«Кім тапқыр» ойыны Оқушыларға көліктердің суреттері таратылып беріледі. Мұғалім көліктердің әрекеттерін айтқан уақытта оқушылар соған сай көлік түрлерін көтереді. Мысалы, Ұшады – ұшақ, тікұшақ, әуешары. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. Жаңа сөздермен жұмыс. Зымыран – ракета тікұшақ - вертолет көлік - машина қайық – лодка ұшақ – самолет әуешары – воздушный шар Сергіту сәті Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап жасау. «Серпілген сұрақ» әдісі арқылы әр топ бір-біріне сұрақ қояды. (Мұғалім көмегімен) Бұл не? Бұл машина. Машинаны кім жүргізеді? Жүргізуші жүргізеді. Мынау не? Бұл ұшақ. Ұшақ қандай? Ұшақ үлкен, ақ түсті. Мұғалімнің бағалауы (Жұлдызша арқылы) «Суретті әңгіме». «Бірлесе оқу» әдісі арқылы шағын әңгімені суреттерді қолданып оқиды. Жаңа сөздерді орынды қолданады. Әр оқушы мәтінді іштей екі минут оқиды. Ерте, ерте, ерте бір ұшақ болады. Оның бір қанаты сынады. Ұшақ көңілсіз болады. Ұшаққа зымыран мен тікұшақ келеді. Олар ұшаққа көмектеседі. Ұшақ қуанады және достармен ұшады. «Дауыстап оқы» Әр оқушы ертегіні дауыстап, дауыс ырғағын келтіріп өздігінен оқиды. Сөздердің дұрыс, сауатты оқылуына аса назар аударылады. Ерте, ерте, ерте бір ұшақ болады. Оның бір қанаты сынады. Ұшақ көңілсіз болады. Ұшаққа зымыран мен тікұшақ келеді. Олар ұшаққа көмектеседі. Ұшақ қуанады және достармен ұшады. «Бағдаршам» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. Қызыл түс – түсінбедім Сары түс – сұрақтарым бар Жасыл түс – толық түсіндім
|