О?ушылар?а Абай ??нанбаевты? ?мірі, шы?ырмашылы?ы туралы тере? ??ындыру. Абайды? ?ара с?здерін о?ыту ар?ылы о?ушылар?а а?ыл, ?айрат, ж?рек, ?ылымны? адам ?міріндегі алатын орнын т?сінуге, адамны? жан д?ниесін т?сінуге, ?з бойларында осы ?асиеттер болуы ?шін к?ресе білуге, а?ынны? ?ара с?здеріні? м?нін т?сіну.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока казахской литературы в 8 классе»
Әдебиет пәні 8 сынып Сабақ тақырыбы: Абайдың “Он жетінші қара сөзі” Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философияның ойды түсінулерін; ә) Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтіннен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу; б) Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу. Сабақ түрі: топтық Сабақ типі: жаңа білім беру Сабақтың өту әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, түсіндіру әдісі, рөлге бөліп оқу, талдау әдісі Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, интерактивті тақта, слайд-шоу Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру II. Мақсат қою III. Жаңа сабақ. Психологиялық тренинг
І Өткен сабақта біз қай ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстық? ІІ Абай – ұлы ақын, аудармашы, сазгер, мысалшы, ағартушы, философ дейсіздер кім дәлелдейді? Абай: - аудармашы, мысалшы, сазгер, ақын - Сонымен, балалар, Абай ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер болуымен қатар ғалым, философ, ойшыл болған екен. Бүгінгі сабақтың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып “Он жетінші қарасөзді” меңгеру. (Дәптерге күннің жады мен тақырып жаздыру). Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған. Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған. (Абайдың бірінші қарасөзін оқиды). I топ “Ақыл” II топ “Қайрат” III топ “Жүрек” IV топ “Ғылым” (Топтан әр оқушы шығып, мәтінді оқып 3 минут береді, түсіндіреді, қайтып өз тобына келіп айтады. Мәтін 4 бөлікке бөлінген). Мәтінде қандай түсініксіз сөз кездеседі? Ғақлия, ғибадат, ахирет, нәдәсі. Салыстыру. - Балалар, өткен сабақта Абайдың ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерін тауып, осы жаңа тақырыппен салыстырып кел деген болатынмын. Жаңа тақырыптағы қайрат, ақыл, ғылым, жүрек туралы ой мен бұған дейінгі айтқан ойларын салыстырып көрейікші. Қай өлеңмен сәйкес келеді? “Ақыл” тобы: Әуелде бір суық мұз - ақыл, зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек
“Қайрат” тобы: Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық, Бұл қайраттан шығады, білсең керек
“Жүрек” тобы: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек
“Ақыл” тобы: Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жолда жоқ жарыместі “жақсы” деме
“Жүрек” тобы: Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек
“Ғылым” тобы: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге.
“Ғылым” тобы: Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз, Білгендердің сөзіне, Махаббатпен ерсеңіз.
Дәлелдеу. Қайсысының айтқаны дұрыс?
1. Әр топ өзінің атына сәйкес, яғни “ақыл” тобы ақылдың айтқанының дұрыстығын өз сөзімен, өмірмен байланыстырып дәлелдеу. Ал, “ғылым” тобы әр топтың айтқан жауабына баға бере отырып, кемшілігін, жетістігін айтады. 2. Абай неге адамның көп қасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек – үшеуін ғана таңдап алған? Неге ғылымға төресін айтқызған? 3. Сендердің өз бойларыңда осындай сипаттар бар ма? Сергіту минуты “Сен Абайды білесің бе?” ойыны
Бекіту. Табанының топырағы көзге сүртерлік, қасиетті, толық, идеалды адам болудың жолдары үшін қандай қасиеттерге ие болуларың керек? Ал, егер үшеуі бір адамнан табылмаса қайсысын таңдар едің? Құдайшылыққ сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды. “Құран кітабы” сүре “Рафт” ойыны Үйге тапсырма 1.Абайдың өмірін, шығармашылығын білу. “Он жетінші қарасөздің” мазмұнын білу. Рөлге бөліп жаттау. “Мен кіммін” деген тақырыпта шағын шығарма жазу.