kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалар ?дебиетіні? ?ш б?йтерегі - М?зафар ?лімбаев, Т?манбай Молда?алиев ж?не ?адыр Мырза ?лі

Нажмите, чтобы узнать подробности

. Т?манбай Молда?алиев с?зіне жазыл?ан Ш?мші ?алдая?овты? ?ні «?нім сен еді?» 2. Балалар басылымдарыны? басын біріктірген мемлекеттік «Жас ?ркен» серіктестігі биыл?ы жылды Балалар ?дебиетіні? ?ш б?йтерегі - М?зафар ?лімбаев, Т?манбай Молда?алиев ж?не ?адыр Мырза ?ліге арнап отыр. Біз де «Балдыр?ан» журналыны? т?ра?ты о?ырмандары осы балалар ?дебиетіні? ?ш алыбы - М?зафар ?лімбаев, Т?манбай Молда?алиев ж?не ?адыр Мырза ?ліні? ?мірі мен балалар ?дебиетіне ?ос?ан ?лесін д?ріптегелі отырмыз. «Жа?сыны? жа?сылы?ын айт, н?ры тасысын » дегендей, с?з маржанын тере білген, бал?ындарды? с?йікті а?ындары, к?п ?ырлы талант иелері - М?зафар ?лімбаев, Т?манбай Молда?алиев ж?не ?адыр Мырза ?ліні? есімін білмейтін кісі кемде-кем. Е?бектеген баладан е?кейген ?ария?а дейін біледі десек ?ателеспейміз.?йткені осы а?ындарды? ?ле?-та?па?тарын тілі жа?а шы?ып келе жат?ан с?биден бастап, мектеп табалдыры?ын атта?ан ?р бір бала жаттап ?седі, ?ндерін ?уендерімен айтады. 3. ?мірдерек Т?манбай Молда?алиев (1935 – 2011) ?аза?ты? лирик а?ыны, сыршыл сазгері – Т?манбай Молда?алиев 1935жылды? 20 наурызында Алматы облысы, Е?бекші?аза? ауданы, «Жарсу» совхозында д?ниеге келді. 1956 жылы - ?аза?ты? Мемлекеттік университетіні? филология факультетін бітірді. 1970-1973 жылдары "Пионер" журналында ж?мыс істеді. 1970-1973 жылдары "Балдыр?ан" журналыны? жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанында?ы Балалар ж?не жастар ?дебиетіні? бас редакциясы мен "Жалын" альмана?ыны? бас редакторы. Т.Молда?алиев - жас ?рпа?ты? тамаша т?рбиешісі, ?ла?атты ?стазы. О?ан “Жалында”, “Балдыр?анда” ат?ар?ан ?ызметтері д?лел. Студент кезіні? ?зінде-а? “Студент д?птері ” деп аталатын жыр жина?ымен хал?ын ?уантып, дарынды а?ын атан?ан. Т.Молда?алиев ?р алуан та?ырыпта ?алам тарт?ан. Таби?ат лирикасына, ту?ан жеріне т.б та?ырыпта жазыл?ан ?ле?дері сезімге толы. А?ынды?ты? абзалы, хал?ымызды? с?йікті ?лыны? 70 жас?а тол?ан мерейтойы 2005 жылды? ?араша айында Республика к?лемінде ке?інен аталып ?тілді. Т. Молда?алиевті? жас кезінен аса дарынды, шо?ты?ы биік а?ын бол?анды?ын к?реміз. ?алы? ?аза?ы «Т?маш а?а» деп еркелеткен а?ын Т?манбай Молда?алиев ?з ?мірін ?ле?мен ?рнектеген жан. Басылым беттеріне берген с?хбаттарыны? бірінде: «К??ілімнен ?ле?ні? оты ?шкен к?ні жер бетінде ж?ре ?оймаспын. ?ле?нен ?з орнымды таптым» деген еді. Расында да, ??мырыны? со??ы с?ттеріне дейін а?ын ата ?ле? жазуды то?татпа?ан. • Лирикалы? ?ле?дермен ?атар, ол балалар ?дебиетін назардан тыс ?алдыр?ан жо?. К?зі тірісінде ?аза? ?дебиетіні? классигі атан?ан Т?маш ата ?аза? ?ншілеріні? орындауында?ы ?ндерді? басым к?пшілігіне с?з жаз?ан еді. ?аза? музыкасыны? д?лд?лдері Ш?мші ?алдая?ов, Н?р?иса Тілендиев, ?сет Бейсеуов сия?ты сазгерлермен ты?ыз байланыста болып, талай ?ндерді? д?ниеге келуіне ы?пал етті. Ол ал?аш рет Ш?мші ?алдая?овты? «?ыз са?ынышы» атты ?ніне м?тін жаз?ан болатын. Бірде Ш?мші ?алдая?ов Т?манбай Молда?алиевке ?ыз баланы? атынан ?ле? жазып беруін ?тінеді. А?ын «?ызды? атынан ?алайша ?ле? жазу?а болады» деп біраз ?инал?анымен, к?п уа?ыт ?тпей, ?н с?зін жазып береді. • К?ндерді? к?нінде «Жазушы» баспасыны? поэзия редакциясында ?ызмет ететін а?ын?а Ш?мші ?алдая?ов арнайы келіп: «?зі?ді тосып ж?рмін. Д?ниеге бір ?н келді. Оны? с?здерін тек ?ана сен жазуы? керек. Б?л ?н би ала?ында айтылатын ?н болады» деп айтады. А?а ?тінішін ая? асты ?ылмас ?шін а?ын бірден ?олына ?алам алып, ?ле? жазу?а кіріседі. Дайын м?тінді сазгерге к?рсеткенде ол: «Бас?а біреуге беріп ?оясы?» деп с?з жазыл?ан ?а?азды дереу ?алтасына салып алып кетеді. Бірер к?н ?ткен со? Т?манбайды дайын ?нді ты?дау?а ша?ырады. А?ын ал?аш?ыларды? бірі болып Ришат Абдуллинні? орындауында?ы «Ба?ыт ??ша?ында» ?нін ты?дайды. • Т?манбай а?ын Ш.?алдая?овты? «Ба?ыт ??ша?ында», «?нім сен еді?», Н. Тілендиевті? «?айран мені? ж?регім», «Ку? бол», «??стар ?айтып барады», ?сет Бейсеуовты? «Ша?ырады к?ктем», Сейдолла Б?йтерековты? «Жан досым», Б?кен Жама?аевты? «Ертіс вальсі», ?уат Шілдебаевты? «Отан-Ана» т.с.с. ?ндерді? с?зін жаз?ан. Болмысынан мейірімді, ешкімні? к??ілін ?алдыр?ысы келмейтін а?ын ата алдына келген сазгер іні-?арындастарыны? ?тінішін ая? асты етпей, ?ле? жазып беретін. Оны? ?ле?дерінен талай жас сазгерлер шабыт тауып, жа?а ?ндерді д?ниеге ?келген. • Т.Молда?алиев?а «Ж?ректегі жазулар» ?ле?дер жина?ы ?шін ?аза?стан Республикасыны? Абай атында?ы Мемлекеттік сыйлы?ы берілген. • Ол - Халы?аралы? Физули сыйлы?ыны? лауреаты. • . 2011 жылы ?азанны? 10 к?ні Т?манбай Молда?алиев д?ниеден озды. ?аза?ты? ?ара ?ле?і ?ара жамылды. ?алы? ?аза? с?йікті а?ынын ?айтпас сапар?а шы?арып салды. Ол хал?ына ?ара ?ле?дері мен ?сем ?ндерді ?алдырды. Б?кіл ??мырын ?ле? жазумен ?ткізген а?ын атамызды? еселі е?бектері ел жадында м??гілік са?талып, келешекте талай-талай ?ндер д?ниеге келеді деп сенейік. 4. Сейдолла Б?йтерековты? «Жан досым» ?ні шамамен 1981 жылы д?ниеге келген. Сазгер бала к?нін еске алып, интернатта бірге ?скен дос-бауырларын са?ынып, ?н жазады. Кейін а?ын а?асына келіп: «Т?манбай а?а, мынау дос туралы ?н болсын» деп дайын ?уенді ты?датады. А?ынны? бірге ?сіп, жа?ын туыс болып кеткен Едіге Сапаев деген досына арналып жазыл?ан ?ле?і бар болатын. Б?л ?ле? мен ?уен бір ?йлесім тауып, д?ниеге «Дос туралы жыр» атты ?н келеді. Кейін оны? атауы «Жан досым» болып кетеді.Т?манбай Молда?алиев с?зіне жазыл?ан Сейдулла Байтерековты? ?ні «Дос туралы жыр». 5. Т?манбай Молда?алиев ?ле?дерінен ?зінділер о?у ?стаздар Жал?ызын алыстар?а аттандырмай Жас ана ?алатындай ба?тан ж?рдай ?зіндегі барыны? барлы?ын да Балалар?а беретін т?к ?алдырмай М??алім асыл ?стаз арда?тылар Ж?йріктен ж?ре келе са?ла? туар. ?асиетті ?олдары?мен ?здері?ні? К??іліне балаларды? шам жа?ты?дар. К??іліне с?билерді? к?н орнатып, Барасы? болаша??а тура тартып ?зі?ді берді? т?гел ту?ан елге Не жа?сылы? істейсі? б?дан арты? ?р ісі, ?р ?имылы? ?алады есте Ж?ректе арман оты жанады ?сте Т?рбие, т?лім бергіш к??ілменен Шынында ?мір с?ру ба? емес пе? ?й,??кей ба?ыттылар, ба? сарайлар Бар бол арман к?кірек а? самайлар К?рме?дер жаманшылы? еш?ашанда Данышпан жа?сы апайлар, жа?сы а?айлар Жол тап?ыш ауырлы?тан, ?иыннан да Жол к?ткен жа?ыннан да ?иырдан да Баланы? ж?регінде ?мір с?ру Ба?ытты ?здері?е б?йыр?ан?а ?стаздар ма?таны?дар, масайра?дар К?теді сендерді ба?, не сайрандар Балалар ба?ытымен ж?рген ша?та ?мытпай ?здері?ді ?оса ойла?дар ?р?айсы? а?ызсы?дар жатып ты?дар, Иесі арманны? да, ба?ытты? да А? басты академик са?ан ?арыз ?зін де президентті? о?ытты?дар Ж?ремін ?р?айсы?ды к?ріп тірек ?шады дегені?е к?ніп т?лек Тау, дала сенен о?ып г?л ашып т?р Д?ние сен бол?ан со? к?ріктірек. Білеміз, сендерді ?мір ?атты етпесін Г?лсі?дер шы??ан жарып к?ктем т?сін ?стаздар, ??кей ?лы к?кіректер Б?рі?ні? бастары?нан ба? кетпесін. Бірге шы?а берейік ( Досым С?леевке) Кеткен жо? жол?а тастап к?п керегін Алпысты? ас?арына беттеді елі? «Алматы т?ні» атал?ан сені? ?ні? К?терді ?ле?імді к?кке мені? Бейтаныс досым деген жас адамым Бай?аусызда боп шы?ты? аса дарын Барды ?алай жасырам, жасырмаймын, Ба?ын ашты жырымны? ?сем ?нні? Тау баласы Ас?а?тап бір айбыны?, ?олы? тимей ойнау?а. ?ой ?айырып, тай мініп, Ж?ріп пе еді? жайлауда? К?й сор?алап ?уе?нен, Жел со?ады желіккен. ?бсеметпен, ?бенмен, К?ш сынасып к?ріп пе е?? Саласы? – ау бары?ды, Нені ?йренді?, не к?рді?. ?бсемет те ?арулы, Айласы к?п ?бенні?. ??кей к?шті ж?рт сонда Тауда осалдар ж?рмейді. Жы?ылса? да, жы?са? да, Ешкім са?ан к?лмейді. Жа?быр Жа?быр, жа?быр, жау, жа?быр, Дала ш?лдеп т?р?анда. Шайылып ?ыстан ?ал?ан кір Жайнасын г?л ?ырларда. Жа?быр,жа?быр, т?гіп ?т, Жай?алтып кет ба?ымды. Бір м?з болсын т??ірек, Естіп сені? ?ні?ді. Жа?быр, жа?быр, т?пеле, Егін басын к?терсін. Мені? ди?ан к?кеме, К?п ?уаныш ?келсін. Астана Астана – арман ?ала, Ба?ы бір жан?ан ?ала. Т?рады ол жап – жасыл болып, Мен ?лкен бол?анда да. Т?кті о?ан н?рын дала, Астана – с?лу ?ала. Біз оны анамыздай, С?йеміз шынында да. Ж?ректе са?тап атын, Ж?ретін салтанатым. Астана – биігіміз, Биіктер к?нге жа?ын. 6 ?н: Ку? бол 7. ?мірдерек М?зафар ?лімбаев ?аза?станны? халы? жазушысы, Мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты, ?аза? ?дебиетінде со?ыс с?рапылын бастан кешіп келген ?аламгер шо?ырыны? бірі , ?аза?ты? к?рнекті ?кілі – М?зафар ?лімбаев 1923 жылы 29 ?азанда Павлодар облысы, Шарба?ты ауданы Маралды ауылында д?ниеге келген. ?нші-к?йшілерді?, а?ын-жырауларды? думан ??р?ан ?нер т?рінде, соларды? т?тті сазын, татымды с?зін ?аршадайынан ??ла?ына ??йып ?скен. М?за?а? бес жасында ?ріпті ?ліп деп біліп, кітап о?и баста?ан. Алтыншы сыныпта ауыл кітапханасыны? бір ?ыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырса?тан» бастап, «Батырлар жырын» орта?а ала, А.С. Пушкинні? т?рт томды?ын тауысады. ?кеден сегіз жаста, шешеден 13 жасында айырылып, жетімдікті? зіл мен м?? екенін аны? та толы? сезді. ?се келе талантты жас бала ?зіні? жігері мен талапша?ды?ы ар?асында 1965жылы ?л-Фараби атында?ы ?аза? ?лтты? университетін бітірді, 1978 –жылдан ?азКСР-ні? е?бек сі?ірген м?дениет ?айраткері, 1994-жылдан ?аза?стан халы? жазушысы, 1996 жылдан Жамбыл атында?ы Халы?аралы? сыйлы?ты? иегері атанды. М?зафар ?лімбаев 1948-1958 жылдары «Пионер» журналында, «?аза? ?дебиеті» газетінде б?лім ме?герушісі, бас редакторды? орынбасары, 1958-1986 жылдары «Балдыр?ан» журналыны? бас редакторы болды. М?зафар ?лімбаев а?ынды? ба?ыты туралы айт?анда оны? ?аза? балалар ?дебиетіне сі?ірген е?бегіне то?талу шарт. ?зына тарихы ?ыры? жыл?а жуы?та?ан «Балдыр?ан» журналын М?зафар ?лімбаев ?олымен ??рып, 25жыл бас редактор ретінде бас?аруы ?аза? балалар ?дебиеті ?шін ырыс-??т болды. «Балдыр?ан» журналы ар?ылы д?ниеж?зі балалар ?дебиетіндегі бар д?ст?рлер мен эксперименттер ?аза? топыра?ына а?ытылды. ?аза? топыра?ында бойында?ы бар ж?парын балалар?а арнайтын шын м?ніндегі балалар ?аламгері «Балдыр?ан» ар?ылы ?алыптасты. Ол ?аза? балалар ?дебиетіні? ?атарда?ы ?аламгері ?ана емес, а?ын, прозашы, аудармашы, сыншы, жина?шы, ?йымдастырушы. М?зафар ?лімбаев ?аза? балалар ?дебиетін дамыту?а к?п е?бек сі?ірді. «Мені? ойыншы?ым», «Отпен ойнама», «Ора?-ола?», «Шыны?са? шымыр боласы?» та?ы бас?а кітаптары ?аза? балалар ?дебиетіне ?осыл?ан елеулі ?лес болды. «Аспанда?ы ?пке» жина?ы ?шін ?аза?станны? Мемлекеттік сыйлы?ы берілген. М?зафар ?лімбаев ма?ал-м?телдерді жинау, зерттеу, бас?а халы?тар ма?алдарын ?аза? тіліне аудару ж?мыстарымен де айналыс?ан. «666 ма?ал мен м?тел», «Ма?ал-с?зді? м?йегі», «?рнекті с?з-орта? ?азына», т.б. жина?тар мен зерттеу е?бектері жары? к?рді. ?лем ?дебиетіні? кейбір ?здік шы?армаларын ?аза? тіліне аударды. Жазушыны? ?ле?дері 38 тілге аударыл?ан. 8. ?ле?дерінен ?зінділер о?у М?зафар ?лімбаев ?аза? ?ні ?ойнында халы? ержеткен, ?аза?ы бесік тал бесік. ?лдилеп бізді тербеткен, ?лдиін айтса? ?н бесік. ?мытар айтшы ер неге, ??ла?та ана ?лдиі: Т?ныпты жастан кеудеге, ?аза?ты? т?тті ?н к?йі. Тербеліп ?нмен т?рады, Кемелде бізді? ке? дала. ?аза?ты? бітеу ??ла?ы, Болармын болсам мен ?ана. Сонда да сазым бір ?андай, Естісем жа?а ?ле?ні?. Ішіме сыймай т?р?андай, Келеді шыр?ай ж?нелгім. Еркелегім келеді Санайтын отызда?ы бізді бала, А? шашты, ?жім ж?зді, ізгі ана. Отырса ортасында ?рпа?ыны?, Секілді жемісі бай к?згі дала. Мен б?ла?ты не ?шін с?йем Балалар ба?шасыны? т?рін керней, ?осылып бір мы? б?бек бір к?лгендей. Бал б?ла? сылдырайды, бір ты?байды, Жас к?лкі к?міс болып т?гілгендей. А?ады дейсі? б?ла? ентелеп бір, ?седі жа?асында еркелеп г?л. Шіркін – ай, м?лдірін– ай, тазасын– ай, Кеп –кермек к?з жасына кім те?еп ж?р?.. Адамша ?олдан бермес ?з намысын, ?рісін ?рге ?арай соз?аны ?шін. Білмейтін то?талуды,то?ырауды ?натам ал?а тарт?ан ?оз?алысын. Ана ?шін Мал ?айт?анда ?рістен, Ша?ы ш?бап ?алатын. ?сем ?имыл – келіспен, Апам сиыр сауатын. Ыл?и б?зау салатын – Идіретін мен едім. Апам тоста? алатын, Тоспай т?рып шелегін. Иіген со?, сол ша?та Апам сауа бастайтын. Иі?ді с?т тоста??а Жайлап тама бастайтын. • Жар?ыра, – деп, ж?лдызым, Тілек те еттім, ??лыным! Ойын ба?ып, к?н ?зын, Ж?деп кетті?, ??лыным! Сен бір а??ау ??лынсы?, А?ылы?ы т?се ?ой. Беті?е ?ан ж?гірсін: Иіндіні іше ?ой. Аш ?алардай н?р татпай, Ала??асар шіркіні К?йбе?дейтін та? атпай, Шы?ып апам шыр – пыры... ?айран ана ?дайы Шырылдайды – ау бала ?шін... Не жа?сылы?, ??дайым, Жасады? біз ана ?шін?!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалар ?дебиетіні? ?ш б?йтерегі - М?зафар ?лімбаев, Т?манбай Молда?алиев ж?не ?адыр Мырза ?лі »

Балалар әдебиетінің үш бәйтерегі

1. Тұманбай Молдағалиев сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні «Әнім сен едің»

2. Балалар басылымдарының басын біріктірген мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі биылғы жылды балалар әдебиетінің үш бәйтерегі - Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев және Қадыр Мырза Әліге арнап отыр. Біз де «Балдырған» журналының тұрақты оқырмандары осы балалар әдебиетінің үш алыбы - Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев және Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен балалар әдебиетіне қосқан үлесін дәріптегелі отырмыз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын » дегендей, сөз маржанын тере білген, балғындардың сүйікті ақындары, көп қырлы талант иелері - Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев және Қадыр Мырза Әлінің есімін білмейтін кісі кемде-кем. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін біледі десек қателеспейміз.Өйткені осы ақындардың өлең-тақпақтарын тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиден бастап, мектеп табалдырығын аттаған әр бір бала жаттап өседі, әндерін әуендерімен айтады.

3. Өмірдерек

Тұманбай Молдағалиев (1935 – 2011)

Қазақтың лирик ақыны, сыршыл сазгері – Тұманбай Молдағалиев 1935жылдың 20 наурызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозында дүниеге келді.

1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

1970-1973 жылдары "Пионер" журналында жұмыс істеді.

1970-1973 жылдары "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды.

1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын" альманағының бас редакторы.

Т.Молдағалиев - жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы. Оған “Жалында”, “Балдырғанда” атқарған қызметтері дәлел. Студент кезінің өзінде-ақ “Студент дәптері ” деп аталатын жыр жинағымен халқын қуантып, дарынды ақын атанған. Т.Молдағалиев әр алуан тақырыпта қалам тартқан. Табиғат лирикасына, туған жеріне т.б тақырыпта жазылған өлеңдері сезімге толы.
Ақындықтың абзалы, халқымыздың сүйікті ұлының 70 жасқа толған мерейтойы 2005 жылдың қараша айында Республика көлемінде кеңінен аталып өтілді.
Т. Молдағалиевтің жас кезінен аса дарынды, шоқтығы биік ақын болғандығын көреміз. Қалың қазағы «Тұмаш аға» деп еркелеткен ақын Тұманбай Молдағалиев өз өмірін өлеңмен өрнектеген жан. Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде: «Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын. Өлеңнен өз орнымды таптым» деген еді. Расында да, ғұмырының соңғы сәттеріне дейін ақын ата өлең жазуды тоқтатпаған.

  • Лирикалық өлеңдермен қатар, ол балалар әдебиетін назардан тыс қалдырған жоқ. Көзі тірісінде қазақ әдебиетінің классигі атанған Тұмаш ата қазақ әншілерінің орындауындағы әндердің басым көпшілігіне сөз жазған еді. Қазақ музыкасының дүлдүлдері Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен тығыз байланыста болып, талай әндердің дүниеге келуіне ықпал етті. Ол алғаш рет Шәмші Қалдаяқовтың «Қыз сағынышы» атты әніне мәтін жазған болатын. Бірде Шәмші Қалдаяқов Тұманбай Молдағалиевке қыз баланың атынан өлең жазып беруін өтінеді. Ақын «Қыздың атынан қалайша өлең жазуға болады» деп біраз қиналғанымен, көп уақыт өтпей, ән сөзін жазып береді.

  • Күндердің күнінде «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында қызмет ететін ақынға Шәмші Қалдаяқов арнайы келіп: «Өзіңді тосып жүрмін. Дүниеге бір ән келді. Оның сөздерін тек қана сен жазуың керек. Бұл ән би алаңында айтылатын ән болады» деп айтады. Аға өтінішін аяқ асты қылмас үшін ақын бірден қолына қалам алып, өлең жазуға кіріседі. Дайын мәтінді сазгерге көрсеткенде ол: «Басқа біреуге беріп қоясың» деп сөз жазылған қағазды дереу қалтасына салып алып кетеді. Бірер күн өткен соң Тұманбайды дайын әнді тыңдауға шақырады. Ақын алғашқылардың бірі болып Ришат Абдуллиннің орындауындағы «Бақыт құшағында» әнін тыңдайды.

  • Тұманбай ақын Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», Н. Тілендиевтің «Қайран менің жүрегім», «Куә бол», «Құстар қайтып барады», Әсет Бейсеуовтың «Шақырады көктем», Сейдолла Бәйтерековтың «Жан досым», Бөкен Жамақаевтың «Ертіс вальсі», Қуат Шілдебаевтың «Отан-Ана» т.с.с. әндердің сөзін жазған. Болмысынан мейірімді, ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін ақын ата алдына келген сазгер іні-қарындастарының өтінішін аяқ асты етпей, өлең жазып беретін. Оның өлеңдерінен талай жас сазгерлер шабыт тауып, жаңа әндерді дүниеге әкелген.

  • Т.Молдағалиевқа «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.

  • Ол - Халықаралық Физули сыйлығының лауреаты.

  • . 2011 жылы қазанның 10 күні Тұманбай Молдағалиев дүниеден озды. Қазақтың қара өлеңі қара жамылды. Қалың қазақ сүйікті ақынын қайтпас сапарға шығарып салды. Ол халқына қара өлеңдері мен әсем әндерді қалдырды. Бүкіл ғұмырын өлең жазумен өткізген ақын атамыздың еселі еңбектері ел жадында мәңгілік сақталып, келешекте талай-талай әндер дүниеге келеді деп сенейік.


4. Сейдолла Бәйтерековтың «Жан досым» әні шамамен 1981 жылы дүниеге келген. Сазгер бала күнін еске алып, интернатта бірге өскен дос-бауырларын сағынып, ән жазады. Кейін ақын ағасына келіп: «Тұманбай аға, мынау дос туралы ән болсын» деп дайын әуенді тыңдатады. Ақынның бірге өсіп, жақын туыс болып кеткен Едіге Сапаев деген досына арналып жазылған өлеңі бар болатын. Бұл өлең мен әуен бір үйлесім тауып, дүниеге «Дос туралы жыр» атты ән келеді. Кейін оның атауы «Жан досым» болып кетеді.Тұманбай Молдағалиев сөзіне жазылған Сейдулла Байтерековтың әні «Дос туралы жыр».


5. Тұманбай Молдағалиев өлеңдерінен үзінділер оқу

Ұстаздар

Жалғызын алыстарға аттандырмай

Жас ана қалатындай бақтан жұрдай

Өзіндегі барының барлығын да

Балаларға беретін түк қалдырмай


Мұғалім асыл ұстаз ардақтылар

Жүйріктен жүре келе саңлақ туар.

Қасиетті қолдарыңмен өздеріңнің

Көңіліне балалардың шам жақтыңдар.


Көңіліне сәбилердің күн орнатып,

Барасың болашаққа тура тартып

Өзіңді бердің түгел туған елге

Не жақсылық істейсің бұдан артық


Әр ісі, әр қимылың қалады есте

Жүректе арман оты жанады әсте

Тәрбие, тәлім бергіш көңілменен

Шынында өмір сүру бақ емес пе?


Әй,өңкей бақыттылар, бақ сарайлар

Бар бол арман көкірек ақ самайлар

Көрмеңдер жаманшылық ешқашанда

Данышпан жақсы апайлар, жақсы ағайлар


Жол тапқыш ауырлықтан, қиыннан да

Жол күткен жақыннан да қиырдан да

Баланың жүрегінде өмір сүру

Бақытты өздеріңе бұйырғанға


Ұстаздар мақтаныңдар, масайраңдар

Күтеді сендерді бақ, не сайрандар

Балалар бақытымен жүрген шақта

Ұмытпай өздеріңді қоса ойлаңдар


Әрқайсың аңызсыңдар жатып тыңдар,

Иесі арманның да, бақыттың да

Ақ басты академик саған қарыз

Өзін де президенттің оқыттыңдар


Жүремін әрқайсыңды көріп тірек

Ұшады дегеніңе көніп түлек

Тау, дала сенен оқып гүл ашып тұр

Дүние сен болған соң көріктірек.


Білеміз, сендерді өмір қатты етпесін

Гүлсіңдер шыққан жарып көктем төсін

Ұстаздар, өңкей ұлы көкіректер

Бәріңнің бастарыңнан бақ кетпесін.





Бірге шыға берейік

( Досым Сүлеевке)

Кеткен жоқ жолға тастап көп керегін

Алпыстың асқарына беттеді елің

«Алматы түні» аталған сенің әнің

Көтерді өлеңімді көкке менің


Бейтаныс досым деген жас адамым

Байқаусызда боп шықтың аса дарын

Барды қалай жасырам, жасырмаймын,

Бағын ашты жырымның әсем әннің


Тау баласы


Асқақтап бір айбының,

Қолың тимей ойнауға.

Қой қайырып, тай мініп,

Жүріп пе едің жайлауда?


Күй сорғалап әуеңнен,

Жел соғады желіккен.

Әбсеметпен, Әбенмен,

Күш сынасып көріп пе ең?


Саласың – ау барыңды,

Нені үйрендің, не көрдің.

Әбсемет те қарулы,

Айласы көп Әбеннің.


Өңкей күшті жұрт сонда

Тауда осалдар жүрмейді.

Жығылсаң да, жықсаң да,

Ешкім саған күлмейді.




Жаңбыр

Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр,

Дала шөлдеп тұрғанда.

Шайылып қыстан қалған кір

Жайнасын гүл қырларда.


Жаңбыр,жаңбыр, төгіп өт,

Жайқалтып кет бағымды.

Бір мәз болсын төңірек,

Естіп сенің әніңді.


Жаңбыр, жаңбыр, төпеле,

Егін басын көтерсін.

Менің диқан көкеме,

Көп қуаныш әкелсін.



Астана


Астана – арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап – жасыл болып,

Мен үлкен болғанда да.


Төкті оған нұрын дала,

Астана – сұлу қала.

Біз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да.


Жүректе сақтап атын,

Жүретін салтанатым.

Астана – биігіміз,

Биіктер күнге жақын.




6 Ән: Куә бол


7. Өмірдерек


Мұзафар Әлімбаев

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі , қазақтың көрнекті өкілі – Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң бес жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. Алтыншы сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап, «Батырлар жырын» ортаға ала, А.С. Пушкиннің төрт томдығын тауысады. Әкеден сегіз жаста, шешеден 13 жасында айырылып, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. Өсе келе талантты жас бала өзінің жігері мен талапшаңдығы арқасында 1965жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді, 1978 –жылдан ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1994-жылдан Қазақстан халық жазушысы, 1996 жылдан Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері атанды.

Мұзафар Әлімбаев 1948-1958 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1958-1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды.

Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. Ол қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес, ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Мұзафар Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ-олақ», «Шынықсаң шымыр боласың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген.

Мұзафар Әлімбаев мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысқан. «666 мақал мен мәтел», «Мақал-сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз-ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.



8. Өлеңдерінен үзінділер оқу

Мұзафар Әлімбаев

Қазақ әні

Қойнында халық ержеткен,

Қазақы бесік тал бесік.

Әлдилеп бізді тербеткен,

Әлдиін айтсақ ән бесік.


Ұмытар айтшы ер неге,

Құлақта ана әлдиі:

Тұныпты жастан кеудеге,

Қазақтың тәтті ән күйі.


Тербеліп әнмен тұрады,

Кемелде біздің кең дала.

Қазақтың бітеу құлағы,

Болармын болсам мен ғана.


Сонда да сазым бір қандай,

Естісем жаңа өлеңнің.

Ішіме сыймай тұрғандай,

Келеді шырқай жөнелгім.


Еркелегім келеді


Санайтын отыздағы бізді бала,

Ақ шашты, әжім жүзді, ізгі ана.

Отырса ортасында ұрпағының,

Секілді жемісі бай күзгі дала.


Мен бұлақты не үшін сүйем


Балалар бақшасының төрін керней,

Қосылып бір мың бөбек бір күлгендей.

Бал бұлақ сылдырайды, бір тыңбайды,

Жас күлкі күміс болып төгілгендей.


Ағады дейсің бұлақ ентелеп бір,

Өседі жағасында еркелеп гүл.

Шіркін – ай, мөлдірін– ай, тазасын– ай,

Кеп –кермек көз жасына кім теңеп жүр?..


Адамша қолдан бермес өз намысын,

Өрісін өрге қарай созғаны үшін.

Білмейтін тоқталуды,тоқырауды

Ұнатам алға тартқан қозғалысын.

Ана үшін

Мал қайтқанда өрістен,

Шаңы шұбап қалатын.

Әсем қимыл – келіспен,

Апам сиыр сауатын.


Ылғи бұзау салатын –

Идіретін мен едім.

Апам тостақ алатын,

Тоспай тұрып шелегін.


Иіген соң, сол шақта

Апам сауа бастайтын.

Иіңді сүт тостаққа

Жайлап тама бастайтын.


  • Жарқыра, – деп, жұлдызым,

Тілек те еттім, құлыным!

Ойын бағып, күн ұзын,

Жүдеп кеттің, құлыным!


Сен бір аңқау құлынсың,

Ақылыңы түсе ғой.

Бетіңе қан жүгірсін:

Иіндіні іше ғой.


Аш қалардай нәр татпай,

Алаңғасар шіркіні

Күйбеңдейтін таң атпай,

Шығып апам шыр – пыры...


Қайран ана ұдайы

Шырылдайды – ау бала үшін...

Не жақсылық, құдайым,

Жасадық біз ана үшін?!




Ұстазыма


Сүйікті, парасатты мұғалімім!

Өзіңдей адам жанын ұғады кім?!

Бас иіп шәкіртіңдей құрмет тұтып,

Алдыңнан алғыс – өлең шығар бүгін.


...Бердің де Ата кітап әліппеңді,

Солдаттай сапқа тізіп әріптерді.

Алғашқы сабағының өзі – дағы

Алдыма әлем сырын алып келді.


Әлемді араладым бір өзіңмен,

Көргендей екеу емес,мың көзіммен.

Талмастан тас ғасырын тарих бетін

Ақтардым.Есіңде ме сол кезгі мен?




Ана тілі-ақ сүті


Сәулесі жарық санам да –сенсің

Тыныстайтын ауам да сенсің

Өзге тілдердің орманын шарлап

Сағынып қайтар далам да сенсің


Тоты қанат бояуы бар мың түрлі

Туа салып білгендеймін бұл тілді,

Әркім менше сүйер болар өз тілін

Туған тілім – туған анам сүйкімді.


Жаурасам да, жансам да

Осы тілде сайрап ем

Мылқау болып қалсам да

Осы тілде ойлар ем!


Ең алғаш осы тілде «Апа» дедім

Со сөзді тілдің басы атар едім

Анасын алласынан бұрынырақ

Аялап ауызға алған ата-тегім



Тілің халқың. Халқың тілің. Қос егіз!

Екеуінің саясында өсеміз.

Халық пен тіл жасай берер қос емен

Саясында көгереді көсегең


Көктем келді

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан – жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.


Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ, білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім!» - деп.


Мәншүк апай


Мақтан еткен мектебі,

Бестік толы дәптері.

Білім құмар балаға,

Жұрт қызыға қараған.


Соғыс бұлты төнгенде,

Серік болып ерлерге.

Жаудың бетін тойтарған,

Елдің кегін қайтарған.


Мәншүк апай – батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз.

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз.







Дала баласы


Бес жасынан ат құлағында ойнайтын,

Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын

Мен баласы даланың!


Жеті түнде бес жүз қойдың түс – кейпін

Бес саусақтай түгендейтін, түспейтін

Мен баласы даланың!


Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,

Ақ Жайықта қуанып ел, марқайған,

Мен баласы даланың!


9. Ән: Дала сенің ұлыңмын


10. Өмірдерек


Қадыр Мырза Әлі (1935-2011)

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы - Қадыр Ғинаят ұлы Мырзалиев 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. 1958 жылы қазақ Мемлекеттік университетінің филология факултетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса » баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

Оның тұңғыш туындысы 1954жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық , сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Қадыр Мырза Әли көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғұламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк , болгар, венгр, фин тілдеріне аударылды.

1966жылы «ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қадыр Мырзалиевке Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді.

1980жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ол Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

2001 жыл Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Монғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды.

Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мұшесі болды.

Қазақтың біртуар ақыны, жазушы, балалар әдебиетінің алыбы Қадыр Мырза Әлі 24 қаңтар 2011жылы 76 жасында дүниеден озды.

11 . Өлеңдерінен үзінділер оқу. Балалар бүгін бізге қонаққа Тазша бала келіп отыр. Енді кезекті Тазша балаға берейік. Қ. Мырзалиев «Өтірік өлең».


Білсеңіздер,балалар,

Неге маған сенбейді.

Неге маған балалар:

«Судырақсың сен!» - дейді.


-Ойланбастан өлеңмен,

Айтсам қырық өтірік.

Сол балаға берем мен,

Асыранды бөлтірік.


Ал сөйлеңдер! - деді аға

Бір тебініп торы атын.

Өзім сонда дем алмай,

Өтірікті бораттым.

Шіркейді ерттеп міндім де

Ғұмыр бойы түспедім.

Көлеңкемді көмдім де,

Шынтағымды тістедім.


Күшім менің ең кемі,

Күшімен тең мың аттың.

Бегамоттың үлкенін,

Бір үрлеп – ақ суаттым.


Елу метр есіктен

Еңкеюмен шақ кірдім.

Жүз қасқырды өшіккен,

Бір қозыға бақтырдым.



Сатурнның қасынан

Үй тұрғызып,

Жаңа мен

Эльбурстың басынан,

Сырғып түстім шанамен.


Каспий суын ерінбей,

Қырға төгіп түгестім.

Күн көзіне көрінбей,

Сексеуілдей тік өстім.


Жуып – жуып сабынның,

Қалың кірін арылттым.

Өлең жазып танылдым,

Тілдерінде бар ұлттың.


Терісімен кірпінің,

Тыстадым құс төсекті.

Шығардым мен бір күні,

Ғалым қылып есекті




Қ. Мырзалиев өлеңдерінен үзінділер оқу


Тасбақаға отырып,

Басып оздым таксиді.

Арыстанды өлтіріп,

Қоян тісі ақсиды.


Әлі есімде қарт кезім,

Таяқ қылдым тебенді.

Жалған болса бір сөзім,

Көрмейін мен төбемді.


Міне, осындай өтірік

Өлеңіме сый алдым.

Жұртты тыңдап отырып,

Өз – өзімнен ұялдым.


Содан бері, балалар:

«Судырақсың сен!» - дейді.

Содан бері, балалар

Сөзіме бір сенбейді.








Менің әжем


Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.


Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі - әжем.



Менің әжем, бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.


Менің әжем, нар әжем,

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда мен үшін,

Әр сүйгені дәрі әжем.


Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем!



Үлкен болғым келеді


Үй-жайымыз бар шағын

Әкем маған сенеді

Бала болып шаршадым

Үлкен болғым келеді


Бау бақша да көктепті

Білек түр де бақ сына

Баласына мектептің

Ойнай беру жақсы ма?


Қандай менің жазығым

Күшім кімнен кем еді?

Бала болып қажыдым

Үлкен болғым келеді



Күз

Жайып салды алдына қарағанды,

Жеміс тек күз келгенде келе қалды.

Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,

Жақтырмайды бірақ ол тонағанды.


Күтіп жүрек біз оны әуелі баста – ақ,

Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.

Астық,мақта, миуасын, бар байлығын,

Алып қалдық еңбекке айырбастап.


Не үшін керек?

  • Екі көзің не үшін керек?

  • Жақсыларды көру үшін!

  • Екі қолың не үшін керек?

  • Елге көмек беру үшін!

  • - Құлақ деген не үшін керек?

  • -Ақыл – кеңес тыңдау үшін!

  • - Жүрек деген не үшін керек?

  • - Жауларымнан қыңбау үшін!

  • Тіл мен жағың не үшін керек?

  • Ақиқатты айту үшін!

  • Ал аяғың?....

  • Шетте жүрсем,

  • Туған жерге қайту үшін!

  • Етікші

  • Көрдің, әлде көрмедің,

  • Етікші атам бар менің.

  • Қартпын деп ол айтпайды,

  • Қол қусырып жатпайды.

  • Суық күзде,көктемде,

  • Қара жаңбыр төккенде.

  • Кетпесін деп сыз өтіп,

  • Тігеді ол бізге етік.

  • Есеп

  • - Бес алманың үшеуін

  • Досың сұрап алады.

  • Айтшы, сонда нешеуі,

  • Өз қолыңда қалады? –

  • Тез шығара алмадым,

  • Мен бұл есеп – мысалды.

  • - Сол досым сол алманың

  • Бәрін алсын! – дей салдым.

  • Мұғалима

  • Мынау менің сезгенім:

  • Ол – кластың анасы.

  • Өзінің де өзгенің,

  • Баласы – оның баласы.

  • Қай кезде де,ол анық,

  • Қайғырмайды өзі үшін.

  • Біздер үшін қуанып,

  • Қызарады біз үшін.

  • Күнде «бестік» алсаң сен,

  • Онда басқа жоқ арман.

  • Ал оқымай барсаң сен,

  • Бір тал шашы ағарған.

  • 12. Би: «Шақырады көктем» Т.Молдағалиев сөзіне жазылған ән

  • 13. Ойын

  • Мұзафар Әлімбаев «Түзетіп оқы»

  • Май жақтым да үтікке,

  • Тоқ жібердім етікке.

  • Сұрап алып кеседен,

  • Қымыз іштім шешеден.

  • Өгіз жектім кілемге,

  • Әтір шаштым түренге.

  • Оқыдым қазы – қартаны,

  • Асадым тілсіз картаны,

  • Айнаны қайнаттым,

  • Ірімшік жайнаттым.

  • Қақтым опа,

  • Жақтым таға.

  • Құйдым сирақ,

  • Үйттім құймақ.

  • Құрдым тауды,

  • Шолдым ауды.

  • Кердім талқан,

  • Жедім арқан.

  • 14. Көрініс

  • Қадыр Мырзалиевтің «Ақиқат алдында» ертегісі желісі бойынша

  • Ертеде бір хан болыпты. Ханның ай десе аузы, күн десе көзі бар, бір ақылды қызы болыпты. Хан қызын тұрмысқа бермекші болады. Бірақ ханша ақылды, батыр жігітке тұрмысқа шыққысы келеді де, бір айла ойлап табады. «Кім де кім мені сөйлете алса, сол адамға тұрмысқа шығамын» - дейді. Хан қызының айтқанына көнеді.

  • Хан:

  • - Уа, жарандар, жарандар,

  • Әлдеріңе қараңдар!

  • Жұлдыздарың жанбаса,

  • Жалаң қылыш жалаңдар! –дейді.

  • Ханшаның сұлулығына ғашық болғандар ағыл – тегіл келіп жатады.

  • Байлар да, ұрылар да, батырлар да, кедейлер де, буыны жоқ бишілер, бар бармақты күйшілер, бұлбұл үнді әншілер де келіп, өз өнерлерін көрсетіп жатады. Бірақ ханшаны ешкім сөйлете алмай, бастарынан айырылып жатты.

  • Күн артынан күн, түн артынан түн өтіп жатты.Бірақ ханшаны ешкім де сөйлете алмады. Талай-талай адамдардың бастары алынды. Адамдар үміттерін үзіп, сарайға келуін тоқтатты.

  • Бір күні хан сарайынан қазына ұрланады. Қаһарлы хан жазықсыздан жазықсыз адамдарды өлтіре бастайды.

  • Оған шыдай алмаған ханша сөйлеп қояды:

  • «Әке, жазығы жоқ адамдарды неге өлтіресіз, олардың кінәсі жоқ ғой. Мен ұрыны көрдім. Жарайды ұрыға тұрмысқа шығамын, бірақ жазықсыз адамдарды өлтірмеңізші» - дейді. Сол кезде бір кедейдің баласы ортаға шығады.

  • Уа, ханым, ханша айтқан ұры мен боламын.Лағыл ханшаны сөйлете алмай талай – талай жазықсыз адамдардың бастары кесілді. Қазынаны ұрлаған себебім, ханшаны сөйлетудің амалы еді. Қазына менің үйімде тұр. Мен оның бір тиынына да тиіспедім.Міне, жазаласаңыздар мені жазалаңыздар бірақ жазықсыз адамдарды босатыңыздаршы! –дейді.

  • Сөйтіп әділдік іздеген жігіт Лағыл ханшаға үйленеді.

  • - Ханша, хан да, ханымда,

  • Уәзір, батыр, ғалым да.

  • Әлсіз екен, - деді жұрт,-

  • Ақиқаттың алдында!

  • 15. Ән: Отан Тайтуров Қабыл

  • 16. Қ. Мырзалиев жазған жұмбақтарға кезек берсек. Жұмбақтың шешуін көрермендер табады. Жеңімпаздарға сыйлықтар бар.

  • Жұмбақтар

  • Көйлек,бешпент, халатта,

  • Киген екен қабаттап,

  • Ақырында маусымның

  • Терлеп жанып күйгесін,

  • Үстіндегі бар киімнің

  • Қойды ағытып түймесін. ( капуста)

  • Ызақор бұғып жатыр.

  • Сақалын тығып жатыр. (пияз)

  • Күннен көзін алмайды,

  • Мойны бірақ талмайды (күнбағыс)

  • Кіргенде ініне сыңар ды,

  • Ұрпағын ертіп ол шығарды? (картоп)

  • Аласа талда

  • Алуан алма

  • Алқызыл болмай

  • Аузыңа салма (қызанақ)

  • От қойсаң – жалын шығар,

  • Бос қойсаң – жаның шығар. ( газ)

  • Білетін бар жұмысы:

  • Әлемнің төрт бұрышы –

  • Оңтүстік пен солтүстік,

  • Батысы мен шығысы. ( компас)

  • Аузы іште, мойны сыртта,

  • Бар жылуын берер жұртқа. (пеш)

  • Төңірегі тең көрініп,

  • Тегене жатыр төңкеріліп.

  • Жас та сыйған, кәрі сыйған,

  • Астына оның бәрі сыйған. (аспан)

  • Қанатсыз құс маңып барады,

  • Көзінен жасы тамып барады. (бұлт)

  • Бояуларым қашып кетті,

  • Көк қағазды басып кетті.

  • Қатарларын тізіп алды,

  • Арттарында ізі қалды. (кемпірқосақ)

  • Ақ моншақтар сабалар,

  • Қалмайды олар жанды аяп.

  • Жатып – жатып жоғалар,

  • Ешкім жинап алмай – ақ. (бұршақ)

  • Ертеңгілік үлкен,

  • Кешкілік үлкен,

  • Талма түсте кішкентай. (күн)

  • Жаңылтпаштар

  • Үш кіші ішік піштім,

  • Бес кіші ішік піштім, -

  • Неше кіші ішік піштім?

  • Шемішкі шақсаң шақ,

  • Шапшаң шақ.

  • Шөбіңді шапсаң шап,

  • Шапшаң шап.

  • Балаңа қанша алша алса болады,

  • Дорбаңа қанша алша салса толады?

  • Тымақ киіп қасқа басқа,

  • Міндім мен басқа қасқа.

  • Бес түп алма

  • «Бестік» алғандікі.

  • Төрт түп алма

  • «Төрттік» алғандікі.

  • «Төрттік» алған

  • Бес түп алма алмайды.

  • «Бестік» алған

  • Төрт түп алма алмайды.

  • Ара – тұра тал арала,

  • Тал ішінде талар ара.

  • Ара – тұра қала арала,

  • Таппай сені қалар ара.

  • Батырға қай көлік

  • Сай көлік?

  • Батырға сай көлік –

  • Сәйгүлік!

  • Сүйініш ауырса бір,

  • Үй іші абыр – сабыр.

  • Қылмайтын абыр – сабыр,

  • Одан да тәуір Сабыр.

  • Маймылдың тісі тіс – ақ,

  • Түсі түс –ақ.

  • Істеген ісі іс – ақ

  • Кісі құсап.

  • 17. Қорытынды

  • 18. Ән: Құстар қайтып барады


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Турсынбаева Алмахан

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171596


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства