырат.

Екі топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Бәрі отырып , жауабын анықтайды.

Тест сұрақтары.

«Қозыкүрең » тобына

1.Шағатай қанша әскермен Отырарға келгенін көрсет:

а) 50 мың ә) 200 мың б) 1миллион в)500 мың

2.Шағатайдың Шыңғысханға қандай туыстығы бар?

а) ханның досы ә) ханның інісі б) ханның баласы в) ханның қайнағасы

3. Отырар халқы неше ай қорғанды?

а) 6 ай ә) 6күн б) 60күн в) 10ай

4. Шыңғыс хан әскерлерінің ең сорақысы

а) жүкті әйелдерді өлтіру ә) еркектерді өлтіру

б)қорғанды қиратуы в) қаланы өртеуі

5.Қалада қанша халық бар?

а) 150 ә) 500 мың б) 150 мың в)1500

6.Отырардың сол кездегі ханын көрсет

а) Хакназар ә) Ақсақ Темір б) Абылай в)Қайыр

7.Отырардың қақпасын ашып берген кім?

а) Жантық ә) Қаражан б)Қарашоқы в)Бауыршық

8. Қайсысы Қайыр ханның бойына лайық емес?

а)ізгі, мейірімді ә)ержүрек, батыр, мерген

б) ақындардың жырын айтар білімді в) қорқақ, жымысқы

9.Қолға, тұтқынға түскен Қайыр ханның бейнесін көрсет:

а) үрейі ұшып сасқлақтаған, денесі қанға малшынған;

ә) көзінде жас, еңсесі түсіп, қорланған, мұңайып әбден жасыған;

б) денесі қанға малшынған, езуінде мысқыл күлкі бар, еңсесі биік;

в) жалынып, басының азат болуын тілеп, тағдырына мойын ұсынған.

10. Шыңғыс хан жасауылдарына кімді әкелуді бұйырды?

а) Қайыр ханның әкесін ә) куәгерлерді

б) Қарашоқның әкесін в) шағымданушыны

«Құлагер» тобына

1.Шыңғыс хан Қайыр ханның қандай қасиетіне сүйсінді?

а) өрлігіне ә) тентектігіне б) мергендігіне в) білімділігіне

2.Қайыр ханға сүйсінген Шыңғыс хан оған қандай сый ұсынды?

а) тамақ ә) алтын б) сатқынды жазалау билігін в) басына еркіндік

3.Сатқын Шыңғыс ханға өзін өлтірмеуін сұрап, өзінің қандай еңбегін бағалауын сұрады?

а) соғысқа қатыспағанын, қару көтермегенін;

ә) соғыспай берілу туралы үгіт жүргізгенін;

б) Отырардың қақпасын ашып бергенін;

в) енді оған адал қызмет ететінін;

4. Шыңғыс хан «Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік?» деп кімге айтты?

а) Қайыр ханға ә) Шағатайға

б) Қарашоқыға в) Қайырдың әкесіне

5.Қарашоқының әкесі бір баланы қалай құтқарып алды?

а)жер асты жолымен ә) шеткі елші қақпасымен

б) үлкен қақпамен в) кіші қақпа арқылы

6.Отырар қаласының ежелгі атауы

а) Баласағұн ә) Баршынкент

б) Сайрам в) Фараб

7.Шыңғыс хан Отырар қаласы туралы қандай бұйрық берді?

а) Тек еркектерді қырып тастауға ә) ешкімді қалдырмай қыруға

б) тек әйелдерді қыруға в) тек қарттарды қыруға

8.Отырардың қирауына не себеп болды?

а) Жаудың көптігі ә) қарудың аздығы

б) сатқындық в) қоршауда қалды

9. Отырар шайқасы қай жылы болды?

а) 1837ж ә) 1219ж б) 1396ж в) 1404ж

10.Қайсысы Отырарда туған?

а) Абай ә) Аристотель

б) Әбу Насыр әл Фараби в) Асан қайғы

5-кедергі .Көз ұшында. Венн диаграммасы

Оқушылар біз бүгін М.Шахановтың «Отырар» өлеңі мен оның кейіпкерлеріне талдау жасадық.Бәріңіз сабаққа жақсы қатыстыңыздар.Енді сабағымызды бекітейік.Ол үшін мына сауалдарға орнықты жауап берген жөн:

1.Алты ай бойы жауға берілмеген Отырар неше күнде жермен жексен болды?

2.Себебін айт.

3.Қайыр ханның арманы орындалды ма?

Қорытындылау.

Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.

Үйге тапсырма.Егер де сен Қайыр ханның орнында болсаң, Қарашоқыға қандай жаза кесер едің? (Ой толғау жазып келу)















Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі







Ашық сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай»







Сыныбы : 5

Пәні : әдебиет

Пән мұғалімі: Абильдина С.С.




























2013-2014 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
М?хтар Шаханов "Отырар" дастаны 5-сынып

Автор: Абильдина Салтанат Сарсенбаевна

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204078


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства