Сабақтың такырыбы: Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға жинақтық жэне болжалдық сан есімдер жайлы
толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б)тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабақка дайындық.
э) Үй тапсырмасын сүрау.
1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Дәптерлерін алмастыру.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау. Білімді тексеру кезеңі.
а) Сан есім деген не?
э) Қүрамына қарай нешеге бөлінеді?
б) Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
в) Есептік, реттік сан есімдер деген нс, олар қалай жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Жинақтық жэне болжалдық сан есімдер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген сүрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Болжалдық сан есімдер заттың санын дэл білдірмей, шамамен болжалдап керсетеді де,қанша,неше,қаншадан сияқты сұрақтарға жауап береді.
Түсінгенін тексеру. Жинақтық сан есім деген не? Ол қалай жасалады? Болжалдық сан есім деген не? Ол қалай жасалады?
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 169-жаттығу
170-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, болжалдық сан есімдердің жасалу жолына көңіл бөліңдер, оларға сұрак койыңдар.
Келесі тапсырма: 171-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген сан есімдерді қатыстырып, ауызша сөйлемдер қүраңдар.
Жаңа сабақты бекіту жумыстары. 1. Сөзжүмбақ шешкізу. Сөзжүмбақты дұрыс шешкен кезде, тігінен болжалдык, деген
сөз шығады.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1. Араның сыйы (бал)
2. Мұздасаң жылытатын (от)
3. Ешкінің баласы (лақ)
4. Жыл мезгілі (жаз)
5. Жеміс аты (алма)
6. Балшық түрі (лай)
7. Тынығатын күн (демалыс)
8. Суъщ сезінің антонимі (ыстық)
9. Жыл атауы (қоян).
2.Сюжетті суреттерді ала отырып мәтін құрау. Мәтіндегі сөйлемдер-ден сан есімді табу.
З.Үлестірмелі кеспе қағаздарымен жүмыс.
№1
Жинақтық сан есімді тап. Біреу, екеу, жетеу, От пен отын, көсеу, Сонда бэрі нешеу? №2
Жүмбақты шеш. Сан есімді тап. Екі айнасы, Екі найзасы бар. Төрт сылдырмағы, Бір шыбыртқысы бар.
№3
Жүмбақты шеш. Сан есімнің түрін ажырат. Төртеуі түрады, Біреуі жейді. Біреуі аула сыпырады.
№4.
Болжалдық сан есімдерді тап. Қалай жасалғанын ата. Жиырма бестей арғы атамыз, Сонша жасап бергі атамыз. Өз атамыз — жиырмада, Бізге сол жас бүйырмай ма? Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
1. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.
2. Үйге тапсырма: 167-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Ребусты шешіңдер. Құрамында сан есімі бар не мақал, не мәтел, не нақыл сөз бойынша өздерің де рубус құраңдар.