kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қарасаз деп жырлайды Мұқағали жүрегі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты М.Мақатаев өміріне шолу жасау, өмірін талдау, шығармашылығына тоқталу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қарасаз деп жырлайды Мұқағали жүрегі"»

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қарасаз деп жырлайды Мұқағали жүрегі »

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, түсінуге, мағынасын ашып, көрерменге жеткізе білуге тәрбиелеу, ақынның өлеңдерін дәріптеу , ақынға ,әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту

1-Жүргізуші: Абикул Дамир

Армысыздар! Қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Өзі тірісінде «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»-деп жырлап, поэзия пайғамбарына айналған ғасыр ақыны М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Қарасаз деп жырлайды Мұқағали жүрегі» атты 5 «Ғ» сыныбының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жұргізуші: Молдабаева Айым

ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері,жаухар жырдың марқасқасы,қазақтың дәл өзіндей қасиетті қара өлеңін жыр әлемінде, поэзия көгінде қарлығаштай қалықтатып, айдынына аққуындай қондыра білген, бар ғұмырын поэзияға арнап өткен М. Мақатаевтың туғанына биыл 85 жыл толып отыр.Ақындық талантымен, сезімді селт еткізер сұлу, сырлы жырларымен туған халқының жүрегіне жол тапқан, өзі бақилық болса да атақ даңқы алты алашқа ғана емес, алпыс мың ғаламға күн шапағы сияқты молынан жайылған М.Мақатаев уақыт керуенінің алдыңғы сапында жыр сүйер қауымға етене жақындай түсуде, жыр ошақта от болып лапылдай түсуде.

1-жүргізуші: Дамир

Ендеше бүгінгі кешіміздің шымылдығын М.Мақатаевтың «Отан » өлеңімен ашайық.

2-жүргізуші: Айым

Кешіміздің келесі кезегі «Бала Мұқаметқалиден-ақиық ақын Мұқағалиға дейін» деп аталады. Ендеше М.Мақатаев өмірінің тарихи тізбесіне шолу жасайық.(слайдпен М.Мақатаевтың өмірбаяны көрсетіледі)

1-оқушы:

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай ,-деп ақынның өзі жырлағандай болашақ ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Қарасаз ауылында дүниеге келген.Азан шақырып қойылған аты –Мұқаметқали, бірақ ата-анасы еркелетіп Мұқағали атап кеткен.

2-оқушы:

Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған,- деп жырлаған ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы майданда қаза табады.

3-оқушы:

Шешем менің иілген сұрау белгі,

Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.

Қалай ғана қалпына келтірерсің,

Дауылдар майыстырған мынау белді.

Ақынның шешесі Нағиман Батанқызы 90 жаста өмірден өтті.



4-оқушы:

Әже ,сен бірге жүрсің меніменен,

өліге мен өзіңді телімегем,

Ақ кимешек көрінсе сені көрем

Ақ кимешек жоғалса... нені көрем ?-деп айтқанындай Мұқағали ер мінезді әжесі Тиінге табиғи болған.

5-оқушы:

Білімің ше, орташа ғой , алайда өзім жоғарыға балаймын ,-демекші, ақын 1948 жылы ҚАЗМУ-дің филология факультетіне оқуға түседі.

6-оқушы:

Сенсің-бақыт: менімен душарласқан,

Сенсің –жар: жүрегімнің сырын ашқан, - деп өзі жырлағандай 1949 жылы сүйіктісі Лашынға қосылып, шаңырақ көтереді.Ол кезде Мұқағали 18 жаста еді.

7-оқушы:

1954 жылы Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді.

8-оқушы:

1957 жылы Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады.

9-оқушы:

Өлеңім өлтірмейді деген сеніммен 1962 жылы Алматыға көшіп келеді.

10-оқушы:

1964 жылы «Ильич» атты алғашқы кітабы жарыққа шығады. 1965-66 жылы Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімін аударады.

11-оқушы:

Поэзия менімен егізбе едің ?...-деп айтқанындай қаламы жазудан құрғамаған ақынның 1965-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинақтары жарыққа шығады.Жалпы 1000-нан астам өлең жазып, «Аққулар ұйықтағанда» , «Райымбек,Райымбек» «Моцарт жаназасы» т,б поэмалар ,көркем аудармалар қалдырды.

12-оқушы:

1970 жылы жазушылар одағына мүшелікке қабылданады.

13-оқушы:

1973-74 жылы Мәскеудегі әдебиет институтында оқиды.

14-оқушы:

Қай күні менің тәмамдалады дастаным?

Бітпесе екен жаңадан ғана бастадым,- деп жырлаған ақын 1976 жылы 27 наурызда бауыр циррозы ауруынан көз жұмады.

15-оқушы:

Ақынның артында Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан атты ұрпақтары қалды.

1-жүргізуші

Кешімізді әрі қарай М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қуанышыңмен» әнімен жалғастырамыз. Орындайтындар:Бақберген А және Амантаева Амина .

2-жүргізуші

«Өлсе өлер М.Мақатаев ,алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім» ,-деп ақынның өзі жырлағандай келесі кезекті тағы да жыр кезегіне берейік .

1.

2.

3.

1-жүргізуші Ақын өмірінен көрініс

Мұқағали аурухана халатын киіп дәлізде ойланып жүр.Бір кезде сахнаға жақындап келеді де :

Мен бұл жарық дүниеге келгелі , міне қырық төртінші жылға аяқ басып барады екен.Бар өмірімнің қор, жиіркенішті болып көрінетіні соншалық, кейде бәрін өз ырқыммен –ақ қиып кете салғым келеді.

Өзі:

Қайсыбір қасірет кезеңде,

Өмірді келеді тастағың .

Сонда да үмітті жоғалтпа,

Қаралы күндерден қашпағын!

Қай жерде тіршілік , өмір бар ,

Сол жерде қуаныш, қайғы да.

Болса да алдың құз, артың жар,

Кеше біл, өмір сүр, айныма !

Сабыр ет, тоқтай біл, шеше біл,

Тағдырың улы оғын жолдаса !

Өзің-ақ ойлашы несі өмір-

Қуаныш-қайғысы болмаса ?!



Өзімнің есебімде ,

Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде

Кім біледі ...

Қалған өмір,

Неше жылға жетерін,

Неше күнге

Ұмыт болып есебің де, өсегің де ,

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде

Қырықтың бесеуінде

Лашын: - Өзіңді өзің күштей бермесеңші,демал, алдымен науқасыңнан айық, өлең қайда қашар дейсің?

Мұқағали: -Мен өлең оқумен , өлең жазумен ауруымды емдеймін.Өлең жазғанда бар ауруды ұмытқандай боламын.Құдайым қолыма қалам ұстауға шамамды келтірсе , өлең өз-өзінен төгіліп жатады.



1-жүргізуші

Өмір мәні ұзақ жасаумен өлшенбейді .Мұқағали өлеңді өмір сүру үшін жазған жоқ. Ол өлең жазу үшін өмір сүрді.Қазақтың ақ теректей жайқалған ақиық ақыны қырық бес жасында дүниеден озды.

2-жүргізуші

-Қазір сіздер ақынның өз даусымен оқыған өлеңін тыңдайсыздар, ендеше назар аударып , мұқият тыңдайық!

1-жүргізуші

Кешімізді ары қарай Берікболова Лаураның «Есіңе мені алғайсың» әнімен жалғастырады.

2-жүргізуші

-Бүгінгі кеш жыр кеші болғандықтан ,кешімізді тағы да ақынның жырларымен жалғастырсақ дейміз , біздің сыныптың оқушылары өздерінің сүйікті ақыны М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқиды.Ендеше келесі кезекте ортаға шақырамыз.





1-жүргізуші

Сыныбымыздың өнерлі оқушысы Түгелұлы Бекнұрдың орындауында орындауында әсем күй тыңдаңыздар.



1-жүргізуші

Құрметті кеш қонақтары кешімізді жас ақын Әміреев Жұматайдың «Ақынға тағзым» өлеңімен аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Қарасаз деп жырлайды Мұқағали жүрегі"

Автор: Абдикадырова Акжаркын Тилеубековна

Дата: 31.10.2017

Номер свидетельства: 435778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "«Жырлайды ж?рек» "
    ["seo_title"] => string(19) "zhyrlaidy-zhuriek-1"
    ["file_id"] => string(6) "174903"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424189371"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""М??а?али -м??гілік ??мыр"презентация "
    ["seo_title"] => string(46) "mu-k-ag-ali-m-n-ghilik-g-u-myr-priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "179533"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425026801"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары  - М??а?али»"
    ["seo_title"] => string(31) "trbiiesagatyzhyrtulparymukagali"
    ["file_id"] => string(6) "292154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455220968"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш"
    ["seo_title"] => string(64) "bughinmienintugankunimmukagalimakataievkaarnalgandiebisazdykiesh"
    ["file_id"] => string(6) "303387"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457515792"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек""
    ["seo_title"] => string(33) "t_rbiie_sag_aty_zhyrlaidy_zhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "386311"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485925666"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства