Мұқағали Мақатаев
Қазақ жаңа әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иелерінің бәріне ортақ асыл қасиет –көп қырлылық. Бұл ерекшелікті ақын бойынан көруге болады.
Мұқағали Мақатаев өз тегін де, өз жерін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, тәлім – тәрбиеге баса назар аударған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен қазақ халқының дара тұлғалы перзенті.
Жаңашыл ақын қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейкесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады. Мұқағали көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болды.
Мұқағали Мақатаев:
"Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген-депті
Т.Молдағалиев: «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін айтамын.Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда «поэмасы 1973жылы жарияланды.Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым.»Тұмаш осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым.Разы болып,мына алтын қаламды сыйлады»-деді Мұқағали.Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің,Мұқа» Ғабен ұнатса бүкіл халық ұнатады деген сөз»-дедім тебіреніп.Мұқағали бір ойға шолмып үнсіз қалды.Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді.
- Мұқағали –жыр жазудың шебері.Осы поэмада басы артық дүние жоқ.Абай айтқандай, «теп-тегіс,жұмыр келсін айналасы»деген өлшемге компазициясы сыйып тұрған поэма.
Мұқағалидың азан шақырып қойған аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады» деп әрі еркелетіп, қысқартып атап кеткен.Анасы Нағиманың айтуы бойынша, 1931 жылы 13 наурызда Алматы облысы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниге келген.Мұқағали 10 жасқа келгенде, әкесі майданға аттанады да,Калининград майданында, 29 жасында қаза табады. Балалық, оқушылық кездері қой бағып, кетпен шауып, егін орумен өтті.
Сұлулық атаулыға ғашық жүрекпен құлаған, ұшқыр қиял, мөлдір сезім, өткір ойдың ақыны жас Мұқағали өлең жазумен шұғылданады.
Қазақ әдебиетінің ең бір ірі тұлғаларының біріне айналған Мұқағали поэзияда қазақтың дәстүрлі қара өлеңіне ерекше әуезділік, үнділік қоса отырып та ой санасы бар әрбір пенденің көкірегін сыңғырына толтыра беретін ғажайып лирик ақын ретінде әдебиет әлемінде атын алтындап жазып кеткені ақиқат.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...
,Сыррға қатысу қ
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жаздым үлгі жастарға бермек үшін...
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Анам маған: -Үлкенді сыйла, - деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем .
М.Мақатаев 1том 23 бет .
Шеше, сен бақыттысың
Бақыттысың, жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын.
Тәңірім кеше гөрсін кесірімді
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Мұқағали Мақатаев “Жазылар естеліктер мен туралы”
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе-
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
«Мұқағали әлемі»
( шағын естеліктер)
Жазылар естеліктер мен туралы...
Естеліктер.
Қазақ тілін білмеген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады.
К.Ахметова
Қазақ жырының аспанындағы жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың ең мейірімді жұлдыз. Т.Молдағалиев
9-ақпан ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Соңғы жылдары Алматы қаласында осы күні ақын Мұқағали Мақатаев ескерткішінің алдында өлең оқу дәстүрге айналды. Мұқағали ақынның дүниеден озғанына талай жыл өтсе де ақынның жырларына деген халықтың махабаты суыған емес. Кезінде ақынның өзі: Көрер едің, Шаламын ба, отпын ба? Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын ба?.. Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда, - деп, тебіріне толғанған болатын.
Ақын туралы білетін ақпаратымызды
ортаға салайық
Мұқағали кім?
“ Аққу” тобы
Аққу қандай құс? Аққу құсы туралы не білеміз?
“ Ана” тобы
Ананың адам өміріндегі орны қандай?
“ Табиғат” тобы
Табиғат адамға не үшін қажет?
Проблемаға шығу. Зерттеу жұмысы.
«Аққу» тобына:
- Аққудың рең әсемділігін білдіретін сөзді табу
«Табиғат» тобына:
- Ананың аққуды ату кезіндегі әрекетін поэмадан табу
«Ана» тобына
- Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген тұсын табу
Ақынның поэмасындағы
негізгі арқау болған тақырып не?
Тақырып
Сатылай
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі
талдау
“ Үш оқушымен кеңес”
А-сұрақ қоюшы, В-жауап беруші, С-жазып алушылар арасында сұхбаттасу. Әр топ өз сұхбатын құрайды.
Табиғат жанашырлары туралы ойым...
Үй тапсырмасы:
1.«Жетімкөл аққулары» - эссе жазу.
2. «Аққуға атылған оқ» әңгіме диалог құру
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су,
Таранып қаранады жан-жағына,
Сұлуды тасалама ,көк торғын құс!
Құрметті оқушылар, ақын Ф.Оңғарсынова “Мұқағалидай ақыны бар халық-- - бақытты халық” деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар!