kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үздік ғылыми жұмыс "Шал Құлекеұлының шығармашылығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шал ақынның өмірі мен шығармашылығы толық қарастырылған. Оқушы жұмысы жоғары бағаланған. Аннотация мен мазмұны, пайдаланылған әдебиет бәрі толық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үздік ғылыми жұмыс "Шал Құлекеұлының шығармашылығы"»

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

Қостанай облысы

Наурызым аудандық білім бөлімі

«Мереке орта мектебі» ММ



Қадыров Нұрболат

9 сынып оқушысы



Шал Құлекеұлы ұлының шығармашылығы


Қазақстанның тарихи ескерткіштері және

болашақ дамуы бар саясат маршруттары


Секция: Әдебиет





























Аннотация

Ғылыми зертеудің тақырыбы – Шал ақын шығармашылығы негізінен үш қырынан қаралады, ақындық қалыптасу кезеңдері мен ортасы; атақты әзіл сөздерімен ғақлиятет ой – пікірлері және шығармашылығының ерекшеліктері мен шығармашылық жаңашыл тұстары.














































Шал ақын шығармашылығы.


Жоспар


Кіріспе__________________________________________________________


І-тарау Шал Құлекеұлы және ақындық өнер________________________


І.1.Ақындардың атасы- Шал ақын.___________________________________


І.2.Әзіл сөздің атасы.______________________________________________


ІІ-тарау. Асыл мұра______________________________________________


ІІ.1.Ақын поэзиясындағы педагогикалық, діни және

этикалық ой-пікірлер_____________________________________________


ІІ.2.Ақын шығармашылығының ерекшіліктері

мен жаңашылдығы._______________________________________________


Қорытынды.____________________________________________________






















Кіріспе.

Өзектілігі. Біздің ғылыми ізденісімізге өзек болып отырған Шал ақын шығармашылығы жан-жақты талдауды талап ететін әдеби де, тарихи мұра.Абылай заманында саналы өмірін бастаған Шал ақынның ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті қатар қолданған жаңа типтегі дана ақын екендігін ашып көрсету ұлттық санамызда қосымша мақтаныш сезімін тудырады деп ойлаймын.Сол замандағы ата-бабаларымыз тұтас сауатсыз болған деп еңсемізді түсіріп келген жалған тұжырымдарды жоққа шығарады.

Тарихнама:

Шал ақынды зерттеуші Ж.Тіленовтың айтуынша: «Шығармаларын үлкеннен кіші,ұрпақтан-ұрпаққа жатталып,есімі ғасырдан ғасырға өлмей жетіп отырған Шал Құлекеұлы туралы алғашқы жазба дерек Ш.Уәлиханов еңбегінде кездескенмен, ақынның бүкіл шығармашылық болмысын танытарлық туындылардың негізінен хатқа түсіп,зерттеуі соңғы 40-50 жылдықта.» Тұңғыш рет 1929жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бір ғана өлеңі басылған ақын мұрасы,1958 жылы 28 қарашада «Қазақ әдебиеті» газетінде белгілі қаламгер Ғалым Малдыбаев жариялаған сегіз өлеңі мен «Шал ақын кім» деген беташар мақаласына жұртшылық назарын аударарлықтай дүние болмаған.[1]

Ол туралы мақалалар мен зерттеулердің жариялануы негізінен 1960 жылдардан басталады. «ХУIII-ХIХ ғасырдың қазақ ақындары шығармаларының жинағы»(1962); «Үш ғасыр жырлайды» (1965); «Ертедегі әдебиет нұсқалары»(1967) белгілі жазушы, ғалым М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968)және «Алдаспан»(1971)атты кітаптары шығып, оларда Шал ақын туралы көлемді зерттеулер жасалып,оның бір сыпыра өлеңдері жарық көрді.[2]

Ақын мұрасын зертеуші Ғалым Қадірәліұлының да орыс тілінде шыққан ²Кобыз и копье(1971)деген кітабында Шал ақын шығармашылығына талдау жасалды. [2]

1998 жылы Шалдың 250 жылдығына арналған Алматыда «Шал ақын Құлеке ұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп, онда профессор Шәкір Ыбыраев, профессор Рабиға Сыздықова, Халық жазушысы Мұхтар Мағауин,Қырғыз ғалымы, профессор Абдуллажан Акматалиев, жазушы Герольд Бельгер,профессор Құбығұл Жарықбаев, профессор Өмірзақ Айтбайұлы, ақын Кәкімбек Салықов, профессор Өтеген Күмісбаев, филология ғылымдарының докторы Жұмат Тіленовтар ақын туралы ғылыми пікірлерін ортаға салып,баяндамалар жасады.[3]

1999 жылы осы конференция материялардарын топтастырып және өз зерттеулерін қосып Ғ.Қадірәліұлы «Шал Құлекеұлы» атты кітабын шығарған. Аталмыш ғалымның 2003 жылы жарық көріп отырған «Шал ақын» атты өлеңдер және зерттеу деректер кітабы Шалға арналған жеке туынды. Сонда да болса Шал ақын мұрасы жеткілікті деңгейде зертелмеген деген пікірдеміз. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.

Ғылыми зерттеудің мақсаты- Шал ақын шығармашылығының мән-жайын анықтау арқылы қазақ әдебиетіндегі зор бетбұрыстың атасы және кемел ойдың иесі екендігін дәлелдеу.Осы мақсатқа жету үшін ғылыми- зерттеу жұмысы келесі міндеттерді белгіледі:

- ақын тұлғасын толыққанды көрсету үшін өмір сүрген ортасынан, шыққан тегінен мәлімет беру;

- Шал ақынның педагогикалық,діни және этикалық көзқарастарын талдай отырып,оның өз дәуірінің әлеуметтік,психологиялық, философиялық суреткер екендігін көрсету;

- шығармашылық ерекшеліктері мен жаңашыл тұстарын талдай отырып, Шалдың жаңа типтегі ақын екендігін көрсету;


Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

- қазақ әдебиетінің,мәдениетінің тарихындағы біртуар тұлға Шал ақын шығармашылығын зерттей отырып,оның әдеби мұрасының өтпес өміршеңдігін дәлелдедім;

- бұрынғы зерттеушілер оның діни көзқарасына үстірт тоқтап жүрген болса, мен оның этикалық көзқарастарының Ислам қағидаларымен терең үндестікте екендігін айқындап,Шалдың мұсылмандық құндылықтардың толық әсерінде болғанына көз жеткізіп отырмын.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы:

Ғылыми жұмыстың нәтижелері мен жаңалығын қазақ әдебиеті тарихы бойынша қосымша материал ретінде қолдануға, Шалдың ғақылият сөздерін даналық ойлар сериясына қосып, тіл-әдебиет кабинеттерін безендіруге, ұлттық педагогика саласыда пайдалануға болады деген пікірдемін .

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.

Ғылыми жұмыс бойынша облыстық газетке мақала тапсырылды. Шал ақын толғауы менің орындауымда Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің педагогикалық факультетінде филолог және тарихшы студенттердің алдында орындалып оң баға алды.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Ғылыми еңбек кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.





















І-тарау. Шал Құлекеұлы және ақындық өнер

І.1.Ақындардың атасы-Шал ақын

«Шал ақын» аталып кеткен Тілеуке Құлекеұлы Ақмола облысы жерінде қазіргі Азат теміржол станциясы жанында 1748 жылы дүниеге келген.Әкесі Құлеке қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бірі.Анасы-атақты Төле бидің қызы. Құлеке мен оның ағасы Тілекенің соғыстағы ерлігі жайлы әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады.

Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректерде сақталған.Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресей қол астына қарау туралы ант берушілердің бірі болған.Абылайхан атынан Ресей мемлекетіне елшілікке барғаны туралы деректер сақталған.Ресей үкіметінің ресми деректеріне қарағанда Орта жүз Атығай руының Бәйімбет, Құдайберді тайпалары Есіл бойына қоныс аударады.Бұның ішінде Құлеке батырдың да ауылы болады.Бұлар келгенде Есіл бойы естектердің қарауында екен.Естектермен жер үшін болған соғыста Құлекенің ағасы Тілеке батыр қаза табады.Ағасының кегін алған Құлеке Есілден естектерді ығыстырады.[1]

Ауызша жеткен әңгіме бойынша Шал ақын қоян жылы 71 жасында дүниеден өткен,бұл есеппен алғанда ақын өмірін зерттеушілер 1819 жылы қайтыс болады дейді. Қариялардың айтуынша қазіргі Сергеев селосының қасындағы Аютас деген төбенің жанында Есілдің оң жағындағы үлкен бейіт ішіне жерленген, бірақ қабірі белгісіз.

Шал ақынның өзі жасының ұлғайған шағында Мәлімбай және Мәлике атты екі перзент көреді.Мәлімбай деген баласынан ұрпақ жоқ.Мәликені Қостанайлық Нұрымға ұзатады. Нұрымнан-Айтбай, Айтбайдан-Наушабай, Наушабайдан-Нұржан Наушабаев ақын туған.[1]

Құлеке баласы Тілеукенің «Шал ақын» деп аталуына ел ішінде бірнеше түрлі әңгіме бар.Солардың ішінде зерттеушілердің ден қойғаны төменгі әңгіме.Шал өлең шығарумен балауса жас кезінен бастап айналысқан. Жасынан сөзге үйір, шешен сөйлейтін тілге ділмәр, ойлы жас болып көзге түседі.Жасынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсіп жүреді.Оның кішкентайынан үлкендерше сөйлеуі, төрде отырып төрелік айтқанына қарап жұрт «Шал ақын» атап кеткен.[1]

Зерттеушілердің айтуынша,Шал ақынның тұңғыш өлеңі- «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің».Бұл өлеңді ақын шығармашылығының басы деп жүр.Өлеңнің шығу тарихы былай екен.

Абылай ханның балаларының бірі Құлеке батырдың бәйгенің алдын бермейтін жүйрік атын сұрап алып, кейін қайтармай қояды.Бірде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды да ертіп барады.Хан бала Шалдың көзінше: «Іші боқ, сырты түк сол мәстекті осыншама неге сұрай бересің?»-деген сөз айтады.Шал таңертең ерте тұрған ханның отарға ере алмай қалған бір қозыны қызметшіге ұрысып арқалатқанын көріп қалады.Кетерінде хан екен деп қысылмай, өлеңдетіп, малжандығын бетіне айтады:


Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,

Болмайды қойға пана тал дегенің

Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,

Хан ата,қалай екен мал дегенің?

Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші,

Біреудің хақын жемес жақсы кісі.

Тақтағы хан,топтағы биді еңкейткен,

Хан ата, қалай екен малдың күші?- дейді.

Өлеңді естіген Құлекеге: «Мына балаң маған үлкен адамдарша сөйлейді, тумай жатып қартайған бірдеңе ғой»- депті.Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарған екен.Хан алдында айтылған бұл өлең ел ішіне тез тарап, Тілеукенің Шал аты мен ақындық атын қатар шығарған екен.

Осыдан былай Шал ақындық жолға көшіп, дарынды суырып салма ақын болады.Ертерек дәуірлерден қалыптасып,жалғасып келе жатқан қазақтың дәстүрлі поэзиясын дамыта түседі.Оның бұл салада қосқан үлесі үлкен.Өлең-терме, толғау-тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және тақырыбы да кең.Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын,өз замандастарымен салыстырғанда жан-жақты толықтыра түсіп,көркемдігін арттырады.Бұл тұрғыдан алғанда, оны толғауды көркемдік шегіне жеткізе білген Бұхар жыраумен ғана салыстыруға болады.Сондықтан да кейінгі кезеңдерде өмір сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты.

Шал ақынның өлең , жырлары кезінде ел арасына кеңінен таралған. Қазірдің өзінде де ел аузында сақталып қалғандары бірсыпыра.Ұқыптап ескерілмегендіктен, оның шығармалары осы күнге дейін жиыстырылмай келді.Әйтсе де, ақындық қалпын анықтауға толық негіз боларлықтай шығармалары бар. Шалдың атына телінген өлең-термелердің, тақпақ-толғаулардың көлемі 1600 жолға жетеді.

Шалдың бізге жеткен шығармалары негізінен әр жерде әр түрлі себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады.

Шал ақын негiзiнен сурып салма десек те , өлеңдерiн хатқа түсiрерлiк сауаты болған, оны айғақтайтын өлеңдерi де жетерлiк.Мысалы:

Мен өзiм талай сөздi хатпен жазғам

Әзiлден мерт болады артық қазған

Өткен iске iске өкiнсем өмiрiм зая

Тұяғыма iлiнгендi қайта жазбан.

Шал ақынның өлеңдерi тақырыбы жағынан өте кең. Ескi қазақ ауылының алуан түрлi тiршiлiк тұрмысына қатысты жайлар, этика, мораль мәселелерi-ақын өлеңдерiнiң негiзгi объектiсi.Адамдық, арлылық, адалдық, намысшылдық, ақын шығармашылығының өзектi желiсi.Өтiрiк пен өсек, еңбек етпеу, әйел үшiн де,еркек үшiнде арзан, азғын қасиеттердiң басы ретiнде сипатталады.[3]

Шалдың өз басы кедей болған, оны мына бiр шумақ өлеңіненде байқауға болады:

Кедейлiк жабыстың ғой бала жаста,

Менi ұятты қылдың ғой қарындасқа,

Аш белiмнен құшақтап айрылмайсың.

Көз танысың жоқ па едi менен басқа?

Сондықтан да болар ақынның көп жырлаған тақырыбы-кедейлiк.Кедейлiк тақырыбы қазақ поэзиясында тұңғыш рет Шал шығармашылығында жеке тақырып дәрежесiне көтерiлiп сөз болады. Кедейлiктiң табиғатын жақсы таныған ақын бұдан құтылудың бiрден бiр жолы ретiнде ерiншек болмай, еңбек етудi ұсынады.

Кенже ұлы кедейлiктiң ұйқы мырза,

Ерте жатып кеш тұрса, жаны ырза.

Бiразырақ бас қосып кеңесейiн.

Сәлем айт,ерiншекке, келсiн мұнда,-дейдi.

Адамның жасы ,жастық шақ және кәрiлiк туралы өлең жырлар, қазақтың ауыз әдебиетiнде ертеден бар.Бiрақ дәл Шал ақындай бұл тақырыптың жерiне жеткiзе жырлаған ақын аз, сондықтан оны қазақ поэзиясында жас туралы шығармалардың негiзiн салушы деуге болады.[4]

Бiр жаста,екi жаста бесiктемiн,

Бес жаста тәңiрi берген несiптемiн,

Алты жаста қайыңның тозындаймын,

Жетi жаста ойпаң жер ,бозыңдаймын.

Сегiзде бала болып ойнап едiм,

Тоғызда тайлы суға бойлап едiм,...

Он жасымда сүт емген қозыдаймын...

Он бес деген жасым-ай

Жарға ойнаған лақтай,-

деп басталған адам ғұмыры туралы жазылған өлеңдерiнiң желiсi кәрілік туралы өлеңдермен аяқталады:

Шалыңның екi көзi жайнап жатыр

Кеудемде нәпсi,шiркiн, қайнап жатыр.

Байлаулы арқаным жоқ, қазығым жоқ,

Қайтейiн ,кәрiлiк шiркiн байлап жатыр



1.2. Әзіл сөздің атасы

Шал ақын ғылым, білімді уағыздап, өзі ұстаған фәлсафасын алға тарта білді. «Кедейлік ер жігітке намыс емес», «Жоқ болсаң қызыл бүйі үйің болар» , «Шешен сол-сөйлер сөзден қамалмаса», «Ашу дұшпан болғанда нәпсі -жауың» десе ұлағатты ұлыққа бой ұрған дана дер едік.

Шал ақынды тек қана ауыз әдебиетінің өкілі деушілер бар.Сегіз қырлы, бір сырлы ақында бәрі бар, ол-айтыскер, суырып салма, импровизатор, қолы тиіп алар жерді жұлып алар , көзі түскен жерді үзіп алар өткір экспромт иесі, тапқыр сөздің үздік шебері, ауыз әдебиетінің жазба әдебиетіне көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кемеңгері.[5]

Ақынның әзіл сөзі ел арасында кең тарады, әнімен айтылып жүрді.Ақан сері бабамыздың орысша, қазақшасы аралас күлдіргі өлеңдері секілді Шал ақын атамыздың әзілқой әндері жиі айтылады.Шал ақының кім десе, ол-әзіл сөздің атасы дер едім.

Шал ақынның өлеңдерін тапжылмай іздеп, тырнақтап тауып, түбегейлі талдау мен зерттеуден өткізген атақты жазушымыз, білікті ғалым,зиялы азаматымыз Мұхтар Мағауиннің атқарған еңбегі зор. [6]

Шал ендi бiр топ өлеңдерiнде жастарды ибалы, әдептi ,қайырымды болуға шақырады.Ары, жаны таза, мәдениеттi жасты аңсаған ақын ондай абзал адамдар алдына зор мақсаттарды қоя бiледi.Бiлiм алғандар парызы елiне, халқына пайдалы қызмет ету деп ашық айтады:

Майда боп,жiгiт болсаң,тал жiбектей,

Жарамайды қатты болу тiкенектей,

Бiлiмiм болса-дағы ұшан-теңiз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпе.

Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болудан деп қорытынды шығарады.

Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседі. Өзімшіл, күншіл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниетті ізгі істерін қарсы қоя жырлап, бірінен жирендіріп, екіншісінен үйреніп, үлгі-өнеге алуға үндейді.

Үй ішінің берекелі, махаббатты болуын аңсаған ақын достыққа, адал махаббатқа негізделген тату-тәтті отбасы тұрмысын, берекелі, бақытты өмірін көксейді.Үй ішінің сәні-жар таңдауға үлкен мән береді:

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,

Сол болар басқалардан жақын кісің,

Ағайынға, туысқа қайырылса,

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.

Ерге аю,балаға қасқыр болса,

Ондай қатын алғанның күні құрысын.

Ақын өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін жырлаған.Ол ел басқару жүйесі,билік айту,отбасы, адамдардың мінез-құлқы, жақсы-жаман қылықтары, жастық, қарттық, кісілік табиғаты, жалпы өмір сүру философиясы т.б..Осылардың бәрін ол поэзия қуатымен әрлендіре суреттейді.Кезеңіне лайықты білімі бар, ескіше сауаты едәуір Шалдың өз дәуірінің ой-пікірлерінен, діни ұғым-нанымынан мол хабары болған.[7] Өлеңдерінің көбі мақал-мәтел, нақыл сөздерге, діни ұғым, бейнелі сөз тіркесіне толы.Мысалы:

Албастыдан дию қашады...

Нәпсің бір көкжал бөрідей,

Иманың бағлан қозыдай,

Егер тию салмасаң,

Иманыңды жеп кетер.

Ағайынның асқанын

Қарындас білмес, жат білер,

Артқы қастың батқанын

Қаптал білмес, ат білер.

Адам басы алланың добы деген

Қайда айдаса сол жаққа домалайды.

Шал өз заманың беделді ақыны.Оның өлеңдері өз кезінің өзекті мәселелерін көтеріп, халыққа адамгершілік ақыл-ғибрат береді.

















ІІ-тарауАсыл мұра

ІІ.1. Ақын поэзиясындағы педагогикалық, діни және этикалық ой-пікірлер.

Шал ақының педагогикалық ой-пікірінінің біздің қазіргі жастарымыз үшін де тәрбиелік мәні зор.

Оның өлендерінің басым көпшілігіңде адамгершілік мораль мәселелесі сөз болғандықтан, не жақсы, не жаман деген дидактилық ой-пікір көбірек айтылып, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшелеріне ақыл, насихат айтуды басты мақсат еткен.Ақын өз өлеңдерінде жақсылық қайдан шығады, жамандық неден туады, жақсы мен жаманның айырмашылығы неде деген мәселенің төңірегінде сөз қозғайды.

Бір өлеңінде ақын:

Жақсыны алыс, жаманды

жақын деме,

Жақсы атансаң, біреудің

қақын жеме.

Жақсымен деп біреудің

қақын жесең,

Жаман адам сол болар,

мақұл деме,-

Дейді. Бұл пікір халық педагогикасында айтылатын «Тура биде туған жоқ», «Жақсы- көпке ортақ» деген ой-пікірмен ұштасып жатыр.[1]

Тағы бірде ақын:

Жаман сол жақсы сөзді

ұға алмаса

Ғалым болмас ұстаздан

бұға алмаса

Молда есімін алғандар

Толып жатыр,

Не керек ғылым бойға

Жұға алмаса,-

деп жастарға ғылым жолын қуып, ғалым болуға тырысуды нұсқайды.Жас кезде шама келгенше оқу мен өнерге молынан сусындау қажет, өйткені жастықта не болса да бойға оңай және тез сіңеді деген идеяны паш етеді, жастардың бойында өнерлілік, зиялылық, парасаттылық болуы тиіс деп тұжырым жасайды.

Жақсының жүрген жері

Той болады,

Ақыл жоқ кей адамда

Бой болады.

Көрмеге қандай жаман

Болса-дағы,

Парасат кей шаһбазда

Ой болады,-деген ақын сөздерінен парасаттылық бойға, көрікке байланысты емес, көзге қораш адамдардың ішінде де жаны жайсаң, рухани байлығы мол адамдар болуы ықтимал деген пікірді аңғарымыз[8] Шалдың мұнай өлендерінің мақсаты- жұртшылықты жаманшылықтың кесепатынан жирендіріп, бойына жақсылық шапағатын дарыту.Бұл шығармалардың өз кезінде жастарды тәрбиелеуде игілікті рөл атқарғаны күмәнсіз.Сонымен бірге бұл шығармалар қазіргі кезде де өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтқан жоқ.

Майда боп,жiгiт болсаң

тал жiбектей,

Жарамайды қатты болу

тiкенектей,

Бiлiмiм болса-дағы

ұшан-теңiз,

Пайда жоқ өз халқыңа

қызмет етпей,-

деп ақын өнерлі,білімді адазаттың халқына адал қызмет етуін қалайтынын көрсетеді.

Адам қоғамда көп жасағандығымен емес, білімімен, еңбегімен бағаланады деп ұққан ақын.

Адамды жөн білетін дана

деп біл,

Істерін жалқау жанның

шала деп біл,

Құр жасы елулерге

келсе-дағы,

Білімсіз сондай жандар

бала деп біл,-

дейді.

Отбасы бақыты, алған жар мен өсірген балаға байланысты деген ой ақын өлеңдерінде жиі кездеседі:

Жақсы әйел дәулетіңе

жөн келтірер,

Әйелің долы болса,

күнде өлтірер.

Жақсыдан жаман туған

бала болса,

Атаға үйде жатқан сөз

келтірер,-

деп өз ойын жайп салады.

Ақын өлеңдерінде нәресте, бөбек, сәби, бозбала сана-сезімінің қалыптасып даму ерекшеліктері жайында да салиқалы ой түйінділері кездеседі.Оның пікірінше, адамдық қасиеттерге кісі бірден іштен жетіліп тумайды,балалық сана-сезім, тәлім- тәрбиенің, ойыңның, ортаның арқасында өсіп, дамып қалыптасады[8]

Шал ақынның бір толғауында жастарға досыңа адал бол, түрлі ғылым мен өнерге жас кезеңнен кіріспесең, соңынан өкінерсің деп ескертеді:

Досқа жалған сөйлесең,

Өзіңді-өзің ұрғаның.

Түрлі ғылым,өнерге

Жаста ғадет қылмасаң,

Бәйтерктей қайыспай

Қоңырайып тұрғаның...

Бұдан соң тұрған белдер - бозбалалық, жігіттік дәурен, қазақтың халық өлеңдерінде дәріптелетін қайтып келмес жиырма бес, жігіт ағасының жасы отыз, отыз бес.

« Жиырма деген жасым-ай,

Көлге біткен құрақтай,

Отыз деген жасым-ай,

Таудан аққан бұлақтай...»

« Жиырмада құрып өттім жігіт салтын,

Ойламай ешнәрсенің алды-артын.

Бар болса елде сұлу менікі деп,

Болмапты ешнәрседен сонда парқым..»

Бұл бір соққан желдей есіп өткен қызық дәурен. «Қынаптағы қылыштай» қырықтан соң күрк-күрк жөтелген, ақ таяқты ақбас кәрілік жетеді.

« Кәрілік жарасады сәніменен,

Оның сәні келеді малыменен,

Жолдасы арқа жылтар, аяқ сипар,

Жұмсақ төсек, тәтті тамақ бәріменен.»

Шал мұның бәрінен де марқұм еді.Жиын тойдың көркі болған ақын бойда қайраты бар жас шағын шаруа жайын ойламай, мал жимай, өнермен, өлеңмен өткізген.Сондықтан төсек тартып жатса да, жез таңдайы құрғамаған ақынды жетінші жұт – жетімсіздік бір жағынан қысады.Бұрынғы ойын-күлкі тағы жоқ.Дулы өмір кешкен ақын бұған көнгісі келмейді[9].Бірақ бойдан күш кеткен,қуаты күн сайын семіп барады.Тек күмбірлеген көмейі ғана сол бұрынғы қалпында сияқты, әлі қарлықпаған, әлі шабысынан танбаған.Жыр төге береді.Кәрілікті даттап, шер тарқатады.

«Қартайғанда мүкістеу болар құлақ,

Жас ағып екі көзден тұрар жылап..»

«Ауыздан опырайып кетер пішін...»

«Белгісі кәріліктің кеудең толар..»

«Қартайсаң аяқ, тізең ауырады,

Жатудан жамбастарың жауырады...»

«Таяққа қартайғанда асыларсың...»

Осының бәрі - өмірдің өткендігінің белгісі, кеше «отызында ор қояндай, қырқында қынаптан шыққан қылыштай» болған жанды бүгін «илеген терідей» еткен селкілдеген сексеннің кесірі.Әрине, Шал өз басының күйін ғана жырлап отырған жоқ, бұл – бақырбасты пенденің бәрінің көретін күні.Сондықтан ақын бұл тақырыпқа қайта- қайта оралып соға береді.

«Сексенде тұяғыңды серіппейсің,

Селт етіп ешнәрсеге елікпейсің.

Тоқсанда тотықсыған сен қорғасын,

Май құйып қорытқанмен бірікпейсің.

Келеді тоқсан тоғыз, тағы да жүз,

Ер бар ма жүзге келген,

Біз байғұстан күдеріңді үз».

Адам өлді. Келді, кетті. Түк тындырған жоқ.Басқаша болуы да мүмкін емес.Қатардағы қарапайым көшпендінің өмірінде айтарлықтай ерекше не бола қойсын.Туды. Күш – қайраты тасып тұрған жиырма мен елудің арасында табиғат аясында, болмыс, материя туралы ойлардан аулақ, қамсыз тірлік кешті.Ажал жеткен күні өлді.Бар болғаны осы-ақ.Демек, Шал өз өлеңдерінде көшпенді жанның басынан өтуге тиіс жайларды тегіс дерлік қамти алған.[10]

Адам өлді.Өйткені жарық дүние – фәни, өткінші; өмірден көрген қызығымыз аз күндік қана, оған алданбауға тиіспіз:

«Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы,

Атадан арыстан туып ассаңдағы,

Алладан шыныменен жарлық келсе,

Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,

Намаз оқы алланы ойыңа алсаң.»

«Жігіттер, жас кезіңде тәубаға кел,

Ажал деген көзді ашып жұмғандай-ақ».

Шал – сопы емес, әйткенмен біршама діндар адам.Шығармаларына діни сарының араласуы Шал өмірінің соңғы кезеңінде болса керек.

«Елу жасқа келген соң,

Пірдің сөзін сақтадым»,-

дейді ақынның өзі де.Әйтпесе, Шалдың «домбыра безеп, жын қуған» жас шағы өзі үгіт айтып отырған адамдарға үлгі бола алмайды.

Шал – мұсылман.Ол үшін құдай бір, пайғамбар хақ; «Лә илләһи илә-аллаһ - иманымыз .Құран шын, алланың құдіретінде шек жоқ».

«Жартты Мәкка менен Мәдинаны,

Жартты иман, дұға, шын дүнияны

Мұхамед үшбу жүрген үмметіне

Жаратты сынамаққа бұ дүнияны.

Жаратып он сегіз мың ғалам етті,

Бірісін ғалым, бірісін надан етті,

Жаратып жын-періні от пен нудан,

Жаратып топырақтан адам етті»,-

дейді ақын.[1]

Сондықтан бәрі де құданың әмірінде.Біз – пендеміз, бақты, бақсыз болуымыз, жер басу, баспауымыз – бәрі алланың қолында; құдайсыз қурайсынбайды.

«Адам баласы алланың добы деген,

Қайда айдаса сол жаққа домалайды».

Алайда қазақта мұны түсінуші аз.Мейманасы тасқан жұрт тәңіріні ұмытқан, құдайды – бір, пайғамбарды – хақ деп білмейді.Ораза ұстамайды, дәрет алып бес уақыт намаз оқымайды.Әрине, мұндай жандардың тілі мұсылман болғанымен, ділі – кәпір.Сондықтан бірде қымыз ішіп қызара бөртіп желігіп отырған жұрт: «Сіз біздей надан емессіз, естуімізге қарағанда сіздің сөзіңіз кітап сөзіне жақын көрінеді, қандай адам бейішке барады?» - деп сұрағанда Шал: құранның айтуы рас болса, бұл отырғандардан жұмаққа енер бір жан жоқ деген жауап береді.Сондықтан да ақын:

«Жігіттер ораза ұста, намаз оқы

Ғарасат майданы бар тергеледі», -

деп, шариғат жолын ұстанбаған жанды о дүниенің азабы күтіп тұрғанын ескертеді; керісінше, құдай жолымен жүрген адамға әзірленген бейіш, мәңгілік рахат бар.

«Құранда уассамаһи дастан болар,

Бірталай сөйлей берген астам болар,

Аллаға құлшылығы жаққан құлға

Есігі сегіз жұмақ бостан болар».

Ал Шалдың өзі бес уақыт намазын қаза жібермей, Ислам дінінің қағидаларын берік ұстанған адам болса керек.

« Құдая мұсылманның дінінде қыл...

Шарабын өліміңнің ішкен шақта,

Сапарымды айт, жұма күнінде қыл,

Тәнімнен ғазиз жаным айырғанда,

Иманымды ұмыттырмай тілімде қыл,

Жиылып халық соңыра сап тұрғанда,

Мұхаммедке үммет болған еліңде қыл!»

Бұл тұрғыдан алғанда, Шал, шынында да Мұхаммедтің үмметі деген атын ақтаған жан, сәждадан маңдайы кетпеген тақыр басты таза мұсылманның нақ өзі.[10]

.Шалдың этикалық көзқарастарының Ислам қағидаларымен үндесіп, қабысып жатқанына төмендегі ғақлияты айғақ:

« Жақсыны алыс, жаманды жақын деме.

Жақсы атансаң біреудің хақын деме,

Жақсымын деп момынның малын жеме,

Жаман адам сол болар, мақұл деме».

Зұлымдыққа жол бермеу, Жамандықты бетке қағу әрбір жанның парызы дейді ақын.Жақсылықтың отын маздататын да адам, жамандықтың түтінін бықсытатын да адам.Шариғат – жақсыдан, кесапат – жаманнан.Бәрі адамға байланысты деп ұғады Шал.Сондықтан да ол өз шығармаларында жақсылық қайдан шығады, жақсы адам дегеніміз кімдер, жамандық неден туады, жаман адамдар қандай деген мәселенің төңірегінде біраз сөз қозғайды.[11]

Ақынның осы тақырыпқа арналған нақыл сөздерінің бірін келтірейік.

«Қарауыл қана дейтін бір қатын болады: таңертең тұрады, түндікті оңынан ашады, кетіп бара жатқанға көз салып, өтіп бара жатқанды адал алады.Екінші әйел – қыналы бармақ дейтін: аз нәрсені көптей қылады, киіміне кір жуытпайды, асына қылшық тұрмайды, дүниесінің бәрі таза болады, ерінің бары – жоғын білгізбейді; ер егіз, еңбексіз жалғыз деген, осы талайлы ердің қолына түседі.Үшінші – алып атар... жатып ішер... бастама етік көрпілдек, - сор маңдай ерге жолығады... »[2]

Ақынның жақсы жігіт, жаман жігіт, жақсы келін, жаман келін туралы жазған шығармалары да осы мазмұндас келеді.

Шал қазақтың ескі патриархалдық қоғамының қаймағы бұзыла қоймаған заманында өмір сүреді.Ол қазақтың алты бақан ала ауыздығын, қазақ руларының қоныс үшін, қыстау үшін, кейде тіпті ежелден келе жатқан ескі кектің жөнімен өзара иттей таласып қырқысуын көреді.Сондықтан ол адамның адамдық қасиетінің бір белгісі–бірлікке, ынтымаққа ұмтылушылықта деп біледі.Ағайын татулығы – ел ырысы.

« Ағайының көп болса,

Бірлігі оның бек болса,

Жамандық жер кез келсе

Бір – біріне сеп болса...»

« Шәйі, сиса, асыл қылыш ердің көркі,

Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі,

Жарасар әрбір нәрсе өз сәнімен,

Аққу – қаз айдын шалқар көлдің көркі.»

« Гүл – шешек орман өсіп желкілдеген,

Биік тау, асқар төбе жердің көркі,

Ағайын бір уақыт жақсы болса,

Сонымен табылады ердің көркі».

Үгіт, насихат түрінде жазылған өлеңдер, таза ақыл беру, үгіт айту тұрғысынан келетін шумақтар ақын шығармашылығында баршылық.Олардың көпшілігі, жоғарыда көрсетілгендей, жаман не, жақсы не деген мәселенің төңірегінде құрылған.

« Жамандар өзін -өзі зорға балар,

Бір өзінен басқаны төмен санар.

Жақсылар ағын судай, асқар таудай,

Жаймалап қайда жақсы орын алар».

Ақын жақсылықты ту етіп көрсетеді, мадақтайды, дәріптейді; жамандықтың барлық түрін жерлейді, сөгеді, жұртқа жиренішті етіп көрсетуге тырысады.

Бұл жерде тек Шалға ғана емес, біз сөз етіп өткен Шалкиіз, Бұхар жырауларға, қала берді бүкіл көне қазақ әдебиетіне қатысы бар бір мәселенің бетін ашып алуымыз керек.

Үгіт – насихат түрінде келетін ескі өлең – жырларды менсінбеу, оларға кемсіте қарау бар.Бос ақылгөйсу, құрғақ ділмарлық деп есептейді


ІІ.2.Ақын шығармашылығының ерекшеліктері мен жаңашылдығы.

Әдебиеттің адам тәрбиелеу мектебі екені белгілі.Күні кеше ғана М.Горький: «мен өзімде бар жақсылықтың бәрімен кітаптарға борыштымын»,- де ген жоқ па.

Жаңа заманға – жаңа тұрпатты әдебиет, жаңа дәуірге – жаңа поэзия..Сол сияқты көне дәуір мұрасына да дәл бүгінгі күннің әдебиетіне қояр талап тұрғысынан қарау – парықсыздық болар еді.

« Күнді уақыт итеріп,

Көкжиектен асырса,

Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзбен жасырса,

Сонда көңілім сырласар,

Сұрғылт тартқан бейуаққа,

Төмен қарап мұңдасар

Ой жіберіп әр жаққа...»

Немесе:

« Келдік талай жерге енді,

Кіруге – ақ қалдық көрге енді.

Қызыл тілім буынсыз,

Сөзімде жаз бар шыбынсыз,

Тыңдаушымды ұғымсыз

Қылып тәңірім берген-ді».

Мұндай сөздерді Абайдан басқа қазақ баласы күні бүгінге дейін айта алған емес.[12]

Көркемдіктің заңғар шыңынан табылатын, сырлы ырғақ, әсем үйлесімді, терең ой, мұң – назды бұл туындылар ақын аузынан «аһ» дегенде шыққан жалын, қас зергер, қас суреткердің өз кеудесінде тұтқындап ұстап тұра алуы мүмкін емес, қалайда жарық дүниеге жол табуға тиіс жан толқынысының көріністері.Бірақ Абай мақсаты – ішін қысқан дерт-жалынын жариялау емес, «қалың елі қазағы қайран жұртын» ел қатарына қосу, өз заманының жолсыздықтарын түзеу.Жамандықты жазбай танып, оған жанымен күйген азамат ақын бар ойы – ұйқы, тамақ, озса мал бағудың төңірегінен ұзамаған, ұрлық – қарлық, барымта, ру аралық керістер жайлаған, үкімет, низам езіп, тегіс құл – құтанға айналған, заманның күйкі тірлігіне көмілген, талаптан да, талпыныстан да марқұм қалың қазаққа сөзін қалай ұғындыра алар?

Бұқар жырау, Шалдардың насихат өлеңдері де бауырластарын жаманшылықтың кесапатынан жирендіріп, бойына жақсының шапағатын дарытпақ ниеттен туды.Күні бүгін бізге балаң, аңғал, әлсіз көрінгенмен бұл шығармалардың өз кезінде жастарды тәрбиелеуде, тентекті тиюда игілікті рөл атқарғаны күмәнсіз.

Шал – жаңа типтегі ақын; кейін исі қазаққа мәшһүр болған, орыс этнографы мен әдебиетшілерін өзінің төкпе жырымен таңырқатқан Жанақ, Арыстанбай сияқты ақындардың атасы.

« Шежірелі қартың болса

Қағазға жазған хатың деген,

Қарттың сөзі кітапқа жақын деген» ,-

іспеттес жыраулық поэзия үлгісінде келетін жолдар Шал шығармашылығында некен – саяқ.

Жырау поэзиясына сырттай еліктеуден туған, кейін ескі дәстүрден қол үзіп кетпеген ақындардың сүйікті мақамы болған тақпақты нақыл термеге де Шал онша ықылас қоймаған.Шалдың сүйікті ырғағы – ескі 11 буынды қара өлең үлгісі.[7]

Кейін Абай тұсында аяқталған қазақ әдебиетіндегі зор бетбұрыстың кейбір белгілерін Шал поэзиясынан аңдауға болады.

« Бұл күнде көңілім ауыр қорғасыннан,

Көп қылдым жігіттікті мен басымнан.

Сауырдан су төгілмес боз жорға едім

Тарлан тартса танбайтын жорғасынан.

Өткен еске түскенде құлазимын,

Ақ киіктей айрылған ордасынан.»

Бұл – ақынның өзіндік «мені» көрінген лирикалық поэзиясының үлгісі.Мұндай жолдарды, мәселен, Бұхардан ұшырата алмаймыз.Шал ескі сүрлеуден шығып кеткен.Ақынның «Жер түрлентіп жараттың» деп басталатын тағдырға налыған өлеңі де осы іспеттес.Жер – желкілдеген бозымен, қой – бауырындағы қозымен көрікті.Тек ақын ғана жалқы, ақын ғана жалғыз: оның перзенті жоқ.Ақын өзін зар шеккен баласыз арқарға теңейді.[12]

Шалдың тағы бір шығармасынан үзінді келтірейік.

« Дегдар қыз екенсің бір алма мойын,

Ұжмақтан жаратылған жұпар қойын.

Жарқырап Зәуіредей екі көзің

Таранған әр тарапқа созып мойын.

Сіздердің мен таңқалдым жамалыңа,

Ақылға толықсыған кәмалыңа.

Асыл ғой баға жетпес осындай қыз

Әр елдің аты шыққан тарауына.»

Ескі ұғым бойынша «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа».Шалға дейін әйел заты жеке ақындар шығармашылығында сөз болмаған.Көшпенді рыцарь Ақтамберді де сөз әйелге келгенде:[9]

«Сынға толса сияғы,

Келбеті шамның шырағы» -

деп өте шығады.Ал жоғарыдағы шумақтар әлсіз де болса, кейін Абайлар жасаған асқарға барар жолдағы кішкене төбешік, асулардың бірі.

Шал қазақ өлеңін тақырыптық жағынан да байытты.Оған дейін ешкім де:

« Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,

Отқа жайып,суарып,бағып – қақсын », -

деген сияқты шаруашылыққа, тұрмысқа байланысты жайларды өлеңге қоспаған болатын.Күнделікті өмірдің күйбеңі, от басы, ошақ қасының әңгімесі баяндалатын бірлі – жарымды шумақтардың өзінің белгілі бір мәні бар.Өлең шырқау биіктен түсіп, өмірмен қоян – қолтық араласты.Алайда дәл осы артықшылығы – Шал шығармашылығының кемістігі де.Поэзия тым қарабайырланып кетті, не болса сол өлеңге қосылып, баяғы Шалкиіз, Бұхарлар тұсындағы көркемдікке, ойлылыққа құрылған жырлардың ауылы алыстады.

Осы тұрғыдан алғанда, Шал поэзиясы шегініс болып есептеледі.Бірақ бұл – алға қарыштай басу үшін қажет, соқпай өту мүмкін емес шегініс еді.

Шал шығармашылығы ескі жыраулық поэзияның күні өткендігінің жаршысы болды.Алайда бұл Шалдың жеңісі емес, заманның өзгергендігінің, әдебиеттің жаңа өріске шығуының нәтежесі – тін.



































Қорытынды

Үш ғасырлық отарланған дәуірімізде езіліп-жаншылып қалған ұлттық санамызды көтеріп, асқақ қалпына келтіру үшін не істеуіміз керек? Әрине, төл тарихымыздағы өнеге боларлық, мақтан тұтарлық тұлғаларымызды жан-жақты зерттеп, бүгінгі ұрпақ санасына терең сіңіру қажет деп ойлаймын.

Сондай бірегей тұлғалардың бірі ХУІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген Шал ақын екендігіне, оны зерделей отырып түсіндім. Ол сүйініші мен күйініші қатар өрбитін жалпақ дүниенің күрделі құбылысын тереңнен байыптай білген ойшыл. Оның өмірдің өтпелілігін, фәни дүниедегі жақсылық пен жамандық, әділеттілік туралы, әйел ана , жақсы жар,тәрбиелі қыз тұрғысында жалпы адам тағдыры туралы толғаныстары біздің рухани мұрамызға қосылған бай дүние деп есептеймін.

Шал ақынға «Айтыскер, суырып салма – импровизатор, қолы тиген жерді жұлып алар, көзі түскен жерді үзіп алар, өткір экспромт иесі, тапқыр сөздің үздік шебері, ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кемеңгері» -деген көрнекті қайтаркер, ақын Кәкімбек Салықовтың пікірін қолдаймын.[1] Тағы да сол ақын ағамыз «Шал ақынның қай өлеңін алсыңда адамға үлкен ой салады, салыстырмалылықтың шебері адамға заман әлпетін таныстыра біліп, қыр-сырын айдай айқын ашады. Өлеңін,не айтысын, не әзілін оқысаңыз 250 жыл уақыт өткендей емес, екі елі қалыспай қасыңда жүргендей сезінесің»-дейді.[1]

Болашақта Шал ақын атындағы айтыстар, жарыстар, кездесулер,зерттеулер өз жалғасын табары сөзсіз. Белгілі ғалым Р. Бердібайдың «Поэзия тұғырын биікке көтерген ақындар атасы Шал Құлекеұлының мұрасы болашақта да қадір-қасиетін сақтай беретіні кәміл»- деген сенімін мен де қолдап қуаттаймын[12]


























Атығай руы



Құдайберді Бәйімбет


Жантелі мен Жәпек Құлеке-Сара (анасы) Тілеке Меңдеке

(Төле би қызы)


Шал (Тілеуке)(ұл) Айман (қыз)


Мәлібай(ұл) Мәлике(қыз) Қаншайым,Бауыржан,Сексен...

Сәкібай Айтбай Ғабит Мүсірепов

Төлеген Наушабай


Жәмилә Нұржан Наушабаев

жиеншары





























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғ.Қадірәліұлы.-Шал ақын. Алматы:«Арыс» баспасы, 2003.

  2. Х.Сүйіншалиев.Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы:Мектеп,1997.

  3. А.Қошанов. Асыл мұра.Алматы. 1998ж

  4. Ғ.Қадірәліұлы. «Шал Құлекеұлы»(шығармалары,зерттеулер)Алматы.1999ж.

  5. Дербісалин Ә.Әдебиет туралы толғаныстар.ХҮ-ХҮІІІғ.Алматы-1990ж.

  6. М.Мағауин.Шал ақын. «Жұлдыз» №8.1988

  7. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. Алматы.2000.

  8. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Алматы.1993.

  9. Сәтбаева Ш. Қазақ әдебиеті тарихы.3-том.(ХҮ-ХҮІІІғ) Алматы. Ғалым.2000.

  10. К.Салықов. Әзіл сөздің атасы. «Жас Алаш» №68.1993.

  11. М.Мағауин.Қобыз сарыны.-Алматы:жазушы,1968.

  12. М.Мағауин,М.Байділдаев.Бес ғасыр жырлайды.т.1,-Алматы: Жазушы, 1989.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Үздік ғылыми жұмыс "Шал Құлекеұлының шығармашылығы"

Автор: Фазылахметова Гулнар

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381271

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Абай ??нанбай?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(48) "abai-k-u-nanbaiu-ly-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "297275"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456159630"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп"
    ["seo_title"] => string(35) "adamzattyn_b_rin_sui_bauyrym_diep_1"
    ["file_id"] => string(6) "414082"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494410720"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«Ер Төстік» ертегісі"
    ["seo_title"] => string(22) "ier_tostik_iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "355679"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478363835"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Ш.Смахан?лы. Т?к?ппар"
    ["seo_title"] => string(23) "sh-smakhanu-ly-t-k-ppar"
    ["file_id"] => string(6) "296524"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456042811"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай "
    ["seo_title"] => string(45) "diebi-iertieghilier-bdild-t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "128170"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415451250"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства