«Бөкей орда аудандық балалар музыка мектебі» МКҚК
Сабақтың тақырыбы:
«Сырнайдың сырлы сазымен»
Өткізген: Баян сыныбының
оқытушысы Шарипов Е.Е
Сайқын 2024-2025 оқу жылы
Күні : | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспаған оқушы саны: | ||
Сабақтың тақырыбы: | «Сырнайдың сырлы сазымен» | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | Сырнай аспабын жетік меңгеру үшін музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру. Шығармаларды тыңдату арқылы оқушының есте сақтау қабілетін, ырғақ сезу қабілетін, музыкалық сауатын дамыту. Оқушыны өнерді сүюге, ұйымшылдыққа, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп- қастерлеуге тәрбиелеу. Сырнайға үйретумен қатар оқушыға эстетикалық тәрбие беріледі. Олардың көркем шығармалардағы әдемілікті сезінуін өз музыкалық қабілетін дамытуына сырнайда орындаушылық шеберлігін жетілдіруіне ықпал жасалады. | |||
Сабақтың мақсаты: | Нәзік сазға толы музыкалық аспап бойынан шыққан дыбыстарды ажырата білуге үйреті. | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы 10 минут | Ұйымдастыру сәті.Амандасу. Психологиялық ахуал тудыру. Үй тапсырмасын сұрау. Укр х/б «Маленькая полька» шығармасын жатқа ойнау (сұрау). | Шығарманы таза, жатқа ойнау. | Психологиялық ахуал | |
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу. 15 минут | Жаңа мәліметті түсіну Сырнай — орыс халқының музыкалық аспабы. Төрт қатарлы гармонның 1907 жылы П. Е.Стерлигов жетілдірген түріне баян деген атау берілді. Аспаптың оң жақ клавиатурасында 5-6 қатар түймелерден түзілген, диапазоны 4-5 октаваны қамтитын дыбыстық қатар, ал оң жағында 3-5 қатар түймелерден тұратын, 3-4 октаваны қамтитын дыбыстық қатар және дайын аккордтық сүйемелдер бар. XX ғасырдың басында Ресейде баян жасаудың В. П. Хегстрем, Н. З. Синицкийлер ойлап тапқан жүйелері (мәскеулік, шетелдік, т.б.) пайда болды. 1929 жылы Стерлигов баянның шартты түрдегі “дайын-таңдамалы” түрін ойлап тапты. Оның жетілдірілген соңғы үлгілері — көптембрлы “дайын-таңдамалы” баяндар. Сырнай жеке орындауда, сонымен қатар ансамбль, оркестрлерде де пайдаланылады. Ол музыкалық ұжымдардың, көркемөнерпаздар үйірмелерінің, сондай-ақ, көпшілік халықтың арасында да кең таралған. Алғаш рет сырнай аспабын оркестрге белгілі сазгер, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов енгізген болатын. Қазіргі таңда, аспап ұлт-аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерде қолданылады. Нәзік үні бар аспапта лирикалық туындылар орындалады. | Сырнай аспабы туралы кеңінен түсіну | ||
Сергіту сәті 10 минут | Сергіту сәтінің мақсаты, оқушының ойын сергітіп, рухани құндылықтармен толықтыру. Музыка қосу арқылы оқушыға тапсырма беріп, ырғақты түсіндіру. Ырғақты жаттықтыруға арналған ойынды оқушыға қайталатқызу. | Мұғалім көрсеткен жаттығуларды түсініп, артынан қайталайды. | ||
Соңы 5 минут | Сабақты бекіту. Рефлексия Үйге тапсырма: «Веселые гуси» | Сабақты пысықтау, тапсырмаларын орындау. | ||
Кері байланыс | Рефлексия Оқушыға рефлексия парағын беру арқылы бағалау.
| «Жетістік баспалдағы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. | Жетістік баспалдағы» әдісі | Кері байланыс парағы |