Кіріктірілген сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы | Мектеп:№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі |
Күні:23.12.2016ж | Қазақ тілі пәні мұғалімі: Абдукаримова Патима Музыка пәні мұғалімі: Баимбетова Сандуғаш |
Сыныбы: 6 а | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: |
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | Абайдың өміріне, ақындық, сазгерлік өнеріне тоқталу |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Ақынның өмірін, түрлі тақырыптағы өлеңдерін, түрлі жанрдағы әндерін біледі. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Ақын өмірі жайлы ойларын, әндерін, өлеңдерін еркін жеткізе алады. |
Кейбір оқушылар |
Ақынның шығармаларын зерттей алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар Ақын жайлы жазылған нақыл сөздерді жазу(жазылым), өлеңдерін жатқа айта алады (айтылым). Орындалған әндерді, көрсетілген бейнекөріністерді тыңдай алады(тыңдалым). |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Өмірі, өлеңдері, әндері, қара сөздері, поэмалары, нақыл сөздері |
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер. |
Талқылауға арналған тармақтар: |
Тапсырмалар барысында барлық тармақтарда сұрақ қойылады және жауап талқыланады 1Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда) Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург) Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан) Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын) Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Абайдың руы. (Тобықты) Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға») Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.) Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы) |
Сіз неліктен ....екенін айта аласыз ба? |
Абай әндерінің өзге әндерден ерекшелігі неде? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Ақын жайлы қосымша деректер, нақыл сөздер табу, іздену. |
Алдыңғы оқу: Абай Құнанбайұлының өмірі |
Жоспар: |
Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқыту ресурстары |
Басталуы: 10минут | Ұйымдастыру. Жаңа сабақты «Кофе брейк» әдісі арқылы 3 топқа бірігеді. Үй тапсырмасын сұрау. «Ойлан.Бірік. Бөліс» әдісімен «Жабық хат» сұрақтарына жауап береді | «Домбыра, Қобыз, Жетіген» |
Ортасы: 25 минут | Жаңа сабақ. Оқушыларға әуенді тыңдату арқылы жаңа табақтың тақырыбын ашу Әннің әуенін есту арқылы «Шрифтограмма» шешу.Мұғалімдер ақынның өмірі мен өлеңдері және сазгерлігі жайлы мәлімет беріп, бейне көрініс арқылы түсіндіреді. Мұғалім ән орындайды. Топтық тапсырма беріледі.3- топта «Суретер сөйлейді» тапсырмаларды орындайды . . | Аспаптарына қарай топтарға бірігеді слайд плакат, маркер, оқулық |
Аяқталуы: 10 минут | Кері байланыс . . «Тазалық» әдісімен жүреді. Критерийлер арқылы бағалау қорытындысын жасау.Суммативті бағалау. Үйге тапсырма: Абайдың нақыл сөздерін оқу, өлеңдерін жаттау. | А4 қағазы,маркер . |