Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр,не ел басшысы немесе әділ би,ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс-әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып,сол істепті –міс. Сол айтыпты-мыс дегенәртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады.Оны әңгіме,жыр етіп, біреуден-біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған,ел басқарған адамдар,бірақ кейін олардың әрекеттері,сөздері біреуден біреуге ауызша айтыла-айтыла аңыз болып кеткен. Бұлармен бірге Қожанасыр, Алдаркөсе сияқты қарапайым, жай адамдар туралы да аңыздар көп. Шығармашылық жұмыс: Өздері білетін аңыз әңгімелер туралы айтып, ондағы аңыздың бізге берер қандай қасиеттері бар екендігін айтады. Топпен жұмыс: Өздері туған жерлеріңе байланысты қандай аңыздарды білетіндігі туралы айтады. 1.Аңыз әңгімелер дегеніміз не? 2.Қандай аңыздарды білесіңдер? 3.Аңыздар өмірде болған уақиғаларға құрыла ма? |