| Күні | 29.01.2017 |
| Кабинет | 314 |
| Сыныбы | 8 «A» |
| Пәні | Қазақ тілі |
| Пән мұғалімі | Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі Тайшаева Меруерт Жаксылыковна. |
| Тақырыбы | Талғаулы салалас. |
| Мақсаты | Білу: Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру. Ереже сұрау. Түсіну: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Қолдану: Талғаулы салалас туралы түсініктерін пайдалана отырып, оқулықтан жаттығулар орындату. Талдау: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру. Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы құрмалас сөйлемдерден не білгенін жөнінде топтастыру. Күрделі тапсырмалар беру, оқушыларды ойландыру. |
| Күтілетін нәтиже | Білу: Өткен тақырыпты білу. Түсіну: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ережесімен танысып түсінеді. Қолдану: Талғаулы салалас туралы түсініктерін пайдалана отырып, оқулықтан жаттығулар орындайды. Талдау: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғынады.. Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы құрмалас сөйлемдерден не білгенін жөнінде топтастыра алады. Күрделі тапсырмалар беру арқылы оқушылар ойланады. Бағалау: Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді, жалпы салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады. |
| Ресурстар | Оқулық, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
| Сабақтың құрылымы | І. Ақпарат блогы. ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. V. Күтілетін нәтиже блогы. |
| Оқыту әдісі | «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық». |
| Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі | Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. |
| Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы | Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып баға беру. |
| Танымдық тапсырмалар | Сабақтың ЖБЕА (жаттықтыру және жаңа білімді есепке алу) блогында беріледі. |
| Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру | Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін , суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. |
| Оқушыда дағды қалыптастыру | Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу |
| Негізгі ұғымдар мен терминдер | Талғаулы салалас сөйлем |
| Ақпарат көздері | Интернет желісі, Оқулық. |
| Сабақты бағалау | Оқушының оқу іс-әрекеті деңгейіне байланысты бағаланады. |
| Психологиялық дайындық | Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу.    |
| Топқа бөлу | І топ:
ІІ топ:
ІІІ топ: |
| І. Ақпарат блогы. 6 минут | Тақырып жоспары: 1. Талғаулы салалас 2.Жалғаулық шылаулары 3. Тыныс белгілері | 1-слайд | | Талғаулы салалас |  |
| 2-слайд | |
Жалғаулықтары: | не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде, не болмаса, я болмаса;
Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады. |
|
| ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. 6 минут
| І.Білу.Түсіну. «Динамикалық әдіс» топ болып шеңбер құрып, бір-біріне кезектес салалас сөйлем туралы не білгенін, түсінгенін айтады. 1.Талғаулы салалас сөйлем дегеніміз не? 2.Талғаулы салалас сөйлемнің жасалуы ? ІІ. Қолдану.Талдау. Жаттығу жұмыстарын орындау. Түсіндірмелі салалас пен талғаулы салаласты салыстыра отырып, Венн диаграммасын құру. ІІІ. Жинақтау. «Ротация» әдісі арқылы әр топ жаңа тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарды бір-біріне қойып талқылайды, жинақтайды. |
| ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. 18 минут
| І деңгей. 114-жаттығу ІІ деңгей. 115-жаттығу ІІІ деңгей. Талғаулы салаластың жалғаулықты шылау-ларын қатыстыра отырып, өз ойларынан қысқаша «Көктем» тақырыбына әңгіме құрап жазу. |
| ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. 6 минут
| І топ. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» ІІ топ. «Менің ерекші қасиетім» ІІІ топ. «Мен үлгі алатын қасиеттер» |
| V. Күтілетін нәтиже блогы. | Сабақты өздігінен бағалау. Сыныптың сабақты оқу қарқыны мен күтілетін нәтижеге қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жазу. |