kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай

Нажмите, чтобы узнать подробности

?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай

 Категориясы: ?аза? тілі ж?не ?дебиеті

Саба? жоспары

Мерзімі:

Сыныбы: 6"А"

П?ні: ?аза? ?дебиеті

Саба?ты? та?ырыбы: ?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: о?ушылар?а ертегі т?рі - ?деби ертегі туралы, ?бділд? Т?жібаевты? ?мір жолы ж?не "Тола?ай" ертегісі ж?нінде т?сінік беру. "Тола?ай" ертегісіні? ?деби ертегі т?ріне жататынды?ын ме?герту.

Дамытушылы?: о?ушыларды? ?з ойын ж?йелі айта білуін, шапша?ды??а, с?здік ?орыны? молды?ына назар аудару, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын, м?нерлеп о?у да?дыларын дамыту.

Т?рбиелік: о?ушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылы??а, ер ж?ректілікке т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?

Саба?ты? ?діс - т?сілдері: слайдтар, актив студио дыбысты? ж?йесі, т?сіндіру, жекелей о?ыту, хронологиялы? кесте, Венн диаграммасы, с?ра? - жауаптар.

Саба?ты? к?рнекілігі: тірек сызба, ?. Т?жібаевты? портреті, тірек сызбалар, Интерактивті та?тамен ж?мыс

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і:

а) с?лемдесу;

?) т?гендеу;

б) зейіндерін п?нге аудару.

ІІ. Жа?а материал?а даярлы?:

- Балалар, б?гін біз ?. Т?жібаевты? ?мір жолымен ж?не ?деби ертегі т?ріне жататын "Тола?ай" ертегісімен, ертегідегі Тола?айды? елі, жері ?шін жаса?ан ерлігімен таныс боламыз.

 

ІІІ. Жа?а материалды т?сіндіру:

 

?дебиет нешеге б?лінеді?

1) ауызша

2) жазбаша

Ауыз ?дебиетіні? т?рлерін ата?дар!

1. Т?рмыс - салт жырлары

2. Ма?ал - м?телдер

3. Ж?мба?тар

4. Жа?ылтпаштар

5. Ертегілер

6. Батырлар жырлары

7. ?ашы?ты? жырлар

8. Айтыс ?ле?дері

9. А?ыз ??гімелер

 

Ертегілерді? бір саласы - ?деби ертегілер. ?деби ертегіні? жаз?ан авторы белгілі бол?анды?тан, оны ?деби ертегі деп атайды. ?деби ертегілер к?бінесе ел арасында ауызша айтылып келген а?ыз ??гімелерді? негізінде туады. ?деби ертегілер е?бек адамын ?адірлеуді, ту?ан елін с?юді, биік адамгершілікті, шыншыл, ?ділетті болуды уа?ыздайды.

Мысал?а ?бділд? Т?жібаевты? "Тола?айы" ?деби ертегісіне жатады. Тола?ай атты батыр бала туралы ж?не оны? атымен аталып кеткен Тола?ай тауы туралы халы? а?ызы ар?ау бол?ан.

?деби ертегі авторы ?. Т?жібаев ?мірі, шы?армашылы?ы.

(актив студио ар?ылы дикторды? с?зімен баяндалады)

• 1909 жылы 4 - а?панда ?ызылорда ?аласында д?ниеге келген.

• 1995 жылы 23 – ?ырк?йекте д?ниеден ?ткен.

• ?. Т?жібаев – а?ын, драматург, ?дебиет зерттеуші, ?аза?станны? халы? жазушысы, филология ?ылымдарыны? докторы, профессор.

• Т???ыш жина?ы «Жа?а ыр?а?» 1933жылы жары? к?рген.

• 50 ша?ты кітапты? авторы.

• «Тола?ай» ?деби ертегісі 1978 жылы жазыл?ан

• «Жамбыл» кинофильміні? сценарийін жаз?ан.

• Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Е?бек ?ызыл Ту» орденімен екі рет, «??рмет белгісі» орденімен, медальдармен.

• ?бділд? Т?жібаев "К?й атасы", "А?ын", "Портреттер" дастандары, балалар та?ырыбында да ?алам тартты.

«Тола?ай» ертегісін о?ушыларды? ?здеріне жекелеп о?ыту.

Тола?ай

(Ерлік туралы а?ыз)

Ел аузында ертеректен,

Ертек бол?ан ?ызы? к?птен

Бір ??гіме есімде бар.

Айтып соны баяндайын,

Ерінбейін, аянбайын,

Ты?дау ?шін кел, балалар.

Бес ж?з жылдар шамасында

Сонау Ертіс жа?асында,

Бол?ан біреу Саржан атты.

Да??ы шы??ан мерген екен,

Талай жерді к?рген екен,

С?йіпті ж?рт сол ?аза?ты.

Ж?байы да ?зіне сай,

Аты Айс?лу - а? маралдай,

А?ша беті айменен те?.

К?ркінен де а?ылы басым,

К?ршілерді? к?рі, жасын

С?йсіндірген ?ылы?ымен...

Айы толды, к?ні жетті,

"?л туды" деп ел шу етті,

Д?ниеге бір бала келді.

Отыз к?ндік мерекені,

Естен кетпес берекені,

Сол ауыл?а ала келді.

А? тілекті дос - жарлары

Ат арытып жетті б?рі,

?алмай адам к??ілі жа?ын.

А?са?алдар ?ол к?теріп,

Жас б?бекке бата беріп,

Тола?ай деп ?ойыпты атын.

Бал?ын б?бек жетті бірге,

Ілінбесін к?з бен тілге.

Кереметтен ту?ан жандай:

Кере ?арыс, а?ша ма?дай,

К?н н?рынан а?ша ма?дай,

К?н н?рынан жарал?андай,

К?зі т?скен та??ал?андай.

?штен т?ртке жетті жасы,

Ту?ан айдай екі ?асы,

А? тістері а? меруерттей.

?ос ж?лдыздай к?з жанары,

?ос бетіні? тамып ?аны,

Жалындайды жан?ан ?рттей.

Тым ерекше, т?л?а пішін,

?лшеп болар емес к?шін,

?уанышты ата - анасы.

Бота болып ойна?алы

Ар?аласа он баланы -

?айыспайды ?абыр?асы.

"Алып болар"деді ?лкендер,

Тірі болсын, туды бір ер,

Ер жетуін к?тті халы?.

Арнап келіп к?рер болды,

К?рген со? к?з сенер болды,

Алыста?ы ел хабарланды.

Жеті жаста сада? тартты,

Ат?ан о?ы тасты уатты,

Жай отынан кейін емес.

Темірден де ?ткізеді,

Т?ндік жерге жеткізеді,

Ел осыны етті ке?ес.

Еріп к?рі мергендерге -

?кесімен шы?са бірге

А? аулау?а - ке? даладан

??тылмайды ?аш?ан ??лан.

Жал?ыз тол?ап тартуынан,

Жан ??т?армас болды ?ыран.

*Осындай бір а?шылы?та

Кетіп ?зап айшылы??а,

Шексіз - шетсіз к?лге келді.

М?лдір судан ш?л ?андырды.

"Алайын,- деп,- к?зімді іліп",

?кесімен тілге келді.

Жал?ыз ?лы - к?з жанары,

С?раса да берер жанын:

"?йы?та, ?озым"деді Саржан.

?й?ыда?ы Тола?айды

Айналады, тол?анады,

К?белектей от айнал?ан.

Елсіз, малсыз к?лді? ?асы,

?алы? ?амыс айналасы.

К?з ?ызы?ар ?ш?ан ??с?а.

О?та - текте ?н береді,

?рейді ала к??іренеді,

Жем іздеген жолбарыс та.

Жолбарысты? естіп ?нін,

Оятайын десе ?лын,

А? батырын ат?ызба??а:

Сабырсыз боп ?ызбайын деп,

Т?тті ?й?ысын б?збайын деп,

?зіне - ?зі салды то?тау.

Сол кезде бір сыбдыр шы?ты,

Жалт б?рылды, к?зін тікті,

К?рді Санжар а? балуанын.

Жортып ж?ріп келіп ?апты,

Жол тос?анын а??армапты,

О да торып ?алды жауын.

О?тан ?ш?ыр ?р жолбарыс,

Жібермейтін жат?а намыс,

Ла?тыратын атандарды,

Жымитты да ?ос ??ла?ын,

К?здерінен шашып жалын,

Жер бауырлап жата ?алды.

Сонда мерген ?атты састы,

Адамды а?ны? с?сы басты,

Жолбарыстан к?з алмады.

?имылдаса, ат?алы т?р,

?анды аузын бас?алы т?р,

Арбасу?а т?зе алмады.

"?лдім, балам, Тола?айжан!"

Деген дауыс шы?ты жаман

Атып сонда т?рды бала.

Тырна?тарын арандат?ан,

Ажда?адай аузын аш?ан,

Жолбарысты к?рді бала.

?кесінен ?л кетіпті,

?ояр емес, жауы мы?ты,

Мендеп барад, к?ші басым.

Тал шыбы?тай майыстырып,

Те?біл ш?бар ал?ан мініп,

К?йрететін ?абыр?асын.

Тола?айды ашу ?ысты:

"Келе ?ал,- деп - болса? к?шті",

??йры?ынан алды барып.

Тая? ??рлы к?рмей тіпті,

Жолбарысты д??гелетті.

Ойна?андай шыр айналып,

?ршы?тайын ?йіргенде,

Екпінінен со??ан желге,

К?к ??ра?тар ?алды жатып.

?лден кейін аспандатып

Айдын к?лге жіберді атып,

К?мп етті де, кетті батып.

- Б?л не деген ?лкен мысы?,

Сал?ындады - ау су?а т?сіп,-

Деді бала, к?лімдеді.

?кесі де езу тартты.

"Мысы?" ж?зіп бара жатты,

?айырылатын емес енді.

 

ІІ

Жылдар ?ткен...

Жаз?ыт?рым,

Басталды бір жаман ырым,

Жаумай жауын жал?ыз тамшы.

Ерте солды г?л - б?йшешек,

Еркін ?спей, ?урады ш?п,

Етке тиді ауыр ?амшы.

Еккен егін ?нбей жерге,

Еткен е?бек ?шты желге,

Ел к?йзелді ем таба алмай.

Жабыр?а?ан жарлы ?ауым

Жалбарынды тілеп жауын,

К?кжиектен к?зін алмай.

Сезген м?ны Тола?ай да

Сабырсызды? болды пайда,

Ойланады ?за? к?ндер:

"?айтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын ?андырамын,

Адал а?ыл айтар кімдер?"

К?п ?тпеді. Бір к?ндері

Шешесіне еркеледі.

Отыр с?рап ?р н?рсені...

Та?ы да бір бар сауалым:

К?п жауады ?айда жауын?

Білсе?, апа, айтшы!- деді.

Ай?а? ете ?лкендерді

Апатайы жауап берді:

- Деген с?зі бар: "Тауда тандыр".

?арлы, шы?ды тау жерінде,

Тарба?атай ??ірінде

?зілмейді жылда жа?быр.

Тола?айы? ты?дап алды,

Екі беті г?л - г?л жанды.

Кідірмеді, ж?ріп кетті.

Кеудесімен б?лт б?геген,

Б?лттан жа?быр себелеген

Ас?ар тау?а келіп жетті.

Та?дап ж?ріп тау жотасын,

Тал?ай ?арап орман, тасын,

Тарба?атай ??ірінен,

К??ілі с?йген бір шат?алды

?за? ыр?ап б?ліп алды,

?ркештенген т?йінінен.

Басында?ы ?арын ?оса,

Баурында?ы а?ын ?оса,

Шай?ап б?ла?, к?к орманды,

К?шпен ?ре? алды - да?ы,

Ар?асына салды - да?ы,

Келген ізбен ?айта оралды.

Ар?алады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды,

Ма?дайынан тер к?л боп а?ты.

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда ?алмайын деп,

Шаршаса да, то?тамапты.

Тау жа?ындап ?алды келіп,

Б?йралан?ан б?лт е?серіп,

Та?данысты к?рген адам.

?лден кейін танылды аны?,

"Тола?ай!" деп шулап халы?,

?уанба?ан ?алмады жан.

??йды жа?быр, сел боп а?ты,

К?н к?ркіреп шатырлатты,

К?йген жерді? кірді жаны.

Ш?лдегендер су?а ?анды,

Ауыл ?айта ажарланды,

Тар?ады елді? бір ??мары.

Тал?ан дене, жан?ан ?кпе,

Келген шыдап сонша к?пке,

?за?ты к?н сыр бермеген.

Жетеріне жеткен кезде,

К?н е?кейіп ш?ккен кезде,

С?рінді алып ?лденеден.

Кетті ??лап, т?ра алмады.

"Апа!" деді жал?ыз ?ана,

Тау да басып ш?ге берді,

Апасы жас т?ге берді,

Отаны ?шін ?лді бала.

Кім ?алды екен егілмеген,

Кім ?алды екен т?гілмеген,

К?з к?ргеннен Тола?айды.

К??іренді де анасындай,

К?н де баты шарасыздай,

Т?н ?ап - ?ара шашын жайды.

Ауысыпты заман талай,

Атал?алы тау - Тола?ай...

Соны ?лкендер ертегі еткен,

Алыпты тау басып жат?ан,

Ана с?тін тас боп ?ат?ан

К?реді ?лі ?ткен, кеткен.

Тола?айды? т??ірегінде,

Тол?ында?ан желмен бірге

К?к те?іздей к?к шал?ыны.

Алыпты ж?рт арда?тайды,

Алып атын бір атайды

Жылда жа?быр жау?ан к?ні.

 

ІV. Жа?а саба?тан т?сінгендерін тексеру:

*С?здікпен ж?мыс

Отыз к?ндік мереке - ?аза?та ?лкен ?за? уа?ыт тойла?ан д?ст?р бол?ан. "Отыз к?н ойын, ?ыры? к?н тойы" деген с?з содан ?ал?ан.

Жай оты - найза?ай

с?сы басты - айбатынан сескенді

еткен е?бек ?шты желге - пайдасы болмады, зая кетті

Егілмеген - жылама?ан

*Хронологиялы? кестемен ж?мыс (?мір жолы бойынша тапсырма)

1909 жылы 4 - а?панда ?ызылорда ?аласында д?ниеге келген

1995 жылы 23 – ?ырк?йекте д?ниеден ?ткен.

1978 жылы «Тола?ай» ?деби ертегісі жазыл?ан

1933жылы т???ыш жина?ы «Жа?а ыр?а?» жары? к?рген.

 

50 ша?ты кітапты? авторы.

 

*"Тола?ай" ертегісінен те?еулерді тауып, теріп жазы?дар.

а? маралдай, айменен те?, жандай, а? меруерттей, ж?лдыздай, ?рттей, Ажда?адай, анасындай.

* Поэманы сатылай кешенді талдау

кім?

1. авторы

2. та?ырыбы

3. жанр т?рі

4. идеясы -

5. ??рылысы:

а) шума? -

?) тарма? -

б) буна? -

в) буын -

г) ?й?ас -

6. К?ркемдік ерекшелігі:

1) эпитет -

2) метафора -

3) риторикалы? с?ра? -

 

?. Жа?а саба?ты ?орытындылау:(?има - ?а?аздарда?ы с?ра?тар)

1. Ертегі дастан?а ?андай о?и?а ар?ау бол?ан?

2. Тола?айды? жанашырлы?, елге деген с?йіспеншілік сезімдері ?з бойы?нан табыла ма?

3. Шы?арманы? мазм?нын ?з с?зі?мен ?ыс?аша мазм?ндап бер.

4. Ертегіні б?лімдерге б?ліп, ?р б?лімге ат ?ой.

5. Ертегіні? ?ыс?а мазм?н - жоспарын ??р.

6. Тола?айды ?деби кейіпкер ретінде сипатта. (Д?ниеге ерекше болып келуі, мінез - ??л?ы, ерлік істері, ел есінде ?алуы).

7. Тола?ай секілді ер болу ?олы?нан келе ме? Алда - жалда ж?рт к?йзелсе сен не істер еді??

8. Тола?айды б?рын о?ы?ан кейіпкерлермен салыстыр!

Венн диаграммасы

Кер??ла атты Кендебай - Тола?ай

 

С?з ж?мба?

1. ауыз ?дебиетіні? т?рі

2. ?. Т?жібаев д?ниеге келген ?ала

3. Ислам діні ??ымында к?ллі ?аламды жаратушы

4. Адамата жаса?ан е? ал?аш?ы адамны? аты

5. Жа?быр ?зілмейтін ??ір

6. ??ранды жаттап, ?немі есінде са?тайтын адамдар

7. Тола?айды? анасыны? аты

Сонымен балалар, Тола?ай - халы? арманынан ту?ан кейіпкер екен. Ертегі идеясы - ел ?шін, отан ?шін сондай ерлер туса екен деген тілек, ниет. Тола?айды? тауды к?теруі м?мкін бе? - жо?, ?рине,

- Сендерге б?гінгі ертегі ?нады ма, балалар?

- и?.

?І. ?й тапсырмасын беру:

?. Т?жібаевты? ?мір жолы мен Тола?ай ертегісін о?ып, мазм?ндау.

Тола?ай ертегісінен ?на?ан ?зіндісін жаттау.

Ба?алау:

- ?аза? осы ?она? келсе к?л - к?сір,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабатын,- деп ?. Мырзалиев атамыз айт?андай сендерге жабатын шапаным б?гінгі ал?ан ба?алары?  деп есепте?дер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай »

Әдеби ертегілер. Әбділдә Тәжібаев. Толағай

Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті

Сабақ жоспары

Мерзімі:

Сыныбы: 6 "А"

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Әбділдә Тәжібаев. Толағай.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ертегі түрі - әдеби ертегі туралы, Әбділдә Тәжібаевтың өмір жолы және "Толағай" ертегісі жөнінде түсінік беру. "Толағай" ертегісінің әдеби ертегі түріне жататындығын меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару, пәнге деген қызығушылықтарын, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ер жүректілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: слайдтар, актив студио дыбыстық жүйесі, түсіндіру, жекелей оқыту, хронологиялық кесте, Венн диаграммасы, сұрақ - жауаптар.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, Ә. Тәжібаевтың портреті, тірек сызбалар, Интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) түгендеу;

б) зейіндерін пәнге аудару.

ІІ. Жаңа материалға даярлық:

- Балалар, бүгін біз Ә. Тәжібаевтың өмір жолымен және әдеби ертегі түріне жататын "Толағай" ертегісімен, ертегідегі Толағайдың елі, жері үшін жасаған ерлігімен таныс боламыз.


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:


Әдебиет нешеге бөлінеді?

1) ауызша

2) жазбаша

Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар!

1. Тұрмыс - салт жырлары

2. Мақал - мәтелдер

3. Жұмбақтар

4. Жаңылтпаштар

5. Ертегілер

6. Батырлар жырлары

7. Ғашықтық жырлар

8. Айтыс өлеңдері

9. Аңыз әңгімелер


Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыз әңгімелердің негізінде туады. Әдеби ертегілер еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды.

Мысалға Әбділдә Тәжібаевтың "Толағайы" әдеби ертегісіне жатады. Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.

Әдеби ертегі авторы Ә. Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.

(актив студио арқылы диктордың сөзімен баяндалады)

• 1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

• 1995 жылы 23 – қыркүйекте дүниеден өткен.

• Ә. Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

• Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген.

• 50 шақты кітаптың авторы.

• «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған

• «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.

• Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.

• Әбділдә Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" дастандары, балалар тақырыбында да қалам тартты.

«Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыту.

Толағай

(Ерлік туралы аңыз)

Ел аузында ертеректен,

Ертек болған қызық көптен

Бір әңгіме есімде бар.

Айтып соны баяндайын,

Ерінбейін, аянбайын,

Тыңдау үшін кел, балалар.

Бес жүз жылдар шамасында

Сонау Ертіс жағасында,

Болған біреу Саржан атты.

Даңқы шыққан мерген екен,

Талай жерді көрген екен,

Сүйіпті жұрт сол қазақты.

Жұбайы да өзіне сай,

Аты Айсұлу - ақ маралдай,

Ақша беті айменен тең.

Көркінен де ақылы басым,

Көршілердің кәрі, жасын

Сүйсіндірген қылығымен...

Айы толды, күні жетті,

"Ұл туды" деп ел шу етті,

Дүниеге бір бала келді.

Отыз күндік мерекені,

Естен кетпес берекені,

Сол ауылға ала келді.

Ақ тілекті дос - жарлары

Ат арытып жетті бәрі,

Қалмай адам көңілі жақын.

Ақсақалдар қол көтеріп,

Жас бөбекке бата беріп,

Толағай деп қойыпты атын.

Балғын бөбек жетті бірге,

Ілінбесін көз бен тілге.

Кереметтен туған жандай:

Кере қарыс, ақша маңдай,

Күн нұрынан ақша маңдай,

Күн нұрынан жаралғандай,

Көзі түскен таңғалғандай.

Үштен төртке жетті жасы,

Туған айдай екі қасы,

Ақ тістері ақ меруерттей.

Қос жұлдыздай көз жанары,

Қос бетінің тамып қаны,

Жалындайды жанған өрттей.

Тым ерекше, тұлға пішін,

Өлшеп болар емес күшін,

Қуанышты ата - анасы.

Бота болып ойнағалы

Арқаласа он баланы -

Қайыспайды қабырғасы.

"Алып болар"деді үлкендер,

Тірі болсын, туды бір ер,

Ер жетуін күтті халық.

Арнап келіп көрер болды,

Көрген соң көз сенер болды,

Алыстағы ел хабарланды.

Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты,

Жай отынан кейін емес.

Темірден де өткізеді,

Түндік жерге жеткізеді,

Ел осыны етті кеңес.

Еріп кәрі мергендерге -

Әкесімен шықса бірге

Аң аулауға - кең даладан

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқармас болды қыран.

*Осындай бір аңшылықта

Кетіп ұзап айшылыққа,

Шексіз - шетсіз көлге келді.

Мөлдір судан шөл қандырды.

"Алайын,- деп,- көзімді іліп",

Әкесімен тілге келді.

Жалғыз ұлы - көз жанары,

Сұраса да берер жанын:

"Ұйықта, қозым"деді Саржан.

Ұйқыдағы Толағайды

Айналады, толғанады,

Көбелектей от айналған.

Елсіз, малсыз көлдің қасы,

Қалың қамыс айналасы.

Көз қызығар ұшқан құсқа.

Оқта - текте үн береді,

Үрейді ала күңіренеді,

Жем іздеген жолбарыс та.

Жолбарыстың естіп үнін,

Оятайын десе ұлын,

Аң батырын атқызбаққа:

Сабырсыз боп қызбайын деп,

Тәтті ұйқысын бұзбайын деп,

Өзіне - өзі салды тоқтау.

Сол кезде бір сыбдыр шықты,

Жалт бұрылды, көзін тікті,

Көрді Санжар аң балуанын.

Жортып жүріп келіп қапты,

Жол тосқанын аңғармапты,

О да торып қалды жауын.

Оқтан ұшқыр өр жолбарыс,

Жібермейтін жатқа намыс,

Лақтыратын атандарды,

Жымитты да қос құлағын,

Көздерінен шашып жалын,

Жер бауырлап жата қалды.

Сонда мерген қатты састы,

Адамды аңның сұсы басты,

Жолбарыстан көз алмады.

Қимылдаса, атқалы тұр,

Қанды аузын басқалы тұр,

Арбасуға төзе алмады.

"Өлдім, балам, Толағайжан!"

Деген дауыс шықты жаман

Атып сонда тұрды бала.

Тырнақтарын арандатқан,

Аждаһадай аузын ашқан,

Жолбарысты көрді бала.

Әкесінен әл кетіпті,

Қояр емес, жауы мықты,

Мендеп барад, күші басым.

Тал шыбықтай майыстырып,

Теңбіл шұбар алған мініп,

Күйрететін қабырғасын.

Толағайды ашу қысты:

"Келе қал,- деп - болсаң күшті",

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Ойнағандай шыр айналып,

Ұршықтайын үйіргенде,

Екпінінен соққан желге,

Көк құрақтар қалды жатып.

Әлден кейін аспандатып

Айдын көлге жіберді атып,

Күмп етті де, кетті батып.

- Бұл не деген үлкен мысық,

Салқындады - ау суға түсіп,-

Деді бала, күлімдеді.

Әкесі де езу тартты.

"Мысық" жүзіп бара жатты,

Қайырылатын емес енді.


ІІ

Жылдар өткен...

Жазғытұрым,

Басталды бір жаман ырым,

Жаумай жауын жалғыз тамшы.

Ерте солды гүл - бәйшешек,

Еркін өспей, қурады шөп,

Етке тиді ауыр қамшы.

Еккен егін өнбей жерге,

Еткен еңбек ұшты желге,

Ел күйзелді ем таба алмай.

Жабырқаған жарлы қауым

Жалбарынды тілеп жауын,

Көкжиектен көзін алмай.

Сезген мұны Толағай да

Сабырсыздық болды пайда,

Ойланады ұзақ күндер:

"Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын,

Адал ақыл айтар кімдер?"

Көп өтпеді. Бір күндері

Шешесіне еркеледі.

Отыр сұрап әр нәрсені...

Тағы да бір бар сауалым:

Көп жауады қайда жауын?

Білсең, апа, айтшы!- деді.

Айғақ ете үлкендерді

Апатайы жауап берді:

- Деген сөзі бар: "Тауда тандыр".

Қарлы, шыңды тау жерінде,

Тарбағатай өңірінде

Үзілмейді жылда жаңбыр.

Толағайың тыңдап алды,

Екі беті гүл - гүл жанды.

Кідірмеді, жүріп кетті.

Кеудесімен бұлт бөгеген,

Бұлттан жаңбыр себелеген

Асқар тауға келіп жетті.

Таңдап жүріп тау жотасын,

Талғай қарап орман, тасын,

Тарбағатай өңірінен,

Көңілі сүйген бір шатқалды

Ұзақ ырғап бөліп алды,

Өркештенген түйінінен.

Басындағы қарын қоса,

Баурындағы аңын қоса,

Шайқап бұлақ, көк орманды,

Күшпен әрең алды - дағы,

Арқасына салды - дағы,

Келген ізбен қайта оралды.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды,

Маңдайынан тер көл боп ақты.

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да, тоқтамапты.

Тау жақындап қалды келіп,

Бұйраланған бұлт еңсеріп,

Таңданысты көрген адам.

Әлден кейін танылды анық,

"Толағай!" деп шулап халық,

Қуанбаған қалмады жан.

Құйды жаңбыр, сел боп ақты,

Күн күркіреп шатырлатты,

Күйген жердің кірді жаны.

Шөлдегендер суға қанды,

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.

Талған дене, жанған өкпе,

Келген шыдап сонша көпке,

Ұзақты күн сыр бермеген.

Жетеріне жеткен кезде,

Күн еңкейіп шөккен кезде,

Сүрінді алып әлденеден.

Кетті құлап, тұра алмады.

"Апа!" деді жалғыз ғана,

Тау да басып шөге берді,

Апасы жас төге берді,

Отаны үшін өлді бала.

Кім қалды екен егілмеген,

Кім қалды екен төгілмеген,

Көз көргеннен Толағайды.

Күңіренді де анасындай,

Күн де баты шарасыздай,

Түн қап - қара шашын жайды.

Ауысыпты заман талай,

Аталғалы тау - Толағай...

Соны үлкендер ертегі еткен,

Алыпты тау басып жатқан,

Ана сүтін тас боп қатқан

Көреді әлі өткен, кеткен.

Толағайдың төңірегінде,

Толқындаған желмен бірге

Көк теңіздей көк шалғыны.

Алыпты жұрт ардақтайды,

Алып атын бір атайды

Жылда жаңбыр жауған күні.


ІV. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:

*Сөздікпен жұмыс

Отыз күндік мереке - қазақта үлкен ұзақ уақыт тойлаған дәстүр болған. "Отыз күн ойын, қырық күн тойы" деген сөз содан қалған.

Жай оты - найзағай

сұсы басты - айбатынан сескенді

еткен еңбек ұшты желге - пайдасы болмады, зая кетті

Егілмеген - жыламаған

*Хронологиялық кестемен жұмыс (өмір жолы бойынша тапсырма)

1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген

1995 жылы 23 – қыркүйекте дүниеден өткен.

1978 жылы «Толағай» әдеби ертегісі жазылған

1933жылы тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» жарық көрген.


50 шақты кітаптың авторы.


*"Толағай" ертегісінен теңеулерді тауып, теріп жазыңдар.

ақ маралдай, айменен тең, жандай, ақ меруерттей, жұлдыздай, өрттей, Аждаһадай, анасындай.

* Поэманы сатылай кешенді талдау

кім?

1. авторы

2. тақырыбы

3. жанр түрі

4. идеясы -

5. құрылысы:

а) шумақ -

ә) тармақ -

б) бунақ -

в) буын -

г) ұйқас -

6. Көркемдік ерекшелігі:

1) эпитет -

2) метафора -

3) риторикалық сұрақ -


Ү. Жаңа сабақты қорытындылау:(қима - қағаздардағы сұрақтар)

1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?

2. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

3. Шығарманың мазмұнын өз сөзіңмен қысқаша мазмұндап бер.

4. Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.

5. Ертегінің қысқа мазмұн - жоспарын құр.

6. Толағайды әдеби кейіпкер ретінде сипатта. (Дүниеге ерекше болып келуі, мінез - құлқы, ерлік істері, ел есінде қалуы).

7. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?

8. Толағайды бұрын оқыған кейіпкерлермен салыстыр!

Венн диаграммасы

Керқұла атты Кендебай - Толағай


Сөз жұмбақ

1. ауыз әдебиетінің түрі

2. Ә. Тәжібаев дүниеге келген қала

3. Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы

4. Адамата жасаған ең алғашқы адамның аты

5. Жаңбыр үзілмейтін өңір

6. Құранды жаттап, үнемі есінде сақтайтын адамдар

7. Толағайдың анасының аты

Сонымен балалар, Толағай - халық арманынан туған кейіпкер екен. Ертегі идеясы - ел үшін, отан үшін сондай ерлер туса екен деген тілек, ниет. Толағайдың тауды көтеруі мүмкін бе? - жоқ, әрине,

- Сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма, балалар?

- иә.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру:

Ә. Тәжібаевтың өмір жолы мен Толағай ертегісін оқып, мазмұндау.

Толағай ертегісінен ұнаған үзіндісін жаттау.

Бағалау:

- Қазақ осы қонақ келсе көл - көсір,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабатын,- деп Қ. Мырзалиев атамыз айтқандай сендерге жабатын шапаным бүгінгі алған бағаларың деп есептеңдер.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай

Автор: Тлеубаева Аягоз Уразбековна

Дата: 08.11.2014

Номер свидетельства: 128170


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства