Заманымызды? бас а?ыны туралы жазыл?ан роман эпопеяны о?ушылар тере? талдай білді.?ке мен бала арасында?ы келіспеушілік,?арама ?айшылы?тар о?ушылар?а тере? ой салды.Соны? ішінде ??нанбайды? Абай бойыныа тап?ан ?ш міні жа?сы к?рсетілді.?лы т?л?аны? орынды берген жауабынан тосыл?ан ?ке ?нсіз келіскендей кейіп таныт?аныны? балалар?а т?рбиелік м?ні зор болды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі.
Сабақтың мақсаты:
1. Романдағы Құнанбай бейнесіне жан- жақты талдау жасай отырып, ұлы жазушының ірі тарихи тұлғаны кемеліне келтіре сомдай білгеніне көз жеткізу.
2. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, көркем щығарманы түсініп оқып, талдай білуге және қорытынды жасап, пікір айтуға баулу.
3. Көркем шығармадан үлгі алуға, сөзді зерделеуге, сөйлей білу өнерін меңгеруге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Қолданылатын жаңа технология: Қ.О.Бітібаеваның әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы- модельдеу-жобалау әдісі, «Миға шабуыл».
Қолданылатын көрнекіліктер: «Абай жолы» романы, оқушы модельдері, пікір жазылған плакаттар:
- М.О.Әуезов: «Құнанбайды білмей тұрып, Абайдың кім екенін білу қиын»
- М.О.Әуезов: «Құнанбай түкпірі бар жан сияқты. Оңай жан емес. Қат-қабат шың сияқты»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа тақырып:
1 кезең: Кіріспе
М.Әуезов өз романында қазақтың ұлы ақыны Абайды бүкіл ортасымен, өмір сүрген тарихи кезеңмен, туған табиғатымен, бүкіл өсу, өрлеу жолындағы жан толғанысымен бірге бейнелей отыра, ұлы ақын, данышпан ойшыл, халық қамқоры, қоғам қайраткері Абайдың көркем бейнесін сомдады.
Ал романда Абай бейнесін толықтыра түсетін, Абайдың түп тамыры өнген топырақты танытатын, Абай образы дәрежесіне дейін жан-жақты мүсінделген тұлға- Құнанбай бейнесі. М.Әуезов айтқандай «Құнанбайды білмей тұрып, Абайдың кім екенін білу қиын». Құнанбай- эпопеядағы ең мықты, құнарлы шыққан бейне.
Ұзақ жылдар бойы Құнанбай бейнесі тек бір қырынан ғана, жағымсыз образ ретінде танылып, талданып келді. Шын солай ма?
2 кезең: модель қорғау.
Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап, «Миға шабуыл».
1-модель: «Құнанбай билеуші»
а) Құнанбай
қисық-қыңыр
әділетсіз
қатігез
қу мінезді
ашкөз
зілді
ә) ҚұнанБай
би, шешен
әдітетті
кешірімді
ауқатты, бай
шаруақор, пысық
мешіт салдырған қажы
2-модель: «Құнанбай- дана»
а) адуынды
пасық, әділетсіз
қанішер, кешірімсіз
қазымыр,арам
ә) ақылды
қайсар
шешен, көреген
тапқыр, билеуші
3-модель: «Құнанбай- айлакер»
а)
ә)
4-модель: «Құнанбайдың тілі»
а) Құнанбай тілі: - қатігез тіл, өркөкірек тіл
- қу тіл, әкелік ақылы жоқ тіл
ә) Құнанбай тілі: - өткір тіл, шебер тіл
- шешен тіл, сөзге жүйрік тіл
5-модель: «Құнанбай- әке»
а) қамқор әке
ерекшелігі: сыншыл, ұстамды, жігерлі «әке көрген оқ жонар»
ә) қатігез әке
ұлына немқұрайды қарайды
қызғаншақ
тәкаппар
адуынды
тасбауыр
айлакер
пайдакүнем
6-модель: «Құнанбай моделі»
а) қатігез
арам
әділетсіз
ә) айлакер
тойымсыз
екіжүзді
б) қамқор әке
әділетті
дана
в) ел қамын ойлайтын билеуші
өткір тілді шешен
парасатты
IIIкезең: Коррекция.
Мақсаты: Оқушылар тарапынан кеткен қателерді түзеу, толықтыру.
IVкезең: Бекіту-ой толғау.
Мақсаты: Оқушылардың сабақ барысында түйіндеген ойларын жеткізу.
Vкезең: Қорытынды:
Романнан үзінді: «… Адам пенде ғой. Пенденің жоқ-жітігі толған ба?»
Құнанбай- ерекше адам, қажыр-қайрат иесі. Абайды Абай дәрежесіне жеткізген- Құнанбайдың тәрбиесі.
VI кезең: Үйге тапсырма беру: роман-эпопеяның тіліне байланысты картотека жасау.
Мақсаты: троп түрлерін меңгерудегі білімдерін тексеру.
VII кезең: Оқушы білімін бағалау.
Мақсаты: оқушылардың дайындықтарын, өз ойларын жеткізе алуына мән беру.