Просмотр содержимого документа
«Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі»
Сәкен Сейфуллин
“Ақсақ киік“
(1894-1938)
Үй тапсырмасын тексеру
“ Жалғастырғым келеді”...
М.Жұмабаев “Сағындым” өлеңі
Сәкен – адамгершілігі мол, адал жанды, нағыз халық ұлы
сазгер
драмматург
С.Сейфуллин кім?
Қазақ әдебиетінің
жазушы
негізін қалаушы
ақын
Қазақстан Жазушылар Одағының
Қоғам қайраткері
негізін қалаушы
Киік-киелі жануар
Киік бетпақ шөлді далалар мен таулы аймақтарда өмір сүретін жануар. Ол жүйрік, сағатына 60 – 70 км жүгіреді. Топтасып өмір сүреді. Өзін - өзі емдейтін де қасиеті бар. Еті, мүйізі бағалы. Ақбөкен деп те атайды, шөлге өте төзімді. Киік-дала жануарының ішіндегі ең сұлу, жүйрігі.Оның аяқтары сидаң, жіңішке, тұмсығы дөңестеу, танау тесіктері кең.Танау тесіктерінің кеңдігі олардың қатты жүгіруіне көмектеседі.Мүйізінен қымбат дәрілер жасайды.Мүйіз еркегінде болады.
Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.
Киік– қоныс аударатын тұяқты жануар. Киіктің сыртқы түрі қойға ұқсас. Көздері үлкен, Аяқтары арық. Басын үнемі көлбеу түрде ұстайды. Құлағы мен құйрығы қысқа.
“Түртіп алу”
Сөздікпен жұмыс.
Бетпақдала
Жазық, шөл дала
Қу баялыш
Шөптің атауы
Ұзындық өлшемі
Сегіз көштік
Бетеге
Шөп атауы
Шөбі сұйық
құнарсыз
1 топ:Өлең құрылысына талдау.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
2 топ:Өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құрыңдар.
Топтық жұмыс
1 топ. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен»,«Мүйізін пайда қылып, шетке сатқан» деген жолдардан не түсінуге болады?
2 топ. Өлең сендерге қалай әсер етті?
Өлең қалай аяқталды немесе қалай аяқталғанын қалар едің?
Түйін
Қазіргі уақытта киіктер қауіп төнген жануарлар қатарында. 1996 жылы оны Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына енгізді. XX ғасырдың соңында Кеңес Одағының ыдырауы кезіндегі экономикалық жағдай киік етіне және мүйізіне сұранысты арттырып, нәтижесінде киік саны күрт төмендеді. Киік саны он жыл ішінде 50 есе кеміген, 1 млн киіктен тек қана 20 мыңнан астам дана қалған. 2004 жылдан бастап киікті қорғауға және сақтауға арналған шаралардың арқасында оның саны өсіп келеді. Бүгінгі күні ол 130 мыңды құрайды. Киік Сарыарқаны мекендейді.
Ақбөкеннің негізгі жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкенді дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін аулайды. Оның мүйізінен пайдалы дәрі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.
“Иә”, “Жоқ”
1. С.Сейфуллин 1894 ж. дүниеге келді ме?
2. Киіктер орманды жерде мекен ете ме?
3. Киікті бөкен деп атауға бола ма?
4. Табиғатты ластауға бола ма?
5. Қазақстанда киіктерді аулауға рұқсат етіле ме?
6. Ақбөкенді кәсіптік жолмен аулауға тыйым салынды ма?
7. Киіктің мүйізі пайдалы ма?
Өлең 13 буынды ма?
9. Киіктің лағы құралай деп атала ма?
10. Киіктер «Қызыл кітапқа» енген бе?
Үйге тапсырма:
1.Өлеңнің ұнаған жерін жаттау.
2. “Қызыл кітап” туралы, оған енген жануарлар, құстар туралы іздену.