22.05.2015ж. | 5-күн |
Сабақ тақырыбы: | Ү.Жәлеке. «Қайыптың әні» хикаяты |
Жалпы мақсат: | Жергілікті жазушы Ү.Жәлекенің шығармашылығымен таныстыру. Хикаят мазмұны мен идеясын меңгерту. Хикаят арқылы замана шындығын ұғындыру. Ашық сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сыни көзқарастарын ояту.Сындарлы оқыту тәсілін мұғалімдердің өз практикасында пайдалануына ықпал жасау. |
Сілтеме: | Ү.Жәлеке. «Өмір жыры» хикаяттар мен әңгімелер жинағы. |
Түйінді идеялар: | Анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. |
Сабақта қолданылатын ресурстар: | А-4 парақтары,стикер,флипчарт, маркер, қалам, интерактивтітақта, |
Оқыту әдістері: | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер: диалогтік оқыту, топтық жұмыс, жеке жұмыс. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Тапсырмалар: | Ашық және жабық сұрақтар. Дебат, зерттеушілік әңгіме, шығармашылық тапсырма. |
Оқуға арналған тапсырма: | Мұғалімге арналған нұсқаулық. |
| Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу (3 минут) | Амандасу, көңіл-күйін сұрау. «Жақсы сөз - жарым ырыс» жаттығуын өткізу. Бір-бірімізге бір ауыз жақсы сөз айту арқылы көңілімізді көтерейік. Біріміздің айтқан тілегімізді екіншіміз қайталамауға тырысайық. | Амандасады. Барлығы бір-біріне жақсы лебіз айтады. |
ІІ. Топқа бөлу минут) | Санау ретімен топқа бөлу. | аралығында санау арқылы 3 топқа бөлінеді. |
ІІІ. Топ ережесін құрастыру | Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру. | Топ ережесін құрастырады. |
ІV. Топтық тапсырмалар | -Әлемге аты белгілі ғашықтар және Маңғыстау ғашықтары туралы не білесіз? | Әр топ өз пікірін айтады. |
Сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырмалар. Тапсырма №1 | Маңғыстау бес ғашығының бірі- Қайып пен Ақбөбек екенін білеміз. Қос ғашықтар туралы жазған жергілікті жазушымыз Ү.Жәлекенің «Қайыптың әні» хикаятымен танысамыз. Мәтіннен үзінді оқылады: «Ақбөбек бай қызы болса да, басы байлаулы көп мұңлықтың бірі, айттырулы жері бар. Ұзатылу тойы келер жазға уағдаласылған еді. Бай қызына барған жерде сыншы көп. Соны ескеріп, жаз шығысымен қыздың жасау-жабдығына бүкіл ауыл боп жұмыла кіріскен. Етікшіге жеке үй тігілген. Тігілген төрт қанат үйде ертелі-кеш Ақбөбектің етігін тігіп, Қайып отырады. Бай үйі қонақсыз бола ма? Келген қонақ жөніне отырмай: «ауылыңызда Қорабайдың Қайыбы бар дей ме? Лебізін естуге құмар едік»- деп, ауыздарының суы құриды да отырады. Ісін тастап, қолына домбырасын ұстап Қайып жетіп келеді. Он сегізге аяқ басқан Ақбөбектің өз ғұмырында көрген асқан әншісі де, аңсары ауған алғашқы жігіті де Қайып еді. Қайыптың өзін тұңғыш көргенде жанары жай отындай жарқ ете қалғанын Ақбөбек қалт жібермеді. Сол бір жарқ еткен жанардан шашыраған ұшқынның өз жүрегіне де жарықшағы түскенін көп ұзамай мойындаған. Сұрақ: -Бір көруден ғашық болу дегенді қалай түсінесіз? Бұл ғашықтық па, құмарлық па? | Мәтінді тыңдай отырып, әр топ өз жауабын айтады. |
Тапсырма №2 | Сүйген жүректер өзара сыр ұғысқыш. Бір-бірінің жүрек сырын қалтқысыз сезіп, қапысыз түсінген. Албырт жас қыз жасамыс жігіт құшағынан сая тапқан. Қыз бен жігіт байласқан уәде, айтысқан серттің орындалар уақыты келгенін түсінді. Қашу керек! Қашқындар арада бірнеше күн жүріп, Қорабайдың ауылына жетті. Қайыптың жалғыз келмегенін көріп, ата-анасы келінді қуана қарсы алды. «Бір баламыз екеу болды» деп жүректері жарыла қуанған қартар жиналған ауыл-аймағына тойды бастап та жіберді. Сұрақ: -Қайыптың ата-анасының тойды бастауы дұрыс па? | Әр топ өз жауабын айтады. |
Тапсырма №3 | Көргендер Ақбөбектің ажарынан көз алмайды. Айдай сұлуға қол жеткізген Қайыпқа риза. Айға дейін кісі аяғы басылмады. Әсіресе, қызба, керауыз, сөзуар қатындар жас келіннің жүріс-тұрысын сынап Қорабайдың құжырасына үйір. Сондай бір усойқы қатын келіннің қашып келгенін бетіне басып бір ұялтпақ болып: -Кәнеки, енді келіннің жасауын көрмейміз бе? Сандығын ашыңдар біреуің-деп қасындағы қызық құмар қатындарға көз қысқан. -Қашып кеткен қыздың ат сауырына сандығын өңгеріп жүргенін қайдан көрдіңдер? Онан да мен әкелген бір дорба дау бар. Соның аузын өзің шешіп, қатындарға тең бөліп, үлестіріп бер! От тілді, орақ ауызды ожар қатын жым болды. Осыдан соң кім де болса Ақбөбектен аяғын тарта сөйлейтін болды. Ақбөбектің азулы қатынға қайтарған ұтырлы жауабы енесі Айсұлудың айызын қандырған. -Ақбөбектің жауабы ұтырлы ма, қалай ойлайсыз? | |
Тапсырма №4 | Қыстай келінді қызықтап төрі қонақтан босамаған Қорабай үйінің түйір дәмі таусылып, қаптың түбін тықырлатып отырған. Азығы таусылған қалашыларға еріп Қайып жолға шықты. Ақбөбектің аяғы ауыр еді. Өзі соңғы кездері шым-шытырық түстер көріп, мазасызданып жүрген. Ертесіне қой сауып отырып, бір топ аттыға көзі түскен. Ат үстінен әкіреңдеп, қарсы жолыққанның бәрін бас-көз демей төпелеп, қамшымен шықпыртып, қара кісі ысқыртып келеді екен. Әлгілер Қайыптың үйін қоршай тұра қалысып, қамшымен үзікті сатырлатып, сабай жөнелгенде, Ақбөбектің көзінен ыстық жасы ыршып кетті. Сұрақ: -Бұлар кім болуы мүмкін? | |
Тапсырма №5 | Өздерінің намысын аяққа басып, бата бұзып, ғашығымен қашып кеткен келіндеріне Кедейлер кекті еді. Көкпарға тартылған лақтай іргеге дүрс еткізіп тастай салған Ақбөбектің жүзіне ешкім үңілмеді. Әлдеқашан біреудің босағасынан басын сұғып, табылдырығын аттап, беті ашылған келіннің соңынан сонша уақыттан соң қуып барып қайтарып әкелген де сол кек. Сұрақ: -Кек ар-намыстан пайда бола ма, әлде долылықтан пайда бола ма? | |
Тапсырма №6 | Қаладан оралғанда Қайыптың алдынан жай соққандай жайсыз хабар шықты. Бес ай бойы сес шықпағасын Кедейден келер қауіп сейілгендей көңілі орнығып еді. Енді міне, Кедейлердің ісі ақыл-есін жинатпай, жанын қинап отыр. Ғашық оты шыдатпай арадан үш ай өткенде, Ақбөбекпен малшы жігіт арқылы тілдесіп, жылап-еңіреп көріседі. Бесқала аспақ болған ғашықтар асығыс жолға шығады. Бірақ жолда Ақбөбек босанып қалып, амалсыздан алыс ұзай алмайды. Ақбөбек сәбиін емізіп, арқайын отырғанда тағы да қолға түсіп қалады. Қос ғашық өздерін айналасы қанша ажыратып, айырса да, бір-бірінен суынбаған. Жасырын жолығысулар жалғаса берді. Қайып Ақбөбегін үшінші рет алып қашты. Бірақ тоқтамай қуған Кедей жігіт Қаражігіт қашқындарды тағы да қолға тү сірді. Қайыптың тірлігі мен тағдырының тізгіні Қаражігіттің қолына тигесін, азаптың түрін көрсетт . Нағыз қара табан құл есебінде екі табанын тіліп, тобан аяқ қылып тастады. Айрылған сүйген жардан жаман екен, Ажалсыз өздігімнен өле алмадым. Барғаның сәлем айтың Қайыпжанға, Кедейге бауыр басып көне алмадым- деп Ақбөбек жылаумен күн кешеді. Тапсырма: Қайып болып әр топ Ақбөбекке өлеңмен жауап қайырыңыз. | Өлең шығарып, жауап береді. |
Тапсырма №7 | Ақбөбек мәселесі енді Кедей-Бегей емес, Жеменей-Тобыш арасындағы үлкен дауға айналды. Кедейлер күшпен жеңсе, Бегейлер заңға жүгінбек. Ру ақсақалдары осы түйінге тоқтады. Тапсырма: Бір топ- Бегей руының атынан, екінші топ- Жеменей руының атынан айтыс ұйымдастырыңыз. Үшінші топ- билік айтып, дауды шешіңіз. | |
Тапсырма №8 | Сот үкімін күткен халық екіге жарылып, гүж-гүж қайнайды. Кедейлер тобының жасырын кеңесі қулыққа ұласты. Сот тізгінін ұстаған көпке белгілі парақор төраға шариғатқа жүгініп, ақтық кесікті айту міндетін молдаға тапсырды. Арғы-бергіні тізбелеп, мың сан мысалға жүгініп, молданың айтқан кесімі: «Ақбөбек Есбергенге тиесілі». Аңырап Ақбөбек, жамырап жұрт қалды. Бұл кесім Бегейлердің белін майыстырып, әкім-төренің аузын алған малды Кедейлерді көңілдендірді. Қайып енді елден безіп, алысқа көшіп кетуге бел буды. Ақбөбекпен көрген аз ғана қызығын әнге айналдырған Қайыпқа да, сартап сағынышын соңғы демі үзілгенше жүрегінде сақтап өткен Ақбөбекке де топырақ жат жерден бұйырды. Алайда Ақбөбекке арналған Қайып әні туған жерінде көктем сайын жаңғырып, ұрпақтан- ұрпаққа ұласа берді. | |
Тапсырма №9 | | Әркім өз пікірін айтады. |
V. Рефлексия (3 мин) Жеке жұмыс | Сабақ туралы не айтасыз? Қойылған сұрақтар мен тапсырмалар сыни көзқарасыңызды оятты ма? | Әркім өз ойын, пікірін жеке жазып тапсырады. |