-О?ушылар,сендерге ?н таныс па? -Б?л кімні? ?ле?і? А?ын туралы не білеміз? -?андай ?ле?дерін білесіздер? Оймызды ауызша білдіреміз. (Балаларды? жауабы ты?далады.)-Ендеше, б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбы да жерлес а?ынымыз, халы? жазушысы ?адыр Мырза ?ліні? шы?армашылы?ы мен ?ле?деріне арналма?.
5.Жа?а білімді ме?герту. ?адыр Мырзалиев Жымпиты ауылында ту?ан. Ол ата?ты ?аза? а?ыны, халы? жазушысы. ?аз МУ-ды? филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдыр?ан» журналында ?деби ?ызметкер, «Ж?лдыз» журналында поэзия ж?не сын б?ліміні? ме?герушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевті? ал?аш?ы ?ле?і 1954 «Пионер» журналында жариялан?ан. Ол «А? отау», «Домбыра», «?орамса?» т.б. шы?армаларын жазды. Ол шетел елдері ?шін е? ата?ты адам. Оны? е?бектерін шеделдіктер ?те жо?ары ба?алады.
1.Ұйымдастыру бөлімі. «Жылы сезім»(оқушылар шеңбер құру арқылы бірін-бірі оқыған шығармаларындағы жағымды кейіпкерлерге ұқсатып,атап айту)
2.Үй тапсырмасын сұрау.Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» романы бойынша «Бәйге жарысы» туралы эссе жазу.
3.Өткен тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар.
1)Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.
2)Ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, сырнай тартып жүрген бала кім?
3)Мөңкеге Ақан неге «Байқа бала Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отыр» деді?
4.«Ой шақыру» (Қ.Мырза Әлінің «Қазақ осы» әні қосылып тұрады. Тақтадан ақын портреті көрсетіледі.)
-Оқушылар,сендерге ән таныс па? -Бұл кімнің өлеңі? Ақын туралы не білеміз? -Қандай өлеңдерін білесіздер? Оймызды ауызша білдіреміз. (Балалардың жауабы тыңдалады.)-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да жерлес ақынымыз, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығы мен өлеңдеріне арналмақ.
5.Жаңа білімді меңгерту. Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.
1. Ақынның «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең
дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
2.Өлең мазмұнын түсіндіру.
3.Әдебиет теориясынан білім беру.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды-метафора
Ақ сүт-эпитпет
4.Өлең құрылысына қарай талдау. Алғашқы дәм, /ол да сендік /сүт еді,/-а,3бунақ,11 буын.
Ақ сүт берген/ қашанда үміт /күтеді,/-а,3бунақ,12 буын.
Отанымның/ өзі сенен /басталып./-б,3бунақ,11 буын.
Жауларыма /жеткен жерден /бітеді./-а,3бунақ,11буын. Бұл өлең 3 шумақты, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір-он екі буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған(а,а,б,а).
5.Топтық жұмыс.(оқушыларды екі топқа бөлу)
1-топ.Ана тақырыбында мақал-мәтел жазу.
2-топ.Ана тақырыбында нақыл,қанатты сөздер жазу.
6.Шығармашылықпен жұмыс.(Оқушылар «ана»тақырыбында өлең шығарады )
Оқушы:
Ана деген өмірдің мәні ғой,
Баға жетпес құндылығы ,сәні ғой.
Қадірлеңдер,бағалаңдар ананы,
Мейірімге бөлеген ол баршаны.
Оқушы:
Ана деген өмірімнің тірегі,
Тек «бала» деп соғып тұрар жүрегі.
Ана сүтін бәрің татып көрдіңдер,
Баласының қамын ойлап жүреді.
6.Жаңа білімді бекіту.“РАФТ” әдісі. (Өтілген тақырып бойынша) Білемін.Қадыр Мырза Әлидің ақын екендігін.
Нені білдім? Ақын өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын.
Нені білгім келеді?Қадыр Мырза Әлидің отбасы туралы. 7.Үйге тапсырма беру. Ақын өмірін оқу,«Ана» өлеңін жаттау,эссе жазу.