Күні: 18.11.10 жыл
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы
«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық», «Мұнар күн»
Мақсаты. 1.Білімділік: Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім
екендігін,оның шығармаларының
тақырыбын,мақсатын,тарихын аша отырып,
ақынды тағы да жаңа қырынан таныту,өлеңге
талдау жасатуды үйрету,өмірге,тарихқа
жаңаша көзқарас қалыптастыру,ақын өміріндегі
ұлтжандылықты ұғындыру;
- Дамытушылығы: Оқулық пен қосымша деректерді
пайдалануға,өз ойларын еркін айтуға,өз пікірлерін
қорғап,ақын поэзиясын насихаттап,әдеби тілмен
сөйлеуге дағдыландыру;
3.Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа,батылдыққа,бірлікке,
туған жерін,елін,сүюге,қорғауға тәрбиелеу;
Түрі : Жаңа білімді игерту сабағы
Әдісі : Ой шақыру,ой қозғау,шығармашылық
жұмыстар,талдау,мәнерлеп оқу;
Көрнекілігі: Ақынның портреті,тақырыпқа арналған слайд,
талдау кестелері;
Пәнаралық байланыс: тарих,саз пәні,қазақ тілі;
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру:1. Оқушылармен амандасып,сабаққа қатысын
түгендеу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) үй тапсырмасын сұрау.Берілген тақырыптар бойынша сұралады.
1.Махамбеттің балалық,жастық шағы;
2.Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс;
3.Исатай қазасынан кейінгі Махамбеттің өмірі;
4.Махамбет туралы зерттеу жұмыстар;
(Оқушылардан үй тапсырмасын жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша сұрап,нақты жауап алуға жұмыстанамын)
Жаңа сабақ: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай»,
«Жалғыздық», «Мұнар күн»
- I. 1731 жылдан бастап Қазақстан Ресейдің қол астына қарай бастады.Отаршылдық басталды.Қазақтардың жақсы жерлерін тартып алды.Қазақ халқының өз жеріне,өз еліне билік ету құқы болмады.Сондықтан қазақ халқы Ресей патшасына қарсы соғыс ашты.
Шаруалар көтерілісі
1836-1838
1837-1847
1828-1829
Исатай-Махамбет Кеңесары Қасымұлы
бастаған көтеріліс бастаған көтеріліс
Бөкей хандығында
көтеріліс басталды
1837
«Ереуіл атқа ер салмай»
(Үш өлеңіне түсінік беру)
«Ереуіл атқа ер салмай» толғаулары көтерілістің алғашқы өрлеу тұстарын бейнелейді.1837 жылы жеді(қараша) жұлдызының 12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң,далаға қонады.Күн суық боран екенДалаға қонып тұрған жұрттың көбі жылы үй,жұмсақ төсек,қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен.Махамбет елінің ертеңін ойлады. «Ереуіл атқа ер салмай»деген өлеңінің құрылымы күрделі.Бұл өлең ақынды- эпик ақын ретінде таныта түседі Бірақ өлең құрылымы өте қысқа жазылған.Өлең мұңды да қайғылы,елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі.Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы ойлар бере отырып,сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай,ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады.Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән. Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде,өзегі талып,түн қатып,темір қазық,қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр. Бұл өлең бір ғана бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен тұратын,шұбыртпалы өлең ұйқасымен, 19 тармақ,1 шумақ,17 дыбыстық қайталау үлгісінде жазылған өлең.
Дауысты дыбыс-ассонанс,дауыссыз дыбыс-аллттерация
Жалғыздыққа сәл бой алдырған кезең
«Мұнар күн» өлеңі «Жалғыздық» өлеңі «Мұнар күн» ұғымдарын мұнартып көрінген сағымның пайда болуымен түсіндіруге болады.38 тармақтан,аралас ұйқасқа құрылған,8 буынды,3 бунақты өлең.Исатай өлгеннен кейін жабырқау көңілмен жазған өлеңі еді. Бұл өлеңде буыршын мұзға тайған күн,бура атанға шөккен күн,буулы теңді шешкен күн,Лашын қуға төнген күн,Қорашыл төбет болған күн т.б сөз тіркестері бар.Эпитеттер: «Бұрынғы бақыт тайған күн», «Буыршын мұзға тайған күн», «Мұнар күн», «Шұбар күн» т.б Бұл-елім деп еңіреген ердің бастаған ісінің жеңіліс тауып тұрған сәті.Күн-мұнар,бұлттан шыққан күн-щұбар.Бура атанға шөккен соң ақырзаман емей немене?Ақын жүрегі қан жылайды,күн де жылайды,дауыл теріс соғады.Хас бәйтерек жығылған,қылыш балдағынан сынған,дұшпанның көңілі тынған күн. «Буыршын» түйенің бір түрі, табаны бүртік келеді.Ол мұзға таймайды.Егер мұзға тайса жақсылықтың белгісі емес.