kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұқағалиды аңсау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұқағалиды аңсау

Мұқағалиды аңсау

Мұқағалиды аңсау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұқағалиды аңсау»

Кештің мақсаты: Бүгінгі таңда туғаныны 85 жыл болып отырған М. Мақатаевтың өмірімен жан- жақты таныстыру, шығармашылық жасынан мәліметтер беру , ақынның сөзіне жазылған әндерді көпшілікке назарына ұсыну.

Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Табиғатты аялауға, Отанды сүюге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: М. Мақатаевтың портреті. Төменгі тұсына ақынның сөзі жазылады:

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтірі алмас алайда өлеңді ешкім.

Нақыл сөздер: 1. «Ғажайып даналықтың бір көзі- Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады» (Ә. Тәжібаев)

2. «Жұмыр жердің қай түпкіріне барсақ» та Мұқғали поэзиясы алдымыздан шығады. (Оразақын Асқар)

3, «Мұқғали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын» (Лашын Әзімжанова)

4. «Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады» Рза Қунақова.

5. «Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиыда жалғыз. Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сыйсияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу».

Қуанышбай Құрманғалиев

6. «Мұқағали поэзиясы- таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзиясы».

Фариза Оңғарсынова.


Кештің өтілу барысы:

Кіріспе сөз: Кеш жарық! Құрметті қонақтар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей түсіп, айшықтала түсуде. Ол өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті, төңірегіндегілердің түсінбеушілігінен қажыды, өмірінің рахаты аз болды. Бірақ шындап ұққан адамға- Мұқағали өмірдің шын рахатын мейілінше сезініп кеткен аса бақытты адам. Өйткені ол- бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят ала білген жұмбақ ақын.

Өмір дегенге

Тіршілікте сірә, жетер ме ой!

Жарық сәуледен.

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі,

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой! – деп жырлаған Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық- шынымен бақытты халық.

Енді кезекті жүргізушілерге беріп, сайысымызды бастайық.

1-жүргізуші: Әрбір әрпі қанға шалған таризына қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?

Тату- тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!- деп Мұқағалидың сәлемдесу салтымен амандасамыз. Қош келдіңіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

Үй тұрар шумақтарын қойсақ қалап,

Өлеңдері өзендей жайсақ ғажап.

Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,

Қайта туған ұлыңды қарсы ал, қазақ!

Шетінен өлең- жыры шұғылалы,

Әр қыры әр түске еніп құбылады.

«Зертте мені» деп еді, Мұқаңды біз

Түсініп болған жоқпыз, ұғып әлі.

2- жүргізуші: Ия, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған Мұқағали аға! Жатқан жеріңнен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал, арамызда бол!

Жарық сөнеді. Балауыз жағылады. М. Мақатаев кейпіндегі оқушы шығып «Мен дағы өлең жазбаймын» өлеңін көпшілікке арнау ретінде оқиды.

1-жүргізуші: Мұқағали аға! Бүгінгі кеш өзіңіз жайлы сыр ашып, ой толғайтын, жамандықтан арашалайтын, ұраныңызды бар халыққа паш ететін, «Мұқағали жыры - мәңгілік» деп өзіңізді, поэзияңызды аңсап, жырларыңызды өздеріне серік ететін өрендеріңізді ортаға шақырсақ.

(Жарық жанады. Мұқағали бейнесі көрінбей кетеді)

  1. Базарбаева Айымгүл 9 - сынып

  2. Балажанова Дильназ 6 - сынып

  3. Әбілғазы Индира 6 - сынып

  4. Әлібек Қырымбек 5 - сынып


2-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Біздің бүгінгі сынымыз 6 шарттан тұрады.

  1. «Менің анкетам» Үміткер өзін таныстырады.

  2. «Поэзия- жүрек тілі» Ақын өлеңдері мен поэмаларынан үзінділерді мәнерлеп оқу.

  3. «Мұқағали әлеміне саяхат» Білім мен парасат сыны.

  4. «Естеліктер» Ақын туралы шағын естеліктер айту.

  5. «Ән сал, жаным» М. Мақатаевтың әндерін орындау.

  6. «Мұқағалиға хат» шығармашылық жұмыс.

1-жүргізуші: Сайысымыздың бағалар қазылар алқасын сайлап алсақ:

  1. Оқу- тәрбие ісінің орынбасары: Шолпан Қуанышқызы

  2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Айжан Ғаллемқызы

  3. Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі: Бағдагул Қаратайқызы

Сайысқа қатысушылар жеребе суыруларыңыз сұралады.

2- жүргізуші:

Туған жерің?

Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдық.

Туған жылың?

1931. Құрдасымын Шәмілдің ...

Мекен – жәйің?

Жерде жүрген ақын деген пендемін

Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған.

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін- деп ақын өзін таныстырған еді. Сіздер алғашқы «Менің анкетам» атты сынға дайын болсаңыздар өз кезектеріңізбен таныстырып өтсеңіздер.

Қазылар алқасының бағалары.

1-жүргізуші: Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені сезесің бе?

Неге іздедім?

Ендігі сынымыз «Поэзия- жүрек тілі». Үміткерлер ақын шығармаларынан мәнерлеп оқу сынына түседі.

Қазылар алқасының бағалары.

2- жүргізуші: Шын талант үшін тіршілік пәлсафасына келу қашан, кету қашан емес. Моцарт 35 жасында жарық дүниемен қоштасса, Мұқағалиға тағдыр 10 жыл артығырақ ғұмыр сыйайды. Моцарт «Реквиемі» белгілі адамның өтінішінен дүниеге келсе, Мұқағали «Реквимі» рухани қажеттіліктен туған еді. Жан азабы мен ар азасына үн қатқан кезде:

«Кешкен өмір де,

Көрген бақыт та барлығы

Жетпейді екен ғой, бір күндік сенің сәулеңе» -дейтін ар дүғасының алдында тұрады.

1-жүргізуші: Ия, тағдыр таразысы торлан талантқа өлшем емес. Мұқағали мұрасы жалпақ елдің жүрегінде, ой- парасатында. Үміткерлеріміздің қазіргі өтетін сыны «Мұқағали әлеміне саяхат» деп аталады. Үміткерлер арнайы әзіпленген М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына түзілген сұрақтарға жауап береді.

Үміткерлер дайын болғанша ән «Үш бақытым».

Сұрақтар:

1 билет

  1. Мұқағалидың туған күні, жылы 1931 жыл 9 ақпан

  2. Мұқағали поэзиясына алғашқылардың бірі болып ақ жол тілеген кім? Әбділдә Тәжібаев

  3. Ақынның анасының аты кім? Нағиман

2 билет

  1. Ақын қай жылы, қай мектепті бітірді? Нарынқол орта мектебі, 1948 жыл

  2. Ақынның азан шақырылып қойған аты? Мұқаметқали

  3. Махаббат тақырыбына арналған бірнеше өлеңдерін атап, бірінен үзінді оқып бер? «Махаббат диалогы», «Махабатым өзімде», «Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға», «Сен әлі тірі ме едің», «Шыда жаным, шыдай түс, шыда тағы» т.б.

3 билет

  1. Мұқағалидың әжесінің аты. Сүлеймен

  2. Атақты Шәмшімен бірлесіп жазылған ән Талдықорған

  3. Ақын өмірінің кредосын білдірген өлеңі «Менің мақсатым»

4 билет

  1. Ақынның жары Лашын Әзімжанова

  2. 2000 жылы Мемлекеттіксыйлықты иеленген шығармасы «Аманат»

  3. Мұқағали поэмаларын атап бер.

«Аққулар ұйықтағанда», «Мавр», «Райымбек, Райымбек» т.б.

5 билет

  1. Мұқғалимен тағдырлас орыс ақыны Сергей Есенин

  2. «Ән- 2000» байқауында лауреат атанған ән. Сөзі: М.Мақатаевтікі, әні: А. Қоразбаевтікі.

«Сары ала қах оралды»

  1. «Үш бақытым» өлеңіндегі Мұқағалидың байлықтарын тап. Халқы, тілі, Отаны


6 билет

  1. М. Мақатаев атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты кім? Несіпбек Айтов

  2. Мұқағалидың неше баласы бар?

Барлығы алтау. Қазір төртеу. Ұлдары: Жұлдыз, Айбар. Қыздары: Алмагул, Шолпан.

  1. Мұқағалидың сөзіне шығарылған әндерді атап бер.

«Есіңе мені алғайсың», «Аңса, жаным», «Сарыжайлау», «Сен көріктісің», «Фариза қыз», «Сәби болғым келеді» т.б.

7 билет

  1. «Азия дауысы» ән фестивалінде М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қырқыншы жылдардағы бесік жыры» әнін орындап, жүлделі орын алған Қазақстандық қандай топ?

«Роксанаки»

  1. Ақынның жары Лашынның шын есімі кім? Ләсима

  2. Мұқағали ағамыздың өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?

Нұрғиса Тілендиев «Сарыжайлау», «Дариға», «Домбырамды берші маған» т.б.

8 билет

  1. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазады? «Менің анкетам»

  2. Мұқағалидың жол апатынан қайтқан қызына арнаған өлеңі? Майгулге, Майгуліме

  3. Достық тақырыбына арнаған өлеңдерін атап, бірінен үзінді оқы.

«Көнеміз де», «Қадірлі дос! Қайтесің ренжеме», «Досым, саған сенемін» т.б.

9 билет

  1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған? Ақын Фариза Оңғарсыноваға

  2. Отан тақырыбына арналған өлеңдерін атап, біреуінен үзінді оқы.

«Қайырлы таң», «Оқай сөз ғой Отанды сүйем деген», «Жұтайыншы елімнің таза ауасын», «Ей, табиғат, мен саған өкпелімін», «Қарасөз», «Таудағы көктем», «Отаным».

  1. Мұқағалидың прозалық шығармасы. «Қош махаббат»

2- жүргізуші: Қазылар алқасы, үміткерлердің бағаларын берсеңіздер. Рахмет!

«Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғасы.

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы»

1-жүргізуші: Енді үміткерлеріміз «Естеліктер, естеліктер» атты сынға түсіп, ақын туралы естеліктер айтады. Қазылар алқасы тіл тазалығын, мәнерлілігі мен өзіндік баяндау ерекшелігін бағаласаңыздар.

Қазылар алқасы, бағаларыңызды беріңіздер.

2-жүргізуші: Қарсы алмаса,

Құрысын, қарсы алмаған!

Ән салып бер,

Әніңмен жан салмаған!

Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір,

Жатсын ұйып, жапанда дел- сал далам.

1-жүргізуші: Ән сал жаным!

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тылсыи, тірлік жер –көктегі.

Дала ұйысын,

Дамылдап таулар жатсын,

Таулар жатсын, мәңгілік жөргектегі.

2-жүргізуші: Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндердің саны 45- ке жуық. Бұл әндерді күнделікті радио мен теледидардан белгілі әншілеріміз жиі орындап жүр. Мыс: Мадина Ералиеваның орындауындағы «Есіңе мені алғайсың», «Музарт» триосы «Сенің көзің», Саят Медеуов «Сен көріктісің», Бағдат Сәмиденова « Сарыжайлау», Айжан Нұрмағамбетова «Бақыт деген», Бақыт Шадаева «Аңса жаным», Алтынбек Қоразбаев «Сары ала қаз оралды» т.б.

1-жүргізуші: Мұқанның сөзіне жазылған алуан әндердің сазы мен назына елти отырып, бір кезде арамызда басқа ғаламшардан келген қонақжай ғұмыр сүрген Мұқағали аға еске еріксіз түсері заңды құбылыс.

Ендеше, келесі сынымыз «Ән сал, жаным» деп аталады.

2-жүргізуші: Талай түскен ақын жаны талқыға,

Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына.

Мұқағали тек қана ақын болатын,

Сауысқандар, атанғанда «қаршыға».

1-жүргізуші:

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай

Еңбегінің қызығын да көре адмай

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді- ай- деп Айтоқын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағалидың поэзиясы әрбір мезгілімен бірге көктеп- көгеріп, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек.

2-жүргізуші: Кешіміздің ең соңғы сыны: «Мұқағалиға хат» яғни шығармашылық жұмыс. Үміткерлерге 5 минут уақыт беріледі. Ендеше шығармашылық табыс тілейміз. Іске сәт!

1-жүргізуші: Үміткерлеріміз жұмыстарын аяқтағанша, мына мәліметтерді бере кетсек дейміз. М. Мақатаев шығармашылығына жоқталғанда, біз оның драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист екендігін мойындаймыз, пір тұтамыз. Мұқағалидың жарық көрген 15 кітабы бойынша 1834 өлеңі, 19 поэмасы бар екен. Оның 300 өлеңі кейбір жинақтарда қайталанып басылған.

  1. "Армысыңдар, достар" 1966 ж шыққан, 39 өлең.

  2. «Қарылғашым, келдің бе?» 1968 ж шыққан 62 өлең.

  3. «Мавр» кітабы 1970 ж шыққан 52 өлең.

  4. «Дариға- жүрек» 1972 ж шыққан 33 өлең.

  5. «Аққулар ұйықтағанда» 1974 ж шыққан 72 өлең.

2- жүргізуші:

  1. «Шуағым менің» 1975 ж 53 өлең.

  2. «Өмір- дастан» 1976 ж шыққан. Көзі тірісіндегі Мұқағалидың соңғы кітабы. Онда 320 өлең бар.

  3. «Өмір- өзен» 1979 ж шыққан 313 өлең, 5 поэма.

  4. «Соғады жүрек» 1982 ж шыққан ІІ том. 571 өлең, 15 поэма.

  5. «Шолпан» атты І кітабында 66 өлең, ІІ кітабында 109 өлең, поэмалары, аудармалары бар. 1984 ж шыққан.

1-жүргізуші:

  1. «Қош, махаббат» прозалық шығармалар жинағы. 1988 ж. Бір пьеса, 6 әңгіме, 4 мақала бар.

  2. «Бәсіре» 1979 жылы шыққан.

  3. «Жырлайды жүрек кітабы» 1989 ж. 420 өлең, 9 поэма. Оның 126 өлең «Соғады жүрек» өлеңдер жинағынан алынған.

  4. 3 томдың кітабында барлығы 683 өлең, 13 поэмасы 1991- 93 жылдары шыққан. Бұрын шыққан өлеңдері жинақталып, қайта басылған.

  5. «Жылап қайттым өмірдің базарынан» 1994 ж. Бұл жинақта 220 өлең, 2 поэмасы топтастырылған. Оның 84 өлеңі «Шолпан» жинағынан алынған.

2- жүргізуші: Бізге кездеспеген, әлі де баспа беттерінде жарияланбаған өлеңдері барына таласымыз жоқ. Бүгінде М. Мақатаевтың 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналады.

Ендігі кезекті көрермендерге берсек. Араларыңызда Мұқағали өлеңдерін жатқа білетіндеріңіз бар ма? Бар болса, оқып берсеңіздер?

1-жүргізуші: Уақыт та таяп қалды. Үміткерлерімізді ортаға шақырып, жұмыстарымен таныссақ.

Рахмет, сіздерге. Ендігі кезекті қазылар алқасына береміз. Сайысымызды қорытындылап, қорытындысын айтсаңыздар. Қазылар алқасы дайын болғанша, ән «Есіңе мені алғайсың».

Қазылар алқасының қорытындысы.

1-жүргізуші:

Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегеспе, белдеспей.

Өтейікші біріміз-біріміз,

Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей.

«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлде кімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім».

2-жүргізуші: Менің қымбатты достарым! Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке ұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және алғы бар. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай- ақ қойыңдар, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан жаппасаңдар, онда мен ақын болмағаным».

1-жүргізуші: Мұқағали:

Қарасөз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсамоған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда қлеңді ешкім, - деген еді. Расында да Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.

Қорытынды сөз: Құрметті оқырман! Жыр кешіне келіп, қатысып отырғандарыңыз көңілге қуаныш ұялатады. Егер мұқият тыңдап отырсаңыздар, бүгін Мұқағали өмірі мен шығармашылығынан аз деректер берілген жоқ. Сол айтылғандардың ішінен құйма құлақтарыңызға құйып, жүректеріңізге түйіп, өмірлеріңізге нәр алсаңыздар, онда кештің мақсаты орындалғаны деп білемін.

Кешке келгендеріңізе көп- көп рахмет.

Қош сау болыңыздар!


Қазылар алқасының шешімімен : Бас жүлде - 9- сынып оқушысы Базарбаева Айымгүл, І орын – 6 – сынып оқушысы Балажанова Дильназ, ІІ орын – 6 – сынып оқушысы Әбілғазы Индира, ІІІ орын – 5 – сынып оқушысы Әлібек Қырымбекке берілді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мұқағалиды аңсау

Автор: Еламанова Райхан Максотовна

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407212

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рбие са?аты «Жыр т?лпары  - М??а?али»"
    ["seo_title"] => string(31) "trbiiesagatyzhyrtulparymukagali"
    ["file_id"] => string(6) "292154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455220968"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Т?рбие са?аты «М??а?али Ма?атаев – ?асыр а?ыны»"
    ["seo_title"] => string(39) "trbiiesagatymukagalimakataievgasyrakyny"
    ["file_id"] => string(6) "293482"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455474021"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "«Са?ынады М??а?ды а?сап ж?рек» (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(54) "sag-ynady-mu-k-an-dy-an-sap-zhuriek-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "254874"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447837739"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "М??а?алиді? таби?ат лирикасы /т?рбие са?аты/ "
    ["seo_title"] => string(48) "mu-k-ag-alidin-tabig-at-lirikasy-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "241003"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445167560"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Тәрбие сағаты "Жырлайды жүрек""
    ["seo_title"] => string(33) "t_rbiie_sag_aty_zhyrlaidy_zhuriek"
    ["file_id"] => string(6) "386311"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485925666"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства