kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Поэзия! Менімен егіз бе едің?" Мұқағали Мақатаевқа - 90 жыл.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының ақиық ақыны - Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына арналған әдеби-сазды кеш.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Поэзия! Менімен егіз бе едің?" Мұқағали Мақатаевқа - 90 жыл.»



Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Мұқағали Мақатаевқа – 90 жыл.

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Қазақ халқының ақиық ақындарының бірі - Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл – 90 жыл. Халқымыздың аяулы ұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жыл өткен сайын әр қазақтың жүрегінде маздап, әр шаңырақта, әр сахнада шарықтай шырқала түсуде. Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен де бақытты халық.

2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Ендеше, ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.
1-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: 
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, біртуар екенін халыққа таныта білді. «Ғасыр ақыны» атанды.

1-оқушы: «Поэзия!!! Менімен егіз бе едің?»

Ән: «Арман - ай»


2-оқушы:

Суырылған қылыштай жаңа қыннан,

Орын алған мықтылардың санатынан.

Сен қазақтың қияда ұшқан ақиығы,

Сусылдап жыр төгілген қанатынан.


Сөздерің ұлпасындай бала қаздың,

Өлеңіңмен жүректерде жара жаздың,

Нәр алып топырағынан Қарасаздың.


3-оқушы: 


Лирикалық жырлармен мақамдаттың,

Әр сөзің ұлпасындай мақта алұапты.

Ғашықтар жаттап жүрер өлеңдерің,

Пәк сезімін баяндаған махаббаттың.


Тым еркін, дала еркесі құлан едің,

Тағдыр шалып, мың сүрініп құлап едің.

Бұл қазаққа жырларың мұра болған,

Мәңгі ұмытпас дүл-дүлін, құлагерін. (Еркін Оралбайұлы)



2-жүргізуші:  Ерен жүйрік, талантты тұлға - Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.

(Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик тамашалау)

1-жүргізуші:

Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады ("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. 10 жасында әкесін сағынған ең алғашқы өлеңдерін жазған.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте орыс тілі пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.

4-оқушы. «Ана сен бақыттысың»

5-оқушы. Қайран қара сазым –ай!


2-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. 
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.

1-жүргізуші:  Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. 
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. 

Ән: «Нұрын төккен маған»


1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. 


2-жүргізуші: Бүгінде ақынның өлеңдері ел арасында әділ бағасын алып, әр сахнада, әр шаңырақта шырқалып жүр.

Ендеше қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік. 
6-оқушы: Бабаларым, рахмет сендерге
7-оқушы: Қара өлең
8-оқушы: Үш бақытым
9-оқушы: Отан туралы

10-оқушы: Не сыйлайды, не береді келер күн?!.
1-жүргізуші:  Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір сырын жыр етеді. 
2-жүргізуші: 



Ән: «Бақыт деген...»

1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. 

2-жүргізуші:
Пай! пай! пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, 
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
1-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше  Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік. 

11-оқушы:

Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем? 
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
 Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз, 
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды. 
Өзін өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз —
Нағыз сорлы панасыз?


12-оқушы: Құт мекені

2- жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы

Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,


1-жүгізуші: Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Ендеше кезекті солаға берейік


13-оқуш ы: Әбділдә Тәжібаев:

«Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.

Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.»


14-оқушы: Михаил Курганцев:

«Мұқағали Мақатаев поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде өте жарқын, күшті де көрнекті жаңа бір дара тұлғалы ақын пайда болған екен-ау деп те айта аламын. Оның творчествосы біздің бойымызға қуаныш, мақтаныш, рухани күш-қуат құяды.»


15-оқушы: Әбіш Кекілбаев:

«М.Мақатаев — адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.»


16-оқушы:
Тұманбай Молдағалиев:

«Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.»


17-оқушы:
Қадыр Мырзалиев:

«Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің.»


18-оқушы: Бауыржан Момышұлы:

«Мұқағали да халыққа ұстаз болуға жарайды»

19- оқушы: Шерхан Мұртаза

«Мұқағали жалғыздықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жемқорлықты, бәлеқор - лықты жан-тәнімен жек көрген ақын».

20-оқушы: Фариза Оңғарсынова:

«Мұқағали Мақатаев - қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол - ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.»


2-жүргізуші:

Өлең жазу – дертіне болған дауа,

Оны оқысаң, жұтқандайсың таза ауа.

Бұл ақының – Мұқағали Мақатаев

Өлеңмен рух берген ұлтқа дара!!!


Ән: «Есіңе мені алғайсың»

1-жүргізуші: 
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін, 
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын, 
Жаралы жүректерді емдеу үшін.


2-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізін қабыл алыңыздар. (оқушылар әріптер алып шығады)

М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –
барлығы бірге:
Рахмет!.


1-жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?


2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын асқақтатып, мерейін асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

1-жүргізуші: Осымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Поэзия! Менімен егіз бе едің?" Мұқағали Мақатаевқа - 90 жыл.

Автор: Ускенова Жанерке Рахтаевна

Дата: 18.02.2021

Номер свидетельства: 573582

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""Б?гін мені? ту?ан к?нім" М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш"
    ["seo_title"] => string(64) "bughinmienintugankunimmukagalimakataievkaarnalgandiebisazdykiesh"
    ["file_id"] => string(6) "303387"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457515792"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби кеш"
    ["seo_title"] => string(37) "mukagalimakataievkaarnalgandiebikiesh"
    ["file_id"] => string(6) "271458"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451505904"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби-сазды кеш «Жырлайды ж?рек»"
    ["seo_title"] => string(71) "mu-k-ag-ali-mak-ataievk-a-arnalg-an-diebi-sazdy-kiesh-zhyrlaidy-zhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "281978"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453632771"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев "
    ["seo_title"] => string(35) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "171638"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423686798"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда""
    ["seo_title"] => string(35) "mukagalimakataievakkularuiyktaganda"
    ["file_id"] => string(6) "273957"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452314716"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства