Лирикалық шығармаларды ұлы сыншы Белинский музыкаға балайды. Қабылдау- ол күрделі процесс. Оны келістіріп, мәнерлеп оқу алғашқы саты, алғашқы баспалдақ. Шығарманы тыңдай, оқи білмеген жерде қабылдау жоқ. Сондықтан мұғалім міндеті – оқушыларды соған үнемі баулуды дағдыландыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Лирикалық шығармаларды оқыту»
ШҚО, Семей қаласы,
«№39 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бейсембаева Шолпан Кайрбековна
Лирикалық шығармаларды оқыту
Лириакалық шығармаларды өткенде, олардың ішкі жан сырларына тереңдеу керек.
Көркем сөз айшықтарының – эпитет, теңеу, метафораларының айқындығына ғана көз жіберіп қоймай, лирикалық шығармалардағы ақын жүрегінің соғысына, оның жан лүпіліне шәкірт назарын аудару ұтымды.
Лирикалық шығармаларды ұлы сыншы Белинский музыкаға балайды. Қабылдау- ол күрделі процесс. Оны келістіріп, мәнерлеп оқу алғашқы саты, алғашқы баспалдақ. Шығарманы тыңдай, оқи білмеген жерде қабылдау жоқ. Сондықтан мұғалім міндеті – оқушыларды соған үнемі баулуды дағдыландыру. Әрине, шығарманы бір рет оқу жеткіліксіз. Олай болса, оқып шығумен іс тынбайды. Оған қоса әңгіме тәсілін қолданып, шығармаға талдау жасау керек. Сонда ғана шәкірт ақын жасаған бейнелі ой сырына тереңдейді.
Лирикалық шығарманы жаттау - қабылдаудың бір тәсілі деп білуіміз керек. Жаттап алу - поэзиялық шығармаға шәкіртте де ләззәт туғызады, оның талғамын ұштайды. Сөз өнеріне, оның бейнелі ойына үңілдіреді.
Лирикалық шығармаларда оқытқанда, ой ағысына ақынның сезім қозғалысына, жан лүпіліне, шығарманың сөзбен өрілген қалтарыс-қатпарына, автор позициясына шәкіртті жетектеу керек. Лирикалық шығарма сонда ғана шәкірт бойына дариды жанымен тіл қатады да, шәкірт жүрегіне шұғыласын себеді. Шығарманың эстетикалық сезімі неғұрлым күшті болса, соғұрлым шығарма оқушы жүрегіне жол табады, автор ойына тереңдейді. Ақынның творчестволық бетін айқындар, шеберлігін көрсетер жеке шығармаларын талдау керек. Сол арқылы шәкіртті шағын лирикалық шығармаларды талдауға үйреткен жөн.
Талдай білуге жаттықтыру үшін шәкірттерге ақын-жазушылардың жеке шығармаларын талдап келуге үйге тапсырма беріп отыру да ұтымды. Шәкірт өздігінен шығармаларға объективті эстетикалық баға бере алса, шығарманы идеялық-эстетикалық бірлікте талдаса, жазушының эстетикалық мұратын ашып берсе, мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің бәрі ұтымды болмақ.