kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қабдеш Жұмаділов: «Қозыкүрең"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін тексеру, әңгіме мазмұнын талдау арқылы тереңірек меңгерту;

Тәрбиелілігі: адами сезімді қастерлеу, адал достыққа, сыйластыққа  тәрбиелеу;

Дамытушылығы: әдеби шығарма  идеясын тануға үйрету, өз бетінше іздене білуін, өзіндікпікірін қалыптастыру,шығармашылық қабілетін дамыту;

Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері, шығармашылық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш  Жұмаділовтің портреті, тірек  сызбалар, кесте, суреттер;

Пәнаралық байланыс:  тіл, тарих, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгендеу. Реттілік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қабдеш Жұмаділов: «Қозыкүрең"»


Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Кеңсуат ауылы

Қабдеш Жұмаділов: «Қозыкүрең»

(Қазақ әдебиеті. 5 – сынып)



Ихсанова Шолпан Қуанышқызы

Кеңсуат негізгі жалпы білім беретін мектебі

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін тексеру, әңгіме мазмұнын талдау арқылы тереңірек меңгерту;

Тәрбиелілігі: адами сезімді қастерлеу, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;

Дамытушылығы: әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, өз бетінше іздене білуін, өзіндікпікірін қалыптастыру,шығармашылық қабілетін дамыту;

Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері, шығармашылық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, тірек сызбалар, кесте, суреттер;

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгендеу. Реттілік.

Тренинг – «Таныстыру»

Сыныпты алға шығару, оқушылар шеңбер болып тұрады, өздерінің есімдерінің бас әріптерін сын есімдермен тіркестіріп айтып шығады: Мен - ақылды Аружанмын. Мен - жібектей Жұпармын. Мен - батыл Бекжанмын. Мен - әдепті Әлібимін....

Үш түрлі конфеттер таңдату арқылы сыныпты үш топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. «Жуан – жіңішке» сұрақтар – «Қозыкүрең әңгімесі бойынша үш топ мүшелері бір – біріне сұрақтар қояды.


«Жуан» сұрақтар – оқушыны ойландыратын, өз ойын, пікірін айтатын сұрақтар болу керек, «Жіңішке» сұрақтар – жауабы мәтін ішінде бар, жеңіл сұрақтар;


Үлгі: «Жуан» сұрақтар –1. Ағыбайдың бөтен елге баруы дұрыс па?

2. Әке аманаты дегенді қалай түсінесің?

3. Ауылда Саяқбай сияқты жылқы малын жақсы білетін адамдар бар ма?

«Жіңішке» сұрақтар – 1. Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған қандай жағдай еді?

2. Әңгімедегі Ержан мен Ерқанаттың Ағыбайға қандай туыстығы бар?

3. Қозыкүреңдегі өзгерісті алдымен байқаған кім?


  1. «Қозыкүрең» әңгімесі бойынша «Түсініктеме күнделігін» толтыру

1-ші топтың жауабы

Әңгіме аты

Маған әсер еткен тұсы


Үзінді жайлы менің ойым

«Қозыкүрең»

Қозыкүрең бірнеше күн оттан, судан тыйылып,өзін-өзі мейіздей қатырып, жаратуы. Кісі бойы шарбақтан серіппедей созылып бір-ақ секіріп, бір-екі рет кісінеп шығысқа қарай жөнелуі.

Адам сияқты жануар да туған жерін аңсап сағынады екен. Жылқы жершіл жануар. Туған жер – алтын бесік.


Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.


ІІІ. Жаңа сабақ

Үш топқа тапсырма беру


1-ші топқа тапсырма - әңгімеге композициялық талдау жасау

Әңгіменің басталуы Қонаққа бару

Әңгіменің дамуы Қозыкүрең туралы әңгіме

Әңгіменің байланысуы Еділ жағасында

Әңгіменің шиеленісуі Саяқбайдың ескертуі

Әңгіменің шарықтау шегі Қозыкүреңнің қашуы

Әңгіменің шешімі Қозыкүреңнің туған жерге келіп жетуі

Қорытынды Достың сыйы



2-ші топтың тапсырмасы - әңгімені сатылай- кешенді талдау


  • 1/ Авторы – Қабдеш Жұмаділов

  • 2/ Тақырыбы – «Қозыкүрең»

  • 3/ Жанр түрі – проза

  • 4/ Идеясы – достыққа адалдық, туған жерге сүйіспеншілік

  • 5/ Түйіні – туған жерді сүюге, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу;


3-ші топқа тапсырма - әңгімедегі мақал – мәтелдерді теріп жазу

Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес;

Жиеннің назары қатты болады;

Берген жомарт емес, алған - жомарт;

Ер арыса – аруақ, ат арыса – тулақ;


2) «Бес жолды тұжырымдама»


1 – топ - Ағыбай 2 – топ – Төреқұл

1. Ағыбай 1. Төреқұл

2. Ақкөңіл, адал 2. Бауырмал, қонақжай

3. Сайланып шықты, іздеп барды, аманатты орындады 3. Қонақ қылды, қуанды, сыйлады

4. Ағыбай әке аманатын орындады. 4. Ағыбайға кетерінде ат мінгізді.. 5. Жан 5. Пенде


3 – топ – Саяқбай

1. Саяқбай

2. Қарт, көпті көрген

3. Байқады, таныды, арулап жерледі

4. Саяқбай Қозыкүреңді даусынан таныды.

5. Адам


«Ыссы орындық» - әр топтан бір оқушыдан шығып, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ қоятын топ мүшелері оқушыға қиынырақ сұрақ беріп, «ыссы орындыққа» күйдіруге тырысады.

Дұрыс жауап берген оқушыға «Жұлдызды отшашу» марапат көрсетіледі

VІ. Сабақты бекіту


РАФТ әдісі бойынша - шығармашылық жұмыс

2-ші топтың жұмысы

Роль

Аудитория

Форма


Тақырып

Оқушы

Қозыкүреңге

хат

Туған жерге жеттің бе, Қозыкүрең?



Әр топ аудитория, форма, тақырыпты өздері таңдайды

Аудитория – Қозыкүреңге, туған жерге, шығарма кейіпкерлеріне

Форма – хат, эссе, өлең, сурет, үндеу

Үлгі тақырыптар – «Туған жерге сағыныш», «Туған жерге жеттің бе, Қозыкүрең?»,

«Ұлы достық», «Әке аманаты», «Төрт түліктің патшасы – жылқы»


VІІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» - үш топ бір-бірін бүгінгі сабақтағы екі жетістігін және бір ұсыныс айтып бағалайды.


  1. Үй тапсырмасын беру:

1. Жылқы – ер қанаты» - эссе жазу







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қабдеш Жұмаділов: «Қозыкүрең"

Автор: Ихсанова Шолпан Қуанышевна

Дата: 22.03.2017

Номер свидетельства: 402433

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "?абдеш Ж?маділов. «?аздар ?айтып барады» ??гімесіні? т?рбиелік м?ні. "
    ["seo_title"] => string(74) "k-abdiesh-zhu-madilov-k-azdar-k-aityp-barady-n-ghimiesinin-t-rbiielik-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "164743"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422695280"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Қозыкүрең"
    ["seo_title"] => string(11) "k_ozykurien"
    ["file_id"] => string(6) "392024"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487149835"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "?абдеш  Ж?маділов "?озык?ре?"  ??гімесі 5-сынып ?аза?  ?дебиеті"
    ["seo_title"] => string(69) "k-abdiesh-zhu-madilov-k-ozykurien-n-ghimiesi-5-synyp-k-azak-diebiieti"
    ["file_id"] => string(6) "253399"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447594293"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) "?озык?ре?"
    ["seo_title"] => string(11) "k-ozykurien"
    ["file_id"] => string(6) "311543"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459230061"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "план урока на тему "?озык?ре?" ?.Жумаділова "
    ["seo_title"] => string(45) "plan-uroka-na-tiemu-k-ozykurien-k-zhumadilova"
    ["file_id"] => string(6) "212111"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431761283"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства