Sinkuein немесе бес жолды ?ле? стратегиясы .
Кім? Абай
?андай? дана, дара
Не істеді? Аударды,жазды, ?н шы?арды
Т?йін Орыс шы?армаларын ?аза? тіліне аударды.
Синоним Абай- кеме?гер
Кейінгі тапсырмалар
«Абай – ?аза? поэзиясыны? ас?ар биігі» ой тол?ау жазу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Облысты? семинар саба? Абай ??нанбай?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы»
Сабақ жоспары
САБАҚ: №23
МЕКТЕП: « №7 орта мектеп» МКМ
Күні: 25.11.2015
Мұғалімнің есімі: Султанбекова Ш.С
СЫНЫП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік қалыптастырады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Өз пікірлерін еркін айтуға бейімделеді.Өз-өзін бағалау жүйесі қалыптасады
Оқушылардың басым бөлігі:
Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы туралы айта алады.
Кейбір оқушылар:
Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы құнды мәліметтер тауып, қосымша деректерді айта алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі,талдай алады,ой қорытуға бейімделеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Абай өмірі, ақын шығармашылығы, «Қазақтың бас ақыны»,ғақлия сөздері, назирағөйлік өлең. т.б
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: (сөздік қорын дамыту),әдеби сөздер, сөздікпен жұмыс, тұрақты тіркестер, теңеулер
Талқылауға арналған тармақтар:
Абай өмірінің кезеңдері қандай?
Абай шығармашылығының ерекшелігі неде?
Абай келер ұрпаққа қандай аманат қалдырды?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Абай өміріне хранологиялық кестені сәйкестендіру
Алдыңғы оқу
Білу
Өздері ізденіп, Абай өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер тауып келу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз)
Бағалау
Ресурстар
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру:
3минут
«Аңдатпа» арқылы бүгінгі сабаққа шолу
Стикер арқылы топқа бөлу
Стикерге жазылған сөздерді оқып, сабақта өтетін тақырыптарға шолу жасайды, стикердің түсіне байланысты топқа бөлінеді
Бақылау
Хетти 2009,
Еллиот 1991, Джон Б.Уотсон, Эдвард Л.Торндайк, Мишра, Кёлер2006, Александер-2001
Сабақтың ортасы
4минут
Түсіну
6 минут
Талдау
7 минут
Тақырыпты ашу
Бейнежазба
«Абай өмірі мен шығармашылығы»
Постермен жұмыс
Постерге берілген тақырыптарды қорғайды
І топ «Абай өмірі,шыққан тегі,ортасы,достары»
ІІ топ «Абай шығармашылығы»
ІІІ топ «Абай кім?»
Қазақ халқында Абайдың орны
(нақты деректер келтіру,дәлелдеу,сараптау)
АКТ-да көрсетілген видеоны көре отырып , «Түртіп алу»әдісі бойынша кестедегі мәліметтерді белгілейді,оқиды.
1.Оқулықта және қосымша ресурстар арқылы мәтінді оқып, топта талқылап, тақтада жауап береді
Әр топтық жұмыста хронологиялық кесте толтыру
Бақылау
От шашу
Бағалау парағын
Толтыру
1 балдық жүйе
https://e.edu.kz/ru/
e-Learning
Кітапханасы
Сабақтың аяқталуы
Жинақтау/қолдану баға беру
20 минут
2-тапсырма «Толықтыру» сынамасы
3-тапсырма
«Жылдар жырлайды» кестесін толтыру
4-тапсырма
Тест орындау
Оқушылар топтаманы толтырып тексереді
Кесте толтырады
Порталдан тест орындайды
Табыс критерийі
https://e.edu.kz/ru/
e-Learning
Кітапханасы
Кері байланыс
5 минут
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы . Кім? Абай Қандай? дана, дара Не істеді? Аударды,жазды, ән шығарды Түйін Орыс шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Синоним Абай- кемеңгер
Кейінгі тапсырмалар
«Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу
Үлестірмелі топтамалар
1.Сипаты:
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,ақын,ойшыл
2.Хронологиясы
1845 жыл 22 тамыз 1904жыл
3.Туған жері:
Семей облысы,Шығыстау өңірі(қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,Қасқабұлақ жайлауында)
6.3 Әкесі ел басқару ісіне араластыру үшін елге алып келеді.
6.4 Білімін өз бетінше жалғастырады.Семейдегі қоғамдық кітапханадан азаттық қозғалысының өкілдері-орыс классиктерініңшығармаларымен танысады,дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді
6.5 Алғаш өлеңді 10 жасында жазған. «Кім екен деп келіп ем дүние қуған» Ақындыққа 30 жасында ден қойған. Өлеңдерін Көкпай Жанатаев атымен жариялаған.Өз атымен 1886ж. «Жаз» өлеңін алғаш жариялаған.
7.Еңбектері
7.1 Негізгі тақырыбы:өнер-білімге,ғылымға шақырады.
7.3 Қарасөздері – 45 -46-шы тарихи очерк(1890-1898)
7.4 Әндері- “Желсіз түнде жарық ай”,“ Сегіз аяқ”, Айттым сәлем Қаламқас т.б 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
7.5 Күйлері: “ Торжорға”, “Желдірме”, “Май түні”
7.6 Қылмыстық істерге қарсы заңдар жинағы(1885ж.мамыр)
8.Тарихтағы орны
қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,қазақты әлемге танытушы
9.Ерекшелігі:
9.1Айналасына қарадан шыққан қазақ жастарын топтастырды.
9.2 Орыс халқын отаршылдардан ажырата білді-достық, туыс- қандық жаршысы-Ресей-Абай жылы(2006)
9.3 Семей облыстық статистика комитетінің мүшесі(1884)
9.4 Шыңғыс болысын 9 жыл билеген.
Тест
1-тапсырма.Дұрыс жауабын таңдаңыз.
Шығыс әдебиетіндегі белгілі сюжетті жарыса жырлау дәстүрі –
А) Назирагөйлік
Ә) Мәснауи
Б)Ғазләл
В)Қасида
2-тапсырма.Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.
Абай мектебінің өнерлі жастары, Абай шәкірттері: √
дұрыс
бұрыс
Ақылбай
Оразалы
Мағауия
Шәкәрім
Кәкітай
Шөже
Майбасар
Тұрағұл
Көкбай
Мұхамеджан
3-тапсырма.Дұрыс жауабын белгілеңіз.
Абай Семейде ............ медресесінде оқыған.
А) Ахмет Риза
Ә) Ақшемседдин
Б)Ғалия
4.Абай жазысқан заңдар ережесі –
A) «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы»
B) «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесі»
C) «Сібір қазақтарының Ережесі»
D) «Жеті жарғы»
5.Абай Құнанбайұлының поэмалары –
«Ескендір», «Масғұт»
«Құралай сұлу», «Ақбөпе»
«Гүлқашима», «Топжарған»
«Адасқан өмір», «Кім жазықты»
6.Философиялық трактаттар стилінде жазылған Абай шығармасы –
A) Ғақлия (қарасөздер)
B) «Сенатқа хат»
C) «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»
D) «Теректің сыйы», «Шайтан»
7.Абайдың азан шақырып қойған есімі – A) Ибраһим B) Абай C) Абылай D) Ыбырай
8.Абайдың өлеңдерін тақырыпқа реттеп, кітапқа суреті мен түсініктеме жазып, тұңғыш баспаға даярлап шығартқан –
A) І.Жансүгіров
B) К.Ысқақұлы
C) Н.Төреқұлов
D) М.Әуезов
9.Абайтанудың негізін қалаған ғалымдар –
A) М.Әуезов, Қ.Мұқаметханов, М.Мырзахметов
B) С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, С.Бегалин
C) Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, С.Қирабаев
D) Б.Кенжебаев, Б.Ыбырайым, Т.Кәкішев
10. «Қазақтың бас ақыны» мақаласының авторы –
A) М.Дулатов
B) А.Байтұрсынов
C) Н.Төреқұлов
D) Б.Күлеев
11. Абай өз өлеңдерін алғаш қай ақынның атымен таратқанын көрсетіңіз.
A) Байкөкшенің
B) Барластың
C) Кемпірбайдың
D) Көкбайдың
12.1876-1878 жылдары Абай Құнанбайұлы болыс болған ел –
A) Қоңыр Көкше
B) Көкпекті
C) Құсмұрын
13.Абай жақын араласқан орыс демократтары –
A) Г.Н.Потанин, С.Ф.Дуров
B) В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Ф.М.Достоевский
C) Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьев
D) В.В.Григоьев, В.П.Василев
І топ «Зерттеушілер» тобы Постерге қорғау материалдары
І топ «Абай өмірі,шыққан тегі,ортасы,достары» Абай өмір сүрген кезең
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы – бай, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай болыс, аға сұлтан.
Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен – ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, ертегі аңыздарды құмарта тыңдайды.Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул – Жаппардың, кейін Ахмет – Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды.
Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған, он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген оймен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді.
Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдеп – ғұрып, тұрмыс – салтын терең танып білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен билердің ортасына түседі. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінде үйренеді. Сол әңгіме – жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді. Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;
ІІ топ «Сарапшылар» тобы Постерге қорғау материалдары ІІ топ «Абай шығармашылығы»60 – жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады.
Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып оқитын болды. Сөйтіп жүріп ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен кездеседі.
Абай орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков – Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын, Белинский, Герцен, Чернышовский, Добролюбов сияқты революцияшыл – демократтардың еңбектерін оқиды.
1882 жылы «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» және Лермонтовтан аударған «Борадино» өлеңдері көркем туындылар.
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім». 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазады. «Қалың елім,қазағым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». /1887ж/
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» /1888ж/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /1889ж/ Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – «табиғат лирикасы». Табиғат – адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы.
Абайдың табиғат лирикасын суреттейтін тұңғыш өлеңі «Жаз» /1886ж/, «Қыс» /1888ж/ «Күз», «Қараша желтоқсанмен сол бір – екі ай» /1889ж/ «Жазғытұры» /1890ж/ өлеңдері.
Абай аудармалары: А.С.Пушкиннен «Татьянаның қырдағы әні».
Абай Лермонтовтан 27 шығарма аударды. Абай Крыловтан мысал өлеңдер аударды. Абайдың «Бойы бұлғаң», «Өлсем орным қара жер», «Құлақтан кіріп бойды алар». Абай — өзі ән шығарған ақын. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» т.б. с.с. «Қараңғ түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты» тәрізді аудармалары да халық арасына ән болып тараған.
Абай поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Абайдың 45 қара сөзі бар.
Абай туралы көрнекіліктерімен таныстырып өтейін.
ІІІ топ «Ізденушілер» тобы Постерге қорғау материалдары
А) Абай кім?
Ә) Абай туралы даналық ой пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
М.Әуезов
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны»
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер»
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз –дара шыққан тау ағашы сияқты»
Абай - ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты - ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Сергіту сәті
«Тапқыр болсаң, шешіп көр» Абайдың жұмбақтары: Алла мықты жаратқан сегіз батыр Баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім шығары белгісіз түбінде ақыр. Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық) Қара жер адамзатқа болған мекен, Қазына іші толған әртүрлі кен, Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, Солардың ең артығы немене екен? Шешуі: (темір) Сыналар, ей, жігіттер келді жерің, Сәулең болса, бермен кел талапты ерін, Жан құмары дүниеде немене екен? Соны білсең, әрнені білгендерің. Шешуі: (білмекке құмарлық)
«Толықтыру» сынамасы
1. Абай Құнанбайұлы......... жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – ........., ..........., ............., ............, .........., ................... шығармаларын өз бетімен оқиды. 3. Абай 1885 жылы алғаш білім туралы «Жасымда ........... бар деп ескермедім» өлеңін жазды. 4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен ........... ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды. 5. Абайдың ............ қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма. 6. Абайдың «............ қарасы», «Желсіз түнде .......... ай», «Айттым сәлем, .................. », «Бой .......... » т. б. әндері бар. 7. Әлихан ......................Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды. 8. Алғаш өлеңді ........ жасында жазған.
9. Алғаш ауыл молдасы ......................... білім алды
10. Өз атымен ............ ж. «Жаз» өлеңін алғаш жариялаған.