kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жина?ты? ,болжалды? сан есімдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  Жина?ты?,  болжалды?  сан  есімдер.
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: О?ушыларды? білім алу ма?сатында о?у ?дебиеттерімен ж?мыс ж?ргізу т?сілдері ар?ылы сан есімні? жина?ты?, болжалды? ма?ыналы? ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуге ?йрету;
Дамытушылы?: о?ушыларды? с?здік ?орларын, ?з бетімен іздену, ойлау ?абілеттерін дамыту, ойларын на?ты айту?а да?дыландыру;
Т?рбиелік: ??ыптылы??а, шапша?ды??а, ?з елін с?йетін рухы биік т?л?а болу?а т?рбиелеу;
Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?
 Саба?ты? ?дісі: СТО, о?улы?пен ж?мыс
Саба?ты? к?рнекілігі:  Семантикалы? кесте,?лестірмелі ?а?аздар,карточкалар,кесте.
П?наралы? байланыс: математика, ?дебиет, 
Саба?ты? барысы:
1. ?йымдастыру кезе?і.
  а) Балалармен амандасамын: Саламатсыздарма балалар. Т?гендеймін,сыныпты? тазалы?ына к??іл б?лемін,о?ушыларды? о?у-??ралдарын  тексеремін,. Балаларды 3- топ?а б?ліп аламын, назарларын саба??а аудартамын.Саба?ты бастамай т?рып о?ушылармен сергіту с?тін ?ткіземін. ?р топ ше?бер болып т?рады ,бір-біріне сан есімдерді пайдаланып ?демі тілектерін айтады,сосын жа?сы к??іл к?й мен саба?ты бастаймыз.

 2. ?й тапсырмасын тексеру.?й ж?мысына берілген  166 – жатты?уды тез-тез тексеремін. Ой ша?ыру ?дісімен ?й ж?мысын  пысы?таймын.?й ж?мысына байланысты мына с?ра?ты жалпы ?оямын. О?ушылар:
• Сан есім дегеніміз не? О?ушылар жауап берген со? ,3-топ?а бір-бір карточкадан таратамын,карточка  2-с?ра?тан т?рады.
• 1-топ?а 1-карточка                                                                                                                                                                       Сан есім ??рамына ?арай нешеге б?лінеді?
• Дара сан есім дегеніміз не?

2-топ?а 2-карточка
• К?рделі сан есім дегеніміз не?
• Ма?ынасына ?арай нешеге б?лінеді?

3-топ?а  3-карточка
• Есептік сан есімні? с?ра?ы ?андай?
• Реттік сан есімні? с?ра?ы ?андай?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жина?ты? ,болжалды? сан есімдер »

Күні: 02.12.2014жыл. Пәні: қазақ тілі Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы: Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім алу мақсатында оқу әдебиеттерімен жұмыс жүргізу тәсілдері арқылы сан есімнің жинақтық, болжалдық мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын, өз бетімен іздену, ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын нақты айтуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз елін сүйетін рухы биік тұлға болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Семантикалық кесте,үлестірмелі қағаздар,карточкалар,кесте.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Балалармен амандасамын: Саламатсыздарма балалар. Түгендеймін,сыныптың тазалығына көңіл бөлемін,оқушылардың оқу-құралдарын тексеремін,. Балаларды 3- топқа бөліп аламын, назарларын сабаққа аудартамын.Сабақты бастамай тұрып оқушылармен сергіту сәтін өткіземін. Әр топ шеңбер болып тұрады ,бір-біріне сан есімдерді пайдаланып әдемі тілектерін айтады,сосын жақсы көңіл күй мен сабақты бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.Үй жұмысына берілген 166 – жаттығуды тез-тез тексеремін. Ой шақыру әдісімен үй жұмысын пысықтаймын.Үй жұмысына байланысты мына сұрақты жалпы қоямын. Оқушылар:
• Сан есім дегеніміз не? Оқушылар жауап берген соң ,3-топқа бір-бір карточкадан таратамын,карточка 2-сұрақтан тұрады.
• 1-топқа 1-карточка Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
• Дара сан есім дегеніміз не?

2-топқа 2-карточка
• Күрделі сан есім дегеніміз не?
• Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3-топқа 3-карточка
• Есептік сан есімнің сұрағы қандай?
• Реттік сан есімнің сұрағы қандай?

Әр топ өз сұрақтарына ауызша жауап берген соң,үй жұмысын бекітіп,жаңа сабақты бастаймыз.
3.Жаңа сабақ Жинақтық, болжалдық сан есім.

Балалар бүгін біз сан есімнің түрлері жинақтық сан есім,болжалдық сан есімдерді өтеміз.Жинақтық сан есім дегеніміз? Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.
Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: біреу, алтау, жетеу;
Дауысты дыбысқа біткен екі, алты, жеті деген есептік есімдерге - ау, - еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы - ы, - і түсіріліп қолданылады.
Мысалы: екі+еу ═ екеу, алты+ ау═алтау,
Жинақтық сан есімдер заттанып, заттық мағынаны беріп тұрады.
Мысалы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді.
Ал енді болжалдық сан есім дегеніміз ?
Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы?, қаншадан? Сияқты сұрақтарға жауап береді.
Жасалу жолы:
- лаған, - леген, - даған, - деген, - таған, - теген, - лап, - леп, дап, - деп, - тап, - теп, - дай, - дей, - тай, - тей
Мысалы: жүздеген, мыңдап, елулеп;
Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс, барыс септік жалғауы жалғанады.
Мысалы: елулерде, отыз бестерге;
Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады.
Мысалы: жетпіс - сексен, жүз - жүздеген;
Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы да жасалады.
Мысалы: мыңға тарта, жүз шамалы, отызға жуық

Енді балалар тақырып түсінікті болса,оқулықпен жұмыс жасаймыз.Жаттығу орындаймыз.
4.Оқулықпен жұмыс
168 - жаттығу (жазбаша) Екеу,үшеу,төртеу боп ойнайтын ойын түрлерін естеріңе түсіріңдер.Жинақтық сан есімді қатыстырып,өздерің білетін ойындар туралы сөйлем құрастырып жазыңдар.
169-жаттығу (жазбаша) Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап,оларды сөзбен жазыңдар.Үлгі: ондаған,онға тарта,онға жуық,он шақты.
171 – жаттығуды (ауызша орындау)Берілген сан есімдерді қатыстырып,ауызша сөйлем құраңдар. Ауызша орындап болған соң 3-топқа бірдей семантикалық карталарды таратамын. Әр топ жылдам, әрі дұрыс жауап берулері тиіс

5.Семантикалық карта

Мысалдар

Есептік

Реттік

Жинақтық

Болжалдық

1

Екеу



+


2

Біреу



+


3

Екі-үш




4

Бесінші


+

+


5

Жетеу




+

6

Мыңдаған




+

7

Алпыстай




+

8

Отыз бестерде




+




3-топтың толтырған семантикалық кестелерін тексеріп,сабағымызға қорытынды жасаймыз.Сабағымызды балалар таңбамен жұмыс деп аталатын үлестірмелі қағаздармен, ондағы тапсырмаларды орындаумен қоытындылаймыз.

Сабақты қорытындылау: Әр топқа таңбамен жұмыс үлестірмелі қағаздарды таратамын,әр топтың жауаптарын тексеріп,тақырыпқа байланысты мына сұрақтарды қоямын.

1.Жинақтық сан есім дегеніміз не? 2.Жинақтық сан есімнің жұрнақтары қандай? 3.Болжалжық сан есім дегеніміз не? 4.Болжалдық сан есімнің жұрнақтары қандай?

Сонымен балалар сабаққа қорытынды жасаймыз.



6.ТАҢБАМЕН ЖҰМЫС
Тү+1
К+2+л
К+3+ік
7+к
3+көз 9+құмалақ

7.Бағалау.Оқушыларды үй жұмысын орындауына,сабаққа қатысуына,берілген тапсырмаларды орындауына қарай бағалаймын.

8. Үйге тапсырма:Балалар үйге 167-жаттығу.Ребустың жауабын шешіп келесіңдер.Сонымен қатар 170 – жаттығуды орындайсыңдар,сөйлемдерді көшіріп жазып,болжалдық сан есімдердің жасалу жолына көңіл бөліңдер,оларға сұрақ қойыңдар.
«Олимпиада кереметтері» тақырыбында шығармашылық жұмыс.Ережелерді қайталап келесіңдер. Тпасырма түсінкті болса балалар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталады. Қош сау болыңыздар.


















































Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі №25 Славное негізгі мектебі КММ





6-сыныпта қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақтың тақырыбы

«Жинақтық,болжалдық сан есімдер»











Өткізген қазақ тілі пәні мұғалімі Нуржанова Айнура.Рахатовна.















Арал ауылы



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Жина?ты? ,болжалды? сан есімдер

Автор: Нуржанова Айнура Рахатовна

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160651


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства