Зейін аударту. Толық мағыналы кем дегенде екі сөз, Бір-біріне бағына келіп байланысып Тұрадыолар әр кез. Мұны, балалар, не дейді? Мұны сөз тіркесі дейді.
Біздің бүгінгі сабағымыз матаса байланысқан сөз тіркесі жөнінде болмақ, сабағымыз төрт бағыт бойынша өтеді. Кезеуті сауаттылық бағытына берейік.
Сауаттылық бағыты (Қызыл түспен беріледі). Үлестірмелі парақшалар таратылады (Күнделікті жазып жүрген сөздік дәптерге жазса да болады). Төмендегі сөздерді жаздыру. Меже (зат е.) мөлшер,шама, шек. Көп күткен межеден мезгілінде шығып жүрді. Межелеу. Межеле ет. Мөлшерлеу, шамалау. Ағашты көзімен межелеп өлшеп, төрт жеріне балтаиен таңба соқты. Шек қою, белгілеу. Ол зауыттың жаңа корпусын салатын жерді межелеп қойды. (сауаттылық бағыты бірден тексеріліп, қызыл ұпай сандары берілді).
Үй тапсырмасын тексеру: 243-жаттығу.
Жаңа сабақ. Иртерактивті тақтадағы сызбалармен түсіндіру, толықтыру.
Матасу – зат есім немесе затталған сөз ілік септік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесі. Мысалы: Естайдың әні, менің үйім, біздің бала.
Басыңқы сыңары зат есім
Есімді тіркес
Бағыныңқы сыңары ілік септіктің жалғауы
Тәжірибе бағыты (Сары түспен берілген). Бұл бағыты жаңа сабақтан алған білімдерін іс жүзіне асыра білуі керек.
а) Кітаппен жұмыс. Тақтаға жаздыру.
248-жаттығу.
ә) 249-жаттығу. Ауызша орындату.
б) 250-жаттығу. Жарыс жаттығуы.
в) интерактивті тақтамен жұмыс
Сыңарларын тауып жаз. Оқушылар тақтаға жазады.
а) Адамның...
ә) Көктемнің...
б) Баланың...
в) Табиғаттың...
Әр оқушыға тиісті жауабына лайық сары түсті ұпай сандары берілуі керек.
Сергіту жаттығуы. «Кім тапса сол айтып берсін».
Мына жұмбақтағы сөздерді байланысына қарай топтаңдар да, есімді тіркесті бір бөлек, етістікті тіркесті бір бөлек айтып беріңдер
Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)
Тоғыз белдеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек. (Домбыра)
Көк лағым көген сүйреді. (Ұршық)
Ізденіс бағыты (Жасыл түспен жазылады). «Желтоқсан ызғары» тақырыбында шағын шығарма жаздыру.
Құрамындағы матаса байланысқансөз тіркестерін айтқызу. Төменде Жалғас деген оқушының шығармасынан үзінді.
«Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол іздегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның» деп жырлаған Мұхтар Шахановты еліміздің нағыз патриоты деуге болады.
1986 жылғы16-желтоқсан оқиғасы біз үшін мәңгі жадымызда қалмақ. Қазақстанды басқаруға Колбиндіқойды. Бұған шыдамаған қазақ жастары түгелімен берлік Колбинға қарсы ұрандарын жазып алаңға шықты. Бұл қазақ жастарының әділетсіздікке шыдамай, еш нәрседен қорықпай, белді бекем буып қарсы шыққан кезі. Желтоқсан қөтерілісі бізге тәуелсіздігімізді алып берді. Қазақтардың да жарық күні аттаы. Жасай бер мәңгі, Қазағым менің.
(Әр оқушының жазған шығармалары оқылады, матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып айттыру. Өте жақсы жазған оқушыларға жасыл түсті 5 ұпай сандары беріледі).
Теория бағыты (Көк түспен беріледі). Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы алған білімдерін бекіту. Бекіту сұрақтары барлық оқушылардан сұралуы керек. Жауап берген оқушыларға көк түсті ұпай сандары беріледі.
Матасу дегеніміз не?
Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал келтір.
Ілік септігінің сұрағы мен жалғауын кім айтада? Мысал келтір. Зат есім дегеніміз не?
Матаса байланысқан сөз тіркестеріне кім мысал келтіреді?
Ізденіс (Берілген тақырып бойынша оқушылардың шығарма жаза білуі). «5» деген баға 17-20 ұпайға қойылады.
«4» деген баға 16-14 ұпайға қойылады.
«3» деген баға 13-9 ұпай аралығына қойылады.
Үйге тапсырма: 251-жаттығу.
Рефлексия. Бүгінгі сабақта кімге не ұнады? (Оқушылардың жауабынан үлгі)
Маған бүгінгі сабақта төрт бағытпен оқығанымыз ұнады.
Интерактивті тақтадағы тапсырмаларын орындаған.
Мен өзімнің іздену бағытынан орташа екенімді білдім, содан жоғары ұпай алу үшін қөп оқу керектігін ұғындым.
Теория баыты ұнады, өйткені қазақ тілі сабағында бір ережеге сүйенеміз, сол ережені дұрыс меңгерсек, оны жүзеге асырғанда біздің біліміміз болары анық.
Маған «Кім тапса сол айтып берсін» деген сергіту жаттығуы ұнады.