kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби- сазды кеш «Б?гін мені? ту?ан к?нім»

Кешті? ма?саты:

А?иы? а?ын, артына айры?ша ?шпейтін із ?алдыр?ан М??а?али Ма?атаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ына шолу жасау, ?ндері мен поэмаларымен танысу.

М.Ма?атаевты? ?ле?дері мен ?ндері ар?ылы о?ушыларды ?семдікке, елжандылы??а т?рбиелеу.

Кешті? к?рнекілігі:

 М.Ма?атаевты? суреті мен ««Б?гін мені? ту?ан к?нім» та?ырыбы, шарлар, а?ынны? шы?армасы мен ?міріне арнал?ан к?рме. Сазды музыка.

(Кеш «Сылдырма?» биі ар?ылы ашылады.)

1-ж?ргізуші: Армысыздар, ?адірлі ?стаздар мен ?ымбатты о?ушылар! Жыл керуені ал?а жылжы?ан сайын М??а?али Ма?атаевты? артына ?алдыр?ан ?шпес м?расы, жары? ж?лдызды? ?ара??ы т?н ?ойнауынан ??пия с?улесін шаш?андай жар?ырай, ?ркендей ?сіп, айшы?тала т?суде. Абай ?ндес М??а?алидай перзенті бар халы?-шынымен ба?ытты халы?.

2-ж?ргізуші: И?, М??а?али- ?ажайып, а?иы?, сыршыл, гуманист а?ын. Ол-бізге к?рінбейтін си?ыр бояулардан, бізге естілмейтін ??пия дауыстардан толы алатын ж?мба? а?ын. А?ын ?ле?дерін о?ы?ан сайын а?и?ат бейнелі рух, сезім мен сананы? бірлігі к??ілге ?ялайды.

1-ж?ргізуші: ?ымбатты ?стаздар, ?она?тар, о?ушылар! А?иы? а?ынны? шы?армашылы?ына арнал?ан «Жырлайды ж?рек» атты ?деби-сазды кешімізді бастаймыз.

Б?гінгі кешіміз т?рт б?лімнен т?рады.

І б?лім  «Жазылар естеліктер мен туралы»

          (М??а?али туралы естеліктер айтылады)

ІІ б?лім  «Поэзия ж?рек тілі» М.Ма?атаевты? ?ле?дері мен ?ндері шыр?алады.

ІІІ б?лім  «А??уды? ?анатына жазыл?ан сыр».  Поэмадан ?зінді

І? б?лім   «Жас а?ындар арнауы» о?ушыларды? ?ле?дері

1-ж?ргізуші:Олай болса, І б?лімге кезек берелік

Аламан б?йгеге оза шауып, ?ле?-жырда шамасына ша? ж??тырма?ан ерен ж?йрік, талантты т?л?а М??а?али а?ынны? ?мір жолы ?р алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, ?ыран та?дырлы а?ын М??а?али а?аны? ?мір жолынан деректерге назар аударайы?.

/Интерактивті та?тадан М??а?али Ма?атаев туралы бейнеролик ж?реді/

А?иы? а?ын 1931 жылды? 9-а?панында Алматы облысы, ?азіргі Райымбек (б?рын?ы Нарын?ол) ауданыны? ?арасаз ауылында д?ниеге келген. М??а?алиды? ?кесі С?леймен шаруа адамы бол?ан. Бастауыш сыныпты ?арасазда о?ып, орта мектепті Нарын?олда интернатта о?ып бітіреді. Мектепте о?ып ж?рген кезде е? ал?аш?ы ?ле?дерін баста?ан болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, м?дени-а?арту саласында т?рлі ?ызметтер ат?арды. Мектепте ?дебиет п?нінен саба? берді. Ауданды? газетте ?деби ?ызметкер болып істейді. 
2-ж?ргізуші
Ол 1962 жылы Алматы?а ?оныс аударып, ?деби орта?а етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтыны? неміс тілі, ?аза? мемлекеттік университетіні? филология факультеттерінде о?ып ж?не М?скеудегі М. Горький атында?ы ?лем ?дебиеті институтында білім алады. 
1-ж?ргізуші
  М?нан со? «Социалистік ?аза?стан» (?азіргі «Егемен ?аза?стан») газетіні? (1962-1963 жж.), «М?дениет ж?не т?рмыс» (?азіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Ж?лдыз» (1965-1972 жж.) журналдарыны? редакциясында, ?аза?стан Жазушылар ода?ында (1972-1973 жж.) ?ызмет ат?арады.
  М??а?али Алматыда?ы ?аза? ?дебиеті мен ?неріні? ?айма?тары шо?ырлан?ан ортада ?ткерген аз ?ана жылдар ішінде ?зіндік дара ?нін, суреткерлік ?айталанбас дарынын танытып, ?німді е?бектене білді. К?зіні? тірісінде жариялап ?лгерген жыр жина?тары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысы?дар достар» (1966ж), «?арлы?ашым келді? бе?», «Мавр» (1970ж), «А??улар ?йы?та?анда» (1973), «Шуа?ым мені?» (1975ж)
2-ж?ргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер ?р т?л?алы.
Біреулер т?лпар еді деуі м?мкін,
Б?тінделмей кеткен бір ер т?рманы.»
И?,а?ын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен а?ынны? ?з ?мір жолы туралы жазыл?ан «Мені? анкетам» ?ле?ін ты?дап к?релік.

-        Ту?ан жері??
-        ?ланымын, ?арасаз деп аталатын ауылды?.
-        Ту?ан жылы??
-        1931. ??рдасымын  Ш?мілді?.
-        Жынысы? кім?
-        Еркекпін ?ой, еркекпін! Ж?не-да?ы    т?уірмін.
-        Партияда барсын, ба?
-        Жо?пын.
Біра?, коммунистік к?з?араспен ?араймын.
-        Шы??ан тегі??
-        Шаруамын.
Бар тірліктен ба?алы оны санаймын.
-        Білімі? ше?
-        Орташа ?ой.
Алайда ?зім жо?ары?а балаймын.
-        Ана тілі??
-        ?аза?ша.
?ысыл?анда орысша да, немісше де, та?ы бар.
-        ?айда істеді??

-        Мынау «Е?бек кітапшамнан» танып ал.
О?ыма?ан, дипломсыз демесе?,
Бір басымнан бар маманды? табылар.

-        Міндеттісі? бе ?скерге?
-        Міндеттімін.
Бізді? ?лі жас кеуде.
Жауынгерді? ?лымын ?ой,
Жанын ?и?ан М?скеуге.
-        С?гіс алып к?рді? бе?
-        Ол жа?ынан періште едім дей алмаймын
Мен м?лде.
Ойлы-?ырлы б?л ?мірде болады ?ой м?лт кету,
Ол ?зі бір еншісі ?ой езді? ?рі ерді? де.
-        Шетелдерде болды? ба?
-        Бол?амын жо?.
Олар ма?ан т?р?ан да жо? ?ол б?л?ап.
?алсам болды, ?лсем болды ж?йіммен,
Осы отыр?ан орнымда-а?.
-        Мекен-ж?йі??
-        Мекен-ж?йім - жер мені?.
Жерде ж?рген а?ын деген пендемін.

?алам, ?а?аз, уа?ыт бер тек азда?ан,
Мен ?мірді жырлау ?шін келгемін!

1-ж?ргізуші: А?ын ж?регі сезімтал ?ой. Ол ?з замандастары мен кейінгі ?рпа?ыны? ?зін ?ле?дерімен бірге есіне алып ж?рерін алдын ала сезді ме?

2-ж?ргізуші:

А? ?лпа жерді жап?анда,

А?аштар сыр?а та??анда.

Бозарып ат?ан а? та?да,

Бозарып т?рып а?панда

Есі?е мені ал?асы?,- деп тол?анады а?ын. Ендеше кезекті ?нге берейік.

?н: «Есі?е мені ал?айсы? » Аян, Мерей

1-ж?ргізуші: Ту?ан жерге, елге, хал?ына, досына, Отанына, ?кесіне, ?жесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі а?ын ретінде оны? басты та?ырыбы еді. ?зіні? ?лтын, ту?ан тілін ерекше ??рметтеді.

2-ж?ргізуші: Т?зу-т?зу жыртыл?ан а?ыздайын,

А?ызыма неге н?р тамызбайын.

?ара ?ле?і ?аза?ты? ?аза болса,

?ара к?зден неге ?ан тамызбаймын,- деп ?зі жырла?андай, кезекті ІІ б?лім а?ын ?ле?деріне берейік.       

1-ж?ргізуші:

Отан!
Отан!
Сен болмаса?, не етер ем?
М??гілікке ба?ытсыз боп ?тер ем,
?мірден б?л ?ксуменен кетер ем.
Жал?ыз Отан – мекенім, – деп тай?а та?ба бас?андай жазып кеткен ойлары, б?гінгі, болаша? ?рпа?ты? б?ріне айтыл?ан а?ыл-?сиет. Б?л с?здерді ?рбір ?аза? ж?регіне ?кі етіп та?са да арты? етпейді. Отанды с?юді?, о?ан ??лай берілуді? – ас?а? ?лгісі б?л.
Ендеше а?ынны? Отанына, ту?ан жері ?арасаз?а, ?аза? еліне арна?ан ?ле?деріне кезек берелік.

«Арыз жазып кетейін»

 «?ш ба?ытым»

 «?ара ?ле?»  

 «?кінбеймін»

 «Муз?а»  ?ле?дері о?ылады
 

2-ж?ргізуші:

 «Поэзия!
Менімен егіз бе еді??
Сен мені сезесі? бе,
Неге іздедім?
Алауырт?ан та?дардан сені іздедім,
?арауыт?ан таулардан сені іздедім,» – деп жырла?ан М??а?али а?ын шынды?ында да поэзиямен егіз д?ниеге келген сия?ты.
1-ж?ргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын ?ктем рухты? бейнесі; А?ынны? ?зге ж?рттан арты?шылы?ы - б?кіл болмыспен, таби?атпен табысып, кез келген кісі ?серлене бермейтін к?былыс?а тебіренетіні, кез келген кісі ?серлене бермейтін н?рседен ?серленетіні.Ендігі кезекте поэзия ?леміне саяхат жасаса?.

/«Поэзия»

«Фариза»

  «Шеше»

 «Майг?ліме» ?ле?дері о?ылады/

2-ж?ргізуші:
       Махаббат, с?йіспеншілік та?ырыбына со?пай кететін а?ын жо?. ?йткені махаббат м?селесі – б?л м??гілік та?ырып. Біра? ?р а?ын ?з сезімін, ?зіні? ішкі жан д?ниесін ?р ?алай шы?арады. А?ынны? сезімінде жасандылы? жо?. Махаббатта бір ?уаныш, бір ?міт, бір ?кініш, бір к?дік болатынды?ы жасырын емес.
1 ж?ргізуші: Ия, махаббат ?лемін М??а?алидай жырла?ан адам кем де кем шы?ар. Ол «на?ыз махаббатты армандады», ол махаббат?а бас иді, оны? кеудесі сар?ылмас са?ыныш?а толы, ал са?ына білген адам с?йе біледі, са?ына білген адам ?зге жанды т?сіне алады, ж?бата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арнал?ан жырларын ты?даса?.
/«?ашы?пын»

 «Шыда»

Шыда, Шыда,

«?аза?стан» .?ле?дері о?ылады
/«Мен деп ойла» ?ні орындалады
Аяулым,Самира

2-ж?ргізуші: А?ын шы?армаларыны? ?лкен бір саласы- оны? поэмалары. «Ильич» 1964 жыл, «Мавр» 1970 жыл,  е? асылы, е? биігі- «А??улар ?йы?та?анда». Б?л поэма 1973 жылы «Жалын» жина?ында жарияланды.

Олай болса, кешімізіді? ІІІ б?ліміне кезек берсек.

   «А??уды? ?анатына жазыл?ан сыр» А??улар ?йы?та?анда поэмасынан ?зінді

/ «А??улар ?йы?та?анда» поэмасынан ?зінді к?рініс к?рсетеді «А??улар ?йы?та?анда» /

1-ж?ргізуші: ?ле? ?нер, ?ле? дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант ?ана ?мірге ?келеді. А?ын ?келген ?рбір с?з ж?ректерге ?н болып, ?уен болып жетіп жатыр. Оны? ?ндері-та??ы шы?тай м?лдір, сырлы ?уенді. Ендеше, а?ын а?аны? жолын ?уып, ?ауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті о?ушылар?а береміз. 

/  «А?ын», «Нені а?сайды»,  ?ле?дері о?ылады

«Сені? к?зі?» ?ле?ін заманауи т?р?ыда ??деліп, орындалады/

2 - ж?ргізуші: А?ын м?расы, маржан поэзиясы – м??гілік болаша?  ?рпа?ты? еншісі, ?астерлеп, ?адірлейтін ?азынасы.
Олай болса, жас ?рпа?ты? «М??а?али» есіміне арна?ан лебізі./о?ушылар ?ріптер алып шы?ады/
М–М??а?алиды?
?–?рпа??а
?–?алдыр?ан
А–аманатын
?–?асырлар
А–арнасына
Л–лайы? деп
И–иіліп, бас иеміз. –барлы?ы бірге.
Рахмет!.

1-ж?ргізуші: Айтылма?ан М??а?да арман бар ма?

?р ?ні толы ?ой армандар?а

Шерте білген м??дарын жас ?айын?а

Д?л М??андай ?аза?та а?ын бар ма?

2-ж?ргізуші: Міне, б?гінгі кешке ?атыс?ан ты?дарман ?ауым, М??а?алиды? сырлы, ?уенді, м??ды жырларына ?аны? болды?ыздар  деп ойлаймыз.

1-ж?ргізуші: Жылдар тізіліп ?ткен сайын М??а?али а?ынны? бейнесі т?л?алана, биіктей т?седі. Оны? рухани ?азынасын ?лт иелігіне асыратын XXI ?асырды? жастары-сендерсі?дер!

2-ж?ргізуші: «?асыр а?ыны» атан?ан М??а?али жырлары жылдан -жыл?а, ?асырдан- ?асыр?а жал?аса бермек! М??а?али-м??гілік ?мір!

1-ж?ргізуші: Сонымен, а?иы? а?ын М??а?али?а арнал?ан «Б?гін мені? ту?ан к?нім» атты ?деби-сазды кешіміз ая?талды.

2-ж?ргізуші: Келесі к?ріскенше аманды?та болайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш»

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды кеш «Бүгін менің туған күнім»

Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі:

 М.Мақатаевтың суреті мен ««Бүгін менің туған күнім» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.

(Кеш «Сылдырмақ» биі арқылы ашылады.)

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.

Бүгінгі кешіміз төрт бөлімнен тұрады.

І бөлім  «Жазылар естеліктер мен туралы»

          (Мұқағали туралы естеліктер айтылады)

ІІ бөлім  «Поэзия жүрек тілі» М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады.

ІІІ бөлім  «Аққудың қанатына жазылған сыр».  Поэмадан үзінді

ІҮ бөлім   «Жас ақындар арнауы» оқушылардың өлеңдері

1-жүргізуші:Олай болса, І бөлімге кезек берелік

Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/

Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 
2-жүргізуші
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 
1-жүргізуші
  Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
  Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
 «Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)
2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

-        Туған жерің?
-        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
-        Туған жылың?
-        1931. Құрдасымын  Шәмілдің.
-        Жынысың кім?
-        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін...
-        Партияда барсын, ба?
-        Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
-        Шыққан тегің?
-        Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
-        Білімің ше?
-        Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
-        Ана тілің?
-        Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
-        Қайда істедің?

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.

-        Міндеттісің бе әскерге?
-        Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
-        Сөгіс алып көрдің бе?
-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
-        Шетелдерде болдың ба?
-        Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
-        Мекен-жәйің?
-        Мекен-жәйім - жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?

2-жүргізуші:

Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.

Ән: «Есіңе мені алғайсың » Аян, Мерей

1-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ІІ бөлім ақын өлеңдеріне берейік.       

1-жүргізуші:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

«Арыз жазып кетейін»

Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...

«Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

«Қара өлең»

Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емес,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан-миым бәрін де қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың ңара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

«Өкінбеймін»

Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,
Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.
Қыранның құдіретін қимасаңдар,
Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.
Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,
Қашан атып алғанша құламаймын.
Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы,
Жанарымда жайнаған тұнады айдын.
Сайраңдаймын сайларда, қырды асамын,
Сыңсыған ну орманмен сырласамын.
Қарауылға ілексем, ілігейін,
Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.
Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,
Өткен өшті.
Енді оған қайрылмаймын.
Қыран да, құралай да болмақ емен,
Атымнан адам қойған айрылмаймын.
...Арпалысып жүргенде өмірменен,
Қай-қайдаға әкетпес көңіл деген.
Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен.
Қалсам қалам, өзімнің елімде мен!

Жыламаймын, сондықтан көңілденем

«Музға»

Отырғанын қарашы күйім келмей,
Қайда кеттің?
О, Муза! Құйын желдей.
Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,
Қаңыраған иесіз диірмендей.
Мұздатады жанымды бұйым көрмей.
Жел үреді желпініп, көрік-кеудем,
Күйім келмей отырмын неліктен мен?!
О, Муза!
Қайдасың сен желік берген?
Жалын мен отқа ғана ерік берген
Серігім, қайдасың сен сеніп келген?
Дәптер жатыр парағы аударылмай,
Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай!
Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей,
Тонна-тонна қорғасын салмағындай.
О, Муза!
Әуреге салғаның-ай!
Күтемін сенен үміт, сенен жігер,
Қисаң маған, биік пен тереңді бер!
О, Муза!
Маған алыс сөреңді бер!
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер

  өлеңдері оқылады/

2-жүргізуші:

 «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
1-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

/«Поэзия»

Поэзия!

Менімен егіз бе едің!

сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан тауларлан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,

Жүректердің іздедім дүрсілінен.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттерден іздедім, сағаттан да,

Сені іздедім.

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

«Фариза»

Фариза!

Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

 

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,

Тастағысы келеді күресіңе.

Фаризажан, сен соны білесің бе?

 

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,

...Серіппесі үзіліп тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.

Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...

  «Шеше»

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...

«Майгүліме»

Бірінші өлең
Ол өмірге келгенде көктем еді,
Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді.
Саялатып сал-самал өпкен еді,
Сол өмірге несіне өкпеледі?!
Сол өмірге несіне өкпеледі?!
Ал өмір оны сыртқа теппеп еді.
Қайғырмаймын, жырым ғой жазылмаған,
Күрсінткені болмаса текке мені.
Күрсіндіріп кетті ғой текке мені...
Қойшы, тәйірі, осынау ит өмірге
Текке келіп, адамдар текке өледі.
Дей алмаймын өмірге ол өкпеледі,
Жер астына жем керек түзден кейде,
Жүздер өтіп өмірден, жүз келмей ме.
Қойшы, тәйірі, даланың раушаны
Көктемде өсіп, осылай күзде өлмей ме?!
Екінші өлең
Түсіме енді ап-арық қызым бүгін,
Қызым бүгін... Жұлынған қызыл гүлім.
Бақшамдағы балбырап пісіп тұрған
Үзіп кетті, апыр-ай, жүзімді кім?
...Түсімде қызым мені шақырады,
Өзеннің ар жағында отыр, әні...
Ғафу, балам, ғафу ет, бара алмаймын,
Мен деген жер бетінің «ақымағы»
Мен деген жер бетінің «ақымағы»,
Алдымда асқар асу жатыр әлі.
Сабыр, балам, қай жаққа қашар дейсің
Сені жапқан қара жер топырағы...
Дей көрме әзір маған жаныма кел,
Тағдырдың дегеніне бағына бер.
Түбінде бір жол бізді табыстырар,
Қайтейін, сағына бер, сағына бер...

өлеңдері оқылады/

2-жүргізуші:
       Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
1 жүргізуші: Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.
/«Ғашықпын»

Шын ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға
Мен болмасам, бола ма сол аман ба?
О, Тәңірім неткен жан едің
Жүрегің еттен бе әлде қоладан ба
Шын ғашықпын несіне оны жасырамын
Әр бір алтын ғой бір тал шашы маған
Сырымды айтып ән арқылы өзіңе
Сүйдім сәулем құлақ салшы сөзіме
Кездескенде күлімдеші сен маған
Кім қызықпас мөлдір қара көзіңе
Жаным, сені еш бір жаңға қимаймын
Сені көрсем бұл әлемге симаймын
Бір сен үшін осы әнді арнаймын
Сен үшін дала гүлін жинаймын
Бір-ақ бұл өмірде қыздар деген көп екен
Көп болғанымен бұрынғысы жоқ екен
Аққу болып, көктем болып келші сен
Көп кідірмей жауабыңды берші сен
Жүрегің тастан ба әлде мұздан беді
Әлде менен жақын бір жан бар ма еді
Көңілімді суыттың үнсіз қалып
Мен енді жұмбаққа айналсам қызғанба енді
Қызғанба енді біреумен билесемде
Шақыра ғой басқаны биге сенде
Мен жүрейін жанында жат біреудің
Өлең оқып берейін сүймесем де
Ішімнен ондай ешкім жоқ десем де
Басқа жанды бақытты етпесем бе
Қайғыдан қалай аман жүр екен деп
Қайран қалам қасірет шекпесем де
Кетер болсаң тезірек ұмыт бәрін
Көз алдымда тұрмасын қылықтарың
Ұмыт бәрін жиам деп әуре болма
Таңғажайып сәулесін сынықтарын
Кездерді ұмыт бөлмеде симай күлген
Кездерді ұмыт ерекше силай білген
Өкпелеймін сені осылай сүйгендіктен
Шынымды айтсам, мен сені ешкімге де қимайды екем

«Шыда»

Шыда, Шыда,
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады.
Өкінбе, өкпелеме
Бүгініңе
өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып табынбағын.
Шыда, шыда
Шыдай түс, тағы шыда,
Тау құлатқан тасқынның ағысына.
Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...

«Қазақстан»

Жақсы атанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием десем.
Адам болып күн кешу қиын маған,
Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Қазақстан, пай-пай!!!
Пай-пай Ардағым-ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай.өлеңдері оқылады
/«Мен деп ойла» әні орындалады
Аяулым ,Самира

2-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы- оның поэмалары. «Ильич» 1964 жыл, «Мавр» 1970 жыл,  ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланды.

Олай болса, кешімізідің ІІІ бөліміне кезек берсек.

   «Аққудың қанатына жазылған сыр» Аққулар ұйықтағанда поэмасынан үзінді

/ «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді көрініс көрсетеді «Аққулар ұйықтағанда» /

1-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз. 

/  «Ақынға», «Нені аңсайды», өлеңдері оқылады

«Сенің көзің» өлеңін заманауи тұрғыда өңделіп, орындалады/

2 - жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі./оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Бүгін менің туған күнім» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш

Автор: Ба?ыт?ызы К?л?ш

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303387


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства