Просмотр содержимого документа
«Шәкәрім шығармашылығы»
Жоспар:
I.Кіріспе
Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы
II.Негізгі бөлім:
Шәкәрім шығармаларын мектепте оқыту мәселесі.
III.Қорытынды
Шәкәрім шығармаларының Абай шығармаларымен үндестігі
Кіріспе
«Еңлік- Кебек» дастанының тақырыбы мен идеясы
Мағынаны тану
Шәкәрім қаламынан туған үш дастаны да ескі қазақ тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Бұл дастандар жанрлық тұрғыдан алғанда «Қалқаман-Мамыр» ─ лиро-эпикалық жыр, «Еңлік-Кебек» ─ әлеуметтік дастан,
«Нартайлақ-Айсұлу» ─ махаббат драмасы. Сонымен қоса «Ләйлі-Мәжнүн» (Физулиден) дастанын 1907 жылы жазған, «Дубробский әңгімесі» (Пушкиннен) 1908 жылы жазылған және «Қодардың өлімі» дастанын жазады. 1888 жылы «Қалқаман-Мамыр» дастанын, 1891 жылы «Еңлік-Кебек» дастанын жазып, 1912 жылы жеке кітап күйінде Семейде «Жәрдем» баспасында басылып шыққан.
«Еңлік- Кебек» дастаны - адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды.
Дастанының кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына сүйреп өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады.Махаббат жолында құрбан болған,ерлікті аңсау мен зұлымдық қарсылысының бейнесі болған Еңлік пен Кебек есімдері ел есінде сақталды. Семей-Қарауыл тас жолына жақын жерде Еңлік-Кебек ескерткіші бар.
Ой толғаныс
І Шығармашылық диктант
Шәкәрім ... (1858) жылы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде дүниеге
келген. ... (5) жасында оқуға барып, ... (7) жасында жетім қалады. Әкесі Құдайберді ... (1866) жылы ... (37) жасында дүниеден озады. 10 жасында ... (домбыра) , ... (гармонь) музыкалық аспаптарында ойнауды үйренеді. ... (25) жасында болыс болып сайланады. Халық Шәкәрімді «екінші ... (Абай)» деп таныған. Ақын ... (1905) жылы Меккеге
қажылыққа барған. Шәкәрім ақын 1931 жылы 2-ші ... күні ... (73) жасында жазықсыз оққа ұшқан.
ІІ Дастанды сатылай кешенді талдау
«Еңлік-Кебек» дастаны
1.Авторы. Ш.Құдайдердіұлы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан»,
«Шын сырым» атты шығармалары бар. Ақын 1931жылы 2 қазанда 73 жасында қастандық құрбаны болды 2.Тақырыбы ─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі.
3.Жанр түрі поэзия (дастан). Дастан ─
(парсы сөзі тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры)
Таяу және орта Шығыстың, Азияның әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі оқиғалы шығарма.
4. Идеясы. Бұл дастанның идеясы ─ ескіліктің бұлжымас заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете білуі.
5.Шумақ. 3 шумақты. ( Жалпы 131 шумақты)
6.Тармақ ─ өлеңнің әр жолы. 4 тармақты, барлығы
7.Бунақ ─ белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.3 бунақты.
8.Буын саны ─сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. 11-12 буынды.
9.Ұйқас түрі. (-а- а- ә- а) қара өлең ұйқасы.
10.Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитет ─ қос басшысы, жас басы, жасы бала, жаны отты, сабаз жолдас.
1.Авторы – Ш.Құдайбердіұлы 1958 -1931 жылдар аралығында өмір сүрген . Қазақтың ақыны 7 жасында ақындыққа талпына бастайды. Алғашқы өлеңін әкесінің өліміне байланысты шығарады. «Жуандар», «Қайтқан шал», «Қорқақ шал», «Бай мен қонақ» атты өлеңдері бар.
2.Тақырыбы ─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі.
3.(Дастан)Поэзия
4.Эпикалық жанр түрі.
4.1.Орта көлемді эпикалық жанр түрі.
4.2. Дастан ─ (парсы сөзі тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) Таяу және орта Шығыстың, Азияның әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі оқиғалы шығарма.
5.Шығарманың негізгі идеясы. Ескіліктің бұлжымас заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете
білуі.
6.Шығарманың композициялық құрылысы -шығарманың композициясы сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып реттеп қиыннан қиыстырады.
6.1.Сюжеттің басталуы ─Тобықты руынан шыққан Кебектің бейнесі. Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті. Мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым қатынасқа көшпес бұрынғы қал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
6.2.Сюжеттік байланыс ─ Кебектің Нысан абызға бал аштыруға келуі. Сюжеттік байланыс ─ адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті. Шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
6.3.Сюжеттік даму ─ аттастырылып қойған Еңліктің Кебекпен бірге қашуы. Сюжеттік даму ─ адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістерге байланысты.
6.4.Шиеленісуі ─ екі рудың бірін бірі шабуы, малға бітім қылмауы.
Шиеленісуі─ оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп ширығуы.
6.5.Шарықтау шегі ─ Еңліктің соңғы сөзі (үш тілегі). Шарықтау шегі ─ сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп,өрбіп жеткен жері, шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
6.6.Шығарманың шешемі ─екі рудың келісімімен екі жасты ат құйрығына байлап өлтіруі. Шығарманың шешемі ─ суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған үкімі, адамдар арасындағы тайталастардың, күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар, тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы күйі; күллі құбылыс көріністердің соңғы сахнасы.
7.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі.
7.1.Жағымды- Еңлік, Кебек, Нысан абыз.
7.2.Жағымсыз-екі ру адамдары.
8.Әдеби теориялық ұғымдар.
8.1.Троп немесе құбылту ─ сөздерді тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
9.Түсіндірме сөздік.
Барымта ─ жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы.
Ұрын ─ күйеу жігіт жеңгелеріне сый-сияпат беріп, айттырған қыздың ауылына жасырын келуі.
2.Зертте.Ру адамдары неліктен екі жасты өлімге бұйыратынын дәлелде.
3.Салыстыр.Сол ескі заман мен қазіргі
заманды салыстыр.
4.Қолдан.Шығармадағы сөз
кестелерінен ой айшықтарын тап.
5.Ізден. Шығармадағы салт-дәстүрді тап.
Мені де кедей емес, байға берген,
Күйеуім өткен жазда ұрын келген.
6.Анықта. Еңлік пен Кебек бейнесі қандай образға жатады?
Шәкәрім шығармаларының Абай шығармаларымен үндестігі
«Абай дәстүрі мен Шәкәрім»
Сұрақ – жауап
Абай атамыз қандай шығыс ақындарын оқыды?
Шәкәрім атамыз қандай шығыс ақындарын оқыды?
Олар Физули, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Фердаусиді оқыды. Шәкәрім Физулидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын аударды.
Абай атамыз қандай орыс ақындарын оқыды, аударды?
Пушкин, Лермонтов, Крыловтың поэмаларын көп аударды.
Шәкәрім атамыз қандай орыс ақындарын оқыды, аударды?
А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Н.Некрасов шығармаларын оқыды. А.С.Пушкин, Л. Толстойдың шығармаларын аударды.
Т А Л Д АУ. Постермен жұмыс
1 – ші топ. Абай Құнанбайұлының шығармаларын постерге түсіреді.
2 – ші топ.Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын постерге түсіреді.
Қарлы кесек ойыны
Шәкәрім атамыз – Абай атамыздың дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп. Соның бірі Абай атамыздың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық
Шәкәрім поэзиясы - өзінің көркемдік бар асылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытқан бай мұра. Абайдың реалистік дәстүрі – Шәкәрім шығар-маларының негізгі идеялық – көркемдік нысанасы. Шәкәрім өзінің ізгі ойларын, халқына деген ақ, адал көңілін өлеңмен өрнектеген ақын. Қай тақырыпты жырласа да, ол Абайдың гуманистік идеясы үлгісінде, реалистік тәсілмен жеткізуге күш салады. Ағартушылықтың бірден – бір жолы халықтың санасын ояту деп түсінеді. Сондықтан да ақын адамгершілік имандылық ар-ождан, ақыл мен іс істеу, адалдық әділдік, бірлік, еңбек, өнер - ғылымдарды насихаттау мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Шәкәрімнің ұстазы Абай жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Шәкәрім де осы дәстүрді жалғастырды.
Абай атамыздың жастарды, елді білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әр неге», «Интернатта оқып жүр»
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен мына үзіндіні оқыды.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба...
Ойнап босқа күлуге ...
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рахым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп...
Ал Шәкәрім атамыздың осы тақырыпқа жазған өлеңдерін атаңдар? «Жастарға», «Ашу мен нысап», «Талап пен ақыл», «Насихат», «Сен ғылымға», «Адам немене?» т.б
Ғылымның артықшылығын көрсететін Абайдың бір өлеңінен үзінді оқыңдар дегенде оқушылар
Шәкәрімнің өлеңдерінен ғылымның артықшылығын көрсететінін бір үзінді келтіріңдер дегенде оқушы