kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поэзия с?лулы? пен а?и?ат, жа?сылы? пен парасат, жарасым гармонияны м?рат т?т?ан бір т?тас рух майданы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поэзия с?лулы? пен а?и?ат, жа?сылы? пен парасат, жарасым гармонияны м?рат т?т?ан бір т?тас рух майданы Адам баласыны? эстетикалы? м?раттарына ?ызмет ететін к?ркем?нерді? ішіндегі е? ерекше ж?не ?мірше? т?рге айнал?ан с?з ?нері екенін ы?ылым замандардан бері азуы алты ?арыс ойшылдар мен ?алымдар, с?з ?асиетіне бойла?ан адамдарды? барлы?ы айтып келеді. С?з ?нері адамзат баласын ?зге жанды жаратылыстардан айырып т?ратын ерекшелікті? бірі де бірегейі. С?з ?нерін «дертпен те?» деп берген ?лы ойышылдан артып оны? ?адір-?асиетін ешкім де жеткізе алмас. Ал с?з ?неріні? б?гінгі біз білетін, біздер танып т?сінген айры?ша т?рлері, адам ойын жеткізуді? т?рлі формалары бар. К?ркем?нер с?з ?нерімен ?аншалы?ты ба?алы болса, с?з ?нері поэзиямен соншалы?ты ??нды [1, 27 б.]. С?з ?неріні? ??діретті де ?асиетті бір саласы – поэзия. Алла т?сірген ?асиетті кітаптарды? да ?ле? ?рнегімен жазыл?анын б?ріміз де білеміз. Осы т?р?ыдан келгенде поэзия ?аншалы?ты дарын мен ?арым ?абілетті, ?арыштан ??йылар н?рлы с?улені тілейтінін т?сінеміз. Поэзия а?ынны? ?о?амды? ??былыстарды? барлы?ын санасында ?айтадан ?орытып, к?ркемдік ?арым-?абілетпен ?айта туындат?ан, адамзат?а алуан т?рлі ?лемні? сырын т?сіндіргісі келген ж?рек сыры мен жан м??ы [2, 204 б.]. Та?ырып трансформация?а ?шыра?ан ?мір шынды?ыны? к?ркем к?рінісі. Поэзия с?лулы? пен а?и?ат, жа?сылы? пен парасат, жарасым гармонияны м?рат т?т?ан бір т?тас рух майданы. ?р а?ынны? ?зіні? ж?регінде орын ал?ан санасыны? ?алтарысына ?атпарлан?ан танымды? ?лемі ?ле? ?неріне ?з ?рнегін ?алдырады. А?ын жаны тым н?зік, тым б?зыл?ыш, ?рекпіп т?рады, оты басым. ?р а?ын ?з ?о?амыны? призмасы ар?ылы д?ниеге к?з тігеді. Оларды? осы ерекшелігін, жалпы а?ынды? ?нерді? таби?атын, ?зімен замандас шы?армашылы? иелеріні? туындыларын тани отырып ?лы ?л-Фараби бабамыз а?ындарды ?шке б?лген: бірінші топ – таби?и дарыны, ?ле?ді жазып, келісті о?у?а ?абілеті барлар; екінші топ – ?ле? ?нерімен толы? таныс, т?сілдерді, ?а?идаларды, ?деби ??ралдарды жетік білетіндер; ?шінші топ таби?и дарынымен немесе арнайы жатты?умен жазатын а?ындар [3, 22 б.]. Дана ойшыл пікірі б?гінгі заман талабына да жауап беруге лайы? сараптама. Философты? т?жырымына ж?гіне отырып, оны? ?асырларды? ?ойнауынан бастау алып жат?ан ойын ескере отырып жа?а?ы топ-топ?а б?лінген а?ындар шы?армашылы?ыны? тере?іне бойлап к?релік. К?ркем ?дебиетті? бірде ?рлеп, бірде то?ыра?ан к?птеген ?асырлы? тарихы бар екенін белгілі ?алымдарды? барлы?ы айтып ж?р. ?рбір тарихи д?уірді? ?зіні? тарихи ерекшелігі болатыны секілді, белгілі бір кезе?де ?мір с?рген а?ындарды? ?зіні? д?уіріне ?о?амына сай ?зіндік ?ні мен лирикалы?, поэтикалы? сазы болады. Я?ни, шы?армашылы? адам рухыны? зияткерлік туындылары та?ырыпты?, танымды?, идеялы? жа?ынан сол заман?а сай, сол ?о?амды? процестерді? талаптарына жауап береді. Сол ерекшеліктері ар?ылы поэзияны? ??діретті де киелі даусы адамзат санасына ?зіні? барлы? ?сем сазын сі?іріп жатады. Поэзияда?ы бейнелілік м?селесі к?рделі де, ?иын м?селе. Ол жанрды? ?зіндік ерекшелігінен туындап, дамып ?рбиді. Поэзиялы? шы?арманы? формалы? ж?не жанрлы? ерекшелігі атал?ан жанрда?ы оны? ішкі иірімдер ар?ылы жа?аша бір келбетке ие болады. Поэзия е? ?арапайым аны?тамасында адам сезімдеріні? конкретті к?рінісі болатынын, сол сезімдерді? сан алуан а?ымдары мен салаларынан туындап, ?зіні? формалы? ерекшелігімен ай?ындалатын туындылар екенін б?гінгі ?дебиеттану ?ылымы ерекше атап к?рсетіп ж?р. Б?гінгі лириканы с?з еткенде ертеден келе жат?ан, ??мыры ?за? б?л жанрды? ?мірше?дік сыры, ?рпа?тан-?рпа???а жетіп, д?ст?р жал?ап келе жат?ан негізгі ?асиетін, к?ркемдік критерийлерін к?здеуге тиіспіз. Осы биіктен барып к?ркемдеу ??ралдарына, образ даму эволюциясына, амал-т?сілдеріне бойлап тартыс пен мінез м?селесіне к?шеміз. ?рине, м?ны? б?рі жанды процесс к?йінде к?рініс беруге тиіс. Сонды?тан да алдымен лириканы? негізгі тамырына, таби?и ерекшелігіне назар аударалы?. «Лирикада субъект затты ?зіні? аясына алып ?ана ?оймайды, оны ерітіп, іші-бауырына тартып алады, с?йтіп затпен со?ты?ысудан ту?ан т?йсіктерді? б?рінде де ?зіні? ішкі шы?ырауынан сырт?а шы?арады» [4, 8 б.]. Лирика мыл?ау т?йсікке тіл бітіріп, образ береді, оларды ысты? тар кеудені?, к?ркем ?нерді? ?уесіне шы?арып, ?згеше ?мір береді. Лирика белгілі бір уа?ыт пен ортаны? жемісі. Сол уа?ытпен ортаны? перзентіні? к??іл-к?йі, жан тебіренісі. Оны? бойында?ы барша ?асиет-?адірді на?тылы мезгіл рухы, д?уір мазм?ны ай?ындама?. «Лирика дегеніміз – к?ркем ?дебиетті? негізгі саласыны?, жанрыны? бірі, басты ерекшелігі адамны? к??іл-к?йін, сезім д?ниесін тікелей бейнелеп к?рсетеді» [2, 133 б.], - дейді белгілі ?алым, академик З.Ахметов. Я?ни, лирикада ой мен сезім бірлесіп тере? ?абысады. О?ан тартымды ?уат-к?ш дарытатын тере? оймен суарыл?ан, н?рленген жалынды сезім. ?мір, д?ние, адам та?дыры туралы ?лкен тол?аныстан тума?ан, жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лирика?а жан беретін сезімні? отты н?зіктігі. Лириканы? бас?а жанрлардан, мысалы, ке? к?лемді шы?армалардан бірден-бір ерекшелігі де осында жатыр. Біз драмалы?, эпикалы?, лирикалы? шы?армаларды? арасында?ы ?згешеліктерді ы?ылым заманнан бері айтып келе жат?ан ойшылдар мен ?алымдарды? пікірінен білеміз [5, 34 б.]. Оларды? арасында?ы жанрлы?, т?рлік, образды? жалпы поэтикалы? ерекшелік б?л к?нде жеріне жете талдан?ан ж?не ?зіні? ?ылыми-теориялы? т?жырымын тап?ан. ?аза? поэзиясы ?шін ХХ ?асыр ?лемдік ?дебиет к?ркемдік шы?ын ме?герумен ??нды болды. Лирика жанры дамып ?зіні? шыр?ау биігіне шы?ты деуге де болады. Лирикада?ы мінез м?селесі жанрды? таби?аты т?різді н?зік ж?не к?зге іліне бермейді, я?ни а?ынны? ішкі менімен ?ндесіп, шы?армада?ы сезім ауанымен ?йлесіп ж?ре береді. Лирикалы? шы?армада негізінен ал?анда жеке адамны? к??іл-к?йі, сезімі суреттеледі деген пікір б?л к?нде барлы? ?алымдар?а орта? т?жырым?а айналды. А?ын к?бінесе ?з жайын, ?зіні? айналада?ы ?мірге, ?р т?рлі ??былыс-жа?дайлар?а к?з?арасын сипаттайды. Біра? а?ын ?зіні? жайын, ?з басыны? м??ын жырласа да ?алай да халы?ты? м??ын, ?уаныш-?ай?ысын с?з етеді. Б?л арада орысты? ?лы сыншысы В. Белинскийді? «?лы а?ын ?зі туралы, ?зіні? жеке басы туралы айтса да, к?пті? та?дырын, адамзат жайын с?з етеді» деген пікірін айту жеткілікті [4, 122 б.]. А?ын ?з атынан с?йлеп отыр?анымен онымен «?оса-?абат тіл ?ататын» я?ни а?ын оймен ?абысып, бірде б?лдырап, бірде ай?ын танылатын лирикалы? кейіпкерді? бар екенін айтуымыз керек. Лирикалы? кейіпкер, ?арапайым тілмен айтса?, шы?армадан к?рінетін адамны? т?л?а бейнесі. А?ынны? н?зік сезімдерін жар?ырата т?гіп, сол сезімні? а? монша?тарымен, ?аралы г?лдерін алма-кезек шашып, асау сезімді сапырып т?ратын лирикалы? кейіпкерді? характерін а?лау, барлау ?иынны? ?иыны. Себебі, онда а?ын мен «екінші адамны?» арасында?ы байланыс тым-тым жа?ын. Проза мен драмада?ы сал?ын?андылы?, я?ни, на?ты затты? ??ым б?л арада ж?рек т?кпірінен орын алатынды?ынан, я?ни, т?ны?ты тере?нен с?зіп ал?андай ?ол жетпесте жататынынан туындайды. «Лирикалы? кейіпкерді? характері бір ?ле?-жырда толы?ымен ашыла ?оймайды. Бір шы?армада бір ?ырынан к?рінсе, бас?а шы?армада екінші ?ырынан к?рінеді»,-дейді академик З?ки Ахметов [2, 134 б.]. Б?л шы?армада?ы та?ырыпты? ?згешелікті?, не болмаса а?ынны? к?здеген, межелеген объектісіне де байланысты болса керек. Бір шы?арма таби?ат с?лулы?ын бейнелесе, екінші шы?арма а?ынны?, я?ни лирикалы? кейіпкерді? махаббат сезімін таспалайды. Осылардан келіп шы?арма ?зегіндегі характер м?селесіні? на?тылы?ы б?лдырап т?рады. Мінез а?ынны? таби?атымен оны? стильдік ерекшелігімен, шы?арманы? поэтикалы? ?уатымен ?ндесіп жатады. ?аза? поэзиясыны? оны? ішінде алпысыншы жылдар поэзиясыны? ерекше даму шы?ына к?терілгенін айта кеткен орынды. ХХ ?асырды? орта шенінде ?аза?ты? ?нері мен м?дениеті, ?дебиеті мен ?ылымы айры?ша дамып ?ркениетті елдер санатына енгенін тарих д?лелдеп отыр. Б?гінгі та?да сол асыл ??ндылы?тарды игеру жа?ын ойластыру ?ажет. ?ашанда ?дебиетті? бетін ай?ындап, д?уір талабына ?н ?атып, оны? ?о?амды? ?ажетін ?тейтін де жеке дара оз?ан дарын екенін, ?нер са?ла?тары екенін тегін айтып отыр?ан жо?пыз. Олай болса мінез бен тартысты дарала?анда, оны? ?ылыми сипатына м?н берген ша?та бізді? дара таланттарды? шы?армаларын негізге алатынымыз орынды болма?. Талантты а?ындарымызды? ?зіндік эстетикалы? мектебі бар, оларды? шы?армашылы?ында?ы сан алуан сезім ауандарымен, тартыстарынан туында?ан сан ?ырлы мінез даралы?ы бар екенін де ?мытпа?ан л?зім. ?рине, бір заманда туып-?скен, бір ?о?амды? процесті? ?алыбынан шы??ан а?ындарды? арасында замананы? ?ні, заманны? талабы туындат?ан ?зара ??састы?тары бары рас, алайда ол ??састы? а?ын шы?армаларында?ы лирикалы? кейіпкер мінезі т?р?ысынан ал?анда м?лде к?рінбей де ?алады. Лирикалы? кейіпкер ар?ылы адам жаныны? тере?і, ?асиет-?уаты тере?інен к?рініс тапты. Б?л ?зі сол кезе?дегі ?о?амды? демократияны ке?ейтіп, жеке адам?а, оны? жанд?ниесі мен рухани ділгірлігіне тере?дей ??ілуге ша?ыр?ан уа?ыт талабына, ?о?амды? сана-сезімні? ?рлеуіне т?спа-т?с келген, ж?не сонымен тікелей байланысты да ??былыс болатын [6, 98 б.]. «Лириканы? тап?ан ба?дар-тірегі – на? сол а?ынды? «менні?» ж?регіндегі, жары?ын болмысты? бар бояуына риясыз т?ге баста?ан айнымас шамшыра? шынды? еді» [7, 98 б.]. Адам – ?айшылы?ымен, к?м?німен, сенімімен, барша болмыс-бітімімен уа?ытты? жемісі. Шы?арамада?ы т?л?аны? ?алыптасуы а?ынны? дара ?уатына байланысты болса, дара ?уат шы?армада мінезді? даралануымен к?рініс береді. Шы?армада?ы (лирикалы?) сезім отын лаулат?ан кейіпкерді? характері ?ле?ні? ?н бойында?ы динамикалы? драматизм ар?ылы к?рініс береді. Лирикалы? кейіпкерді? егілген к?з жасы, екпінді дауылы, ж?рекжарды ?уанышы, м?лдір сезімі шы?арма ?н бойынан оны? ?зіне т?н характерлік сипатынан ?рістетіп ша?арады. Осыдан келіп ал?анда лириканы? эстетикалы? ?сері дегеніміз – лирикалы? шы?арамада?ы а?ынны? ?аламны? ?арымын к?рсететін кейіпкерді? ішкі сезімі, тол?анысы, динамикалы? ?оз?алысы, лириканы? образды? даралы?ын танытатын шы?арманы? поэтикалы? ?уаты болады. Лирикалы? кейіпкер болмысын ашуда, сондай-а? оны? к?ркемдік бояуын ?алы?датуда таби?ат басты нысан ретінде алынса, сол таби?атты к?ркемдік компонентке айналдыруда негізгі ж?кті к?теретін к?ркемдік т?сілдерді? ?атарында психологиялы? егіздеуді?, кейіптеуді? ма?ызды орны бар. ?ДЕБИЕТТЕР 1 Ысмайылов Е. ?дебиет жайлы ойлар. А., 1968 ж. – 310 бет. 2 Ахметов З. Поэзия шы?ы – даналы?. Астана: Фолиант.2002. – 408 бет. 3.Аль-Фараби Сборник 3-х т. 2 том, Л., 1982 г. – 250 стр. 4 Белинский В. Статьи о Пушкине. М., 1974 г.– 205 стр. 5 ?абдолов З. Жанр сыры. А., 1964 ж. – 230 бет. 6 Хализев В. Теория литературы. М.: Высшая школа. 2000. – 398 стр. 7 Шапаев Т. Ой т?бінде жат?ан с?з. Алматы: Жазушы, 1989. – 192 бет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поэзия с?лулы? пен а?и?ат, жа?сылы? пен парасат, жарасым гармонияны м?рат т?т?ан бір т?тас рух майданы »

Поэзия сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасым гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы

Адам баласының эстетикалық мұраттарына қызмет ететін көркемөнердің ішіндегі ең ерекше және өміршең түрге айналған сөз өнері екенін ықылым замандардан бері азуы алты қарыс ойшылдар мен ғалымдар, сөз қасиетіне бойлаған адамдардың барлығы айтып келеді. Сөз өнері адамзат баласын өзге жанды жаратылыстардан айырып тұратын ерекшеліктің бірі де бірегейі. Сөз өнерін «дертпен тең» деп берген ұлы ойышылдан артып оның қадір-қасиетін ешкім де жеткізе алмас. Ал сөз өнерінің бүгінгі біз білетін, біздер танып түсінген айрықша түрлері, адам ойын жеткізудің түрлі формалары бар. Көркемөнер сөз өнерімен қаншалықты бағалы болса, сөз өнері поэзиямен соншалықты құнды [1, 27 б.].

Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы – поэзия. Алла түсірген қасиетті кітаптардың да өлең өрнегімен жазылғанын бәріміз де білеміз. Осы тұрғыдан келгенде поэзия қаншалықты дарын мен қарым қабілетті, ғарыштан құйылар нұрлы сәулені тілейтінін түсінеміз.

Поэзия ақынның қоғамдық құбылыстардың барлығын санасында қайтадан қорытып, көркемдік қарым-қабілетпен қайта туындатқан, адамзатқа алуан түрлі әлемнің сырын түсіндіргісі келген жүрек сыры мен жан мұңы [2, 204 б.]. Тақырып трансформацияға ұшыраған өмір шындығының көркем көрінісі. Поэзия сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасым гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы. Әр ақынның өзінің жүрегінде орын алған санасының қалтарысына қатпарланған танымдық әлемі өлең өнеріне өз өрнегін қалдырады. Ақын жаны тым нәзік, тым бұзылғыш, өрекпіп тұрады, оты басым. Әр ақын өз қоғамының призмасы арқылы дүниеге көз тігеді. Олардың осы ерекшелігін, жалпы ақындық өнердің табиғатын, өзімен замандас шығармашылық иелерінің туындыларын тани отырып ұлы Әл-Фараби бабамыз ақындарды үшке бөлген: бірінші топ – табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті барлар; екінші топ – өлең өнерімен толық таныс, тәсілдерді, қағидаларды, әдеби құралдарды жетік білетіндер; үшінші топ табиғи дарынымен немесе арнайы жаттығумен жазатын ақындар [3, 22 б.]. Дана ойшыл пікірі бүгінгі заман талабына да жауап беруге лайық сараптама. Философтың тұжырымына жүгіне отырып, оның ғасырлардың қойнауынан бастау алып жатқан ойын ескере отырып жаңағы топ-топқа бөлінген ақындар шығармашылығының тереңіне бойлап көрелік.

Көркем әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар екенін белгілі ғалымдардың барлығы айтып жүр. Әрбір тарихи дәуірдің өзінің тарихи ерекшелігі болатыны секілді, белгілі бір кезеңде өмір сүрген ақындардың өзінің дәуіріне қоғамына сай өзіндік үні мен лирикалық, поэтикалық сазы болады. Яғни, шығармашылық адам рухының зияткерлік туындылары тақырыптық, танымдық, идеялық жағынан сол заманға сай, сол қоғамдық процестердің талаптарына жауап береді. Сол ерекшеліктері арқылы поэзияның құдіретті де киелі даусы адамзат санасына өзінің барлық әсем сазын сіңіріп жатады.

Поэзиядағы бейнелілік мәселесі күрделі де, қиын мәселе. Ол жанрдың өзіндік ерекшелігінен туындап, дамып өрбиді. Поэзиялық шығарманың формалық және жанрлық ерекшелігі аталған жанрдағы оның ішкі иірімдер арқылы жаңаша бір келбетке ие болады.

Поэзия ең қарапайым анықтамасында адам сезімдерінің конкретті көрінісі болатынын, сол сезімдердің сан алуан ағымдары мен салаларынан туындап, өзінің формалық ерекшелігімен айқындалатын туындылар екенін бүгінгі әдебиеттану ғылымы ерекше атап көрсетіп жүр.

Бүгінгі лириканы сөз еткенде ертеден келе жатқан, ғұмыры ұзақ бұл жанрдың өміршеңдік сыры, ұрпақтан-ұрпақққа жетіп, дәстүр жалғап келе жатқан негізгі қасиетін, көркемдік критерийлерін көздеуге тиіспіз. Осы биіктен барып көркемдеу құралдарына, образ даму эволюциясына, амал-тәсілдеріне бойлап тартыс пен мінез мәселесіне көшеміз. Әрине, мұның бәрі жанды процесс күйінде көрініс беруге тиіс. Сондықтан да алдымен лириканың негізгі тамырына, табиғи ерекшелігіне назар аударалық.

«Лирикада субъект затты өзінің аясына алып қана қоймайды, оны ерітіп, іші-бауырына тартып алады, сөйтіп затпен соқтығысудан туған түйсіктердің бәрінде де өзінің ішкі шыңырауынан сыртқа шығарады» [4, 8 б.]. Лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ береді, оларды ыстық тар кеуденің, көркем өнердің әуесіне шығарып, өзгеше өмір береді. Лирика белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі. Сол уақытпен ортаның перзентінің көңіл-күйі, жан тебіренісі. Оның бойындағы барша қасиет-қадірді нақтылы мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. «Лирика дегеніміз – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді» [2, 133 б.], - дейді белгілі ғалым, академик З.Ахметов. Яғни, лирикада ой мен сезім бірлесіп терең қабысады. Оған тартымды қуат-күш дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лирикаға жан беретін сезімнің отты нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан, мысалы, кең көлемді шығармалардан бірден-бір ерекшелігі де осында жатыр. Біз драмалық, эпикалық, лирикалық шығармалардың арасындағы өзгешеліктерді ықылым заманнан бері айтып келе жатқан ойшылдар мен ғалымдардың пікірінен білеміз [5, 34 б.]. Олардың арасындағы жанрлық, түрлік, образдық жалпы поэтикалық ерекшелік бұл күнде жеріне жете талданған және өзінің ғылыми-теориялық тұжырымын тапқан.

Қазақ поэзиясы үшін ХХ ғасыр әлемдік әдебиет көркемдік шыңын меңгерумен құнды болды. Лирика жанры дамып өзінің шырқау биігіне шықты деуге де болады.

Лирикадағы мінез мәселесі жанрдың табиғаты тәрізді нәзік және көзге іліне бермейді, яғни ақынның ішкі менімен үндесіп, шығармадағы сезім ауанымен үйлесіп жүре береді. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі деген пікір бұл күнде барлық ғалымдарға ортақ тұжырымға айналды. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ақын өзінің жайын, өз басының мұңын жырласа да қалай да халықтың мұңын, қуаныш-қайғысын сөз етеді. Бұл арада орыстың ұлы сыншысы В. Белинскийдің «ұлы ақын өзі туралы, өзінің жеке басы туралы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді» деген пікірін айту жеткілікті [4, 122 б.]. Ақын өз атынан сөйлеп отырғанымен онымен «қоса-қабат тіл қататын» яғни ақын оймен қабысып, бірде бұлдырап, бірде айқын танылатын лирикалық кейіпкердің бар екенін айтуымыз керек. Лирикалық кейіпкер, қарапайым тілмен айтсақ, шығармадан көрінетін адамның тұлға бейнесі. Ақынның нәзік сезімдерін жарқырата төгіп, сол сезімнің ақ моншақтарымен, қаралы гүлдерін алма-кезек шашып, асау сезімді сапырып тұратын лирикалық кейіпкердің характерін аңлау, барлау қиынның қиыны. Себебі, онда ақын мен «екінші адамның» арасындағы байланыс тым-тым жақын. Проза мен драмадағы салқынқандылық, яғни, нақты заттық ұғым бұл арада жүрек түкпірінен орын алатындығынан, яғни, тұнықты тереңнен сүзіп алғандай қол жетпесте жататынынан туындайды. «Лирикалық кейіпкердің характері бір өлең-жырда толығымен ашыла қоймайды. Бір шығармада бір қырынан көрінсе, басқа шығармада екінші қырынан көрінеді»,-дейді академик Зәки Ахметов [2, 134 б.]. Бұл шығармадағы тақырыптық өзгешеліктің, не болмаса ақынның көздеген, межелеген объектісіне де байланысты болса керек. Бір шығарма табиғат сұлулығын бейнелесе, екінші шығарма ақынның, яғни лирикалық кейіпкердің махаббат сезімін таспалайды. Осылардан келіп шығарма өзегіндегі характер мәселесінің нақтылығы бұлдырап тұрады. Мінез ақынның табиғатымен оның стильдік ерекшелігімен, шығарманың поэтикалық қуатымен үндесіп жатады.

Қазақ поэзиясының оның ішінде алпысыншы жылдар поэзиясының ерекше даму шыңына көтерілгенін айта кеткен орынды. ХХ ғасырдың орта шенінде қазақтың өнері мен мәдениеті, әдебиеті мен ғылымы айрықша дамып өркениетті елдер санатына енгенін тарих дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда сол асыл құндылықтарды игеру жағын ойластыру қажет. Қашанда әдебиеттің бетін айқындап, дәуір талабына үн қатып, оның қоғамдық қажетін өтейтін де жеке дара озған дарын екенін, өнер саңлақтары екенін тегін айтып отырған жоқпыз. Олай болса мінез бен тартысты даралағанда, оның ғылыми сипатына мән берген шақта біздің дара таланттардың шығармаларын негізге алатынымыз орынды болмақ. Талантты ақындарымыздың өзіндік эстетикалық мектебі бар, олардың шығармашылығындағы сан алуан сезім ауандарымен, тартыстарынан туындаған сан қырлы мінез даралығы бар екенін де ұмытпаған ләзім. Әрине, бір заманда туып-өскен, бір қоғамдық процестің қалыбынан шыққан ақындардың арасында замананың үні, заманның талабы туындатқан өзара ұқсастықтары бары рас, алайда ол ұқсастық ақын шығармаларындағы лирикалық кейіпкер мінезі тұрғысынан алғанда мүлде көрінбей де қалады.

Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты тереңінен көрініс тапты. Бұл өзі сол кезеңдегі қоғамдық демократияны кеңейтіп, жеке адамға, оның жандүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, және сонымен тікелей байланысты да құбылыс болатын [6, 98 б.].

«Лириканың тапқан бағдар-тірегі – нақ сол ақындық «меннің» жүрегіндегі, жарығын болмыстың бар бояуына риясыз төге бастаған айнымас шамшырақ шындық еді» [7, 98 б.].

Адам – қайшылығымен, күмәнімен, сенімімен, барша болмыс-бітімімен уақыттың жемісі. Шығарамадағы тұлғаның қалыптасуы ақынның дара қуатына байланысты болса, дара қуат шығармада мінездің даралануымен көрініс береді. Шығармадағы (лирикалық) сезім отын лаулатқан кейіпкердің характері өлеңнің өн бойындағы динамикалық драматизм арқылы көрініс береді. Лирикалық кейіпкердің егілген көз жасы, екпінді дауылы, жүрекжарды қуанышы, мөлдір сезімі шығарма өн бойынан оның өзіне тән характерлік сипатынан өрістетіп шағарады. Осыдан келіп алғанда лириканың эстетикалық әсері дегеніміз – лирикалық шығарамадағы ақынның қаламның қарымын көрсететін кейіпкердің ішкі сезімі, толғанысы, динамикалық қозғалысы, лириканың образдық даралығын танытатын шығарманың поэтикалық қуаты болады. Лирикалық кейіпкер болмысын ашуда, сондай-ақ оның көркемдік бояуын қалыңдатуда табиғат басты нысан ретінде алынса, сол табиғатты көркемдік компонентке айналдыруда негізгі жүкті көтеретін көркемдік тәсілдердің қатарында психологиялық егіздеудің, кейіптеудің маңызды орны бар.

ӘДЕБИЕТТЕР


1 Ысмайылов Е. Әдебиет жайлы ойлар. А., 1968 ж. – 310 бет.

2 Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана: Фолиант.2002. – 408 бет. 3.Аль-Фараби Сборник 3-х т. 2 том, Л., 1982 г. – 250 стр.

4 Белинский В. Статьи о Пушкине. М., 1974 г.– 205 стр.

5 Қабдолов З. Жанр сыры. А., 1964 ж. – 230 бет.

6 Хализев В. Теория литературы. М.: Высшая школа. 2000. – 398 стр.

7 Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы: Жазушы, 1989. – 192 бет.





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Сейтказина Назгуль Зейнелгабденовна

Дата: 05.01.2015

Номер свидетельства: 150304


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства